Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 9

Семейдегі шағын ауданда бір күнде екі бала терезеден құлады

Arna Press, 24 июля 2026 в 12:48

Семейдегі шағын ауданда бір күнде екі бала терезеден құлады
Семейде Қарағайлы ықшам ауданында екі баланың терезеден құлау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kzОсы оқиғаға байланысты мән-жайды білу үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық.Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, 23 шілде күні Семей қаласында балалардың терезеден құлауына қатысты екі қайғылы оқиға тіркелгенін растады.Бірінші жағдайда, Қарағайлы шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатындағы пәтер терезесінен 2024 жылы туған сәби ересектердің қарауынсыз қалып, құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.Оқиға орнына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.Сол күні Қарағайлы шағын ауданында тағы бір осындай оқиға болды. Үш жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, 9 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтердің терезесінен құлаған.Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған бала аурухананың травматология бөліміне жеткізілді.

Семейден жаңа әуе бағыттары ашылады

Arna Press, 23 июля 2026 в 18:28

Семейден жаңа әуе бағыттары ашылады
Биылғы жылдан бастап Семей қаласынан бірнеше жаңа әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясына сілтеме жасап. 2026 жылғы 3 тамыздан бастап VIETJET QAZAQSTAN Астана–Семей–Астана жаңа бағытын ашады. Коммерциялық рейстер аптасына төрт рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Абай облысында бейнебақылау камералары құқық бұзушылық анықталуда

Arna Press, 23 июля 2026 в 18:28

Абай облысында бейнебақылау камералары құқық бұзушылық анықталуда
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты бақылау жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, акция басталғалы бері бейнебақылау камералары мен зияткерлік мониторинг жүйелерінің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.Анықталған құқық бұзушылықтардың 6800-ден астамы – қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, ал 650-ден астамы — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері.Барлық құқық бұзушылар анықталып, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылған.Полиция департаментінің хабарлауынша, бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, өңірдегі тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Әлеуметтік желідегі жарияланым үшін әкімшілік хаттама толтырылды

Arna Press, 23 июля 2026 в 14:28

Әлеуметтік желідегі жарияланым үшін әкімшілік хаттама толтырылды
Қазақстандық Бауыржан Бақытжанұлы көп әйел алу жөнінде жазбалар жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz хабарлайды.Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қ азақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсырады

Arna Press, 22 июля 2026 в 20:08

Жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсырады
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз.

Таиландтан есірткі тасымалдамақ болған қазақстандық бойжеткен сотталды

Arna Press, 22 июля 2026 в 20:08

Таиландтан есірткі тасымалдамақ болған қазақстандық бойжеткен сотталды
Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. Сот оның жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жеткізуге келіскенін анықтады.

Семейде 6 жастағы баланың отпен ойнауы автокөліктің өртенуіне әкелді

Arna Press, 22 июля 2026 в 12:18

Семейде 6 жастағы баланың отпен ойнауы автокөліктің өртенуіне әкелді
Семей қаласында 15 шілде күні 352-кварталдағы тұрғын үй ауласында болған автокөлік өртінің себептері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Полицияның мәліметінше, бейнебақылау камераларын тексеру барысында өртке дейін көлік маңында үш кәмелетке толмаған баланың жүргені белгілі болған.

PUBG-дің әлемдік жұлдыздары алғаш рет Қазақстанға келеді

SportInfo, 22 июля 2026 в 10:56

PUBG-дің әлемдік жұлдыздары алғаш рет Қазақстанға келеді
29 шілдеден бастап Астана бірнеше күнге әлемдік киберспорттың басты орталықтарының біріне айналады. Елордаға өнерін миллиондаған жанкүйерлер осы уақытқа дейін тек ірі халықаралық турнирлердің тікелей эфирлері арқылы ғана тамашалап келген әлемнің үздік командалары келеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қазспортинвест» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды

Arna Press, 21 июля 2026 в 15:58

Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды
Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық заманауи BINOM мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, BI Group компаниясының өкілдері, BINOM мектептер желісінің басшылығы мен білім саласының ардагерлері қатысты.Жаңа білім ордасы – еліміздегі BINOM мектептер желісінің 10-мектебі және Астана мен Атыраудан кейінгі үшінші қаладағы жоба болмақ.

Абай облысында бір күнде 41 орман өрті шықты

Arna Press, 21 июля 2026 в 11:28

Абай облысында бір күнде 41 орман өрті шықты
2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында найзағайдың салдарынан 55 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары еліміздің бірнеше өңірінде бір мезгілде өткен найзағайлы фронттан кейін пайда болған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР экология және табиғи ресурстар министріне сілтеме жасап. Өрттердің басым бөлігі Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркелді – 41 өрт.

Абай облысында жыл басынан бері 428 мас жүргізуші ұсталды

Arna Press, 20 июля 2026 в 14:28

Абай облысында жыл басынан бері 428 мас жүргізуші ұсталды
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізушілерге қатысты бақылау күшейтілген. Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңірде алкогольдік масаң күйде көлік басқарудың 428 дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Соңғы бір аптаның өзінде 35 құқық бұзушылық тіркелді.

Назначен новый председатель правления «Қазақстан темір жолы»

Arna Press, 20 июля 2026 в 13:18

Назначен новый председатель правления
Решением правления АО «Самрук-Қазына» Елжас Муратович Отыншиев назначен на должность председателя правления АО «НК «Қазақстан темір жолы», передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу акционерного общества.Окончил бакалавриат и магистратуру Московского физико-технического института по специальности «Общая и прикладная физика».Трудовую деятельность начал в 2007 году консультантом департамента оценки бизнеса и сопровождения сделок в московском офисе Ernst & Young.С 2009 по 2019 годы работал в АО «Самрук-Қазына» и его дочерних компаниях.В 2021-2023 годах работал на руководящих позициях в KIDF, где курировал управление инвестиционным портфелем.С апреля 2023 года по настоящее время занимал должность управляющего директора по стратегии и управлению активами − члена Правления АО «Самрук-Қазына».

«Біз ойлағандай оңай емес» өрт сөндіруші әуедегі әсерімен бөлісті

Arna Press, 17 июля 2026 в 13:28

Абай облысы Бородулихадағы өртті сөндіруге қатысып жүрген өрт сөндіруші әрі блогер Елдос Нұртазаев тікұшақ экипажының жұмысы үлкен дәлдікті талап ететінін айтып, өз парақшасында әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Аман-есен өшіріп келдік. ГСМ бітті, енді жанармай құйып аламыз да, қайтадан ұшамыз.

Қазақстанда әуе жолаушылары үшін жаңа ережелер ұсынылды

Arna Press, 17 июля 2026 в 13:28

Қазақстанда әуе жолаушылары үшін жаңа ережелер ұсынылды
Қазақстанда әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Жобаға сәйкес, музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібі нақтыланады. Атап айтқанда, қорғаныш қаптамасына салынған домбыра, қобыз және өзге де музыкалық аспаптарды белгіленген өлшемі (110×35×30 см-ден аспайтын) мен салмағы (10 келіге дейін) сақталған жағдайда ұшақ салонында алып жүруге рұқсат беру ұсынылған.Сондай-ақ, әуе компанияларының талаптарына сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік қарастырылған.

Орман өрті орнынан: Бородулихада қызыл жалынмен күрес жалғасуда

Arna Press, 16 июля 2026 в 21:58

Орман өрті орнынан: Бородулихада қызыл жалынмен күрес жалғасуда
Arnapress.kz тілшісі Бородулиха ауданындағы орман өрті болған аумаққа барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Өрт сөндірушілер мен арнайы қызмет мамандары қызыл жалынмен арпалысып, тілсіз жауды ауыздықтауға бар күшін салуда.

Абай облысындағы орман өрті: полиция 190 баланы лагерьден эвакуациялады

Arna Press, 16 июля 2026 в 15:38

Абай облысындағы орман өрті: полиция 190 баланы лагерьден эвакуациялады
Абай облысында болған табиғи өрт кезінде полиция қызметкерлері өрт ошағына жақын орналасқан DosbolLike балалар лагерінен 190 бала мен 20 қызметкерді қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, өрт туралы хабар түскен алғашқы минуттардан-ақ полиция қызметкерлері лагерьге жетіп, эвакуация жұмыстарын бірден бастаған.

Бородулиха ауданында орман өрті сөндірілуде

Arna Press, 16 июля 2026 в 14:38

Бородулиха ауданында орман өрті сөндірілуде
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы аумағында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz Бородулиха ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 16 шілде күні таңғы сағат 09:45-те Қамышенка орманшылығының 57-орамында шыққан.Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, арнайы техника мен су төгетін құрылғымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылды.

Алматыда дипломын жыртқандай көрінген түлек әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 16 июля 2026 в 13:28

Алматыда дипломын жыртқандай көрінген түлек әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда TikTok әлеуметтік желісіне дипломын жыртып жатқандай бейнеролик жариялаған колледж түлегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Алматы қаласының ПД сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, тексеру барысында бейнежазбада пайдаланылған заттың диплом мұқабасының көшірмесі екені анықталды.

Астанада базар аумағында газ-ауа қоспасы жарылды

Arna Press, 16 июля 2026 в 13:28

Астанада базар аумағында газ-ауа қоспасы жарылды
Астанада базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, соның салдарынан жарылыс орын алған.

3 және 7-сынып оқушылары жаңа оқулықтармен қамтылады

Arna Press, 16 июля 2026 в 13:28

3 және 7-сынып оқушылары жаңа оқулықтармен қамтылады
Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бекіту және білім беру ұйымдарын қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес барлық оқулықтарға қосымша сараптама жүргізілді.

Суға шомылу маусымы: елімізде 69 баланың өмірі қиылды

Arna Press, 16 июля 2026 в 12:08

Суға шомылу маусымы: елімізде 69 баланың өмірі қиылды
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде өзен, көл және бассейндерде 69 бала суға батып қаза болған. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған су айдындарында тіркелген.Министрлік азаматтарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.
Показано 30 новостей из 3 361