Популярные темы

8 наурыз: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

8 наурызда кімдерге 1 миллион теңге көмек беріледі?

Arna Press, 06 марта 2024 в 16:08

8 наурызда кімдерге 1 миллион теңге көмек беріледі?
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.Бұл ретте, Астана әкімдігі мәліметінше, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астанадағы көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, оның ішінде аз қамтылған аналар кірген 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы:Бізге келіп түскен жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.Сурет: Tengrinews.kz

Семейлік полицейлер нәзік жанды жүргізушілерді құттықтады

Arna Press, 08 марта 2023 в 22:28

Семейлік полицейлер нәзік жанды жүргізушілерді құттықтады
Семей қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай темір тұлпар тізгіндеген азаматшаларды мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әдетте жүргізушілерге хаттама толтыратын полицейлер бұл жолы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол жүру ережесі жөнінде кеңес беріп, көлік тізгініндегі қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады. Әрбір әйел жүргізуші үшін бұл күтпеген тосын сый болды.

Абай облысында 8 наурызға орай 140-тан астам іс-шара жоспарланған

Arna Press, 06 марта 2023 в 11:28

Абай облысында 8 наурызға орай 140-тан астам іс-шара жоспарланған
Алдағы күндері Абай облысында 140-тан астам іс-шара өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шаралар барысында тек мерекелік бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар концерттер, челлендждер мен дөңгелек үстелдер де жоспарланған.Атап айтқанда, қалалық Мәдениет сарайында 7 наурыз күні сағат 10:00-де «Наурыз аруы» байқауы өтеді деп жоспарлануда.

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

Arna Press, 27 февраля 2023 в 16:48

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?
Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз — сәрсенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Наурызда қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбіде – 21, 22 және 23 наурыз күндерінде үш күн демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады.Осылайша наурызда төрт мереке болады.

8 наурызда мысықты босандыру оқиғасы

Vera.kz, 23 августа 2022 в 15:59

8 наурызда мысықты босандыру оқиғасы
Әдетте өмірде салмақты көрінетін адамның жаны нәзік, кез келгенге қол ұшын созғысы келіп тұратын болып шығатыны сирек емес. Дегенмен, барлығы бірдей жарияға жар сала бермейді. Депутат және іскер ханым Наргиза Керімбаева «Жануарларқа – қамқорлық» жобасының авторларына күтпеген жерден басқа қырынан танылды.

30 қыркүйек Қазақстан Республикасында ресми түрде Әділет органдары қызметкерлерінің күні

Магнолия, 12 августа 2022 в 13:48

30 қыркүйек Қазақстан Республикасында  ресми түрде Әділет органдары қызметкерлерінің күні
Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Сегизбаев Нурболат Ильясовичтің пікірі. Сегизбаев Нурболат Ильясович, 22.01.1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген, қазақ, арнайы-орта білімді, 1984 жылы Шымкент арнайы орта мектібін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 7 новостей из 7