Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Павлодар облысында бір миллион 385 мың текше метр қар шығарылған

Дата: 16 марта 2017 в 12:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Павлодар облысында биылғы қыста 15-наурызға дейін 1 млн 385 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облысының ТЖ жөніндегі департаментінің бастығы Әлібек Длимов мәлім етті.
— Бүгінгі күні Павлодар қаласы қардан тазартылды десе болады. Ендігі кезекте жеке секторға баса назар аударылып отыр. Бір апта бұрын республикалық командалық-штабтық оқулар кезінде Ленин кентінен 5 мың 400 текше метр қар сыртқа шығарылды. Биыл қардың деңгейі 1,5 есеге артық (27 см.) түскен. Мұндай табиғи құбылыс 1978 жылы орын алған. Негізгі орташа норма көрсеткіші – 17 см. Соңғы бес жылдың ішінде қар жамлығысы ең көп дегенде 20 см-ге дейін ғана көтерілген, — дейді Әлібек Длимов.
Ведомство басшылығының айтуынша, күн сайын «Қазгидромет» РМК мамандарынан алынатын мәліметке сәйкес сараптама жүргізіледі. Сондықтан ауа температурасы күрт көтерілген жағдайда су басу қауіпі бар елді мекендерге жеке құрамнан 1000 адам мен 500 техника дайындалған. Сондай-ақ, күрделі жағдайда министрлік тарапынан қосымша күш жұмылдыру туралы шешім қабылданған. Айта кетерлігі, алдын ала болжам бойынша наурыз айының екінші жартысында ауаның орташа температурасы -5, — 9 болады деп күтілуде. Дегенмен үшінші он күндікте сынап бағаны күндіз +5, +10 градусқа көтерілсе, түнде 0, — 5-ке дейін төмендейді.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz

По сообщению сайта Zakon.kz