Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жамбыл облысында 14 ұйым жекешелендірілді

Дата: 07 декабря 2016 в 08:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облыстық қаржы басқармасының басшысы Қырықбаев Асқар Санатұлы қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің кешенді жоспары туралы ақпарат берді.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жекешелендірудің екінші толқыны елімізде 2014 жылдан бастау алып, кешенді жоспар қабылданып, кешенді жоспарға сәйкес, облыс бойынша 2014 — 2015 жылдары 26 ұйым жекшелендірілуі тиіс болатын.

2014 жылы 11 ұйым ішінара жекешелендіріліп, одан жергілікті бюджетке 66, 2 млн. тенге түсті.

2015 жылы 14 ұйым жекешелендіріліп, одан 24, 6 млн. теңге түсіп, барлық түсім 90, 8 млн. теңгені құрады.

Оның ішінде:

мемлекеттік қатысу үлесінің 51 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 615, 8 млн. теңгеге 3 жыл мерзімге; мемлекеттік қатысу үлесінің 10 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Тараз Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7, 7 млн. теңгеге 3 жыл мерзімге;

«Болашақ» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 300,4 млн теңгеге 10 жыл мерзімге;

«Рауан» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 368,0 млн теңгеге 10 жыл мерзімге, яғни 4 ұйым кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

Ал, Т.Рысқұлов ауданындағы «Жасыл Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 49 пайызы сатылымға 5 рет шығарылып, сатып алушылардың болмауына байланысты сауда — саттық өтпеген деп танылды, — деп сөзін түйіндеді А.Қырықбаев.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями