
Шымкентте 20 шілде Халықаралық шахмат күні BI Chess қалалық алғашқы рейтингтік турнирі өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналған турнирдің басты демеушісі және ұйымдастырушысы BI Group инновациялық құрылыс холдингі болды. Компания өкілдері жарысты жыл сайын өткізу мәселесін қарастырып жатқанына тоқталып өтті.