Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Табысқа жетудің сырлары

Дата: 11 января 2016 в 20:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қазақстан» телеарнасы «Табыс сыры» атты жаңа әлеуметтік-танымдық тележобаны ұсынады. Бұл еліміздегі шағын және орта бизнеске арналған арнайы тақырыптық бағдарлама болмақ.

«Табыс сыры» бағдарламасында еңбексүйгіштіктің арқасында өз ісінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген адамдар туралы баяндалатын болады. Көрермендеріміз бағдарламаның бас кейіпкері арқылы табысты адамның жеке ісін қалай бастағаны және кәсіпкерлік жолында қандай тосқауылдардан өтетіні туралы мәлімет алады. Яғни бұл бағдарлама алдынғы қатарлы қазақстандық кәсіпкерлердің оң тәжірибесімен таныстыруды мақсат тұтады.

Бағдарламаның кейіпкерлері өз істерінде биік белестерге қол жеткізген әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың иелері. Олар табысқа қол жеткізу сырларымен бөлісіп, ойларымен ортақтасып, бизнестерін қалай бастағыны туралы айтатын болады.

Бұл бағдарлама істерін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлермен қатар, қалыптасқан кәсіпкерлер үшін де қызықты, әрі танымды болмақ. Хабар кейіпкерлерінің жеткен жетістіктерін мысалға қойып, қазіргі кезде еңбек пен жігерлілік танытудың арқасында осындай табыстарға қол жеткізуге болатынына көз жеткізеді.

Бағдарлама аясында билік пен отандық бизнестің қарым-қатынасының барлық қырлары мен кәсіпкерлікті дамытудағы мүмкіндіктер қарастырылады. Әрбір көрермен өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

«Табыс сыры» бағдарламасының премьерасы 13 қаңтарда «Қазақстан» арнасында өтеді және эфирге аптаның әр сәрсенбісінде сағат 17:55 тұрақты шығып тұратын болады.

Өз кезегінде «Қазақстан» телеарнасы әртүрлі пайдалы бағдарламалар, ток-шоу, сериалдар және фильмдермен көрермендерді ары қарай таңқалдыра бермек.

По сообщению сайта Новости пресс-служб