Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Жайна» сауықтырады

Дата: 05 октября 2017 в 04:22

«Жайна» сауықтырады

Ата-ана үшін өмірге баланың сау болып келуі — үлкен бақыт. Өкінішке қарай кейінгі кезде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып барады. Оның ішінде туғаннан сал, Даун ауруына шалдыққан, жүйке жүйесінде ауытқушылық бар, сөйлемейтін, жүре алмайтын балалар көп. Бұндай балалардың бір бөлігі арнайы орталықтарда тәрбиеленсе, бір бөлігіне үй жағдайында көмек көрсетіледі.

Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі негізінде «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балалардың стационарлық сауықтыру орталығы ашылды. Сауықтыру орталығының басшысы Нұрила Жарболованың айтуынша, стационардың негізгі мақсаты — 18 жасқа дейінгі жүйке ауруларына шалдыққан балаларды емдеп, оқытып, тәрбиелеп, еңбекке баулып және 18 жастан кейін балаларды әрі қарай жұмыспен қамту. Қазіргі күні стационарда 52 бала тәрбиеленіп жатса, 30 бала уақытша ем алуда. Ал ата-аналары бас тартқан 22 бала — сауықтыру орталығының тұраты тәрбиеленушілері.

— Орталық ауыр дәрежелі неврологиялық науқасқа шалдыққан балаларды қабылдайды. Сондықтан мамандардың  біліктілігіне үлкен  мән беріледі. Қазіргі күні стационарлық сауықтыру орталығында 6 жоғары дәрежедегі дәрігер,  9 медбике, 10 әр түрлі саладағы педагогтар, 44 кезекшіліктегі бала күтуші жұмыс істейді. Баласын күн сайын орталыққа әкеліп жүрген ата-аналардың алпыс пайызы бала күтімі бойынша жұмысқа қабылданды. Бұл ата-ана үшін де бала үшін де тиімді болып отыр. Олар орталық жұмысын көзімен көріп, оңалту шараларының қалай жасалып жатқанын бақылай алады. Жалпы оңалту дегеніміз —  айлап емес жылдар бойы төзімділікпен күтетін процесс. Нәтижесін көру — сауықтыру орталығының негізгі мақсаты. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларды қай уақытта да қолдауға дайынбыз. Ауыр дәрежелі неврологиялық науқасқа шалдыққан балалар орталыққа бірінші кезекте орналасады. Көптеген оңалту орталықтары  талмасы бар балаларды қабылдаудан бас тартса, бұл жерде бұндай сырқаты бар балаларға да ем жүргізіледі. Ата-аналар балаларын орталыққа қалағанынша тастай алады. Тіпті бір жылға дейін осы жерде жатып, ем алады, — деді Нұрила Жарболова.

Бұл жерде балдырғандар үшін барлық тәртіп сақталған. Алты мезгіл тамақ беріліп, уақытында оңалту шаралары жасалады. Педагогтардың оқытуы, күтушілердің қызметі, ем-шара, яғни педагогикалық, медициналық қызметтердің барлығы көрсетіледі. Орталыққа баласын әкелген ата-ана ешқандай алаңдамайды.

Ата-аналар дәрігердің нұсқауымен балаларын массаж және денешынықтыру кабинеттеріне апарғанды қалайды. Әрі олар осы орталыққа үздіксіз келіп жүрген балалардың кәсіби мамандардың көмегінен кейін едәуір жақсара бастағанын, оларға жасалған көңіл мен көмек үзіліп қалмау керектігін біледі. Емнің нәтижесін көрген ата-аналар орталықтан ажырағысы жоқ. Орталық облыс бойынша балаларды қабылдайы. Қазір аудандардан келіп, ем алып жатқан балалар бар. Жалпы 100 баланы қабылдауға мүмкіндігі бар.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті