Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

СІМ: Пшонка Қазақстан азаматтығын алған жоқ

Дата: 04 августа 2014 в 16:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонканың Қазақстанның шекарасынан өтпегенін және уақытша тіркеуге де тұрмағанын мәлімдеді деп жазады Азаттық.Виктор Пшонка

Бұл жөнінде бүгін СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов таратқан баспасөз хабарламасында айтылған. «Виктор Пшонка миграциялық полицияға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беруді және белгілі мерзімде азаматтық алуды сұрап өтініш білдірген жоқ» делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема кейбір расталмаған ақпараттар бойынша Пшонканың Қазақстан азаматтығын алғаны туралы дерек барын және ол тексерілетінін мәлімдеген еді. Ол Пшонканың ұлы Артем және Украина кәсіпкерлері мен саясаткерлері — Сергей Арбузов, Александр Клименко, Сергей Курченконың Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны тексерілетінін де хабарлаған.

Украинада елдің бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонкаға «бюджет қаражатын жымқырды», «пара алды», «билігін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылған.

По сообщению сайта Nur.kz