Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе хирургтері жүрекке стенд орнатуды қолға алды

Дата: 11 марта 2013 в 11:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дүйсенбі, 11 наурыз, 2013 Қазақстанда

Ақтөбе хирургтері жүрекке стенд орнатуды қолға алды

Дүйсенбі, 11 наурыз 2013 11:39

Ақтөбе хирургтері жаңа тәсіл – жүрек қан-тамырына стенд орнатуды қолға алды, деп жазады Zakon. kz.

Жүрек қан-тамырына стенд орнату әлемнің бірқатар елдерінде біраздан бері іске асырылып келеді. Ақтөбеге арнайы ат басын бұрған Латвия елінің азаматы  Андреас Эрглис қазір осы отаның жасалу әдісін әріптестеріне үйрету үстінде. «Латвиядан келген Андреас Эрглис біздің дәрігерлерге жүрек қан-тамырына стенд орнату тәжірибесін үйретуде. «Жақында өзіміздің медициналық орталыққа жүрек талмасына шалдыққан 61 жастағы Александр келді. Тексере келгенде, оның жүрек қан-тамырына стенд орнату керектігі анықталды. Сонымен, бұл азаматқа жасалған ота сәтті аяқталды», – дейді М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті медицина орталығының жетекшісі Қайрат Райжанов. Андреас Эрглистің айтуынша, жүрек қан-тамырына стенд орнату Жапония мен АҚШ-та әлдеқашан қолға алынған. Сондай-ақ, ол әлемдік тәжірибеде бұл әдістің оң нәтиже беріп келе жатқанын атап өтті.

Астанадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығында алғаш рет 2009 жылы интервенциялық кардиология бөлімшесі ашылды. Осы бөлімшенің атауы кейін инервенттік кардиология және эндоваскулярлық рентгенхирургия бөлімі болып өзгертілді. Аталмыш бөлім жетекшісі, профессор Бегылан Стамболұлы осыдан екі жыл бұрын өзге аймақтардан келген жас кардиологтарды жүрек қан-тамырына стенд орнатуды үйреткен еді. Қазір сол мамандар еліне пайдасын тигізуде.

Әмірхан Алмағанбетов.

 

 

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті