Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Новости ленты Baq.kz

Жастар саясатының тиімділігін бағалауға қатысты семинар өтті

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 18:32

Жастар саясатының тиімділігін бағалауға қатысты семинар өттіАстана. 28 қараша. Baq.kz – Астанада мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар өкілдеріне арналған «Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау» атты оқыту семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингті «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің тапсырысы бойынша «Ұлағат» мәдениет және даму қоры ұйымдастырды.

Астанада «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильм күндері өтеді

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 18:02

Астанада «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильм күндері өтедіАстана. 28 қараша. Baq.kz – Желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күніне орай, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Н. Гумилёв атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер күндері өтеді. «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер апталығы 1 желтоқсанда Шәкен Айцманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Қазақстан жолы: Тәуелсіздік Хроникасы» циклінің екі бөлімі – «Мемлекет басшысы» және «Елбасы» фильмдерімен ашылады.

М.Садық: Тәуелсіздік Тұңғыш Президент күнінен басталады

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 17:52

М.Садық: Тәуелсіздік Тұңғыш Президент күнінен басталадыАстана. 28 қараша. Baq.kz – «Қазақ» радиосының директоры Махат Садық тәуелсіздік Тұңғыш Президент күнінен басталатындығын айтады. — Тұңғыш Президент күні ел үшін ерекше күн. Өйткені тәуелсіздік осы Тұңғыш Президент күнінен басталады. Бұл қазақстандықтардың өздеріне тиесілі үлкен мерекесі. Тұңғыш Президент күні бұл алғаш рет сайлау болған күн.

Астанада халықаралық шай фестивалі өтті (ФОТО)

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 17:32

Астанада халықаралық шай фестивалі өтті (ФОТО)Астана. 28 қараша. Baq.kz – Бүгін Астана қаласында өткен Индия, Корея, Түркия және Конфуций институтының ұйымдастыруымен халықаралық шай фестивалі өтті. Аталған шараның мақсаты шайдың пайдалы сергітер сусыны ғана емес, ұлттар достығы мен адамдарды жақындастыратын символ екендігін көрсету дейді ұйымдастырушылар.Сондай-ақ фестиваль барысында шет ел өкілдері ұлттық шай сусындарын келген қонқтарға демдеп, құйып берді. Әрі сусындардың өзіне тән пайдасымен тарихы жөнінде әңгімелеп берді.Корей мәдени орталығының менеджері Ғазиза Тұрсынбаеваның айтуынша корей халқында шайдың 100-ден астам түрі бар.

ҚХА интернет-сайтының жаңа дизайны таныстырылды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 17:22

ҚХА интернет-сайтының жаңа дизайны таныстырылдыАстана. 28 қараша. Baq.kz — Қазақстан халқы Ассамблеясының интернет-сайтының жаңа дизайны таныстырылды. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Қазконтент» АҚ Қазақстан халқы Ассамблеясының интернет-сайтының жаңа дизайны таныстырылды. «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім: — Бүгінгі алқалы жиын Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтіп жатыр.

Қазақ тілінің теориясына арналған конфереция өтті

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 17:22

Қазақ тілінің теориясына арналған конфереция өттіАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – «Білім беру мен оқытуды жаңаша үйлестіру: бүгіні мен болашағы». Осындай атаумен Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңына орайластары ұйымдастырылып отырған жиынның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мен ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын оқыту әдістемелерін жаңғырту және 12 жылдық білім беру мәселесін білім беру мекемелері мамандары арасында ой бөлісу.

Елбасының белгісіз қырлары халыққа мәлім болды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 17:12

Елбасының белгісіз қырлары халыққа мәлім болдыАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сурет салғанды ұнатады. Оның салған суреттері небір танымал суретшілердің еңбегінен кем емес. Бұл туралы «Назарбаев орталығы» ғимаратында өткен «Ел қолдаған Елбасы» атты көрменің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Менің бақытыма орай өмір жолымда Елбасымен жиі кездесіп тұрамын.

2014 жылы Астанада 2100 адамға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:52

2014 жылы Астанада 2100 адамға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілдіАстана. 28 қараша. Baq.kz – Астанада жыл басынан бері 83 мыңнан астам адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді, соның ішінде 62,6 зейнеткер, 235 ардагер және Ұлы Отан соғысына қатысқандар, 19,4 мың мүгедек, 5,5 мыңға жуық көп балалы отбасы, 8 мыңнан астам көп балалы ана мен тұрмысы төмен азаматтар. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауын халыққа түсіндіру жөніндегі кездесуде Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді.

Мәдениет министрі толқыған кезінде не істейтінін айтты

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:52

Мәдениет министрі толқыған кезінде не істейтінін айттыАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – ҚР Мәдениет және спорт министрі толқыған сәттерінде сурет салғанды жақсы көреді. Бұл туралы «Назарбаев орталығы» ғимаратында өткен «Ел қолдаған Елбасы» атты көрменің ашылуына келген министр Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі журналистерге айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Егер бір суретшілерге киноны немесе суретті көрсетіп «осыны салып бер» десеңіз салып береді.

«Болашақ ғаламшары» атты жаңа интерактивті модуль қосылмақ

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:42

«Болашақ ғаламшары» атты жаңа интерактивті модуль қосылмақАстана. 28 қараша. Baq.kz — Үстіміздегі жылдың 28 қарашасында «Болашақ» қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «БОЛАШАҚ ҒАЛАМШАРЫ» жобасын ұсынады. «БОЛАШАҚ ҒАЛАМШАРЫ» — бұл www.bolashak.kz сайтында орналасқан бірегей интерактивті модуль. Ол курстас-болашақшыларды табуға, бағдарлама стипендианттары арасында қарым-қатынасты ретке келтіруге, жаңа танысулар орнатуға, тәжірибе мен білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді.Аталмыш модульде әлем картасы орналастырылған және мұнда ел/қала/ЖОО бөлінісінде бағдарлама стипендианттарының жалпы саны белгіленген.

Сарыағаш ауданында бір жылда 10 мектеп ашылды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:32

Сарыағаш ауданында бір жылда 10 мектеп ашылдыАстана. 28 қараша. Baq.kz – Тұңғыш Президент күніне орай Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында жаңа 600 орындық №139 мектептің құрылысы бітіп, ауыл тұрғындарына мерекелік тарту ретінде тапсырылды. Оқу орнының жаңа ғимараты айрықша сәулетімен ерекшеленеді. Сынып бөлмелері заманауи оқу құралдарымен қамтылып, оқушының сапалы білім алуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Алматыдағы жарылыстан зардап шеккен 11 студент шипажайға жіберілді

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:22

Алматыдағы жарылыстан зардап шеккен 11 студент шипажайға жіберілдіАстана. 28 қараша. Baq.kz — Бүгін Алматыдағы жедел медициналық жәрдем ауруханасында 17 қараша күні сән және дизайн колледжіндегі жарылыстың нәтижесінде зардап шеккен студенттердің жағдайы хабарланды. Бүгінгі таңда 11 бала «Алматы» шипажайына ем қабылдау үшін жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. «17-ші қараша күні жедел медициналық жәрдем ауруханасына 12 бала және №5 қалалық емханаға 2 бала түсті.

Бокс: Қазақстан чемпионатының алғашқы күннің нәтижелері белгілі

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:12

Бокс: Қазақстан чемпионатының алғашқы күннің нәтижелері белгіліАстана. 28 қараша. Baq.kz – Бокстан Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты кеше басталған болатын. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 198 спортшы қатысып жатқанын мәлім етті. Жарыстың алғашқы күні үш салмақтың жекпе-жектері өтті.

А.Бейсенбаев Египеттің Вакуфтар министрі М. Жұмамен кездесті

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 16:12

А.Бейсенбаев Египеттің Вакуфтар министрі М. Жұмамен кездестіАстана. 28 қараша. Baq.kz – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Египеттің уакуфтар министрі Мұхаммад Мұхтар Жұмамен кездесті, — деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастығы, Қазақстан мен Египеттің бірлескен жобасы – «Нұр-Мүбәрәк» университеті қызметін одан әрі дамыту, сондай-ақ 2015 жылғы 10-11 маусымда болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне әзірлік мәселелерін талқылады.

Алдағы үш жылда Қазақстанда 36 балабақша салынады

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 15:52

Алдағы үш жылда Қазақстанда 36 балабақша салынадыАСТАНА. 28 қараша. Baq.kz — «Нұрлы жол» бағдарламалық құжатында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында 2015-2017 жылдар аралығында елімізде 36 балабақша салыну жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауына арналған алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. «Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде балалар бақшасына деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр.

Алматыда 408 жанұя баспаналы болды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 15:12

Алматыда 408 жанұя баспаналы болдыАлматы. 28 қараша. Baq.kz — Алматылық тұрғындар жаңа жылды жаңа үйде қарсы алмақ. Тұңғыш президент күніне орай бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов 408 отбасыға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. «Биыл Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 1600 отбасы үйлі болды.

Демалыс күндері температура 28 градусқа дейін төмендейді

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 15:02

Демалыс күндері температура 28 градусқа дейін төмендейдіАстана. 28 қараша. Baq.kz — Демалыс күндері солтүстікте температура 28 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды 24 kz. Алдағы күндері күн райы құбылмалы болады. Солтүстік аймақтарда желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, арты боранға ұласады. Ал термометр деңгейі 28 градусқа дейін төмендейді.

Елімізде 2020 жылға дейін 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 15:02

Елімізде 2020 жылға дейін 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынадыАстана. 28 қараша. Baq.kz – Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ел Үкіметіне «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасын әзірлеуді ұсынған болатын. Кейіннен Үкіметтің арнайы Қаулысымен аталған бағдарлама бекітіліп, сол жылдың 1-шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.

2-3 жылда Шымкент тұрғындарының саны 1 миллионға жетеді

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 14:52

2-3 жылда Шымкент тұрғындарының саны 1 миллионға жетедіАСТАНА. 28 қараша. Baq.kz — Алдағы 2-3 жылда Шымкент қаласының тұрғындары 1 миллионға жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты. «Бүгінде Шымкенттің бас жоспары бекітіліп, оның аумағы кеңейтілгендігі белгілі.

Н.Назарбаев ҚР ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаевты қабылдады

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 14:32

Н.Назарбаев ҚР ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаевты қабылдадыАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Н.Әбіқаев Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады.Кездесу барысында Қазақстан Президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аудара отырып, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ассамблея жылы – этносаясатты нығайтуға бағытталған – Г. Әбдіхалықова

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 13:32

Ассамблея жылы – этносаясатты нығайтуға бағытталған – Г. ӘбдіхалықоваАстана. 28 қараша. Baq.kz – Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында сөз алған Гүлшара Наушақызы Ассамблея турасында осылай мәлімдеді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.

ОҚО әкімі облыстың қай сала бойынша алда екенін айтты

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 13:12

ОҚО әкімі облыстың қай сала бойынша алда екенін айттыАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – Оңтүстік Қазақстан облысында туризм кластерін дамыту жұмыстары қарқынды жүруде Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. «Білім саласында 115 нысанның құрылысы жүргізілуде. 29 нысан іске қосылды. Жылдың соңына дейін 11 нысан пайдалануға беріледі.

ОҚО туралы фильмдер шетелдік телеарналардан көрсетілетін болады

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 13:02

ОҚО туралы фильмдер шетелдік телеарналардан көрсетілетін боладыАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – Оңтүстік Қазақстан облысында туризм кластерін дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. «Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер, туристік карта, туристік жол сілтегіштер – Ред.) әзірленіп шығарылды.

А.Мырзахметов: ОҚО шаруаларына барлық мүмкіндіктер жасалған

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:52

А.Мырзахметов: ОҚО шаруаларына барлық мүмкіндіктер жасалғанАСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – Оңтүстік өңірдің шаруа қожалықтары өз өнімдерін өткізуде қиындық көрмейтін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. «Сыбаға» бағдарламасымен 7865 бас аналық ірі қара мал сатып алынып, тапсырма 2 есеге артық орындалды. «Агробизнес-2020» бағдарламасы – ірі тауарлық өндірісті дамытуға бағытталған.

Қазақ Хандығы туралы сериалдың сценариi дайын

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:42

Қазақ Хандығы туралы сериалдың сценариi дайынАстана. 28 қараша. Baq.kz – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсiрiлгелi жатқан Қазақстандағы алғашқы тарихи сериалдың сценарийi дайын болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тiлшiсiне берген сұхбатында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлiм еттi. «Өздерiңiз бiлесiздер, Елбасымыз осы шараға байланысты Қазақ хандығы туралы сериал түсiру керек деп айтты.

Павлодар облысы тұрғыны әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:42

Павлодар облысы тұрғыны әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталдыАстана. 28 қараша. Baq.kz – Павлодар облысының Май ауданы тұрғыны әкесін өлтірді деген күдікпен тұтқынға алынды. Сот қаулысымен айыпталушыға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу шарасы тағайындалды, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі. Тәртіп қызметкерлерінің болжауынша, мас күйінде әкесімен сөзге келіп қалған әйел оның кеудесіне пышақ сұғып алған.

Адамгершілік

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:42

АдамгершілікАстана. 28 қараша. Baq.kz — Қарызсыз парыз жолында. Анджей Млынарек поляк азаматы, 1938 жылы Пинск қаласында туған. Ол кезде Пинск қаласы Польша мемлекетіне қарайтын, ІІ дүниежүзілік со­ғыстың алдындағы КСРО мен Германияның поляк жерін қайта бөлісу жөніндегі астыртын келісімі бойынша Қызыл ар­мияның басып кіруімен бұл қала Кеңес Одағына бағындырылды.

Қытайда қамауға алынған қазақ қызына қатысты тергеу аяқталды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:32

Қытайда қамауға алынған қазақ қызына қатысты тергеу аяқталдыАстана. 28 қараша. Baq.kz – Қытайда есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары соңына жетті деп хабарлайды Zakon.kz отандасымыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағанбетовке сілтеме жасап. Бұл ақпарат бүгін таңертең келіп жетті. Нұрмағанбетовтың айтуынша, тергеу жұмыстары өте ауыр және қиын жүрген. Істі сотқа өткізу процесі кезінде прокурорлар оны қосымша тексеру үшін екі рет кері қайтарыпты.«Менің ойымша істің созылуы оның халықаралық деңгейге дейін көтеріліп кетуінен. Өйткені, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас өте жақсы қалыптасқан.

Колледждердің оқу бағдарламасынан қажетсіз пәндерді алып тастау қажет — вице-премьер

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:32

Колледждердің оқу бағдарламасынан қажетсіз пәндерді алып тастау қажет - вице-премьерАСТАНА. 28 қараша. Baq.kz — Колледждердің оқу бағдарламасынан қажетсіз пәндерді алып тастау қажет. Бұл туралы бүгін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаттастығы» атты 6-шы халықаралық форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты. Вице-премьер өз сөзінде дуальды білім беру жүйесін жаңғырту және жетілдіру мақсатында Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарын өзгертуі керектігін баса айтты. Өйткені, аталған стандарттарда өндірістік қауіпсіздік мәселелерін оқыту және одан сынақ тапсыру қарастырылмаған.

Алматыда 800 мың теңгенің жері 55 миллионға сатылды

Источник: Baq.kz Дата: 28 ноября 2014 в 12:22

Алматыда 800 мың теңгенің жері 55 миллионға сатылдыАлматы. 28 қараша. Baq.kz — Алматылық кәсіпкерлер алты қадам жерге иелік ету үшін қалтасын ақтаруға даяр. Қаламызда осымен 21-ші рет өткізілген аукционда 10 жер телімі коммерциялық мақсатта сатылымға түсті. Алатау ауданы мен Әуезов ауданындағы небәрі 3 сотық телімге толмайтын аумақ, алғашқы бағасынан мың есеге дейін көтеріліп, миллиард теңгеден асып түсті.
Показано 30 новостей из 17 230