Arna Press,
25 мая 2023
в 21:08
Абай облысының аумағында орман өрті 18:32-де оқшауланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алайда қауіп әлі де бар. Өрт оқшауланғанымен, сөндірілген жоқ. «Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі.Өрттің таралуын тежеу жұмыстары жалғасуда.
Akorda.kz (KZ),
25 мая 2023
в 21:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
25 мая 2023
в 19:38
Абай облысындағы орман өртіне 10 тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен-5, Қорғаныс министрлігінен-3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен-2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды.
Arna Press,
25 мая 2023
в 18:28
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.Отандық спортшы 8-турда Грузия өкілі Белла Хотенашвилимен ойнады. Тартысты ойында Бибісара Асаубаева қарсыласынан басым түсті.
Akorda.kz (KZ),
25 мая 2023
в 17:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
25 мая 2023
в 17:18
2023 жылғы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс минимумы 40 567 теңгені құрайды.
Arna Press,
25 мая 2023
в 16:28
Алматыда такси жүргізушісі 21 мамырда үндістандық туристерді 355 мың теңгеге әуежайдан қонақүйге жеткізген. Осындай алаяқтық жолмен ол мамырдың басында Германиядан келген туристен 200 мың теңге иемденген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.«21 мамырда жеке тасымалдау ісімен айналысатын ер адам Алматы халықаралық әуежайында Үндістаннан келген туристерді көлігіне отырғызып, қонақүйге мың теңгеге жеткізетінін айтқан.
Arna Press,
25 мая 2023
в 14:48
Үкімет отырысында министр оқу жылын ұзарту және соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыру туралы шешімнің қаншалықты орынды екеніне жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір біз стандарттар мен бағдарламаларды сәйкестендіру, оқытудың сапасы мен әдістерін жақсарту шараларын қолға алып жатырмыз.
Arna Press,
25 мая 2023
в 14:48
Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша 11 сыныпты 1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны — 60, үздік аттестатқа — 155, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы «Алтын белгі» белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1417 (73,1%) оқушы қатысты.Орташа балл — 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады», − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.
Arna Press,
25 мая 2023
в 13:58
24 мамыр күні Семейде көпқабатты үйдің 4-ші қабатының терезесінен ер адам секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына Әуезов полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Мырзаханов Медет, полиция лейтенанты Рамазан Темірлан және полиция капитаны Сәрсебаев Ержан келіп, дереу құтқару операциясына кірісті, делінген ресми хабарламада.ТЖ қызметкерлерінің қолдауымен дереу қажетті шаралар қабылданып, суицид әрекетінің алды алынды.Белгілі болғандай, облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны масаң күйде өз-өзіне қол жұмсамақ болған.Сурет: видеодан скриншот
Arna Press,
25 мая 2023
в 12:58
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі таңда жағдай ерекше бақылауға алынып, өртті сөндіру үшін жедел штаб жұмылдырылғанын хабарлады.
Tengrinews,
25 мая 2023
в 11:53
Бүгінде бүтін бір облысты басқарып отырған әкімдер жастық шақтарында еңбек жолын қарапайым маман болып бастаған. Бірі бокстан жаттықтырушы болса, енді бірі прораб болған. Massaget.kz тілшісі 17 облыс әкімдерінің ең алғашқы мамандықтары қандай болғанына шолу жасады. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 2022 жылдың маусымынан облыс әкімі.
Akorda.kz (KZ),
24 мая 2023
в 18:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
24 мая 2023
в 12:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Қазақстандық және шетелдік жүргізушілердің ұзын-сонар кезекте тәуліктеп тұрғанына бірнеше ай болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Аlmaty.tv ақпараты бойынша Түркістан облысы «Қазығұрт» кеден бекетінде шақырымдап созылған кезекте Өзбекстанға бет алған жүк көлігінің жүргізушілері тұр.
Arna Press,
24 мая 2023
в 10:48
Қазіргі уақытта өрттің жалпы аумағы 1500 Га құрады. Орман алқабында құрғақ шөптің жануы болуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.
Arna Press,
23 мая 2023
в 17:58
Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» начал свою работу в ВКО и области Абай, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу АО «НК «Қазақстан темір жолы».С 23 мая по 12 июня 2023 года медпоезд проедет по 11 отдаленным станциям ВКО и области Абай.Врачи оказывают первичную медико-санитарную помощь, проводят консультации и обследования.
EKaraganda.kz,
23 мая 2023
в 12:35
Телефоны для справок: 41-13-14, 41-22-30.
Arna Press,
23 мая 2023
в 11:38
Семей қаласының тұрғыны әйелінің ақшасын ставқаға тігіп, 30 мың тенгеден айрылып қалғаннан кейін, өз-өзін пышақпен ұрып, қылмыскерлерден жапа шектім, деп полицияға арызданғанын хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол ҚР ҚК 419-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
Arna Press,
23 мая 2023
в 10:48
22 мамыр күні «Семей орманы» резерватында құрғақ шөптің өртенуі орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.22 мамыр сағат 23:07-де Семей қаласынан Ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және 10 адам келді.23 мамырдың таңғы сағат 05:50-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды.
Arna Press,
22 мая 2023
в 15:38
«Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген ер адам түрме қабырғасында некесін қиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.Polisia.kz сайтынан алынған ақпарат бойынша, ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген сотталған екінші жартысын тапқан. Олар бір-бірімен газеттегі хабарландыру арқылы танысып, хат жазыса бастаған.«Біз біраз уақыт сөйлестік.
Arna Press,
22 мая 2023
в 13:58
Дүкен сатушысын жалған чек көрсетіп алдаған азаматты Абай облысының полицейлері анықтады.Семейде сатушыны жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылғы сәуір айының ортасында Семей қ. Полиция басқармасының «102» жедел арнасына 50 жастағы әйел жүгініп, дүкенде белгісіз ер адам азық-түлікті мобильді қосымшада жасалған төлем чегін көрсеткенін, алайда қаражат әйелдің шотына сол күйі түспегенін хабарлаған.
Arna Press,
22 мая 2023
в 11:58
22 мамырда қазақстандық Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі бойынша ресми түрде планетаның төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазір Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 5090 ұпаймен 4-орында тұр. Үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі 115 ұпай аз болып тұр.
Arna Press,
22 мая 2023
в 11:58
Көліктің жол апатына түскен-түспегенін тексеретін сервис көлікті сатып алмастан бұрын жол-көлік апатына түскен-түспегенін қосымша тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Автокөлік тарихы» сервисін жетілдіруді жоспарлап отыр.
Arna Press,
22 мая 2023
в 11:58
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке мәліметіне сілтеме жасап.«Агенттік биыл 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунттар бұғатталды.
Arna Press,
22 мая 2023
в 11:08
Доссор — Құлсары — Бейнеу тасжолындағы апат төрт адамның өмірін қиды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.lada.kz сайтынын мәліметінше, 20 мамыр түнгі сағат 02:20 шамасында Атырау облысындағы Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 133-ші шақырымында Toyota Ipsum және КамАЗ көліктері соқтығысқан.Апат салдарынан Toyota Ipsum көлігі толықтай өртеніп кеткен.
Arna Press,
22 мая 2023
в 11:08
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей үйінің алдында қаланың барлық өнер ұжымдары мен мәдениет саласының ардагерлері және қызметкерлері жиналды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өнер саласында жүрген азматтарға құрмет көрсетіліп, марапат берілді. Жиында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов шығармашылық саланың қызметкерлерін құттықтап, марапаттады. «Семей қаласы — ғұлама-ғалымдарды, жазушы-ақындарды және өнер саласына айрықша үлес қосқан дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген киелі мекен. Қаламыздың мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамын», — деді қала басшысы.
Arna Press,
19 мая 2023
в 23:48
Семейде учаскелік полиция қызметкерін балағаттап, видеоға түсірген қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты 1994 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі және 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі қарады.Іс әлеуметтік желілердегі жала жабу туралы есеп негізінде қаралған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді.Сот қаулысымен азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 73-3 бабының 2 бөлігі және 434-баптарында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Arna Press,
19 мая 2023
в 23:48
Семей жағалауында жаңа ескерткіш орнатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дәл осы қалада 1923 жылы ел аумағындағы алғашқы мекеме ашылды, оның міндеттеріне аспаптардың қолдануға жарамдылығын анықтау кірді. Ол — Омбы тексеру Палатасының Семей бөлімшесі деп аталды.
Arna Press,
19 мая 2023
в 23:48
Алматыда дәрігерлер әйелден салмағы 10 келіден асатын алып ісікті алып тастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жатыр ісігі жүктіліктің 40-аптасына сәйкес келді. Ісіктің көлемі ұлғайғаны соншалықты, науқастың тыныс алуы қиындаған. Ісіктің салмағы 10 келіден жоғары.