Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«LC Waikiki» компаниясы Қазақстанда 30-шы дүкенін ашты

Дата: 07 декабря 2016 в 08:06 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгін ең ірі түрік фэшн-ритейлері, сала көшбасшысы «LC Waikiki» компаниясы Қазақстанда, Шымкент қаласында 30-шы брендік дүкенінің ашылуы туралы хабарлады. Дүкен 2016 жылғы 30 қарашада ашылды және «Шымкент Плаза» кешенінде орналасқан.

Жаңа дүкеннің ашылуы компанияның Қазақстандағы нарықтық ұстанымын нығайтады және қазақстандықтарға кең ассортимент пен компанияның дүниежүзі бойынша клиенттеріне ұсынатын керемет қызмет көрсету деңгейімен рақатқа бөленуге мүмкіндік береді. 2016 жылдың соңына дейін «LC Waikiki» компаниясы Қазақстанда дүкендерінің санын 32-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2017 жылы компания дүкендер санын 38-ге дейін жеткізіп, ал 2018 жылы 40-тан астам сауда нүктелеріне ие болуды жоспарлауда.

«LC Waikiki» компаниясының Еуразия елдері бойынша атқарушы директоры Илкер Хаджыоглу Қазақстандағы жаңа дүкеннің ашылуын былай түсіндірді: «Қазақстандағы ең күшті фэшн-ритейл брендтерінің бірі болуға ниеттене отырып, өзіміз шыққан нарықта 30 дүкен ашқанымызға өте қуаныштымыз. Біз 18 қалада дүкен ашу мақсатында 30 миллион АҚШ долларын инвестициялап, 1000-нан астам жұмыс орнын құрдық. Бүгінде 35995 м2 сауда алаңына ие болып отырмыз. Нарық көшбасшысы екенімізді мақтана айта аламыз. Мақсатымыз – 2016 жылдың соңына 45% өсім әкелу. «Қазақстанның нарығы фэшн-ритейл үшін болашағы зор, біздің брендке деген оң көзқарас қалыптасқанын, адал клиенттеріміздің пайда болғанын көріп отырмыз. Жуырдағы экономикалық қиындықтар мен валютаның құнсыздануына қарамастан, біздің брендке деген клиенттердің түзу ниеті мен оң көзқарасы Қазақстан нарығында қатысуымызды кеңейтуге мүмкіндік береді. Өз миссиямызды іске асыра алатынымызға және адамдарға олардың стилі мен бюджетіне сәйкес киінуіне мүмкіндік бере алатынымызға өте қуаныштымыз».

2023 жылға дейін Еуропадағы ең ірі фэшн-ритейлерінің бірі болуға ниеттенген «LC Waikiki» компаниясының миссиясы — әйелдер, ерлер, жасөспірімдер мен балалардың, яғни отбасының барлық мүшелерінің сапалы, жарқын, ыңғайлы, функционалдық, және ең маңыздысы сәнді киімдер мен аксессуарларды қол жетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік беруінде. «LC Waikiki»-дің ресми миссиясы «Кез келген адам жақсы киінуге лайықты» деп үнделеді. Қазақстанда «LC Waikiki» компаниясы нарықтың көшбасшысы болып табылады, компания жүкті әйелдер, арнайы жағдайлар, демалыс үшін арнайы киім коллекциясын, бітіру кеші мен мектептерге арналған киімдерді, сонымен қатар, күз-қыс және көктем-жаз маусымдық коллекциясы аясында сәнді тауарларды ұсынады. 

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями