Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Альмираның айыбы… алты миллион ақша

Дата: 01 июня 2013 в 02:22

Сенбі, 1 маусым, 2013 Құқық

Альмираның айыбы… алты миллион ақша

Сенбі, 1 маусым 2013 2:14

«Tengrinews.kz» сайтында Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманшинаның үстінен алты миллион теңге пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат жарияланды.

Істі қаржы полициясы агент­тігінің тергеушілері жүр­­­гізіп отыр. «Құрылыс басқармасы бас­тығының орынбасары үсті­­­­­міз­­дегі жылдың 24 сәуірі мен 3 мамыры аралығында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жо­­балық-сметалық құжаттарын да­йындауға арналған конкурс­та жеңімпаз болып шығу үшін тұтыну кооперативінің төр­ағасынан мәжбүрлеу жолымен пара алған деген күдікпен айып­талуда» делінген қаржы поли­циясының ақпаратында.
Альмира Орманшинаның құрылыс басқармасының басты­ғы болып, аяқ астынан қызме­ті­нен төмендеп, орынбасар бол­ғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Соңғы кездері ел ішінде «Орманшина жұмыстан босап, Мәскеуге қашып кетіпті» деген сөздердің өршіп кеткені рас. Тіпті, оның жап-жас болса да кезінде қызметте тез өрлеуін жақында ғана жұмбақ жағдайда жұмысынан босап, бүгінде қайда жүргені белгісіз облыс әкімінің орынбасары Болатбек Нәжіметдинұлымен байланыс­тыратындар да бар. Кім білсін… Бір анығы, «құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деген, Орманшинаның дәурені өткенін біреулер сезіп-біліп, бір кездері жасырып қойған «карталарын» ашып, кейбір жәйттерді жайып салуды ойлаған сияқты. Әрине, бұл жағдай онсыз да жалындап тұрған отқа тағы да май тамызғандай болғаны анық. Оңтүстіктегі дүрбелең осымен тоқтай ма, жоқ па?
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті