Новости по теме "19 мамыр"

Ақтөбе мен Түркияның арасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 июня 2019 в 11:52

Ақтөбе мен Түркияның арасы Биыл — Қазақстанда еліміздің болашағы — жастарға мол мүмкіндік беріліп, олардың қоғамдық өмірге араласуына кеңінен жол ашылған — Жастар жылы. Осыған орай еліміздегі Түркітілдес журналистер қоры мамырдың екінші жартысында қазақстандық жас журналистер мен жас мамандар үшін Стамбұл-Бұрса-Гемлик-Гүрсу сапарын ұйымдастырып, жастар ІІ Спорт және туризм саммитіне қатысып қайтты.Таңданыс әуежайдан басталдыТүркия — туристік бағыттардың көшін бастап тұрған елдердің бірі. Өзінің терең тарихымен, таңдай қақтыратын табиғатымен кез келгеннің жүрегін жаулап алатын бұл мемлекетте туристерге қызмет көрсету сапасы дажоғары деңгейде. «Театр киім ілгіштен басталады» дегендей, өзге елге барғанда ең алдымен оның әуежайы мен вокзалын көріп-ақ, елдің әлеуетінің қандай екендігін болжауға болады.Пайдалануға өткен жылдың қазан айында берілген жаңа әуежай саны жағынан Стамбұлдағы үшінші әуежай болғанымен, үлкендігі мен қызмет көрсету сапасы жағынан нөмірі біріншісі екен. Қаланың еуропалық бөлігінде орналасқан әуе айлағы Стамбұл орталығынан 35 шақырым қашықтықта жатыр.

Екпінділер етпеттей жығылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 мая 2019 в 10:02

Екпінділер етпеттей жығылды 11-12 мамырда өткен 10-турда чемпионаттың екпінділері етпеттей жығылды. Сөйткені емей немене, «Астана» мен «Қайрат» көш соңында келе жатқан «Тараз» бен «Атыраудан» таяқ жесе, уақытша болса да бірінші орынға шығудан дәмесі зор «Тобыл» 1:5 есебімен ұтылып, айды аспанға шығарды. Одан әрі жылжысақ, бұл «Қайраттың» қатарынан үшінші рет ұтылуы болса, «Астана» да қатарынан екі рет еш ұпайсыз қалды.

Футбол. Премьер-лига. ХХVІІІ чемпионат

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 марта 2019 в 10:22

Футбол. Премьер-лига. ХХVІІІ чемпионат Биылғы чемпионаттың да ойындары өткен жылғыдай үш айналым бойынша өтеді. 9 наурызда басталатын дода 10 қарашада мәресіне жетеді.Биыл Премьер-Лига қатарына бір жыл бірінші топта ойнаған көкшетаулық «Оқжетпес» пен «Тараз» қайта оралып отыр.Жасыл алаңда шеберлік сайысына түсетін командалар туралы нақты ақпарат бере кететін болсақ, өткен жылы алғашқы үш орынға «Астана», «Қайрат», «Тобыл» командалары ие болғаны белгілі.Ал алғашқы бестікті «Ордабасы» мен «Қайсар» тұйықтады.6-10 орындарды ретімен «Жетісу», «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс» командалары бөлісті де, 11-12 орында қалған «Қызылжар СК» мен «Ақжайық» бірінші топқа түсіп қалды.«Ақтөбе» өз алаңымыздағы бірінші ойынын 30 наурыз күні өткізеді.5 рет Қазақстан чемпионы атанған, 3 рет күміс және 3 рет қола жүлдеге ие болған, Суперкубокты 3 рет жеңіп алған «Ақтөбеміз» өткен жылы УЕФА шешімі бойынша есебінен 6 ұпай шегеріліп қалғанына қарамастан, чемпионатты 7-орынмен аяқтаған болатын.

Бес турдан соңғы ұтылыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 мая 2018 в 10:32

Бес турдан соңғы ұтылыс «Астана»-«Ақтөбе» — 3:1 Қатарынан 5 тур бойы жеңіліссіз ойнап, екі рет ұтып, үш рет тең түскен «Ақтөбе» бірінші айналымның соңғы, 11-турында «Астанадан» жеңілуге мәжбүр болды.Рас, ақтөбеліктер елордаға жеңілуді мақсат тұтып бармағаны белгілі. Дегенмен «Астананың» қазіргі қуат-күші де жанкүйерлерге жақсы мәлім.Ойын басталар-басталмастан Дмитрий Шомко қонақтардың айып алаңына ентелей жеткен Джордже Деспотовичке тамаша пас тастады да, ол жанұшыра ұмтылған Рамиль Нұрмұхамбетовті оңай алдап соқты.

Ақтөбенің автокеруені — Орынборда!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 мая 2018 в 11:32

Ақтөбенің автокеруені — Орынборда! Кеше бір топ ақтөбелік Орынбор облысына барып, сондағы жұртшылыққа мәдени-көпшілік бағдарламасын ұсынды. Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған арнаулы шара «Достық керуені» деп аталды. Ақтөбеден аттанған делегацияны бастап барған Ақтөбе облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Мадияр Қабылдың айтуынша, мұндағы мақсат — екі облыстың арасындағы байланысты одан сайын нығайтып, Ақтөбедегі Орынбор күндері аясында осындағы тұрғындардың да көңілін көтеру, оларға жергілікті шығармашылық ұжымдардың өнерін паш ету.— Бір-бірімен іргелес жатқан өңірлердің достығы әу бастан-ақ берік.

Орынбор аллеясы ашылады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 мая 2018 в 12:12

Орынбор аллеясы ашылады Елордамыздың 20 жылдығы аясында өтетін Ақтөбедегі Орынбор облысының күндерінің бағдарламасы ауқымды. Екі күн ішінде қала тұрғындары Орынбор облысының туристік мүмкіндіктерімен, жаңа медициналық технологияларымен, «жасыл» экономиканың жетістіктерімен таныса алады. Сондай-ақ екі облыс арасында іскерлік байланыстар орнатылмақ.

«Ақтөбе» 5 гол соқты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 мая 2018 в 10:42

«Ақтөбе» 5 гол соқты «Ақтөбе»-«Ақжайық» — 5:3Соңғы төрт тур бойы еш жеңіліске ұшырамай, бір ойында ұтып (2:0), үш кездесуді бірдей есеппен тең аяқтаған (1:1) «Ақтөбеден» жанкүйерлер енді тек жеңіс күтіп еді. Сол үміт ақталды.Жексенбі күнгі кездесудің алғашқы минуттарынан бастап-ақ жерлестеріміз алаңға толық иелік етті. Үсті-үстіне шабуылдаған ақтөбеліктер бұрыштама доп та соқты, айып добын да орындады, әйтеуір, қарсыластар қақпасын нысанаға алумен болды.

Футбол. Премьер-лига. ХХVІІ чемпионат. Бірінші кезең

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 марта 2018 в 08:52

Футбол. Премьер-лига. ХХVІІ чемпионат. Бірінші кезең Биылғы чемпионаттың бірінші кезеңінің ойындары жылдағыдай негізінен сенбі, жексенбі күндері өтеді.Биыл Премьер-Лига қатарына бір жыл бірінші топта ойнаған талдықорғандық «Жетісу» мен жоғары топтан кеткеніне әлденеше жыл болған, атауын әлденеше рет өзгерткен петропавлдық «Қызылжар СК» қайта оралып отыр.«Ақтөбе» өз алаңындағы бірінші ойынын ауа райы қолайлы болуға тиіс шақта, 31 наурыз күні өткізеді.5 рет Қазақстан чемпионы атанған, 3 рет күміс және 3 рет қола жүлдеге ие болған, Суперкубокты 3 рет жеңіп алған «Ақтөбеміз» биыл еліміздегі ең белсенді жерлес жанкүйерлерін өрнекті ойындарымен риза етеді деп үміттенеміз.БІРІНШІ АЙНАЛЫМI ТУР 11 наурыз, жексенбі «Жетісу» — «Тобыл»«Ордабасы» — «Шахтер»«Қайрат» — «Қызылжар СК»«Ертіс» — «Атырау»«ҚАЙСАР» — «АҚТӨБЕ» «Астана» — «Ақжайық»II ТУР 17 наурыз, сенбі «Жетісу» — «Астана»«Қайсар» — «Ақжайық»«ЕРТІС» — «АҚТӨБЕ» «Қайрат» — «Атырау»«Ордабасы» — «Қызылжар СК»«Тобыл» — «Шахтер»III ТУР 31 наурыз, сенбі«Астана» — «Қайсар»«АҚТӨБЕ» — «ҚАЙРАТ» «Атырау» — «Ордабасы»«Ақжайық» — «Ертіс»1 сәуір, жексенбі «Шахтер» — «Жетісу»«Қызылжар СК» — «Тобол»IV ТУР 7 сәуір, сенбі «Жетісу» — «Қайсар»«Ертіс» — «Астана»«Қайрат» — «Ақжайық»«ОРДАБАСЫ» — «АҚТӨБЕ» «Тобыл» — «Атырау»«Шахтер» — «Қызылжар СК»V ТУР 14 сәуір, сенбі «Қызылжар СК» — «Жетісу»«Атырау» — «Шахтер»«АҚТӨБЕ» — «ТОБЫЛ» «Ақжайық» — «Ордабасы»«Астана» — «Қайрат»«Қайсар» — «Ертіс»VI ТУР 22 сәуір, жексенбі «Жетісу» — «Ертіс»«Қайрат» — «Қайсар»«Ордабасы» — «Астана»«Тобыл» — «Ақжайық»«ШАХТЕР» — «АҚТӨБЕ» «Қызылжар СК» — «Атырау»VII ТУР 28 сәуір, сенбі «Атырау» — «Жетісу»«АҚТӨБЕ» — «ҚЫЗЫЛЖАР СК» «Ақжайық» — «Шахтер»«Астана» — «Тобыл»«Қайсар» — «Ордабасы»«Ертіс» — «Қайрат»VIII ТУР 5 мамыр, сенбі «Жетісу» — «Қайрат»«Ордабасы» — «Ертіс»«Тобыл» — «Қайсар»«Шахтер» — «Астана»«АТЫРАУ» — «АҚТӨБЕ» «Қызылжар СК» — «Ақжайық»IX ТУР 9 мамыр, сәрсенбі «Ақжайық» — «Атырау»«АҚТӨБЕ» — «ЖЕТІСУ» «Астана» — «Қызылжар СК»«Қайсар» — «Шахтер»«Ертіс» — «Тобыл»«Қайрат» — «Ордабасы»X ТУР 13 мамыр, жексенбі «Жетісу» — «Ордабасы»«Тобыл» — «Қайрат»«Шахтер» — «Ертіс»«Кызылжар СК» — «Қайсар»«АҚТӨБЕ» — «АҚЖАЙЫҚ» «Атырау» — «Астана»ХI ТУР 19 мамыр, сенбі «Ақжайық» — «Жетісу»«АСТАНА» — «АҚТӨБЕ» «Қайсар» — «Атырау»«Ертіс» — «Қызылжар СК»«Қайрат» — «Шахтер»«Ордабасы» — «Тобыл»ЕКІНШІ АЙНАЛЫМХII ТУР 27 мамыр, жексенбі «Астана» — «Жетісу»«Ақжайық» — «Қайсар»«АҚТӨБЕ» — «Ертіс» «Атырау» — «Қайрат»«Қызылжар СК» — «Ордабасы»«Шахтер» — «Тобыл»ХIII ТУР 31 мамыр, бейсенбі «Жетісу» — «Шахтер»«Тобыл» — «Қызылжар СК»«Ордабасы» — «Атырау»«ҚАЙРАТ» — «АҚТӨБЕ» «Ертіс» — «Ақжайық»«Қайсар» — «Астана»ХIV ТУР 17 маусым, жексенбі «Қайсар» — «Жетісу»«Астана» — «Ертіс»«Ақжайық» — «Қайрат»«АҚТӨБЕ» — «ОРДАБАСЫ» «Атырау» — «Тобыл»«Қызылжар СК» — «Шахтер»ХV ТУР 23 маусым, сенбі «Жетісу» — «Қызылжар СК»«Шахтер» — «Атырау»«ТОБЫЛ» — «АҚТӨБЕ» «Ордабасы» — «Ақжайық»«Қайрат» — «Астана»«Ертіс» — «Қайсар»ХVI ТУР 1 шілде, жексенбі «Ертіс» — «Жетісу»«Қайсар» — «Қайрат»«Астана» — «Ордабасы»«Ақжайық» — «Тобыл»«АҚТӨБЕ» — «ШАХТЕР» «Атырау» — «Кызылжар СК»ХVII ТУР 6 шілде, жұма «Тобыл» — «Астана»«Ордабасы» — «Қайсар»«Қайрат» — «Ертіс»7 шілде, сенбі «Жетісу» — «Атырау»«ҚЫЗЫЛЖАР СК» — «АҚТӨБЕ» «Шахтер» — «Ақжайық»ХVIII ТУР 14 шілде, сенбі «Қайсар» — «Тобыл»«Астана» — «Шахтер»«АҚТӨБЕ» — «АТЫРАУ» «Ақжайық» — «Қызылжар СК»15 шілде, жексенбі «Қайрат» — «Жетісу»«Ертіс» — «Ордабасы»ХIХ ТУР 21 шілде, сенбі«Атырау» — «Ақжайық»«ЖЕТІСУ» — «АҚТӨБЕ» «Қызылжар СК» — «Астана»«Шахтер» — «Қайсар»22 шілде, жексенбі «Тобыл» — «Ертіс»«Ордабасы» — «Қайрат»ХХ ТУР 28 шілде, сенбі «Қайсар» — «Қызылжар СК»«АҚЖАЙЫҚ» — «АҚТӨБЕ» «Астана» — «Атырау»29 шілде, жексенбі «Ордабасы» — «Жетісу»«Қайрат» — «Тобыл»«Ертіс» — «Шахтер»ХХI ТУР 4 тамыз, сенбі «Жетісу» — «Ақжайық»«АҚТӨБЕ» — «АСТАНА» «Атырау» — «Қайсар»5 тамыз, жексенбі «Қызылжар СК» — «Ертіс»«Шахтер» — «Қайрат»«Тобыл» — «Ордабасы»ХХII ТУР 11 ТАМЫЗ, сенбі «Тобыл» — «Жетісу»«АҚТӨБЕ» — «ҚАЙСАР» «Ақжайық» — «Астана»12 тамыз, жексенбі «Шахтер» — «Ордабасы»«Қызылжар СК» — «Қайрат»«Атырау» — «Ертіс»

АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ немесе сайлаушылар аманатына адалдық танытпаған депутат

Источник: Матрица.kz Дата: 06 октября 2017 в 13:43

АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ немесе сайлаушылар аманатына адалдық танытпаған депутат Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы мен оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жолын көрсеткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елдің әлеуметтік ахуалын айтарлықтай жақсартудың межелері көрсетілген болатын. Ұлт жоспарына жүгінсек, тұрмысқа қажетті таза ауыз су, көгілдір отын, тұрақты электр энергиясы халыққа қолжетімді болуы тиіс.

Карагандинские лошади вошли в национальную сборную страны

Источник: EKaraganda.kz Дата: 26 мая 2017 в 15:05

Карагандинские лошади вошли в национальную сборную страны С 13 по 19 мая 2017 года в городе Алматы проходил Чемпионат РК среди взрослых по национальным конным видам спорта. В чемпионате приняла участие сборная Карагандинской области по следующим видам спорта: көкпар, бәйге, аударыспақ (борьба на лошадях), жамбы ату, теңге ілу. Спортсмены сборной Қарағандинской области Омарбаев Талғат занял 2 место по жамбы ату, Дархан Дулатұлы занял 3 место по аударыспақ и были включены в национальную сборную страны.

Нартай Бекежанов атындағы театр келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2017 в 20:42

Нартай Бекежанов атындағы театр келді Ақтөбеде Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары басталды. Гастрольдік сапардың алғашқы күнінде театр ұжымы ақтөбелік көрермен назарына Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясын ұсынды. Қойылым облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театры сахнасында өтті.

Соғыстың сансыз сынағы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 мая 2017 в 23:42

Соғыстың сансыз сынағы Соғыс жылдарында, бүкіл елмен бірге, Ақтөбе өңірі де «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» ұранымен өмір сүрді. Әсіресе, 1941-1942 жылдар өте қиынға соқты. Бұрын ер-азаматтар атқарған шаруалар нәзік жаратылған әйелдер мен буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балаларға жүктелді. Әйел-аналар күнделікті тіршіліктің бейнетінен бөлек, майданға жылы киім, азық-түлік түрінде үздіксіз көмек жіберуге, қанатымен су тасыған қарлығаштай, қорғаныс саласының қажетіне үлес қосуға тырысты. Қызыл армияға нақты көмек «Актюбинская правда» газетінің 1942 жылғы 17 қаңтардағы санында Ақтөбе комбинатының тұрғындар қалашығындағы үй шаруасындағы әйелдердің үндеуі жарияланды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 12 новостей из 12