Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбеде халықаралық робототехника фестивалі өтті

Дата: 09 октября 2017 в 01:22 Категория: Новости культуры

Ақтөбеде халықаралық робототехника фестивалі өтті

6-7 қазанда Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында «KazRobotics-2017» халықаралық робототехника фестивалі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің қолдауымен өткен шара аясында «KazRoboSport-2017» республикалық ғылыми-техникалық жобалар конкурсының финалдық туры ұйымдастырылды.  

Робототехника — елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Әлемдегі Жапония, Германия, АҚШ, Корея сынды елдерде аталған сала жоғары деңгейде дамыған. Бұл елдерде робототехниканың үздік жетістіктері ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Бүгінде робототехника саласы қарқынды түрде дамуда. Негізінен бұл салаға өскелең ұрпақтың қызығушылығы зор. Қазір қазақстандық балалар өндіріске және тұрмысқа қажетті роботтарды өздері-ақ жасап жүр. Мұны Ақтөбеде өтіп жатқан халықаралық робототехника фестивалінде жұртшылық назарына ұсынылған балалардың қолымен жасалған әртүрлі техникалардан-ақ байқауға болады.

Халықаралық фестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өскелең ұрпақтың дамуына, тәлімді тәрбие алуына, талантты жастардың әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

— Біз кезекті робототехника фетивалінің Ақтөбе жерінде өтіп жатқанына қуаныштымыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында  адами капиталды дамыту қажеттігін баса айтқан еді. Соған байланысты біздің облыста робототехниканы дамыту — басым бағыттардың бірі. Біз балалар шығармашылығын ынталандыруды және сол арқылы дарынды балаларды анықтауға тырысамыз. Ақтөбеде салынған жаңа ғимараттар —Жекпе-жек сарайы мен робототехника және кеме модельдеу үйірмесі жұмыс жасайтын Шығармашылық академиясына жақында ғана Мемлекет басшысы барып, жоғары баға берген еді, — деді ол.

Фестивальдің ашылу рәсімінен кейін робототехникадан «KazRoboSport-2017» республикалық ғылыми-техникалық жобалар конкурсының финалдық туры

басталды. Оған аймақтық іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары, яғни еліміздегі жалпы білім беретін мектептерден барлығы 141 бала қатысты. Финалдық кездесуде робоспорттың бес түрі — футбол, сумо, сызықпен жүру, кегельринг және биатлоннан бақ сынасты.  Жекпе-жек сарайының кең залында аталған спорт түрлеріне шығарылған роботтардың іс-қимылына көпшілік қызығушылықпен қарады. Ақылды техниканың бұл түрін мектеп оқушылары ойлап тауып, сол үшін арнайы бағдарлама енгізген. Роботтардың қимыл-қозғалысы ұялы телефон қосымшасы арқылы басқарылады.

— Мұндай шаралар талантты жастарды анықтап, балалардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік береді.Олар мектеп қабырғасында жүріп-ақ жоғары техникалық бұйымдарды ойлап табуға бейімделеді, — деді Қазақстандағы  автоматтандыру және робототехника қауымдастығының президенті Владимир Туреханов.

Салтанатты шара кезінде фестиваль қонақтары — Ресейдегі робототехникадан білім беру қауымдастығының президенті Максим Васильев, ТМД елдерінен және шетелден келген робототехника саласының сарапшылары, «KazRobotics» білім беру және спорттық робот техникасының Қазақстан Федерациясының президенті Айжан Жекеев және ел аймақтарындағы робототехникадан білім беретін оқытушылар заманауи робототехника өнімдерінің көрмесін тамашалады. Онда Lego робототехникалық жиынтығы, 3D-принтерлер, квадрокоптерлер мен басқа да көптеген өнімдер бар.

— Робот жасау үшін қажетті құралдарды мектептен аламыз. Құралдар бізге тегін үлестіріледі. Роботтың көлеміне қарай оның бағасы да қымбаттай береді, — дейді жарысқа қатысушылардың бірі Карен Долмағамбетов.

Ал Астана қаласындағы гимназиялардың бірінде оқитын Данил Кружевников робототехника жасаумен бір жылдан бері айналысады. Ол үй жинау жұмыстарын бір өзі атқаратын робот жасауды алдына мақсат етіп қойыпты. Ел чемпионатының ақтық кезеңінде ол 40 минутта берілген жолды аса қатты жылдамдықпен өтіп, шыныларды құлататын машина жасап шығарды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «KazRobotics-2017» халықаралық робототехника фестивалі аясында өткен  ғылыми-техникалық жобалар конкурсының финалдық турында жалпы командалық есепте Қарағанды облысы бірінші орынды еншіледі. Екінші орын — Ақтөбе облысына, ал үшінші орынға Батыс Қазақстан облысынан келген өрендердің жұмысы лайық деп танылды.

Бұл күні Жекпе-жек сарайының дәлізінде мұнымен бірге «KazRoboProjekt-2017» ғылыми-техникалық жобалар байқауының да финалдық туры ұйымдастырылды.

Әрине, бұл жерде қажетіне жарайтын роботтың сан түрін кездестіруге болады. Мәселен, байқауға әкелінген роботтардың арасында күн көзінен қуат алып, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға икемді техникаларды, сондай-ақ, «Ақылды үй» жобасында жасалған роботтарды кездестіресің.

Фестиваль кезінде робот техникасының қазақстандық федерациясы мен  халықаралық қауымдастық арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Аталған шараны ұйымдастырушылар мұндай екі жақты келісім робототехниканы спорттың бір түрі ретінде тіркеу үшін бірігіп күш жұмсауға өз ықпалын тигізетінін айтты.

Сонымен қатар, Ақтөбеде өткен халықаралық робототехника фестивалі аясында ТМД елдерінен келген сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиында робототехника саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Арайлым НҰРБАЕВА.   

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті