Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақмола облысында бар күш көктемгі су тасқынының алдын-алуға жұмылдырылуда

Дата: 02 апреля 2016 в 15:45 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарында болып көктемгі су тасқынының қауіпі жоғары елді-мекендерді аралады. Әсіресе Атбасар ауданының Жабай өзені маңындағы елді-мекендер ерекше назарға ілікті.

« — Биыл өңірде қар көп түсті. Сол себепті су тасқынының қаупі де жоғары. Алдыңғы жылдағы жағдай қайталанбас үшін дайындық жұмыстарын ерте бастап кеттік. Қазіргі кезде қалаға Жабай өзенінен қауіп төніп тұр. Осыған орай өзен жағасын бойлай ұзындығы 5,6 шақырым,  биіктігі 4-7 метр бөгет (дамба) тұрғызылуда. Оған 12 экскаватор тартылған. Оған қоса қауіпті аймақтарда тұрған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалды. Апаттың алдын алу жұмыстарына тұрғындар да бір кісідей атсалысуда», — деді аудан әкімі А.Никишов әкімге берген есебінде.

Облыс әкімі С.Кулагин алдымен көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына көмек көрсетіп жүрген халыққа алғысын айтты. Бұл індетпен көп болып күреспесек, ертең оның ауыр салдарымен күресуге тура келеді дей келе әкім Атбасар ауданындағы су тасқынының алдын-алу шараларына 20 миллион теңге жақында бөлінгенін,  оған қоса бірер күнде тағы 20 миллион теңге қаражат бөлінетінін атап өтті.

Сондай-ақ өңір басшысы осы күні Сандықтау ауданының маңындағы Жабай өзені үстімен өтетін көпір және ситуациялық карта арқылы осы өңірдегі жалпы жағдаймен танысты. Сандықтау ауданының орталығы Балқашин селосынан шыға берісте ТЖ бойынша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған апаттық-құтқару мен коммуналдық сала техникасының дайындығын қарады. Осы жерде ол ауданның төтенше жағдай қызметкерлерімен жүздесіп, алдын алу шараларын су қоймасы мен өзендерге жақын орналасқан елді мекендер мен жақын ауылдарда су басу қаупін болдырмас үшін ондағы жағдайды күні-түні бақылауда ұстауды тапсырды. 

« — Қазір жағдай өте күрделі. Даладағы қар әлі еріген жоқ.  Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандары әлі қар құрсауында жатыр. Әсіресе Атбасар ауданында бұрын-соңды, осы мезгілде мұндай қар көлемі болған емес. Сондықтан күн-түн демей сәуір айының бел ортасына дейінгі қауіпті күндерді ойдағыдай өткізіуіміз керек. Ол үшін су басу қаупі бар елді-мекендерге, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді аман сақтап қалуға барлық күшті жұмылдырып, тиісті керек-жарақпен қамтамасыз етіп, дайын отыруымыз қажет», деді облыс басшысы.

Ал, жаңадан тағайындалған Ақмола облыстық ТЖД басшы Алексей Советов өңір басшысына жуық күндері Республикадан қосымша тиісті қол көмегі жететінін жеткізді, атап айтқанда Атбасарға Алматы және Қызылорда облыстарынан қосымша 100 адам және 19 арнайы техника көмекке келмек екен.

По сообщению сайта Новости пресс-служб