Новости по теме "2010 жыл"

Диалог, ынтымақтастық және жауапкершілік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 11:52

Диалог, ынтымақтастық және жауапкершілік «Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын.Сондықтан жақын арада Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп,қабылдауымыз керек».Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауынан. Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толды.

21 жасында әнұран сөзін жазып берген ақын — Жұмекен Нәжімеденов

Источник: TengriNews Дата: 29 ноября 2019 в 13:43

21 жасында әнұран сөзін жазып берген ақын - Жұмекен Нәжімеденов Күні кеше ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туған күні болды. Ол — Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі, көрнекті қаламгер. Алайда «Менің Қазақстаным» әнін шығару кезінде біраз қиындық болған көрінеді. Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы, еңбек жолы және «Менің Қазақстаным» әнінің шығуы жайлы Tengrinews.kz тілшісі материалынан оқыңыз.Ақын, күйші әрі прозаикЖұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келген.

Джеки Чан, Роналду және Тайсон — Қазақтың шапанын киген әлем жұлдыздары

Источник: TengriNews Дата: 01 ноября 2019 в 15:33

Джеки Чан, Роналду және Тайсон - Қазақтың шапанын киген әлем жұлдыздары Қазақта шапан жабу — үлкен құрметтің белгісі. Соңғы кездері осы дәстүрдің ізін суытпай жалғап жүрген әлемге танымал әнші — Димаш Құдайберген. Барған жеріне қазақтың домбырасы мен шапанын алып жүретін әнші күні кеше «Вечерний Ургант» бағдарламасында жүргізушіге сыйлады. Tengrinews.kz тілшісі қазақтың шапанын киіп көрген танымал адамдарға шолу жасады.

Біліммен озған әулет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 10:22

Біліммен озған әулет Ұшқан ұяЕрмектің ата-анасы құйттай кезінде-ақ: «Оқы, оқысаң адам боласың» деп ұдайы құлағына құйып отыратын. Өйткені ол кісілер сол кездің өзінде өздерінің білімдері аз болса да, біліміне сенген адамдардың түбінде өз мақсатына жететінін білетін-ді. Мұны талай-талай тағдырды бастан кеше жүріп, өмірден түйген-ді. Әкесі Сәлімгерей Иманчиев киелі Құбасай-Қуырдақты саласының бойындағы Қызылқорған елді мекенінде дүниеге келген.

№1 террорист қалай «бірнеше рет» өлтірілді?

Источник: TengriNews Дата: 28 октября 2019 в 18:03

№1 террорист қалай Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған — Авт.) басшысы Әбу Бәкір әл-Багдадиді өлтіріп кеткені жайлы мәлімет тарап жатыр. Дереккөздерге сенсек, өлтірілді деген басшы 2011 жылдың қазанынан бері іздеуде жүрген. Бірқатар елде ресми түрде террорист саналған ол жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерге 25 миллион доллар көлемінде сыйақы да жарияланған.

Тұранның ұлы қолбасшысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:52

Тұранның ұлы қолбасшысы Ақтөбе қаласында Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш ашылғалы отыр. Түркі халықтары тарихына есімін алтын әріппен жазып кеткен әмірші әрі ұлы қолбасшы Жалаңтөс Сейітқұлұлына алғашқы ескерткіш Арал қаласында, одан соң 2010 жылы Қызылорда қаласында, одан соң 2018 жылы Шымкентте, 2019 жылы Самарқанда қойылған еді.

Абырой биігі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 10:22

Абырой биігі Атқа мінгеннің бәрі азаматтық жүгін абыроймен алып жүре алмайды. Ол үшін айқын мақсат, жігерлі жүрек, берік бағдар болуы тиіс. Өмірлік ұстанымын осылайша бекемдеген біздің кейіпкеріміз түрікпенбай айжарықовты облыс аумағындағы көпшілік жақсы біледі. өйткені, ол қашанда жұртшылықпен жақын жүретін азамат. Әке үлгісіменБайғанин өңірінде Жұбан Айжарықовтың есімі күні бүгінге дейін құрметпен аталады. Өткен ғасырдың екінші он жылдығының орта тұсында дүниеге келген ол кісінің өмірбаяны таза жанкешті еңбектен құралған десе де болады.

«Өмірге қайта келгендей болдым». Қатерлі ісікті жеңген зағип музыкант

Источник: TengriNews Дата: 11 октября 2019 в 11:13

Саида Қалықова 9 жасында көз жанарынан айырылған. Музыка әлеміне енді қанат қағып келе жатқан оның арманы бір сәтте күл болғандай көрінді. Себебі 8 жасында оның миында қатерлі ісік бар екені анықталып, ота жасалған. Саиданың айтуынша, басына жасалған ота салдарынан оның көру жүйке жүйесі зақымдалған.

Жемісті жылдар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 10:42

Жемісті жылдар Бұдан тура 50 жыл бұрын Ақтөбе қаласындағы қазіргі №30 қазақ орта мектебінің іргетасы қаланды. Бұл білім шаңырағы ел Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бастап қазақ тілінің мәртебесін, мерейін өсіруге де үлкен үлес қосты. 1995-1996 оқу жылында аталған білім беру мекемесіне қазақ мектебі статусы берілді.

«Биліктің қолшоқпары болмаймын». Мейрамбек Бесбаев саясатқа неге кетті

Источник: TengriNews Дата: 03 сентября 2019 в 15:43

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімі Бағытжан Сағынтаевтың кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. «Бүгін Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», — деп жазды Сағынтаев. Tengrinews.kz тілшісі Мейрамбек Бесбаев туралы мәліметтер жинады.

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар. 3-бөлім

Источник: TengriNews Дата: 23 августа 2019 в 17:03

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар. 3-бөлім Халықтың ақшасын жымқырып не адам өлтіріп, кейін шетелге қашып кеткен қазақстандықтар көп. Кейбірі бүгінде елге оралып, жазасын түрмеде өтеп жатыр. Бірақ әлі шетелде бас сауғалап жүрген қазақстандықтардың саны көп.Тengrinews.kz бұған дейін шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтардың топтамасын ұсынған болатын.

Облыс әкімі Мұғалжар және Байғанин аудандарында болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 августа 2019 в 13:02

Облыс әкімі Мұғалжар және Байғанин аудандарында болды Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданындағы «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол газ өңдеу зауытының жұмысымен танысты.Жылына 7 млрд текше метр газ өндіруші «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ — өңірлік индустрияландыру картасына енген ең ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын мұнай және газ өңдеу саласындағы заманауи технологияларды пайдаланып, халықаралық компаниялардың патенттік әзірлемелерін қолданады.

Алмазбек Атамбаевтың айналасында дау-дамай неге өршіп кетті?

Источник: TengriNews Дата: 29 июля 2019 в 12:23

Алмазбек Атамбаевтың айналасында дау-дамай неге өршіп кетті? Қырғызстанның экс-президентінің тағдыры соңғы күндері талқыға кеңінен түсіп жүрген оқиғалардың бірі. Соңғы кездері Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстан билігінің арасында дау-дамайлар өршіп кетті. Tengrinews.kz тілшісі экс-президенттің айналасындағы дау-дамайдың неліктен туындағанына шолу жасады. 2017 жылғы президент сайлауында жергілікті халық Сооронбай Жээнбековтың кандидатурасын қолдаған.

Табиғи апат, мемлекеттік төңкеріс. Twitter қалай танымал болды

Источник: TengriNews Дата: 15 июля 2019 в 19:03

Табиғи апат, мемлекеттік төңкеріс. Twitter қалай танымал болды Осыдан тура 13 жыл бұрын ең атақты әлеуметтік желілердің бірі кең қолданысқа тарады. 2006 жылдың 15 шілдесі — Twitter желісі әлемге тараған күн. Тengrinews.kz тілшісі «твит жасау» ұғымын әкелген желі туралы баяндайды.Брендтің атауы Stat.us болуы мүмкін еді Бір қызығы, басында Twitter бүкіл әлемге тарайтын желі ретінде құрылмаған.

Еуропадағы жол салу ерекшеліктері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 11:22

Еуропадағы жол салу ерекшеліктері Еуропа мемлекеттерінің жол бюджеті қалай есептеледі? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында Еурокомиссияның ресми сайтынан 2008 жылға дейінгі Еуропарламент сессиясында бекітілген жол бюджеттерін қарап шықтық. Мұнда 28 мемлекеттің шығындары топтастырылып, ресми ақпарат Еурокомиссия сайтына орналастырылған.

Мәртөктіктерді не мазалайды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 13:42

Мәртөктіктерді не мазалайды? Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барып, бірнеше ауылдық округтегі шаруашылықтардың жай-күйімен, әлеуметтік ғимараттармен танысты. Сондай-ақ тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады. 29 мың халқы, 13 ауылдық округі бар Мәртөк ауданында негізінен ауызсу, газ және жол мәселелері өзекті.

«Ендігі мақсат — әлем чемпионы атану». Тоғызқұмалақтан талай жарыста топ жарған Медина

Источник: TengriNews Дата: 17 июня 2019 в 15:33

Елімізде ұлттық спорт үйірмелеріне қатысатын балалар саны артып келеді. Ақмолалық сегіз жастағы Медина Садықованың да бар қызығушылығы тоғызқұмалаққа ауған. Бұл үйірмеге қатысқанына бір жыл енді ғана асқан. Биыл ол өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы атанды. Тengrinews.kz тілшісі Медина және оның әкесі Болат Садықовпен әңгімелесіп, тоғызқұмалақта топ жарып жүрген қыз бала туралы баяндайды.Бір жарыс — үш алтын медальМедина 2010 жылы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында туған.

Ақтөбеде Әлия музейі ашылып, Бұлаққа жол салынады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 июня 2019 в 12:42

Ақтөбеде Әлия музейі ашылып, Бұлаққа жол салынады 15 маусым — Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туған күні. Бүгін Әлияның туғанына 94 жыл толып отыр. Осыған орай батырдың туған жері Қобда ауданында мерекелік шаралар өткізілді. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Сондай-ақ, «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, әлиятанушы Ғалымжан Байдербес, Әлияның сіңлілері Әліп, Тәжен Сарқұловалар мен нағашы інісі Сапар Молдағұлов, Қобда, Әлия, Бұлақ ауылының тұрғындары да қатысты.Мерекенің шымылдығы батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылында ашылды.

Денис Тен ел намысын қалай қорғады

Источник: TengriNews Дата: 13 июня 2019 в 16:13

Денис Тен ел намысын қалай қорғады 13 маусым — Қазақстанның біртуар спортшысы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Қазақстандықтардың мәнерлеп сырғанау спортын сүйіп қарауына себеп болған Денис былтыр 25 жасында қаза тапқан болатын. Тengrinews.kz тілшісі спортшымыздың жеңіс жолы жайында баяндайды.«Конькиді әкем жасап беретін«Денис бала кезінен жан-жақты еді.

Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы — Жер алып, үй салу нұсқасы

Источник: TengriNews Дата: 30 мая 2019 в 14:03

Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы - Жер алып, үй салу нұсқасы Қалада қазір жердің бағасы шарықтап тұр. Шет жақтан жер алып, үй салу да бүгінде оңай емес. Жер учаскесі мен құрылыс материалдарының қымбаттағанына қарамастан, үйлердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Осы тұста жер алып, үй салған тиімдірек пе әлде ипотекаға пәтер алған тиімдірек пе деген сұрақ туады. Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын білу мақсатында осы қос нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін саралап, мақалалар легін жариялауды ұйғарған болатын.Мұның алдында редакция ипотекалық бағдарламамен пәтер алуды тиімді деп санаған жас отбасының оқиғасын әңгімелеген еді.

«Ағайынды» 10 жылдан кейін: Телехикая көрерменін несімен баурап алған еді

Источник: TengriNews Дата: 23 мая 2019 в 18:33

2009 жылы «Ағайынды» сериалы барша қазақстандықты көк экран алдына жинай алды. Бар болғаны алты сериядан тұрған туынды көптің көңілінен шықты. Биыл атақты сериалдың шыққанына 10 жыл болды. Тengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бұл сериалды неге сүйіп көргенін және оған түскен актерлердің бүгінге дейінгі шығармашылығын баяндайды.Сериал бір-бірінен алыс жанрларды тоғыстырған — криминал мен мелодрама.

Ақтөбеде «Максим» пулеметінің тұпнұсқасы бар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 04:02

Ақтөбеде «Максим» пулеметінің тұпнұсқасы бар Ақтөбедегі «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес қазақтың батыр қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерлігін насихаттауда өлшеусіз үлес қосып келеді. Қырық жылдан астам уақыт бойы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін дәріптеумен айналысып жүрген Ғалымжан Байдарбес батыр қыздың есімін ұлықтауда елеулі еңбек сіңірді.

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2019 в 11:12

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес Үкіметтік емес ұйымдар — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда облыста 626 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 200-ге жуығы белсенді түрде жұмыс жасайды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Анаға тағзым» орталығында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог үлгісінде өткен жиында ұйым басшылары өздерін толғандырып жүрген проблемаларды ортаға салды.

 «Әнім саған туған ел»…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 11:32

 «Әнім саған туған ел»… Кремльде өткен жеке концертінде Димаш Құдайберген Аймұраттың «Аққуым» әнін орындап, Украинада аталған әннің бейнебаянын түсірген болатын. Осылайша, қазақтың маңдайына біткен бағы Димаш арқылы қазақ әні, Аймұраттың әні жер-жаһанға, шартарапқа тарап кетті… Әлемді ұйытқан әсем сазды әуенді жақында ақтөбелік өнерсүйер қауым автордың орындауында тыңдайтын болады.

Бэтмен, Селфи, бокс. Футболшылар голын қалай атап өтеді

Источник: TengriNews Дата: 29 апреля 2019 в 18:33

Бэтмен, Селфи, бокс. Футболшылар голын қалай атап өтеді Ертең Чемпиондар лигасының жартылай финалы басталады. Кәрі құрлықтың үздік клубы атануға төрт команда үміткер. Бұл кезеңде футболшылар жігерлене ойнап, жанкүйерлерді әдемі голдарымен қуантып жатады. Бірақ кейде футбол матчы соғылған голмен емес, оны футболшының атап өту тәсілімен есте қалады. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі соққан голын тойлауымен есте қалған футболшылар топтамасын ұсынады.

Зауыт жұмысшылары партия съезінің шешімін қолдайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:52

Зауыт жұмысшылары партия съезінің шешімін қолдайды Бейсенбі күні Ақтөбе хром қосындылары зауытында Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің шешімін қолдау мақсатында еңбек ұжымының қатысуымен жиын өтті. Бүгінде аталған кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Зауыттан шығарылатын өнім АҚШ, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты әлемнің 31 еліне жөнелтіледі.

«Цифрлық мектеп» — білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 11:12

«Цифрлық мектеп» —  білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы Әлемде жаңа дәуір басталды: цифрлық дәуір. Болашақта бізді роботтар, жасанды интеллект әлемі күтіп тұр. Дамыған елдерде роботтандыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелері жылдам дамып, қоғамның барлық салаларына «ақылды» инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Бүгінде әлемнің 20-ға жуық елінде ұлттық цифрландыру бағдарламалары қабылданған. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Дания секілді елдер ұлттық экономиканы цифрландыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Қазақстанда 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Наурыз мейрамы туралы сіз білмеген 10 дерек

Источник: TengriNews Дата: 22 марта 2019 в 12:53

Наурыз мейрамы туралы сіз білмеген 10 дерек Қазақ халқы ықылым заманнан бері Наурыз мейрамын жыл басы санаған. Қаһарлы қыстан аман шыққан қазақ халқы жердің көктеуін Жаңа жылға балап, ұлан асыр той өткізген. Әйтсе де, Ұлыстың ұлы күні жайлы көп адам біле бермейтін деректер бар.Tengrinews.kz тілшісі тарих беттерінен әз-Наурыз мейрамы жайлы деректер ақтарып, қызықты мәліметтерді ұсынады.Наурыз — мұсылмандардың төл мейрамы емесНаурызды бүгінде көбіне мұсылман халқы атап өтетіндіктен, бұл мейрам ислам дініне қатысы бар деген ұғым пайда болған.

Білім: Оқушылар саны жылына 3-4 мыңға өсіп отыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 марта 2019 в 11:52

Білім: Оқушылар саны жылына 3-4 мыңға өсіп отыр Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова облыс орталығындағы шараларға қатысқан соң Қобда ауданына барды. Исатай Тайманұлы атындағы Қобда гимназиясында К.Шәмшидинова, облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов, облыстың білім басқармасы басшысы Л.Оразбаеваның қатысумен балабақша меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары, көпбалалы педагог аналармен кездесу өткізілді.

Қазақтан шыққан тұңғыш әйелдер

Источник: TengriNews Дата: 07 марта 2019 в 11:43

Қазақтан шыққан тұңғыш әйелдер Қазақстан әйелдері еліміздің Тәуелсіздігін қалыптастыру және нығайтудан бөлек, түрлі салаларда елеулі үлес қосып келеді. Tengrinews.kz тілшісі 8 наурыз күніне орай қазақ әйелдері арасынан тұңғыш шыққан және өз саласында ерең еңбек еткен мамандар жайлы мәлімет жинады.Қазақстанның бірінші ханымы — Сара Алпысқызы НазарбаеваСара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Показано 30 новостей из 137