Популярные темы

2017 ЖЫЛ: новости

АҚШ-та қазақ балуаны қайтыс болды

Arna Press, 20 марта 2024 в 11:48

АҚШ-та қазақ балуаны қайтыс болды
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек Америка Құрама Штаттарында қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Еркін күрестен 2014 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында дүниеден озды. Біз отбасымызбен және достарымызбен қайғырып көңіл айтамыз», — делінген хабарламада.Жас спортшының АҚШ-та қайтыс болғаны белгілі болды.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 21 декабря 2023 в 10:21

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
«Үшіншіге орын жоқ», неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ! Қаржы нарығының сарапшылары 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың санының артуына байланысты қазақстандықтарға берешекті реттеу, қарызды азайту немесе оны толық есептен шығару сұрақтары бойынша өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың хабарландыруының саны артып келе жатқанын атап өтті.

Семейдегі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын растады

Arna Press, 19 декабря 2023 в 14:48

Семейдегі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын растады
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (CIS) Халықаралық Мектептер Кеңесі аккредитациясынан сәтті өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.(CIS) — халықаралық білім беру жүйесіндегі мектептерді аккредиттеу және оқытудың озық әдістерін әзірлеумен айналысатын ұйым.

«28 миллион теңге төле». «Болашақ» түлегі елге қайта алмай отыр 22 сентября 2023, 14:58

Tengrinews, 22 сентября 2023 в 15:03

Редакциямызға «Болашақ» бағдарламасының түлегі Саян Абдихайранов қазіргі таңда елге қайта алмай отырғанын айтып, хат жолдады. Ол осы бағдарлама арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Рединг университетіне түсіп, Құқық мектебінің магистратурасын бітірген. Massaget.kz тілшісі заңгермен хабарласып, сұхбаттасты.

Ақмола облысында ауыл тұрғындары 5 жылдан бері қорқынышпен өмір сүріп келеді 25 июля 2023, 09:20

Tengrinews, 25 июля 2023 в 09:23

Ақмола облысында ауыл тұрғындары 5 жылдан бері қорқынышпен өмір сүріп келеді
                25 июля 2023, 09:20
Бұланды ауданының Иванков ауылының тұрғындары 5 жылдан бері қорқынышпен өмір сүріп келеді. Өзен арнасындағы гидротехникалық бөген құрылымы әлдеқашан тоз-тозы шығып, апаттық жағдайға жеткен. Бірақ жергілікті билік жоба бюджетке енгізіліп, жөндеу жүргізіледі деген құрғақ уәдеден ары аспай келеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Допинг сынамасына байланысты Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан шеттетілді

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:08

Допинг сынамасына байланысты Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов сынамасынан тыйым салынған заттар табылған соң, турнирлерден уақытша шеттетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.«109 келі салмақ дәрежесінде Чинджу турнирінің күміс жүлдегері Артем Антропов Қазақстаннан жарыстан шеттетілген екінші бұрынғы әлем чемпионы.

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Arna Press, 26 мая 2023 в 12:48

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, делінген ресми хабарламада.Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазақстанда ажырасудың ең кең тараған себебі аталды

Arna Press, 01 марта 2023 в 10:48

Қазақстанда ажырасудың ең кең тараған себебі аталды
Қазақстанда ажырасудың ең кең тараған себебі аталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 17-бабына сәйкес, неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана АХАЖ органында тікелей бұзылуы мүмкін.

Семейдегі Шәкәрім ескерткіші орталық саябақтан көшіріледі

Arna Press, 30 января 2023 в 20:48

Семейдегі Шәкәрім ескерткіші орталық саябақтан көшіріледі
Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев журналистермен кездесу барысында Семейдің орталық саябағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында өңір басшысы Нұрлан Уранхаев осы лауазымына келгенде бірден қалалық нысандарды аралауға кірісті.

Анасы өлтірген 6 жағдай болған. Елдегі балалар статистикасы қандай? 01 июня 2022, 13:40

Tengrinews, 01 июня 2022 в 13:53

Анасы өлтірген 6 жағдай болған. Елдегі балалар статистикасы қандай?
                01 июня 2022, 13:40
1 маусым — балаларды қорғау күні. Tengrinews.kz тілшісі балаларға қатысты статистикаға шолу жасап көрді. Unicef.org мәліметтері бойынша, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 5 623 387 бала тұрады, олар — елдегі халықтың шамамен 31 пайызы. Қазақстанда балалардың 3 пайызға жуығы мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар балалар ретінде тіркелген.

Пойызда айтылып, кітапқа арқау болған әдемі хикая 23 февраля 2022, 12:15

Tengrinews, 23 февраля 2022 в 12:23

Пойызда айтылып, кітапқа арқау болған әдемі хикая
                23 февраля 2022, 12:15
Жүз жасаған Жамбылдың ұрпағы, әнші Бибі Артықованың қызы, ал өзі «Айгүл» ансамблінің мүшесі болған Ақмарал Артықованың балалық шағынан бергі өмірі кітапқа арқау болған. Кітап авторымен және кейіпкерімен сұхбат Tengrinews.kz материалында. Әнші Бибі Артықова мен әскери қызметкер Әбді Артықовтың қызы Ақмарал Артықова 1950 жылы Алматыда дүниеге келген.

«Болашақ» бағдарламасына енген ресейлік университеттер туралы не белгілі? 22 февраля 2022, 08:53

Tengrinews, 22 февраля 2022 в 09:03

Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеген еді. Осы тізімге енген ресейлік университеттер туралы мәлімет Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» білім беру бағдарламасы қайта бағдарланатынын мәлімдеген болатын.

16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек? 20 февраля 2022, 19:11

Tengrinews, 20 февраля 2022 в 19:23

16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек?
                20 февраля 2022, 19:11
Кеше Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Амал не, биыл спортшыларымыз артылған үмітті ақтай алмады. Үш аптадан аса уақытқа созылған додадан Қазақстан атлеттері жүлдесіз оралды. Tengrinews.kz тілшісі Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы қорытындалады. Биылғы Олимпиададағы үздік нәтижеміз Биыл қазақстандық жанкүйерлер эмоцияға бөленіп, соңына дейін жанкүйер болған жалғыз сайыс шорт-тректен 500 метрге жарыс болды.

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат 17 февраля 2022, 10:38

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 10:43

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат
                17 февраля 2022, 10:38
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов #TengriTаlk эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Эфир барысында білім саласындағы жаңалықтар, мектеп бағдарламасына енгізілетін өзгерістер, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, елімізде беделді шетел университет филиалдарының ашылуы, «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер мен педагогтер мәселесі талқыланды.

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды 14 февраля 2022, 16:17

Tengrinews, 14 февраля 2022 в 16:23

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды
                14 февраля 2022, 16:17
Актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. «Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ.

«Тойымыз 3 жылға созылып кеткенін білмей қалыппыз». «Жұлдыздың жары» жобасында — Толқын Тұрарбек 05 февраля 2022, 18:00

Tengrinews, 05 февраля 2022 в 18:03

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама қонағы Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында жарымен қалай танысқанын айтып, тойы неге кеш өткенін түсіндірді. Толқын Төреғалимен қалай танысқанын әңгімелеп берді.

Балуан Шолаққа қатысы жоқ екі сурет 02 февраля 2022, 17:18

Tengrinews, 02 февраля 2022 в 17:23

Балуан Шолаққа қатысы жоқ екі сурет
                02 февраля 2022, 17:18
Қазақтың әйгілі палуаны, сазгер Балуан Шолақ туралы Интернетте көп уақыттан бері жалған суреттер тарап жүр. Нақтырақ айтқанда, палуан бейнеленген деп таралған суреттерге талдау жасап көрдік. Жаңалық сайттарында, Желідегі ZTB парақшасында және суреті желіде жарияланған стендтерде де осындай екі сурет бірнеше рет жарияланған.

«Интернетті шексіз пайдалануға болады». Фейк болып шыққан Tesla Phone туралы не белгілі? 01 февраля 2022, 09:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 09:33

Желіде Илон Маск дайындап жатыр деген Tesla Phone туралы қауесет әлі де басылар емес. Смартфонның алғашқы үлгілері Желіде бес жыл бұрын, 2017 жылы пайда болды. Алайда ол компания ресми түрде таныстырған ұялы телефон емес, тек түрлі сарапшылардың ұсынған үлгісі еді. Масктың компаниясы ұялы телефон шығаратынын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.

«Алғашқы гонорарым — 150 мың теңге». «Жұлдыздың жарында» Рамазан Амантай мен жары Гүлфару Төлен 29 января 2022, 22:35

Tengrinews, 29 января 2022 в 22:43

Танымал жас актер Рамазан Амантай мен оның жары Гүлфару Төлен «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рамазан Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында студент кезіндегі қызық оқиғалары, гонорары туралы әңгімеледі, Гүлфару жарының қай қасиеті ұнағанын айтып берді.

«Шымкентке ауғандар келді». Тәртіпсіздіктерден кейін елді дүрліктірген фейктер 18 января 2022, 16:11

Tengrinews, 18 января 2022 в 16:13

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктен кейін Желіде түрлі фейк тарады. Жауапты ведомстволар оларды жоққа шығарып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктерден кейін тараған жалған ақпараттар топтамасын жасады. Қазақстанды қаңтардағы жағдайға байланысты «қолдау» видеосы Елімізде қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Қазақстанды қолдау мақсатында әлем елдері қазақша ән айтқаны түсірілген видео жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздік: Желіде тараған фейктер елді дүрліктірді 10 января 2022, 10:13

Tengrinews, 10 января 2022 в 10:23

Қазақстандағы тәртіпсіздік: Желіде тараған фейктер елді дүрліктірді
                10 января 2022, 10:13
Қазақстан қалаларындағы тәртіпсіздіктер кезінде Желіде түрлі фейк тарап, тұрғындарды шошытты. Ведомстволар оның көбін дер кезінде жоққа шығарып, халықты сабырға шақырып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тәртіпсіздіктерге қатысты тараған фейктерді жинап шықты. «Алматы полициясының ғимараты жарылды» — фейк Алматылықтар Әуезов ауданындағы полиция ғимараты жарылғаны туралы ақпарат таратып, елді дүрліктірді.

«Карантинде жылқыны шетінен сатып отырдық». «Жұлдыздың жары» жобасында — Нұргүл Құдайбергенова 25 декабря 2021, 17:50

Tengrinews, 25 декабря 2021 в 17:53

Белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың жары Нұргүл Құдайбергенова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында карантин кезінде немен айналысқандары, бір-біріне бүкпесіз айтатын сын-пікірлер, отбасылық өмірдегі қызық оқиғалары туралы әңгімеледі.

«Илон Маск, Марк Цукерберг, Билл Гейтстер нашар оқыған деген сөз өтірік» 24 декабря 2021, 13:25

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 13:43

Кейінгі кездері, қоғамда, әсіресе жастар арасында «қазіргі заманда жақсы оқу міндетті емес, тек өзіңді шығармашылық тұрғыда дамытсаң, еркін болып ашылсаң жеткілікті» деген түсінік бар. Оған Илон Маск, Марк Цукерберг, Билл Гейтс сынды адамдар мысалға келтіріліп те жүр. Алайда қазақстандық математик, Ұлыбританиядағы Imperial College London (Ұлыбритания) университетінде докторлық қорғаған Нұрғиса Есіркегенов мұнымен келіспейді.

«Қайраттың әйелдер туралы әзіліне ренжіп қалдым». «Жұлдыздың жары» жобасында — Бақыт Тұрман 18 декабря 2021, 17:50

Tengrinews, 18 декабря 2021 в 18:03

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары, әнші Бақыт Тұрман «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында Қайраттың әйелдер туралы әзіліне неге ренжігенін әңгімелеп, тоқал алуға қатысты көзқарасын айтты.

«Зарафшанға келін болып барғанда түсінбей қалдым». «Жұлдыздың жары» жобасында — Дана Есеева 11 декабря 2021, 17:45

Tengrinews, 11 декабря 2021 в 17:53

Блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасылық өмірдің алғашқы кезеңіндегі қызық оқиғаларын әңгімелеп, олар туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атады.

«Маған «Аиша» да, өз есімім «Виктория» да ұнайды». «Жұлдыздың жары» жобасында — Бүркіт пен Аиша 04 декабря 2021, 17:55

Tengrinews, 04 декабря 2021 в 18:03

Танымал эстрада әншілері Бүркіт пен Аиша «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасын құрғаннан кейін қандай өзгерістер болғаны, Бүркіттің анасы келіні өзге ұлт өкілі болғанына қалай қарағаны туралы әңгімеледі.

«Ескі стереотиптерден толық арылған жоқ». Корейлер Қазақстан туралы не ойлайды? 02 декабря 2021, 17:11

Tengrinews, 02 декабря 2021 в 17:23

Қазақстандық Камила Махмұдова қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейді. Кейінгі 4 жылын Пусан мен Сеулде өткізген ол Tengrinews.kz тілшісіне Кореядағы өмірі мен ондағы қазақтар жайлы айтып берді. Оңтүстік Кореяға қалай келді? Камила Махмұдова Шымкент қаласының тумасы, жасы 23-те. Ол 2017 жылы Корея Республикасының Пусан ұлттық университетіне оқуға түсіп, үздік аяқтайды.

«Мені сотқа шақырған кезде тоқтау керек екенін түсіндім». «Жұлдыздың жары» жобасында — Бауыржан Сатов 27 ноября 2021, 18:00

Tengrinews, 27 ноября 2021 в 18:13

Әнші Альбина Шардарованың жары, актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасындағы қиын кезең, студенттік шағы, әкесінің қалай қайтыс болғаны, гендер патидегі оқиға туралы әңгімеледі.

«Екінші маусым». Қазнеттегілер Алматыдағы LRT-ны әзілге айналдырды 25 ноября 2021, 14:44

Tengrinews, 25 ноября 2021 в 14:53

Келесі жылы Алматыда LRT құрылысы басталады. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бұл ақпаратқа қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Түрлі әзіл тарады. «Елордадағы LRT құрылысының сценарийі қайталанбасын» деген де пікірлер болды. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы LRT-ге қатысты Желіде тараған әзілдерді жинап шықты.

GGG — Канело: трилогия кімге қажет? 24 ноября 2021, 13:12

Tengrinews, 24 ноября 2021 в 13:13

GGG - Канело: трилогия кімге қажет?
                24 ноября 2021, 13:12
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі қайта талқылана бастады. Канело да, GGG де мәлімдемелерінде трилогияға дайын екенін айтып жүр. Бірақ келіссөз басталмады. Tengrinews.kz тілшісі Головкин — Альварес трилогиясына қатысты жаңалықтарды жинап шықты.
Показано 30 новостей из 52