Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Балқаштың көксеркесі Еуропаға шығарылады

Дата: 12 января 2013 в 11:12

Балқаштың көксеркесі Еуропаға шығарылады

Балқаш көлінен балық аулап, оны өңдеп, шетке шығаруды мақсат тұтқан жергілікті кәсіпорын «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасына қатысуы арқасында өндіріс ауқымын кеңейтіп, Еуропаға шығаратын өнімдер көлемін арттыру мүмкіндігін иеленді.

Өтпелі жылдары оты өшіп қала жаздаған қала типтес елді мекендердің бірі — Үлкен кентінде соңғы жылдары тірлік қайта жанданып, өндіріс ошақ­тары қатарға қосыла бастады. Оған осы маңнан Балқаш жылу-энерге­ти­калық стансасын салу жобасының қол­ға алынуымен қатар, мемлекет та­ра­пынан ауыл шаруашылығы өнімде­рін өндірушілерді, кәсіпкерлерді қол­даудың барынша қанат жайып, әлеуетін арттыра түскені де себеп бо­лып отырғаны анық. Сондай ертеңіне үл­кен сенім артып отырған кә­сіпорын­дар сапында «Үлкен Балық» ЖШС да бар. Кәсіпорынның экспорт­тық бағытын барынша кү­шейту мақсатында «Цесна Банк» АҚ-нан алған 570 миллион теңге көлеміндегі несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау туралы өтініші аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында ма­құлданды. 

Зауыт Жамбыл ауданы аумағында, Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен кентінде орналасқан. Қазіргі кезде мұн­дағылар көксеркенің сұрып етін Еуропалық Одақтағы Германия, Да­ния, Голландия, Франция, Испания, Польша елдері мен Балтық жаға­лауын­­дағы мемлекеттерге экспортқа шыға­рып келеді. Кәсіпорында бүгінгі күні жергілікті тұрғындар қатарынан алын­ған 100 адам тұрақты жұмыспен қам­тыл­ған. Сонымен бірге нәпақасын Көк­ше теңізден ажыратып жүрген жет­піс­тен астам жергілікті балықшы да өн­діріс ошағын шикізатпен қам­та­масыз ету арқылы бала-шағасын асы­рап отыр. Сондықтан балық зауы­тын кент тұрғындарын жұмыспен қам­тып отыр­ған ең ірі кәсіпорын деуге болады.
Еуропалық Одақтың барлық негіз­гі талаптары мен стандарттарына сәй­кестіктегі өнімдер шығаратын және соған сай еуропалық экспорттық сертификатқа иелік ететін компания негізінен көксеркені тереңдете өңдеу арқылы экспорттық дайын өнім шы­ға­рады және кәсіпорын кірісінің 99 пайызын осы өнімнен түскен қаржы құрайды. Соңғы алты жылда үлкен­дік­тер Еуропадағы аса ірі көтере са­тып алу компаниялары санатындағы көксеркенің сұрып етін тұтынушы­лар­мен тұрақты іскерлік байланыста жұ­мыс істеп келеді. Кәсіпорын сондай-ақ, балықтың құндылығы төмен түрлерін сатумен және қайта өңдеумен де айналысады. Көксерке, сазан, жайын, қаракөздің және тағы басқа да балықтардың сұрып еті мен тартылған етін және тағы басқа да қосалқы өнім­дерін сату бойынша аса ірі бөлшек сауда желілерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Өздері аулаған балықты ғана саудаға шығарып қоймай, Балқаш көлін қоса алғанда еліміздегі өзен-көлдерден ауланған балықтарды да сатып алып, өңдеуден өткізеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр. 
«Үлкен Балық» ЖШС зауытының көксеркенің сұрып етін шығару жө­нін­дегі өндірістік қуаты жылына 770 тоннаны құрайды. Балықтан әзір­лен­ген жартылай дайын өнімдерді еуро­па­лық елдерге шығаруға арналған экспорттық арналар жыл сайын 1200 тонна өнімді жөнелтуге мүмкіндік береді. Ал «Цесна банк» АҚ несиелік желісін қайта қаржыландыру арқылы кәсіпорынның айналымдық қара­жатын қажетті деңгейде толықтыру зауытқа өзінің экспорттық әлеуетін толық пайдалана отырып, өнімдер шығару көлемін барынша арттыруға жол ашты.

Болат АБАҒАН

Алматы облысы 

По сообщению сайта Baq.kz