Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Орал тұрғыны көлігіне «бензин жоқ» деп жазып облыс әкімдігінің алдына қойып кетті

Дата: 30 августа 2014 в 20:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Орал тұрғыны көлігіне \"бензин жоқ\" деп жазып облыс әкімдігінің алдына қойып кетті

Бензин тапшылығы елдің төзімін тауысып, шарықтау шегіне жетті. Орал қаласында кешелі бері бір тамшы жанармай қалмаған, көліктері оталмай тұрып қалған ел жанармай орталықтарының алдында сағаттап кейбірі тәуліктеп түнеп күтіп жатыр.

Өйткені кезек тым ұзақ. Ал осы келеңсіздіктен шаршаған Оралдың бір тұрғыны бүгін өз автокөлігінің терезелеріне «Бензин жоқ» деп жазып, оны облыс әкімдігінің алдына апарып қойып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Темір тұлпарға қорек қылар, қажет жерге жүріп тұрар бір тамшы бензин таппай сең соққан балықтай сенделіп жүр ел. Сағаттап кезекке тұрғандары бар, тәуліктеп жанармай бекетінің алдында түнеп жатқандары да жетерлік. Енді олар көліктің жүре алмай темір өлікке айналғанына наразы. Ал бензин бекеттерінің бәрінде мынау, шақырымдаған кезек, ашулы адамдар.

«3 литр бар бензин, болды басқа жоқ. Оол жетпейді барғанша. 20 шақырым жүруім керек. Қонып жатыр кісілер мұнда машинамен. Бензин жоқ», — Орал қаласының тұрғыны Теміржан Исмағұлов.

Түнесе де темір тұлпарға талғажау қылар бір тамшы бензин таппай төзімдері таусылған тұрғындар бүгін шенеуніктерге бас салды. Бірақ атқамінерлер қиналған қарапайым қарашамен жүздеспеді.

Сондықтан әкімге жұрттың өзі барды. Көлігінің бактары әбден босаған Данияр бұл. Жол талғамайтын тұлпарын облыс әкімдігі ғимаратының алдына қаңтарып қойды, терезелеріне «Бензин жоқ» деп жазыпты. Ал дереу келген полицейлер алдымен автокөлікті тексерді, расында бензині жоқ. Кейін оны тиеп әкетті. Қарсы шыққан жігіт те жазасыз қалмады.

«Бензиннің жоқ екенін әкімдікке көрсеткім келеді. Олар бензин бар дейді, бірақ қайда? Әлде  шенеуніктер басқа әлемде өмір сүріп жатыр ма?», — Орал қаласының тұрғыны Данияр Жұмабаев.

Бірақ Данияр дүрліккендей батыстық шенеуніктер құс жастықта жатпаған көрінеді, іздепті олар да бензинді. Өздеріне де қажет болса керек. Сөйтсе, Қазақстанның мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттарының өнімділігі аз екен, ал Ресейден керекті мөлшерін сатып алып үлгермепті.

«Мен «ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясымен хабарластым, олар Ресейден мол жанармай алыпты. Жуырда келеді, аптаның соңына қарай бензин жеткілікті деңгейде бұрынғыдай беріледі», — дейді БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменов.

Бір ғана Оралда жанармай сатумен айналысатын 11 компания бар, олардағы АИ-92 маркалы бензиннің қоры қазір 1087 тоннаға тең. Бірақ қапылған қарашаға қақсып жатырмыз деп сатпай отырғандарының сыры неде екенін ешкім тап басып айта алмады.

Қазір мұнайдың үстінде отырып бензин таппай қысылған біздің ел Ресейдің ірі компанияларымен қосымша келісімшарт жасасқан, оған сәйкес қыркүйектің алғашқы ширегіне дейін Қазақстанға 34 мың тонна жанармай жеткізілмек. Ал қыркүйектің аяғына дейін тағы 176 мың тонна жанар-жағар май сатады бізге Ресей.

По сообщению сайта Nur.kz