Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Сыбаға» сыбайластықтың ордасы емес – Жамбыл облысының әкімі

Дата: 10 октября 2014 в 15:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Сыбаға» сыбайластықтың ордасы емес – Жамбыл облысының әкімі

Астана. 10 қазан. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере келе, «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы сыбайластықтың ордасы емес екендігін нақтылап тұрып айтты, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

— «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде біздің облысымызда ағымдағы жылы 3 300 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалымен 27 шаруа қожалықтарына 313,8 млн. теңгеге несие беріліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 1 836 бас сатып алынды. Оның 1 754 сиыр болса, 82 бұқа, — деді Кәрім Насбекұлы.

Жалпы, аймақ басшысы келтірген деректерге сүйенсек, Жамбыл облысында мал шаруашылығы саласында үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында 59,8 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілген. Ал өңірдегі мал саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға өсіп, 329,7 мың басты құраған.

Естеріңізге сала кетейік, баспасөз мәслихатында әкімге БАҚ өкілдері тарапынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы шалғай ауылдардағы шағын және орта кәсіп иелерін қаржыландыру көзі сыбайлас-жемқорлықпен ұштасқандығы жайлы сауал жолданған болатын. Өз кезегінде ол дерексіз жолданған сауалды жоққа шығара келе, «Сыбаға» сыбайластықтың ордасы емес екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаражатты үлестіруде арнайы комиссияның қалтқысыз жұмыс істеп отырғандығын да қаперге салып өтті.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 

По сообщению сайта Baq.kz