Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "2050 стратегиясы"

Ерікті қан тапсырушылар саны артып келеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 13:02

Ерікті қан тапсырушылар саны артып келеді «Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы» облыстық қан орталығында «Өзгеге үміт сыйла» тақырыбында қан тапсырудан акция өткізді. Акцияға жас мемлекеттік қызметшілер, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері жастар ұйымдарының басшылары, студенттер қатысты. Қан өте қажет жандарға донор болу — қайырымдылық көрінісі әрі сауапты іс екендігі анық.

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2019 в 10:02

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары Оңдасын ОРАЗАЛИН,Ақтөбе облысының әкіміОблыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген талдау қорытындылары, тұрғындардың ұсыныстары мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысындағы негізгі басымдықтар анықталды.Тұтастай алғанда олар еліміздің негізгі стратегиялық құжаттары есебімен құрылымдалды («Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Тұңғыш Президент — Елбасының Жолдаулары, Аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ақтөбе агломерациясын дамытудың өңіраралық схемалары, т.б.).Елбасы атап көрсеткендей, негізгі міндеттердің бірі — тұрғындардың табысын одан әрі көтерумен және тіршілік сапасын жақсартумен еліміздің төртінші мегополисі ретінде Ақтөбе агломерациясының серпінді дамуын қамтамасыз ету. * * *2018 жылдың қорытындысы бойынша ақтөбеліктердің орташа еңбекақысы 137,5 мың теңгені құрады, бұл — орташа республикалық деңгейден елеулі түрде төмен (ҚР бойынша — 162,2 мың теңге).Біз тұрғындардың табысының құрылымын талдадық, олардың табыстарын көтеру тұрғысынан ерекше назар аударылатын мақсатты топтар анықталды.Мәселен, ақтөбеліктердің еңбекақысының ең жоғарғы деңгейі қаржы және сақтандыру қызметінде, көлікте, өнеркәсіпте, ал ең төменгі деңгей — ауыл шаруашылығында, тұру мен тамақтану қызметтерінде, қосалқы жұмыстарда көрініс береді.Бұл ретте өңір тұрғындарының 57%-ы орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады (137,5 мың теңгеге дейін).номиналды еңбекақысы, тг.барлығыконтингент, %орташа облыстық деңгейденжоғары еңбекақы алады(137,5 мың теңге)жинақтау орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады(137,5 мың теңге)операцияларжәне әлеуметтік қызметтерқосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметСондай-ақ, облыста 20 мыңнан астам жұмыссыз және не табысы жоқ, немесе еңбекақысының төменгі деңгейімен еңбек қатынастары жария етілмеген 60 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрады.Сонымен бірге, ақтөбеліктердің несиелік портфелі ұлғая түсуде.Мәселен, ипотекалық несиелер бойынша портфель 30%-ға (56,5 миллиард тг.-ге дейін), тұтынушылық несиелер бойынша 10%-ға (123,5 миллиард тг.-ге дейін) өсті.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Источник: Костанайские Новости Дата: 25 марта 2019 в 00:01

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ Акорда разместила выступление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева на совместном заседании палат Парламента РК, передает Zakon.kz. Аса қадірлі Елбасы! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері! Қымбатты отандастар! Кеше, 19 наурызда, бүкіл әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты.

Опубликован полный текст выступления Президента Токаева

Источник: TengriNews Дата: 20 марта 2019 в 13:33

Опубликован полный текст выступления Президента Токаева Опубликован полный текст выступления Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева на совместном заседании палат Парламента, передает Tengrinews.kz.Аса қадірлі Елбасы!Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері!Қымбатты отандастар!Кеше, 19 наурызда, бүкіл әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды.Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты.Елбасының бұл маңызды шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі ұлылығын көрсетті.Это решение продиктовано соображениями высшего порядка, истинной заботой о будущем нашего государства.Біз барлық жетістіктерімізге, ең алдымен, Қазақстан Республикасының қастерлі Тәуелсіздігіне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.Елбасы Кеңес Одағы күйреген тұстағы аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің негізін қалап, оның көшін бастады.Көптеген теріс болжамдарға қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді барша әлемге мойындата білді.Дүние жүзі картасында даму мен демократияның, бейбітшілік пен келісімнің шынайы символына айналған мемлекет пайда болды.Елбасымыз Қазақстан тарихында тұңғыш рет жаңа мемлекеттік институттарды қалыптастырды.Олардың қатарында Президенттік институт, қос палаталы Парламент, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер, дипломатиялық қызмет, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары бар.1995 жылы Ата заңымыз қабылданды.Конституцияға енгізілген мазмұнды өзгертулер бас құжатымызға, шын мәнінде, демократиялық сипат берді.Елбасының басшылығымен Қазақстанда экономиканы жаңғыртуға бағытталған реформалар жоспарлы түрде жүзеге асырылды.Сонымен қатар, мемлекеттің саяси жүйесінде елеулі өзгерістер болды.Құрылымдық реформалар мемлекет дамуының басты қозғаушы күшіне айналды.Елбасының жанында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен адам ретінде нық сеніммен айтарым: Президент өзінің еңбек жолын биік мақсатқа – халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арнаған бірден-бір тұлға болып саналады.Нурсултан Абишевич Назарбаев уже вошел в мировую историю как выдающийся реформатор.

Балабақша – тәрбие бесігі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 марта 2019 в 16:32

Балабақша – тәрбие бесігі Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту, баланың ақыл-ой мен шығармашылық қабілетіне жете мән беріп, жас кезінен бала бойына жаңа дағдыларды қалыптастыру қажеттігіне назар аударады. Қай кезеңде болмасын балабақша мәселесі, баланы балабақшаға орналастыру жайы өзектілігін жойған емес.

200 баланың қуанышы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 декабря 2018 в 15:42

200 баланың қуанышы Жуырда Шалқар қаласында заманауи талаптарға сай, 200 орындық «Нұр-Бота» балабақшасы ашылды.Екі қабатты еңселі ғимарат Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындаған «Балапан» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының қолдауымен тұрғызылған.Балабақшаның ашылу рәсімінде аудан әкімі Бауыржан Қаниев жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, балабақшаны салған жергілікті кәсіпкер Қанат Сыдыққа алғысын білдірсе, еңбек ардагері Мақсат Қосымов тұрғындар атынан тілегін айтып, батасын берді.Балабақша құрылтайшысы Қанат Сыдық игілікті нысанды салу барысында өзіне көмектескен азаматтарға алғысын жеткізіп, символикалық кілтті балабақша меңгерушісі Айгүл Керековаға салтанатты түрде тапсырды.Шарада бүлдіршіндер тәуелсіздікке арнап тақпақ айтып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Тәуелсіздік шежіресі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 декабря 2018 в 13:52

Тәуелсіздік шежіресі Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ елін төрткүл дүние танып, әлем мойындады. Сонау тәуелсіздік алған тұста еліміздің бірден «аяққа» тұрып кетпегені белгілі. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені де рас. Бірақ біздің халқымыз еш уақытта мойыған жоқ.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Источник: EKaraganda.kz Дата: 23 ноября 2018 в 10:45

Рухани жаңғырудың жарқын жолы Жалпы алғанда ақпараттық технология «адамның компьютер жүйесіне интеллектуалдық кірігуі кезіндегі ақпаратты өңдеудің модельдері, əдістері мен бағдарламалық құралдарының жиынтығы» деп қарастырылады. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп, 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек енеін атап айтты.Техникалық қажеттілік: жүздеген бағдарламалау тілдерін, деректер базасын басқару жүйесі, мәтін редакторлары, тоғыз төл әрпіміздің кодтау кестесінде жоқтығы компьютерде жұмыс істеуде қиындықтар туғызады.

Бақытқа жетелейтін бастама

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 сентября 2018 в 10:52

Бақытқа жетелейтін бастама Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Ақтөбе облысының орталығында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы бой көтеру еліміздегі әр азамат үшін қымбат, бүкіл адамзат бас иетін аналарға арналған республикада жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба екені мәлім.

«Шолпының» сыңғыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 июня 2018 в 12:02

«Шолпының» сыңғыры Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құрылған «Шолпы» қыздар клубы қыз балалардың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізге сай болып өсуіне үлес қосып келеді. «Шолпы» клубы 2012 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Сарыбайдың бастамасымен ашылды.

Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда

Источник: Zakon.kz Дата: 18 января 2018 в 18:29

Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда Осыдан 26 жыл бұрын Қазақ елі өзінің тұғырлы тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. Тәуелсіздікті ту еткен жылдар ішінде Қазақстан 50-дамыған елдер қатарына да кіріп, талап етілген мерзімнен бұрын «Қазақстан-2030». Стратегиясын іске асырды, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам».

Алғашқы слеттің қуанышы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2017 в 23:52

Алғашқы слеттің қуанышы Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет I облыстық ауыл әйелдері слеті өтті. Шараға Ақтөбе қаласынан және өңір аудандарынан келген 400-ге жуық қыз-келіншек жиналды.Басқосуда облыс әйелдерінің отбасы жағдайлары туралы өзекті мәселелер талқыланды.

АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ немесе сайлаушылар аманатына адалдық танытпаған депутат

Источник: Матрица.kz Дата: 06 октября 2017 в 13:43

АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ немесе сайлаушылар аманатына адалдық танытпаған депутат Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы мен оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жолын көрсеткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елдің әлеуметтік ахуалын айтарлықтай жақсартудың межелері көрсетілген болатын. Ұлт жоспарына жүгінсек, тұрмысқа қажетті таза ауыз су, көгілдір отын, тұрақты электр энергиясы халыққа қолжетімді болуы тиіс.

Дамуға жол ашады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 сентября 2017 в 05:02

Дамуға жол ашады Тарихтың қай кезеңіне үңілсек те, тұрақты байқалатын бірнеше заңдылық бар. Соның бірі — заман ағымына ілесу талабы. Жаңашылдыққа бет бұрған жерде ғана, дамуға бет бұра аласың. Ежелгі терімшілікпен айналысқан қоғамнан қазіргі дамыған қоғамға жетуімізге дейінгі аралықтағы даму сатыларының бәрі жаңашылдық әсерінен басталған.

Бір маќсат, бір мџдде, бір болашаќ

Источник: Zakon.kz Дата: 12 сентября 2017 в 16:49

Бір маќсат, бір мџдде, бір болашаќ Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың. 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өтілгендей, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде біздің елімізге заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет қажет.Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сот актілерін орындаумен байланысты жағдайды түбегейлі өзгерту туралы тапсырма қойылды.Осыған орай, мемлекет басшысының.

Ажырасу оңай ма?

Источник: Zakon.kz Дата: 18 августа 2017 в 10:09

Ажырасу оңай ма? Ажырасу оңай ма? Ж. РамазановаАстана қаласы Есіл ауданыдық сотының судьясы Ата заңымыз — Конституцияның 27-бабы бойынша, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

«Латын әліпбиін кезінде Құдайберген Жұбанов та жоғары бағалаған еді»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2017 в 20:12

«Латын әліпбиін кезінде Құдайберген Жұбанов та жоғары бағалаған еді» Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деген болатын. Қазіргі кезде осы мәселе жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр.Мамандар латын жазуының артықшылығы, қазақ тілі орфографиясын одан әрі жетілдіріп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсуде латын жазуын қабылдаудың маңызы зор екендігін айтып келеді.Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Садуақаспен тілші әңгімесін ұсынып отырмыз.— Нұрбол Абдуллаұлы, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қай кезден бастап қозғалған еді?— Қазақ әліпбиі мен жазуынлатын қарпіне көшіру мәселесі туралы еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап ғылыми ортада сөз қозғала бастаған еді.

Сыбайлас жемқорлық тұсау салу қажет

Источник: Zakon.kz Дата: 03 августа 2017 в 14:29

Сыбайлас жемқорлық тұсау салу қажет Сыбайлас жемқорлық тұсау салу қажет Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою, мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп келеді.

АЛФАВИТ ТЕК АЛФАВИТ ҚАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ

Источник: Матрица.kz Дата: 20 июля 2017 в 15:33

АЛФАВИТ ТЕК АЛФАВИТ ҚАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарабаев 2017 жылы, 12 сәуір күні Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы тек Қазақстанды қана емес, бүкіл түркі дүниесін дүр сілкіндірді. Елбасы мақаласында өзгерген әлемде қазақ халқының ұлттық құндылықтарының өзегін бұзбастан қалай өзгерістерге бейімделетінін, басқа сөзбен айтқанда қазақтардың болашағына бағытталған ұлттық кодтарын айқындаған осы мақаласында елдің кириллицадан латын таңбаларына екі жыл ішінде өту қажеттігі туралы да атап өткен болатын.

Жемқорлықпен күрес — негізгі факторлардың бірі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июня 2017 в 23:52

Жемқорлықпен күрес — негізгі факторлардың бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты зерделі мақаласында елімізде қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі — саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға алынғанын, басты бағытымыз дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап көрсетті, яғни бағытымыз айдан анық. Сол мақсатқа жету жолында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі негізгі факторлардың бірі болып табылады.Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің жеткен жетістіктерінің игілігін қазіргі уақытта әрбір қазақстандық сезініп отырғаны мәлім.

Жасөспірімдерге қарсы қылмыс – қоғамға қауіпті қылмыс

Источник: Zakon.kz Дата: 31 мая 2017 в 14:59

Жасөспірімдерге қарсы қылмыс – қоғамға қауіпті қылмыс Жасөспірімдерге қарсы қылмыс — қоғамға қауіпті қылмыс Кез келген өркениетті мемлекет өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен күшейтуді ерекше қамқорлыққа алады. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие.Ел Президенті Нұрсұлтан. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына.

Елбасының жаңа мақаласы – жаңашылдыққа бастайтын жол

Источник: Zakon.kz Дата: 13 апреля 2017 в 22:21

Елбасының жаңа мақаласы – жаңашылдыққа бастайтын жол Елбасының 12 сәуірдегі мақаласы барша ел жұрттың қолдауын тапқан бастамаларға толы, деп жазады zakon.kz. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын оқып, болашаққа бағдарланған соны өзгерістермен таныстым, — дейді «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Ахметжанова.

«Зияткерлік меншікті қорғау – еліміздің стратегиялық нысанның бірі»

Источник: Tobolinfo Дата: 14 марта 2017 в 17:25

«Зияткерлік меншікті қорғау – еліміздің стратегиялық нысанның бірі» Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесінің орнығу үдерісі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің орнығып, нығайтуымен қатар жүрді. Жоспарлы экономикадан нарықтық шаруашылық етуге тікелей өту зияткерлік меншік нысандарын пайдаланумен байланысты қатынастарға ықпал етті. 1996 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы Ұлттық патенттік ведомствосының және мемлекеттік авторлық және шектес құқықтар жөніндегі агенттіктің құрылуы зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғаудың ұлттық жүйесінің негізін қалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 маусым 1999 жылғы Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия жэне сауда Министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің қүрамына өтіп, аумақтарда авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру жауапкершілігі облыстық Әділет басқармаларының мамандарына жүктелді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Источник: Бухта Капшагай Дата: 04 февраля 2017 в 07:41

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Құрметті қазақстандықтар!Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік.

ОҚО-да «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды

Источник: Zakon.kz Дата: 21 ноября 2016 в 13:39

ОҚО-да «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды. Жұлдызды 25 күннің бірінші күні — «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме кешенінің ашылуымен басталды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 25 новостей из 25