Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жиын-терінге тиянақты дайындық қажет

Дата: 23 августа 2011 в 08:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сейсенбі, 23 Тамыз, 2011

Жиын-терінге тиянақты дайындық қажет

Парламент Мәжілісінің Төр­ағасы Орал Мұхамеджанов екі күндік жұмыс сапарымен кеше Ақ­мола облысына келген бола­тын. Сапар мақсаты, жергілікті жер­лерде заңдардың қалай жұ­мыс істеп жатқанын, осыған орай адамдардың пікірлерін білу, со­ны­мен қатар өңір халқы ел Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдығын қандай көңіл-күйде қарсы алатынын бағамдау болып табылады. Бұған қоса, халықтың Парламентпен кері байланысын жандандырып, оған нақты іс-қимыл беруге де баса назар аударылмақ.

О.Мұхамеджанов өзінің жұ­мыс сапарын облыстың Шор­тан­ды ауданынан бастады. Онда ол Бараев атындағы астық шаруа­шы­лығы институтында болды. Астаналық облыс Қазақстанның аса астықты өңірлерінің бірі бо­лып табылады. Көптеген жетекші технологиялар, дақылдардың жа­ңа түрлері осында жасалады. Би­ылғы жыл Қазақстан үшін дәнді дақылдар тұрғысынан алғанда молшылық жылы болғалы тұр. Сондықтан Мәжіліс Төрағасы алдағы егін орағының страте­гия­сы мен тактикасына байланысты ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін білгісі келгені де анық.

«Новокубанск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Орал Байғонысұлы күзгі жиын-терін жұмысына дайындық барысымен танысып, «Бай Азат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ет өңдеу бағытындағы іс-қимыл­дар­ға қызығушылық танытты және Шортанды кентіндегі №3 орта мектептің педагогикалық ұжы­мы­мен жүздесті. Сондай-ақ, аудан активінің жұмысына қатысты.

Парламент Мәжілісі Төраға­сы­ның Бұланды ауданында болу бағдарламасы да тығыздығымен ерекшеленді. Спикер «Нанар» мал шаруашылығы кешенін аралап, «Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа эле­ва­торын көрді. Сонымен қатар, «Балдәурен» балалар бақша­сы­н­да, аудандық ауруханада болды.

О.Мұхамеджанов кеше кешкісін Зеренді ауданына келіп, онда дене шынықтыру-сауықтыру кешені құ­ры­лысының барысымен танысты.

Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті