Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Отан деген осы!

Дата: 25 октября 2012 в 08:02

Бейсенбі, 25 қазан, 2012

Отан деген осы!

 – дейді өңір тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған әулеттің үлкені, Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендерінің иегері Василий Григорьевич Воропай

Ата
(Григорий)
– Жергілікті тұрғындар бізді «абориген» деп атап кеткен. Шынында да, ата-бабаларымыз осыдан бір жарым ғасыр бұрын Украинаның Луганск қаласынан Қазақстанға қоныс аударыпты. Әкем Григорий Григорьевич Воропай өмір бойы Митрофановка ауылында егіс-дала бри­га­ди­рі, ал әкемнің әкесі, яғни, біздің атамыз Григорий Маркирьянович ауыл шаруа­шы­лығында еңбек етіп, ауылдастары арасында сыйлы болған. Кіндік қанымыз осында тамған, қазақтармен бірге 70 жыл Привольное ауылында мекендеп жатырмын, сондықтан да қазақтар бізді абориген, демек, жергілікті тұрғындар деп атап кеткен. Отанымыз – Қазақстан, – деп Василий Григорьевич Воропай әңгімені әріден бастады.
– Жақында ғана Василий Григорьевич 70 жылдық мерейтойын ауылдастарымен бірге атап өтті. Облыс әкімі Бердібек Са­пар­баевтың құттықтауын аудан әкімі Се­рік Төленбергенов жеткізіп, алғысын біл­дірді. Енді үш жылдан кейін Багратион ауылдық округіне 60 жыл толмақ. Мерейтой иесі осы шаруашылықты 30 жыл бас­қарды. Соңғы 20 шақты жыл өзі құрған шаруа қожалығын басқарады, – деп об­лыстық ауыл шаруашылығы басқарма­сы­ның бастығы Селиханов әңгімеге аралас­ты.
– Қазақтар кеңқолтық, келген қона­ғын төрге шығаратын, бір жапырақ нанды бөліп жейтін, меймандос, қарапайым халық екеніне көз жеткен. Сонау ауыр жылдарда қазақтардың жақсылығын көп көрдік. Кеңшарды басқарған кезде де жергілікті тұрғындардың жұмысқа бе­ріліп істейтінін мойындағанбыз. Қазір екі ауылдағы тұрғындардың жартысы қа­зақтар, – дейді ауыл шаруашылығының май­талманы Василий Григорьевич Воропай.

ӘКЕ
(Василий)
Воропайлар әулетінің ауыл шаруа­шы­лығы саласында еңбек еткендеріне бір жарым ғасыр. Иә, артық-кемі жоқ осыншама уақыт қарапайым украин халқының бір әулеті Қазақстанды мекендеп, оны өз Отаны санап, жемісті еңбек етіп келеді.
Алматыдағы ауыл шаруашылығы инс­т­­и­тутының агрономдар әзірлейтін факуль­тетін бітірген соң «Багратион» кең­ша­рын­да шопан, механизатор, агроном, одан кей­ін кеңшар директорының қызметінде шыңдалған В.Воропай еліміз нарыққа көше бастаған сонау жылдары шаруа қо­жа­лығын құрады. Бастапқыда оңай бол­ған жоқ, малдың біразы айырбасқа кетті, жанармайдың аспандап кетуі, егістікке қажет минералды тыңайтқыштар бағасы да шарықтап шыға келді. Рас, сол кезде бас­қа да ұсақ қожалықтар құрылғанымен, нарықтың қатал сынына көбі шыдас бере алмай, ақыры тарап жатты. Ал жерлестері В.Воропайға сенім артты, пайларын берді. Ауыл шаруашылығының білгірі ұлы Александр мен қызы Натальяны да өз жанына алып, тәжірибесін бөлісті. Қазір әкесі, ұлы мен қызының төрт қожалығы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар, онда 800-ге тарта адам еңбек етеді. Екі ауылды асырап отыр­ған Воропайлар әулеті шығарған ауыл ша­руашылығы тауарлары мен сүт өнім­дері Өскемен, Семей қалалары мен Ұлан аудандарының азық-түлік дүкен­де­рінде сатылып жатыр. Тек Өскемен­нің өзінде 18 сауда дүкені бар.
– Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына Жолдауында ауыл ша­руа­­шылығы саласында еңбек ететін­дер­ге, ірі шаруа қожалықтары иеле­ріне аманат артқаны белгілі. Қала­лар­да заман талабына сай ірі сауда ор­та­лықтарын тұр­ғы­зу міндеті жүктелді. Қазір жібек мата комбинаты қала­шы­ғында сауда орта­лы­ғының құрылысын бастадық. Мұның алдында ұлым Александр 86 миллион теңге өз қар­жысына Спорт сарайын салып берген, қазір ол жерде мектеп оқушылары жат­тығады. Футбол, волейбол, ауыр ат­летика, гимнастика секциялары жұ­мыс істеп тұр. Жақында ғана ұлым Александр 46 миллион теңгеге Митрофановка ауылында шіркеу құры­лысын аяқтады. Оны өңір басшысы ке­ліп ашады деген ойдамыз. Соңғы жылдары ауылда бірнеше тұрғын үй, мал қоралары, басқа да құрылыстар бой көтерді. Ал Воропайлар әулеті егін егіп, мал өсіріп жатыр деп ойла­са­ңыз­дар, қате­лесесіздер, қалған әңгімені ұлым жал­ғас­тырсын, – деп Воропайлардың үлкені басқа шаруамен шұғылданып кетті.

ҰЛ
(Александр)
– Воропайлар әулетінде үш қожалық пен бір серіктестік бар екені жайлы хабардар болдыңыз. «Багратион» шаруа қожалығы маған тиесілі, «Багратион-2» әкемдікі, серіктестігі бар, ал, «Пролетарка» қожалығы қарындасым Наталья Григорийқызына қарайды. Меніңше, әкеміздің ірі қожалықты бөліп, сала-сала бойынша басқаруды жүзеге асыруында үлкен мән бар. Себебі, біз бас­қа­ра­тын қожалық марал өсірумен, марал мүйізінен панты дәрісін, шипажай, өңдеу кәсіпорындары – май сығатын, наубайхана, тәтті тоқаш, сүт өнім­дері­нің 20-ға тарта өнімдерін шығаратын аса ірі құрылым болып табылады. Төрт қожалықта бір мыңға тарта адам еңбек етеді, біздің өнімдер облысқа тарайды. Асыл тұқымды омарта шаруашылығы да қанатын кеңге жайып келеді. Биыл 6 тонна бал алдық. Түйе, тіпті түйеқұс өсірумен де шұғылдандық, – дейді қожалық иесі Александр Воропай.
Александр Васильевич – әкесіне тартқан тұйық, сөзден гөрі іске бейім, бірақ қимылынан пысықтық танылып тұр­ған азамат. Александрдың маман­ды­ғы – әкесінікі сияқты агроном. Бала кез­­ден жердің қадір-қасиетін көкейіне түйген Александр нарықтың қысыл­таяң кезінде де егістік көлемін сақ­тау­ды дәстүрге енгізіпті. Қазір шаруашы­лық­та 20 мың гектар жер бар, оның барлығы пайдаға жаратылды. Биыл құрғақшылық болса да агротехникалық шараларды қатаң сақтау нәтижесінде астықтың гектарынан 10 центнерден өнім жиналған. Күнбағысты да жауын-шашынға қалдырмай жинадық, дейді іскер азамат. Қожалықта тәулігіне 48 тонна ұн тартатын диірмен бар, тіпті көршілер де келіп өз шаруаларын тындырады екен. Ауылдағы наубайхана тәу­лігіне 1 мың бөлке нан пісіреді. Облыс бойынша ең арзан нан бізде, бөл­кесі небәрі 40 теңге дейді жергілікті тұрғындар. Кондитер цехын Ольга Решетникова басқарады екен. Тәтті тоқаш тағамдарын әзірлейтін Гуля Жақбаева, Марина Решетникова өз ісінің шеберлері.
– Біз тек асыл тұқымды мал өсіруге бейімделгенбіз. Қазір асыл тұқымды 600 бас семминталь сиырын, 750 бас қазақтың ақбас сиырын өсіріп жатырмыз. Тіпті 137 Жабы тұқымды жыл­қы­ны алдағы уақытта көбейту ойда бар. Күн сайын сауылған 10 тоннаға жуық сүтті Пролетарка ауылындағы қарын­да­сымыз Наталья Васильевнаның сүт зауытына жөнелтеміз. Ол жерде сүттен май, сыр, ірімшік, қаймақ, барлығы 19 түрлі тағамдар әзірленіп, қаладағы және аудандағы сауда орындарына жөнелтіледі, – дейді Александр Воропай.

ҚЫЗ
(Наталья)
Пролетарка ауылында жүзге тарта жанұя мекендейді. Мұндағы тіршілік көзі – Наталья Васильевна Воропай бас­қаратын сүт зауыты. Бұдан он шақ­ты жыл бұрын әкесінің жолын қуған, істің кілтін таба білетін пысық қыз сү­рініп барып тоқтап қалған сүт зауы­ты­ның акциясын сатып алған. Пролет­ар­ка­дағы сүт зауытының бір ғасырлық тарихы бар. 1917 жылы оның құрылысын ағылшынның кәсіпкері бастаған екен. Ақыры ол тоқтап, 1929 жылы құры­лы­сы аяқталған. Ол ол ма, Украинка, Белокаменка, Тройницкое ауылдарында да сол кезде сүт цехтарының құрылысы басталған. Соңғы екеуі қазір тіршілігін тоқтатқан.
Наталья Васильевна бізді қарсы алған соң сүт зауытының жұмысымен таныстырды. Мұндағы технология жаңартылып жатыр. Көбі Ресей мен шетелдің жабдықтары. Қазір жүзге тарта адам еңбек етеді, жалақылары да жақсы. Жазда пысық қыз егін егіп, пайда табатын көрінеді.
– Күніне 10 тонна сүтті бізге әкем мен ағамның қожалықтары жөнелтіп отырады. Сүттен 19 түрлі тағам әзір­лейміз. Ол қаладағы сауда дүкендеріне түсіп, сол күні сатылып кетеді. Себебі, гауда сыры, сары май, ірімшіктің дәмі бал татиды. Биыл жыл басынан бері 150 миллион теңгенің өнімін шығарып, бюджетке жүздеген мың теңге қаржы аудардық, – дейді сүт зауытының директоры Наталья Васильевна.
Пролетарка сүт зауытының өнімдері дәмділігімен, сапасымен аты шыққан. Мәселен, «Гауди», «Сулугуни», «Таврия» сыры республикалық, облыстық байқауда бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өскеменде өткізілген «Алтын сапа –2009» өңірлік байқауда «Нанолакт» екі өнімі ең үздік деп танылды. Ал Наталья Васильевна бірнеше рет «Ұлан ауданы­ның ең үздік кәсіпкері» атағына ие болды. Ұлан ауданының әкімі Серік Тө­лен­бергенов кезінде өзі де кәсіпкер­лік­пен шұғылданған, сүт зауытында жиі болып, оларға көмектесіп тұрады.
Өндіріс жағын басқаратын Валентина Васильевна Қасенова есеп-қисапты жатқа соғады. Жазда тәулігіне 30 тон­наға дейін сүт өнімдерін қабылдаймыз. Ауыл адамдары өткізген сүтке ақша­ла­рын қолма-қол алады. Бұл жерлестерге үлкен қолдау. Негізінен алғанда бізде еңбек ететіндердің барлығы осы ауылдың тұрғындары, дейді ол.
Әулеттің үлкені Василий Григорьевич Воропай Қазақстанның өзінің ата — мекені екенін, осында туып, өмір сүріп, ұлттар достығын паш етіп жатқан жер­лестеріне алдағы уақытта да адал еңбек ететінін толғана айтады. Ұзақ жылғы еңбегі үшін «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордені, тәуелсіз Қазақ­стан­ның «Құрмет» орденін омырауына таққан, «Ұлан ауданының құрметті азаматы», асыл азаматтың бергенінен берері көп. Әулеттің үлкені В.Воропайдың үш не­мересі де ата жолын қуып, жер мен елдің болашағы үшін тер төгетіні сөзсіз.
Өз тағдырына разы, адал еңбегімен бала-шағасын ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығын азық-түлікпен қамтама­сыз етіп отырған, қасиетті қазақ топы­ра­ғының жылуын жан-дүниесімен се­зін­ген Воропайлар әулеті бар бақытын бейбіт­шілік пен татулықты ту етіп ұстаған қазақ елінен тауып отырғанын ауыздарынан тастамайтынына жер­лес­тері куә.

ШАРУАШЫЛЫҚ
(«Багратион» шипажайы,     биогем, панты дәрісі)
Бір өзі бір комбинат! Шынында да, Воропайлар әулеті ауылда тұрып, ауылда еңбек етіп, маңдай тердің жемісін теруде. Ауданның аузы дуалы ақсақал­дары­мен әңгімелесе қалсаңыз, осынау шуағы шалқыған, мейірім шашып тұра­тын шаңырақ иелері жайлы жылы лебіз білдіре келіп, бүкіл ауданды, қала берді облыс жұртшылығын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған әулетті басқа­ларға үлгі-өнеге етеді. Бұл рас. Өткен жылы Воропайлар әулеті ғана 600 миллион теңгенің өнімдерін шығарыпты. 800 адам жұмыспен қамтамасыз етіл­ген. Оның сыртында әулет қайырым­ды­лық шараларына да белсене араласады. Ауылдағы тұрғындарға жем-шөппен, отынмен де көмектесіп тұрады.
– Мұнда еңбек ететіндер ет, сүт, май сатып аламыз деп бастарын ауыртып жатпайды, алаңсыз жұмыстарын істей береді. Ай сайын әкімшілік мекемеде және түрлі салаларда жұмыс істей­тін­дерге 15 келі ет, үш-төрт келі май, ұнды тегін береді. Ал көбірек алғысы келгендерге жеңілдікпен босатады. Балалары сырқаттанып, немесе басқа себептермен жұмысқа шыға алмағандар жанұя­ла­ры да көмекке мұқтаж емес, – дейді Иван есімді Воропайдың көмекшісі. –Ал жаз шыға жұмысшылар мен қала тұрғындары «Багратион» шипажайында емделіп, денсаулықтарын түзеп қай­тады.
Бұл жаңалыққа елең ете қалдық. Өңірде марал шаруашылығымен, түйе­құс өсіріп, ауыл шаруашылығының өң­деуші кәсіпорындары шаруасын шал­қытып отырған қожалық жоқ шығар. Бір өзі бір комбинат деген осы шығар.
Ауылдан 17 шақырым жердегі ши­па­жайға келдік. Бізді бригадир Тұрсын Ташкенов қарсы алды. Ол қысқы мау­сымға әзірліктің тиянақты екенін айта келіп, қазір шаруашылықта 620 марал, 250 қозықаның бар екенін тілге тиек етті. Мүйіз кесу аяқталған, соңғы бірне­ше жылдан бері мұнда кептірілген марал мүйізінің қанынан Биогем, ал панты мен бал қосындысынан шипалы емдік қасиеті бар дәрі жасалатынын айтты.
«Багратион» шипажайында маусым кезінде бір кезекте 46 адам ем қабыл­дайды екен. Қан айналымы, жүрек-қан тамырлары сырқаты, аллергия, жүкті­лік, басқа да ауруларға бірден-бір шипалы пантымен емдейтін шипажайға келетіндер кезекке тұрады. Фитобөшке, панты ваннасы, панты қосылған дәрі­мен емдеу жанға шипа. Демалу­шы­лар­ға төрт мезгіл тағам беріледі, қымыз, шұ­бат та дастарқан мәзірінен түскен емес.
– Біздің шипажайда негізінен ал­ған­да жұмысшылар бірінші кезекте қа­был­да­нады. Нарық заманында пайда табуды да ойлаған жөн шығар. Биыл Өс­кеменді, Семейді былай қойып, Ресей­дің бірнеше қалаларынан шипажайымызды естіп келгендердің мәселесін қай­тара алмадық. Олар шипажайдың болашағы әлі алда дегенді айтып кетті, – дейді Александр Воропай.
Бесінші түлік – маралды өсіру оңай шаруа емес. Біріншіден марал биік шыңдар мен тауларда жайылады, ыс­тық­ты ұната қоймайтын жануарды асырау үшін ең алдымен ондаған шақы­рым­­ды қоршау керек. Екі, төрт аяқты жау­лары да аз емес. Қожалық иесі В.Во­ропай маралды сатып алуға, саты мен құрылыс жұмыстарына мил­лион­да­ған теңге қаржы жұмсады. Панты кесудің қыр-сырын меңгерген Жұ­ма­бек Сәдуа­қасов, Бауыржан Жұма­баев, тағы бас­қалар тыңғылықты жұ­мыстарымен көпшілік алғысына бөленген жандар.

 

Воропайлар әулеті халыққа не берді?
* Воропайлар әулеті басқаратын қожалықтарда 800 адам еңбек етеді. Олар үш – Привольное, Митрофановка және Пролетарка ауылдарында тұрады.
* Өткен жылы олар 650 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарды.
*Шаруашылықта өсімдік майы, тағам цехтары, наубайхана, тәулігіне 48 тонна ұн тартатын диірмен бар.
* «Багратион» шипажайында адамдар емделеді. Мұнда Биогем құрғақ панты дәрісі, бал қосылған дәрі-дәрмек жасалады. Шаруа­шы­лықта 900-ге тарта марал бар.
* Сүттің 19 түрлі тағамдары 18 сауда дүкендерінде саудаға түседі.
* Түйе, түйеқұс, жылқы өсіруге де бейімделген шаруашылық шұбат, қымызбен жұмысшыларды қамтамасыз етіп отыр.
* Воропайлар әулеті ауылдастарына 86 миллион теңгеге спорт сарайын, 48 миллион теңгеге Митрофановка ауылында шіркеу салып берді.
* Мұндағы жылқы, сиыр асыл  тұқымды. Тек сүттен шаруашылық күніне миллион теңге пайда табады.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген автор. Кейбір суреттер әулеттің мұрағатынан алынған.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті