Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақтың Қазыбегі Еуропа алаңында атой салмақ

Дата: 11 января 2013 в 10:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақтың Қазыбегі Еуропа алаңында атой салмақ

Футбол қазақтың қолы емес дегендердің пікірі жаңсақ екенін қазақтың қарадомалақ ұлы дәлелдемекші. Қарағандылық 11 жасар Қазыбек Тұяқов Испаниядағы корольдік «Реал Мадрид» клубынан ресми шақырту алды. Қаңтардың 9-ы күні жерлестері жас спортшыны жолға шығарып салды.

Қарағандылық жас футболшы Қазыбек Тұяқов «Реал» футбол клубына сынақ ретіндегі жаттығудан өтуге бармақшы. Осынау сүйінші хабарды кеше отандық БАҚ жарыса жариялады.
Футбол клубы өзінің Испаниядағы ба­засына талантты жастарды жинап, фут­болдың қыр-сырына тереңірек үйретпекші. Солардың бірі — қарағандылық Қазыбек Тұяқов.
20 қаңтарда Испанияда әлемнің түкпір-түкпірінен жеткен талантты жас футбол­шылар өнер көрсетеді. Сол үздіктердің ішінен үздік шыққаны әлемдегі ең мықты футбол академиясы тәлімгерлерінің қатарын толықтырмақшы. Іріктеуден өт­кендер алғашқы екі жылда клуб жанындағы дайындық мектебінде шынығады. Тек содан кейін ғана футбол академиясында жаттығуға мүмкіндік алмақ. Мамандардың айтуынша, қарағандылық өреннің топ жарып шығуға мүмкіндігі зор көрінеді.
Қазыбек футболмен 6 жасынан бастап шұғылданады. Қазірде Қарағандының «Шахтер» футбол клубында жаттығып жүр. Спорттың осы түріне деген қызығушылық оған футбол десе ішер асын жерге қоятын әкесі Шахзада Тұяқовтан жұққан сияқты. Қазыбекті құйттайынан футбол секциясына жетелеп апарған әкесі қазір таңдауының қате болмағанына шексіз риза. Дегенмен өзі үшін ең бастысы ұлының «ат ататып, сүйек сындырмайтын» азамат болып өсуі маңызды екенін айтады әке.
— Расы керек, мен ең алдымен ұлым арлы, абыройлы азамат болып өссе деп тілеймін. Ал егер оның бойындағы футболға икемділікті мамандар осылай бағалап жатса тек қуаныштымыз. Оның аса жоғары деңгейдегі футбол ілімін игергенін қалай­мын. Ал «Реал» деген әлемдік футболдың биік шыңы ғой, — дейді ол.
— «Реал» менің ең жақсы көретін клубым. Мен сол клубта және басқа да Еуропа клубтарында ойнағым келеді, — дейді жүзі бал-бұл жанған өрен.
Жас спортшының жаттықтырушысы Юрий Каплаухтың айтуынша, Қазыбек көптің бірі емес. Болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты спортшы.
— Таңдау неліктен Қазыбекке түсті деп ойлайсыз, өйткені ол доппен тамаша жұ­мыс істейді. Еңбекқор, епті, — дейді маман.
Қазыбек Тұяқов Мадридтегі алдын ала іріктеу сынына былтыр да қатысқан көрінеді. Әкесінің айтуынша ол кезде клуб мамандары оның өнеріне жоғары баға бергенімен, сынаққа қабылдай алмайты­нын айтқан. Себебін сұрағанда «бойы аласа» деп жауап беріпті.
Осылайша Мадрид мәселесін жылы жауып қойған кезде өткен жылдың со­ңында, 29 желтоқсанда Испаниядан үшбу хат келіп жетеді. «Реал» Қазыбекке шақыр­ту жіберіпті!
Айта кету керек, осындай шақыртуға ие болу мәртебесі былтырғы жылы тағы бір қарағандылық өренге бұйырған болатын. 14 жастағы теміртаулық футболшы Алдияр Иманғалиев былтырғы жылдың қаңтар айында аталған клубтан шақырту алған. Өкінішке қарай, спортшы жолға аттанар алдында Алматыда медициналық тек­се­руден сүрінген еді.
Қаңтардың 9-ы күні Қазыбек әкесімен бірге Ыстам­бұлға ұшып шықты. Ол жақта ол бір апта «Га­латасарай» футбол мектебінде жат­тығады. Сосын Испанияны бетке алмақ.
«Ыстамбұлға бара жатқан себебім, был­тырғы күзден бері бутцы киіп, жасыл алаң­да ойнап көрген жоқпын, соған бойымды үйрету үшін барамыз» дейді Қазыбек.
Сынаққа толы сапарға Қазыбек үлкен қуанышпен, күш-жігермен аттанды. Бұлай деп айтуымызға толық негіз бар. Футболшы жолға шығар күні Қарағандыда 2001 жылы туған балалар арасында футболдан республикалық «Жаңажылдық демалыс» турнирі аяқталды. Сол сайыста Қазыбек ойнайтын «Шахтер» командасы чемпион болды.

Қамбар АХМЕТОВ

Қарағанды

По сообщению сайта Baq.kz