ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ШОШЫТҚАН НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АВТОТҰРАҚ БАҒАСЫ ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ

Дата: 15 августа 2017 в 17:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ШОШЫТҚАН НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АВТОТҰРАҚ БАҒАСЫ ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ
Екі күн ішінде жүз мыңдап шот алған азаматтардың оқиғасы, қалғандарына сабақ дейді Астана әкімдігі. Ал қомақты төлеммен келіспей, дау шығарған әнші-әртістер болса жауаптан оңай құтылды, – деп жазды КТК арнасы.

Олардың танымалдылығын ескеріп, елордалық шенеуніктер жеңілдік жасапты. Бірақ онсыз да қалтасы тайыз басқа жүргізушіге әкімдік бұлай жұмсара бермейді.

Бұл соманы көргенде өз көзіне өзі сенбеген әнші Қайрат Баекенов естен тана жаздады. Өйткені темір тұлпарын 1 жарым тәулік тұраққа қалдырғаны үшін 57 мың төлеуі керек.

Тойларда ең сұранысқа ие танымал актер Нұрлан Әлімжан да, паркоматтағы бағаны көргенде шошып кетті. Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітпен бір көлікке мінген одан, паркомат қыруар қаржы талап еткен.

«Екі күнге 102 мың теңге төлеп, біз үшеуміз аң-таң болып тұрмыз»,-дейді әнші Нұрлан Әлімжанов.

Әуежай тұрағы тарифтерінің неліктен әуелеп тұрғанын Астана әкімдігінде түсіндірді. Назарбаев су жаңа терминалы ақылы тұрақ үшін ақыны тамыздың тоғызынан ала бастапты. Темір тұлпарын терминалда байлап кететіндерге тәулігі екі мыңдық жабық паркинг бар.

Әуежай ғимаратынан алшақтау жерде тегін тұрақ та қарастырылыпты. Ал әртістердің аузы күйгені – уақытша автотұрақ. Оның алғашқы жарты сағаты тегін, бір сағаты 300, екі сағаты 400, ал тәуліктетсең, яғни 7-8 сағаттан артыққа қалса басқа тарифпен – сағатына 1500-нан 2500 теңгеге дейін төлейсің. Сондықтан жауаптылар хабарландыруды оқымайтын жүргізушілердің өзін кінәлап отыр.

«Менің көңіл аударайын дегенім, шлагбаум тұр ғой. Онда барлық сағаты жазылып қойған. Шлагбаумның өзінде жазылып қойған. Оны енді оқымай кету мүмкін бе, білмеймін»,-дейді «Астана LRT» ЖШС Жолаушылар көлігі бөлімінің маманы Әбдіхамит Тамабаев.

Ал адамдар тегін тұрақ туралы естімедік деп азар да безер. Алдымен ақылы автотұрақ туралы мәлімет алдымыздан шығады дейді.

По сообщению сайта Матрица.kz

Поделитесь новостью с друзьями