Akorda.kz (KZ),
19 января 2021
в 19:26
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды.Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз қызметін табысты атқарған. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол бермеген. Қор компанияларының активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жеткен.Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударған.
Tengrinews,
02 декабря 2020
в 18:23
Бүгін Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Кейін мұның себебін Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев түсіндірген.Казанцевтің айтуынша, комитет отырысының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясы филиалының Саяси кеңес бюросына Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасағаны үшін, бірқатар мәлімдемелерінде оның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті туралы айтқан Әлтаевты партия қатарынан шығаруды ұсыну туралы шешім бірауыздан қабылданған.Ал экс-депутаттың сөзінше, ол Nur Otan-дағы әріптестері айтқандай партия тәртібін бұзған жоқ.«(...) Мен партиялық тәртіпке, партия бағдарламасына құрметпен қараймын, бірақ Қазақстан халқына да үлкен құрметпен қараймын.
Tengrinews,
10 ноября 2020
в 14:03
Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов отандық университеттердегі білім сапасын көтеру қалай жүзеге асатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оның айтуынша, Қазақстанда 120 жоғары оқу орны бар.«Оның 56-сы мемлекеттік, 72-сі жекеменшік. Жоғары білім беру сапасын арттыру мақсатында университтердің басқару формасына басымдық бермейміз.
Tengrinews,
06 ноября 2020
в 17:33
Коронавирус әлі толық зерттелмеген. Сондықтан болар, Желіде COVID-19 туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бірі вирус ер адамды бедеу қылады деп қорқытса, басқа бірі аурудан емделудің түрлі жолын айтып жүр. Оның ішінде сауна да бар екен. Tengrinews.kz тілшісі дүние жүзінде коронавирусқа байланысты тараған жалған ақпараттар туралы баяндайды.«Ер адам коронавирустан бедеу болып қалады» — фейкҚытай ғалымдары «коронавирус ер адамдардың құнарлығын өлтіреді» деген тақырыпта материал жазды.
Tengrinews,
05 ноября 2020
в 14:23
Желіде Ақтөбе облысы білім басқармасы екі жыл бұрын 5 мың компьютердің әрқайсын 250 мың теңгеге сатып алғаны, бірақ оның нарықтағы бағасы 149 мың теңге болғаны айтылған ақпарат тарады. Ақпаратты «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі таратқан. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайдың мән-жайын білді білді.«149 мың теңгенің компьютерлерін 250 мыңға алған«»Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мәліметінше, 2018 жылы облыстық білім басқармасы 5 мың компьютердің әрқайсын 250 мың теңгеге сатып алған.
Tengrinews,
23 октября 2020
в 12:33
Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов елімізде жемқорлық дерегі неге азаймай тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оның айтуынша, судьяларды іріктеу кезінде ашықтықты сақтау жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі факторы болып саналады. «Біз онымен (жемқорлықпен — ескерту) қалай күресіп жатырмыз? Ұзақ жылдар бойы сотқа түсетін шағымдардың саны өсіп жатты.
Tengrinews,
16 октября 2020
в 13:13
Қазақстаннан жыл сайын шетелге кететін медицина кадрларының саны артып жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Дефицитке әкеп соғатын медициналық кадрлардың жұмыстан шығуының негізгі себептерінің бірі — сыртқы миграция, яғни медициналық кадрлардың елден кетуі.
Tengrinews,
12 октября 2020
в 18:16
Қырғыз елінде парламент сайлауының нәтижесіне байланысты митинг осыдан бір апта бұрын басталды. Сол уақыттан бері елде біраз өзгеріс пен жаңа кадрлық тағайындаулар болды. Бішкектің мэрі ауысып, халық жақтаған оппозиционер Садыр Жаппаров премьер-министр болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған қырғызстандық шенеуніктер туралы не белгілі?
Tengrinews,
12 октября 2020
в 12:03
Жыл басынан бері зорлық-зомбылық жасаған 19 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды. 62 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Бұл — өте жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«2018 жылы 919 зорлық-зомбылық жағдайы тіркелді.
Tengrinews,
09 октября 2020
в 11:03
Кеше, 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салынатын заңға қол қойды. Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшесіне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.
Akorda.kz (KZ),
08 октября 2020
в 16:06
Алматы облысында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны өтті. Оқу-жаттығу жиынын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бақылады. Оқу-жаттығу жиынына десантшы-шабуылдаушы әскердің, әскери-әуе күштердің, әскери полицияның, әскери медициналық мекемелердің, Бітімгершілік дайындық жүргізу орталығы мен Минадан тазарту орталығының мыңнан астам әскери қызметшілері, 100-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды.