Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Дата: 11 января 2013 в 08:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 11 қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

2013 жылғы, 9 қаңтар             №1/192              Астана қаласы

2012-2013 жылдары жастарды құқықтық оқыту жөніндегі жұмыс туралы

Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия­сы қаулы етеді:
1. 2013 жылғы 10 қаңтардан 31 мамырға дейін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орын­дарының студенттері мен магистранттары арасында Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Рес­пуб­ликасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі өкілдеріне жіберілсін.
4.   Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ.Тұрғанқұлов,
Хатшы Б. Мелдешов.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы
9 қаңтардағы № 1/192 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орын­дарының сту­денттері мен магистранттары арасындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сай­лау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс (бұдан әрі – Кон­курс) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Жастарды құқықтық оқыту іс-шараларының 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
2. Конкурстың мақсаты – жас­тардың кәсіби даярлығының, элек­тораттық мәдениетінің, қо­ғам­дық-саяси белсенділігінің дең­гейін арттыру, студенттер мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, оларды сайлау процесіне белсенді кірістіру.
3.  Конкурс 2013 жылғы 10 қаң­тардан бастап 31 мамырға дейін екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – облыстарда, Астана, Алматы қалаларында 2013 жылғы 10 қаңтардан бастап 15 сәуірге дейін. Конкурстық жұмыстар 2013 жылғы 10 қаңтардан бастап 1 сәуірге дейінгі кезеңде қабылданады;
2) екінші кезең –  республикалық деңгейде 2013 жылғы 10-31 мамыр аралығында.
4. Конкурсқа Қазақстан Рес­пуб­ликасы жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер мен магистранттар немесе құрамы бес студенттен және магистранттан аспауға тиіс авторлар ұжымы қатысады.
5. Конкурстың өткізілуін ұйым­дастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жәрдемдесуімен (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
6. Осы Ереже мен Конкурс туралы материалдар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

2.  Номинациялар, конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар және
оларды бағалау өлшемдері

7. Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:
І. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі ғылыми жұ­мыс мынадай тақырыптар бойынша:
1) Қазақстан Республикасы сайлау құқығының ерекшеліктері;
2) саяси партиялардың сайлау процесін жетілдірудегі рөлі;
3) бұқаралық ақпарат құрал­дарының сайлау науқанын жүргізу кезеңіндегі қызметінің құқықтық режимі;
4) сайлау процесіндегі байқау­шылар институты;
5) ­сайлау науқанын қаржы­ландыру: құқықтық реттеу негіздері және тәжірибе;
6) сайлау процесіне қатысу­шылардың құқықтық мәдение­тін арттыру –Қазақстан Респуб­ликасындағы адамның және аза­маттың сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің бір тәсілі ретінде;
7) жастардың электораттық белсенділігін арттыру нысандары мен әдістері;
8) сот практикасының Қазақстан Республикасының сайлау құқығын дамытудағы және жетілдірудегі рөлі;
9)  сайлаушыларды тіркеу, сай­лаушылардың тізімдерін жасау мен жаңарту жүйесін жетілдіру.
7.2. Сайлау науқанының үздік слоганы.
7.3. Сайлау тақырыбына үздік бейнеролик.
8. Конкурстық жұмыстар мем­лекеттік және (немесе) орыс тіл­дерінде ұсынылады. Қажет болған жағдайда, жұмыстарды мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударуды Конкурстың қазылар алқасы қамтамасыз етеді.
9. Ғылыми жұмыс конкурстың тақырыбы бойынша өзекті зерттеу түрінде берілуге, негізделген тұжырымдарды, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, пай­даланылған әдебиетке сілтемелерді және тізімі қоса берілуге тиіс басқа да көздерді қамтуға тиіс.
Жұмыстың көлемі 24 бет баспа мәтіннен аспауға тиіс.
Ғылыми жұмыстар мынадай өлшемдерді ескере отырып, ресім­деледі:
1) сол жақтағы алаң – 2.5 см, оң жақтағы алаң – 1.5 см, жоғарғы алаң – 2.5 см, төменгі алаң – 2.5 см;
2) шрифт «Times New Roman»,  № 12, бір жарымдық интервалмен.
3) қосымшаларда кіші мөлшерлі, бірақ кемінде № 10 шрифтті пай­далануға болады.
Құжаттың беттері, қосымшаларын қоса, па­рақ­тың жоғарғы алаңының ортасынан тыныс белгілерсіз нөмірленуге тиіс. Құжаттың бірінші беті нөмірленбейді.
10. Сайлау науқанының үздік слоганы сайлаудың мәнін, оның жалпыұлттық  сипаты мен елдің әрбір азаматының ерік білдіруінің маңыздылығын қысқа, нақты және бейнелі түрде көрсетуге тиіс.
Бұл турға қатысу үшін слоган мәтінін  түсіндір­ме­лерімен бір­ге А 4 форматында ұсыну қа­жет. Конкурсқа өткен сайлау нау­қандарында пай­даланылған слогандар қатыспайды.
11. Бейнеролик ақпараттық немесе жұмылдыру сипатында болуы мүмкін. Ақпараттық ролик қысқа және түсінікті түрде сайлаудың мәнін көрсетуі, сондай-ақ ол туралы сайлаушылар үшін барынша маңызды мәліметтерді қамтуы тиіс.
Жұмылдыру сипатындағы роликтер сайлау­шылардың сайлауға ерекше белсене қатысуына түрткі болуы керек.
Бейнероликтер графикалық, қо­йылымдық, қойылымдық-гра­фикалық, мультипликациялық болуы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған бейнероликтерде роликтің жарнамалық идеясы, басты проблемалары мен мақсаты нақты айқындалуға тиіс. Бейнероликтің хронометражы – 5-30 секунд.
12.  Жұмыстардың титул пара­ғында  мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) конкурс номинациясының атауы;
2) конкурстық жұмыс тақыры­бының атауы;
3) автордың тегі, аты, әкесінің аты;
4) тұрғылықты жерінің мекен-жайы (пошталық индексі көрсетілсін);
5) байланыс телефондары;
6) курс, факультет, жоғары оқу орны.
Авторлар тобы дайындаған жұмыс ұсынылған жағдайда, әрбір студент және магистрант туралы мәліметтер көрсетіледі.
13. Осы Ережені бұза отырып, Конкурсқа жібе­рілген жұмыстарды қазылар алқасы қарамайды.
Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды, қайтарылмайды және сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмыста пайдаланылуы мүмкін.
Жұмыстың мәтіні электрондық жеткізушіде және қағазға басылған нұсқасында  жіберіледі.
14. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері:
1) конкурстың тақырыбына сәйкестігі;
2) өзектілігі;
3) жоғары ғылыми деңгейі;
4) қаралатын жұмыс тақы­рыбының тәжірибелік мәнділігі;
5) материалды баяндаудағы дербестігі.

3. Конкурсты өткізу тәртібі

15. Конкурсты өткізу және қо­рытындыларын шығару үшін қазылар алқасының екі құрамы құрылады:
1) ______________________________________ жоғары оқу орындарының
(облыс атауы, Астана және Алма­ты қалалары)
сту­дент­тері мен магис­транттары арасындағы Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа кон­курстың қорытындыларын шығару жөніндегі қазылар алқасы. Қазылар алқасының құрамын облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссиясының төрағасы бекітеді.
2) Қазақстан Республикасы жо­ғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі республикалық қазылар алқасы. Республикалық қазылар алқасының құрамы Қа­зақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының өкімімен бекітіледі.
Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқы­тушылары, Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері кіреді.
Қазылар алқасының құрамы, орналасқан орны, байланыс телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
16. Қазылар алқасының отырысы, егер оты­рысқа оның мүшелерінің басым көпшілігі қатыс­қан болса, заңды болып саналады. Қазылар алқасы өз шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде қазылар алқасы төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Қазылар алқасы конкурсқа ұсынылған жұмыс­тардың бірде-біреуі жүлдеге лайық емес деген шешім қабылдауы мүмкін.
17. Облыстық, Астана және Ал­маты қалалық конкурстың қоры­тындыларын қазылар алқасы  2013 жылғы 15 сәуірге дейін шығарады.
Облыстық, Астана және Алма­ты қалалық қа­зылар алқасы жүл­делі орын алған жұмыстарды 2013 жылғы 10 мамырға де­йін Республикалық қазылар ал­қасына жібереді. Конкурста жеңген жұмыстарға ілеспе хат жә­не Конкурсты өткізу жө­ніндегі қазылар алқасы отырысының хаттамасы қоса жіберіледі.
18. Республикалық қа­зылар алқасы Конкурстың қоры­тын­дыларын 2013 жылғы 31 мамырға дейін шығарады. Қазылар ал­қасының шешімі түпкілікті болып табылады.

4. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау және сыйақыларды тапсыру

19. Облыстардағы, Астана және Алматы қалала­рындағы Конкурсқа қатысушылар үшін 13 жүлделі орын тағайындалады:
бірінші номинация бойынша – тоғыз ғылыми жұмыс тақырыбының  әрқайсысы бойынша – бірінші орын;
екінші номинация бойынша – бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын;
үшінші номинация бойынша – бірінші орын.
20. Республика деңгейінде өткізі­летін Конкурс 3 жүлделі орын тағайындайды және бір жеңімпазды айқындайды.
21. Конкурсты ұйымдас­тыру­шыларға Конкурстың жеңімпаздары үшін арнайы жүлделер тағайындау құқығы беріледі.
22. Жеңімпаздарды көтермелеуге және Конкурсты әзірлеу мен өткізуге байланысты шығыстарға ақы төлеуге мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес және азаматтық білім беру мен сайлаушыларды ағарту мәселелерімен айналысатын басқа да ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары  қатыса алады.
23. Конкурс жеңімпаздарына жүлделерді тапсыра отырып, марапаттау рәсімі 2013 жылғы 15 маусымға дейін өтеді.
24. Қазылар алқасының ұсы­нысы бойынша үздік жұмыстар республикалық және өңірлік бұқа­ралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым  министрлігінің
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқарып отырған лауазымдарына қайта сайланатын кафедра меңгерушілерінің  қызметтік орындарына конкурс жариялайды

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті