Новости по теме "2010 жыл" — страница 4

Итпен ит болмайық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 декабря 2017 в 05:52

Итпен ит болмайық Нұрлыбек ЖҰБАТҚАНМәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқанның оқырманға ұсынып отырған бұл туындыларының өзегі адамның адал досы — ит төңірегінен өрбиді. Автор астарлап отырып жұртшылықты иттік жасамауға үндейді, сондай-ақ иттің де иесіне тартатынын тағы бір мәрте еске салып өтеді. Құтжол қамауға алындыЖәкетай қарттың үйіне ұры түсті. Ұрылар күйсіз болса керек, қорадағы екі сиырды және үйдің ішін айнадай қып сыпырып кетіпті.

26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды

Источник: Zakon.kz Дата: 22 декабря 2017 в 18:09

26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды АҚШ-тың Теннесси штатында 26 жастағы Тина Гибсон 25 жыл бұрын ұрықтанған қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы The Telegraph хабарлады, — деп жазады Stan.kz.Тинаның жатырына салынған эмбрион 1992 жылдың 14 қазанынан бері сақталып келген. Тине Гибсон бұған дейін күйеуінің бедеулігінің кесірінен балалы болмаған.Ол 25 наурызда салмағы 2,94 кг қыз бала дүниеге әкелді.Тина мен Бенджамин құрсақтағы нәрестенің нақты жасын дәрігерлерден естігенде аң-таң болады.«Егер бұл қыз өзінің уақытында туылғанда менің құрбым бола алар еді.

Ерліктің еншісі ескірмейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 декабря 2017 в 01:32

Ерліктің еншісі ескірмейді Кейінгі кезде қазақтың аруақты батыры, Әбілқайыр ханмен бірге шешуші шайқаста жоңғардың белін сындырған даңқты қолбасшы Бөкенбай Қарабатырұлы туралы көбірек айтылып, жазыла бастады. Оның өр рухын ұлықтау мақсатында облыста қоғамдық кеңес құрылды. Біз қоғамдық кеңес төрағасы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Мәлік Жекеевпен әңгімелескен едік.— Жақында XVIII ғасырдағы қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысында аты аңызға айналған Бөкенбай Қарабатырұлының туғанына 350 жыл толуына арналып ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, Ақтөбе қаласының көрнекті көшелерінің бірінде ел қорғаған ерге ескерткіш орнату жөнінде шешім қабылданып, орны белгіленді.

Александр Винокуровтың басы дауға қалды

Источник: Zakon.kz Дата: 20 декабря 2017 в 16:29

Александр Винокуровтың басы дауға қалды Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік әріптесі Александр Колобневті Бельгия соты айыптап отыр, — деп хабарлайды Хабар 24.Льеж қаласында өтетін сот отырысы алдағы жылдың 13 наурызына жоспарланған. Айыптаушылардың пікірінше, қос спортшы 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж жарысында жеңісті саудалаған.

Облыс әкімі — тікелей эфирде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2017 в 23:12

Облыс әкімі — тікелей эфирде Өткен жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «АQTO’BE» телеарнасы эфирінде облыс тұрғындарымен тікелей байланысқа шықты. «Әкім сағаты» бағдарламасы аясында жұртшылықтың өз сауалдарын қоюына, ұсыныс-пікірлерін айтуына толық мүмкіндік жасалды. Телеарнаның тікелей эфирі барысында барлығы мың жарымға жуық сұрақ келіп түсті.

FIFA Әлем кубогы Қазақстанға келеді

Источник: Zakon.kz Дата: 05 декабря 2017 в 14:49

FIFA Әлем кубогы Қазақстанға келеді Алматыда Халықаралық футбол күні қарсаңында Әлем кубогының Қазақстанға әкелінуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жалпы алғанда, трофей әлемнің 50 елін аралайды, Қазақстанға оны Coca-Cola компаниясы алып келмек. Компанияның Орта Азия және Кавказдағы өкілі Александра Аккирманның айтуынша, қазақстандықтар Кубокты осымен екінші рет тамашалай алады – 2010 жылы да Қазақстанға әкелінген болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы төрт толғау

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2017 в 23:22

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы төрт толғау Ел бақытының бас бағбаныХалық деп соққан жүрегіХалқым, сүйдім мен сені, Еркелеттің сен мені.Махатма Ганди.Адамзаттың анасы — қасиетті қара жер мен тіреусіз, киелі Аспан жаратқан, көк күмбездей төңкерілген зеңгір көкке Ай мен Күн орнатып, оны алтын шеге — самаладай самсаған сансыз жұлдыздармен бекіткен құзыреті шексіз, мейірімі мол, шапағаты зор Алла тағаланың халқымызға сыйлаған баға жетпес екі бақыты бар, бірі — қаннан да қымбат, жаннан да тәтті Тәуелсіздік, екіншісі — Тәуелсіздік туын берік ұстап, тақыр жерге тау тұрғызғандай, шөл даланы гүл қалаға айналдырғандай асқан ерлікпен, алдағыны көріп, алыс­ты болжаған көрегендікпен мемлекет құрған, оның керегесін кеңейтіп, шаңырағын шайқалтпай ұстап тұрған. Ұлт бағына туған тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!Бұл жайдақ сөз жалаң мадақ емес, оған ол зәру де емес. Ұлт үшін туған тұлғаның қадір-қасиетін бала да, дана да біледі, сырт көз сыншылар да, әлемдік деңгейдегі әйдік саясаткерлер де Нұрсұлтанның кемел ойлы кемеңгерлігін талай мәрте сүйсініп, қадап, қайталап айтумен келеді.

Президентпен жүздескен жалынды жастар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2017 в 23:13

Президентпен жүздескен жалынды жастар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жа­сауға баса назар аударады. Ел Президентінің жыл сайынғы Жол­дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, әр кез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі — соның айқын дәлелі. Бүгінде Елбасы сенімін ақтау жолында еңбек етіп, жетістіктерімен көзге түсіп жүрген жастар жетерлік.

Ақмолада суицид жасағандар енді бөлек жерленбек

Источник: Zakon.kz Дата: 21 ноября 2017 в 12:29

Ақмолада суицид жасағандар енді бөлек жерленбек Ақмола облысында өз-өзіне қол жұмсағандарды басқа, бөлек жерге жерлеу қолға алына бастапты, — деп хабарлайды Sn.kz.Бұл Көкшетау маңындағы Красный Яр елді мекені имамының бастамасы. Алғашқы жылдары мұндай шешімді түсінбеген халық шу шығарып, біраз наразылықтарын да білдірген. Бірақ, имам суицидті азайтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында осындай шешім қабылдадық дейді.Красный Яр ауылындағы зираттың ең шетіндегі молада жерленген бойжеткен 2010 жылы қайтыс болыпты.

Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жетілдірудің жағдайы туралы

Источник: Zakon.kz Дата: 18 ноября 2017 в 13:19

Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жетілдірудің жағдайы туралы Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясыСамат Мырзахметов Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жетілдірудіңжағдайы туралы Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында теңдестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан еркін болу жатқызылады.Сонымен, гендер дегенміз — ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.Еліміздегі аса маңызды демократиялық процесс — ұлттық гендерлік саясат.

Мерейтой қарсаңындағы игілікті шаралар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2017 в 21:52

Мерейтой қарсаңындағы игілікті шаралар Есет Көкіұлы — қазақтың даңқты батырларының бірі. Биыл батырдың туғанына 350 жыл толады. Айтулы шараны жоғары деңгейде атап өту үшін қазір батыр мәңгі тыныстап жатқан өлкеде дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алға ауданы әкімінің міндетін атқарушы Гүлназ Сисеновадан мерейтойға әзірліктің барысы туралы білген едік. — Мерейтойды лайықты атап өту үшін қандай шаралар қолға алынды?— Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына арналған негізгі шараларды 10-11 қараша күндері өткізуді жоспарлап отырмыз.

Олимпиада алауы Корея Республикасына жеткізілді

Источник: Zakon.kz Дата: 01 ноября 2017 в 11:39

Олимпиада алауы Корея Республикасына жеткізілді Сәрсенбі күні Олимпиада алауы Грекиядан 100 күннен кейін қысқы Олимпиада ойындары басталатын Корея Республикасының Пхёнчхан қаласына жеткізілді. Салтанатты шара алау жеткізілген Инчхон қаласының әуежайында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ТАСС агенттігінің таратқан ақпаратына сілтеме жасап.«Бәріміз ұзақ күткен сәт келді.

«Жасыл көпір» — экология жанашыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 октября 2017 в 00:02

«Жасыл көпір» — экология жанашыры Облыс әкімдігінде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыру аясында ақпараттық тур өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, БҰҰ «Даму» бағдарламасы жобаларының жетекшілері, мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы — инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін технологияларды табыстау, жасыл экономикалық өсімді қамтамасыз ету саласында халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған жоба.— «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы 2010 жылы III Астаналық экономикалық форумда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еліміздің ең жарқын халықаралық бастамаларының бірі болып табылады.

Ырысты СҮЛЕЙМЕНОВА: Дәстүрлі әнге деген көзқарас бұрынғыдай емес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2017 в 04:22

Ырысты СҮЛЕЙМЕНОВА: Дәстүрлі әнге деген көзқарас бұрынғыдай емес Ақтөбеден шыққан Ырысты Сүлейменованың есімі ұлттық өнерді ұлықтайтындарға етене таныс. Өткен аптада республикалық «Туған жер» форумына қатысу үшін елордадан арнайы келген дәстүрлі әнші редакциямыздың қонағы болған еді. — Өзіңізбен «Туған жер» форумы аясында жүздесудің сәті түсті. Жерлестердің басын қосқан осынау үлкен шарақалай өтіп жатыр деп ойлайсыз?— Біріншіден, осы форум маған үлкен әсер қалдырды. Өйткені мұндай шара елімізде тұңғыш рет өткізілді.

Жаныңда жүр жақсы адам

Источник: Zakon.kz Дата: 02 октября 2017 в 16:19

Жаныңда жүр жақсы адам Керімбаев Мұрат Қабдоллаұлының қысқаша өмірбаянына үңіліп көрейік. 1950 жылы 12 – шілдеде бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Отбасының тұңғышы болғандықтан ба бала кезінен ширақ және белсенді болып өседі. Мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап, футбол, волейбол, күрес сияқты спорт түрлерімен шұғылданады.

Әр өзгеріске елеңдеп отырамын

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 сентября 2017 в 17:02

Әр өзгеріске елеңдеп отырамын Сәрсен ҚОБЛАНДИН, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі:— «Туған жер» форумы — шалғайда жүрген ақтөбеліктердің басын қосудың таптырмас мүмкіндігі. Астана, Алматыда жүрген әріптестеріммен хабарласып, үлкен шараның өтетінін айтып, бір қуанып қалдық.

АҚТАУДАҒЫ ОНКОДИСПАНСЕР ҒИМАРАТЫ ҚАШАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ?

Источник: Матрица.kz Дата: 20 сентября 2017 в 10:13

АҚТАУДАҒЫ ОНКОДИСПАНСЕР ҒИМАРАТЫ ҚАШАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ? Ақтауда көз ілеспес жылдамдықпен бой көтеріп жатқан зәулім құрылыстар көп-ақ. Марқая қалған көңілді бұлт шалған күндей болып көлеңкелі ойдың бүркей қалатыны бар. Ол − осы құрылыстар қатарынан халық көптен күткен ғимараттың көрінбей, жылдар бойы қалқиған қаңқасының тұруы. Соның бірі құрылысы 9 жылға созылған облыстық онкодиспансер ғимараты. «Басы ауырып, балтыры сыздаған» адамның көзі тірісінде жанына шипа, көңіліне медеу етіп баратын жері – аурухана.

ІІМ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ХАЛЫҚТЫ АСТАНАДАН ҚУМАҚ ПА?!

Источник: Матрица.kz Дата: 08 сентября 2017 в 17:23

ІІМ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ХАЛЫҚТЫ АСТАНАДАН ҚУМАҚ ПА?! Қазақстанның ішкі істер министрлігі Астана жұртына құлаққағыс жасады. Үш айдан бері қазақ және шетел туристерін қонақ еткен әйдік шаһар тұрғындарына халықаралық көрменің жабылуы кезінде қала сыртына шығып кетуге кеңес берді. Иә, қалыс естіп, шалыс оқыған жоқсыздар. Анау-мынау емес, министр Қалмұхамбет Қасымов мырза жетекшілік ететін министрліктің өзі Астана халқын қаладан шығып кетуін қалап отыр.

Орал тауының оңтүстік етегіне сапар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2017 в 20:52

Орал тауының оңтүстік етегіне сапар Шілде айының ортасында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тілшілері көршілес Қызылорда облысында болып, онда өздерінің әріптестерімен, осы өңірде тұратын жерлестерімен кездесіп, оңтүстіктегі достарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан еді. Бұл сапар облыстық екі газетті біріктіретін «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС ұйымдастырған «Ақтөбе — құтты мекен» медиаэкспедициясының арқасында мүмкін болған-ды.Өткен аптада бағалы бастама жалғасын тапты.

Қазақтың халық әнін нақышына келтіріп орындаған «Хор Турецкого» ұжымы елді тәнті етті

Источник: Zakon.kz Дата: 06 сентября 2017 в 19:49

Қазақтың халық әнін нақышына келтіріп орындаған «Хор Турецкого» ұжымы елді тәнті етті Танымал ресейлік «Хор Турецкого» ұжымы қазақтың халық әні «Назқоңырды» нақышына келтіріп орындап, қазақы көрерменді таңдай қақтырды. Десек те, музыка – ұлт пен нәсілге бөлінбейді. Тек жанды дауыста ғана ән орындайтын тілі мен ділі басқа өнерлі жігіттер «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының сахнасында тілдерін барынша сындырып, әсем әнді әуелете шырқады.

Шымкенттік полицей көлігімен үш адамды қағып кетіп, біреуі көз жұмды

Источник: NewTimes Дата: 23 августа 2017 в 11:34

Шымкенттік полицей көлігімен үш адамды қағып кетіп, біреуі көз жұмды Оқиға 18 тамыз күні Жібек жолы көшесінің бойында орын алған. 1985 жылы туылған шенді көлігін басқара алмай үш жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Оқиға орнында 1980 жылғы азамат көз жұмды. Ал 1981 жылғы келіншек пен 2010 жылы туылған бүлдіршін дене жарақаттарымен аураханаға жеткізілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙ КӨЛІГІМЕН ҮШ АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Источник: Матрица.kz Дата: 22 августа 2017 в 13:03

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙ КӨЛІГІМЕН ҮШ АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ Шымкентте полицей BMW көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.Жол-көлік оқиғасы Жібек жолы көшесінде болған. Бір жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.«18 тамызда Шымкент қаласының полициясына Жібек жолы көшесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.

Мәңгілік тарқамайтын той

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 августа 2017 в 20:42

Мәңгілік тарқамайтын той …Төлеген ақынның тұңғыш перзенті — Салтанат Айбергенова «Алтын қанжар» атты мақаласында әулеттің сонау зобалаң жылдарда көрген ауыртпалықтары, әжесі Жібектің тағдыры, ақынның дүниеге келуі жөнінде баяндайды. Мақала ақынның жары — Үрниса Айбергенованың естеліктері бойынша жазылған. Осы арқылы қалың жұртшылық Айбергеновтер әулетінің түпкі атамекені — Ақтөбе топырағы екенін білді.

Ақын музейіндегі игі істер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 августа 2017 в 20:22

Ақын музейіндегі игі істер Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл толуына орай Ақтөбе жерінде өтетін мерейтойлық іс-шараларға ақынның ұрпақтары, төлегентанушы-ғалымдар, басқа да қонақтар келеді. Солардың бірі — Астана қаласындағы Т. Айбергенов атындағы №16 мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақбота Есематова.Ақбота Есематова осы мектеп жанындағы ақын музейінің ашылуына да тікелей атсалысты.— Мектебіміз кеңестік дәуірде Тың игерудің 25 жылдығы атындағы мектеп болған.

Ақылды еді Беркінім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2017 в 19:02

Ақылды еді Беркінім Әкеміз Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығы 2010 жылы Темір ауданында өтті. Соның алдында Беркін «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» деген кітабын жазды. Маған әкеліп көрсетіп, Сағи Жиенбаев атындағы кітапханада кітаптың тұсаукесері болды. Сонда бірінші келіп Сәуле келініміз бетімнен сүйіп, «атаның жасы құтты болсын, аға, мен Беркін ініңнің жолдасымын», — деп танысты.

МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМСІЗДІГІ: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ

Источник: Матрица.kz Дата: 03 августа 2017 в 15:33

МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМСІЗДІГІ: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір ай өтті. Бұл сақтандыру қорына ай сайын ақша салып тұрмасаңыз, жедел жәрдемнен өзге, ешқандай дәрігерлік көмек ала алмайсыз. Сарапшы, экономист Рахым Ошақбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жуырда теледебатқа шығып, жаңа жүйеге қарсы 12 уәжін алған тартқан еді.

Ерлі-зайыптылар балалы болу үшін бұрын-соңды болмаған әдісті қолданып 200 келіге арықтаған

Источник: ZhambylNews Дата: 03 августа 2017 в 09:32

Ерлі-зайыптылар балалы болу үшін бұрын-соңды болмаған әдісті қолданып 200 келіге арықтаған Дені сау баланың ата-анасы атану үшін қытайлық ерлі — зайыптылар жаттығулар мен әртүрлі емдерді қабылдап 200 келіге арықтады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.Қытайдың солтүстігінде орналасқан Чанчунь қаласының жұбайлары 2015 жылы арықтауға көмектесетін мамандарға жүгінген болатын. ЕлгеДэн Ян және Линь Юэ атты лақап атпен танылған отбасылардың бірі.30 жастан асқан Дэн мен Линь артық салмақтан құтылуды бірге бастаған. Қытайдың дәстүрлі емдері, инемен емдеу және фитнес екеуінің тез арықтауына көмектескен.

АР-ҰЯТТАН СЫЙЛЫҚ БАСЫМ ТҮСКЕН

Источник: Матрица.kz Дата: 31 июля 2017 в 13:13

АР-ҰЯТТАН СЫЙЛЫҚ БАСЫМ ТҮСКЕН Ей, адам, сақтап қалшы иманыңды, – депті ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері. Қазақ Әбубәкір солай дегенде француз Ги де Мопассан «Алдағы заман алаяқтардікі» («Будущее принадлежит прейдохам») депті. Қос данышпанның бұл айтқандары бүгінгі адамдардың материалдық байлыққа құнығып, сол үшін қандай келеңсіздікке баратыны туралы ғана болса үндемей-ақ жүре берер едік қой.

ЕСКІ ТОҢАЗЫТҚЫШТАН ШЫҒА АЛМАЙ ҚАЛҒАН ҚЫЗ ТҰНШЫҒЫП ҚАЛҒАН

Источник: Матрица.kz Дата: 26 июля 2017 в 14:13

ЕСКІ ТОҢАЗЫТҚЫШТАН ШЫҒА АЛМАЙ ҚАЛҒАН ҚЫЗ ТҰНШЫҒЫП ҚАЛҒАН Қайғылы жағдай 25 шілде күні кешкі уақытта тіркелген. Ескі тоңазытқыштың ішінде тұншығып қалған қыз бала жедел жәрдем келгенше жан тапсырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Семей қаласының ІІБ баспасөз қызметінен хабарлағандай, 25 шілде күні шамамен түнгі сағат 23:00 шамасында «02» нөміріне бір азаматша қоңырау соғып, 2010 жылы туған қызының жоғалып кеткендігін хабарлаған. «Оқиға орнына жеткен «Әуезов» полиция бөлімінің арнайы тергеу тобы үйдің ауласында тұрған тоңазытқыштың ішінен баланың мәйітін тауып алды.

Батырлар елі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 июля 2017 в 21:52

Батырлар елі Батырлар мекені саналатын Қобда — құт дарыған, берекесі тасыған, тарихы терең шежірелі өлке. «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында өткен «Құт қонған Қобдадан — құтты мекен Ақтөбеге» атты тақырыппен облыс орталығында Қобда ауданының күндері өтті.Апта бойы өткен аудан күндерінің қорытынды шараларына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.
Показано 30 новостей из 138