Популярные темы

11сынып: новости

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады? Аймағамбетовтің 5 ұсынысы

Tengrinews, 14 июля 2020 в 10:33

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады? Аймағамбетовтің 5 ұсынысы
Бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Жыл сайын ЖРВИ кезеңінде білім алушылардың 70 пайызға жуығы ауырады«Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Екі ақтөбелік оқушы жеңімпаз атанды

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:45

Екі ақтөбелік оқушы жеңімпаз атанды
Біздің облыстың екі оқушысы Абайдың 175 жылдығына арналған ІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанды. Олар — М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Нұрай Қабдол мен Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Рамазан Бақырадинов.

Үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 12:02

Үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?
Үш ауысымды мектептерді жою — еліміздің білім саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауларында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, Тұңғыш Президент өткен жылғы Жолдауында: «Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын» деген болатын.

Оқырмандар әдеби байқауға қатыса алады

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:12

Оқырмандар әдеби байқауға қатыса алады
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұжымы қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты республикалық әдеби онлайн-байқау ұйымдастырмақ. Мақсат — өскелең ұрпақтың бойында Абай шығармашылығына, сондай-ақ өлкеге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, олардың туған тілі мен ұлтына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.Кітапхана қызметкері Марал Сандыбайдың айтуынша, байқауға 3-11 сынып аралығындағы мектеп, арнайы орта оқу орындарының оқушылары қатыса алады.

Жалпы республикалық ашық сабақ: «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтастары»

Ақтөбе газеті, 30 ноября 2019 в 11:52

Жалпы республикалық ашық сабақ: «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтастары»
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ САБАҚ М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында өткен ашық сабаққа ардагер-ұстаз, мектептің бұрынғы басшысы Данағали Кенжебаев, 7 және 9-сынып оқушылары қатысты.Мектеп кітапханашысы Жұлдыз Боранқұлова оқушыларды Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайтын Елбасының кітаптарымен таныстырып, «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Бұқара

Ақтөбе газеті, 21 ноября 2019 в 10:22

Бұқара
БАҒБАН«Адамды адам еткен — еңбек» дейді халық даналығы. Шалқарлық Мәжит Жақыпов — сексеннің сеңгіріне шықса да, қолынан кетпені мен күрегін тастамаған кісі. Мәжит Жақыповтың тынымсыз тірлігін талай алқалы басқосуларда аймағымыздың, ауданымыздың басшылары көпке үлгі етіп келеді. Өкшебасарларын үнемі еңбекқорлыққа жетелеп жүретін Мәжит ақсақал саналы ғұмырында бау-бақшаның қыр-сырын меңгеріп, отбасының нәпақасын сол жерден тапты. — 1954 жылы жеті класты бітіргеннен кейін, Ақтөбе қаласының маңындағы «Әлімбетов» кеңшарында трактор жүргізушісі болып жұмыс істедім.

«Декретке шығып кетесің, ала алмаймыз». Дарынын дәлелдеп шыққан ақтаулық шахматшы әжей

Tengrinews, 18 ноября 2019 в 15:23

Ұлдай Оразалина жасы 73-те. Ақтау қаласының тумасы. Балалық шағы Атырау облысының Сарайшық деген жерінде өткен. Балалық шағын өзге балалар секілді асыр салып ойнамай, шахматпен айналысқан. Шахматты кейіпкеріміздің әкесі, анасы, ағасы ойнаған. Балалық шағында кішкентай Ұлдай үйіндегілермен шахмат ойнап жарысқан.«Менің балалық шағымда жарық 12-ден кейін сөніп қалатын.

«Ақтөбе» газеті ойылдық оқырмандарымен кездесті

Ақтөбе газеті, 07 ноября 2019 в 10:32

«Ақтөбе» газеті ойылдық оқырмандарымен кездесті
Ойдағы елдің ықыласыОблыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газеті 95 жылдық мерекесіне орай Ойыл ауданына барып, оқырмандарымен кездесіп қайтты. Бұл сапардың барлық шарасы «Ауылым — алтын бесігім» бағдарламасы аясында өтті. Ғасырға жуық уақытта қос дәуірдің куәсі болған облыстық басылымнан қол үзбеген ойдағы елдің оқырмандары газет ұжымын ерекше ықыласпен қарсы алды.Әкімшілік үйінде қонақтарды қабылдаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев өңірдің бүгінгі тынысына шолу жасап, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын және алдағы жоспарларын айтып, аудан көлеміндегі бірқатар мәселелерімен таныстырды.

«Баланы ешқашан күштеп оқытпаймын». Авторлық әдістемесімен білім беретін ұстаздың әңгімесі

Tengrinews, 25 октября 2019 в 14:33

Ұстаз — ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алған еді. Бұл жолы 40-тан аса мақала мен бірнеше оқулықтың авторы, 20 жылдан аса уақыт мұғалімдік қызметте жүрген Хасен Масғұтұлы жайлы материал ұсынамыз.Хасен Масғұтұлы — 50 жаста, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің аппараты «Астана ақшам» газетінің құрметті тілшісі. Қазір Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Жұлдыз деген ауылдағы мектепте жұмыс істеп жүр.

Оза шапқан оқушылар марапатталды

Ақтөбе газеті, 19 октября 2019 в 13:42

Оза шапқан оқушылар марапатталды
Ақтөбеде «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында өткен байқаудың жабылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтады. — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы облысымыздың дамуына серпін беріп, қоғам талабымен үйлесім тапты.

Шағын футбол турнирі

Ақтөбе газеті, 08 октября 2019 в 10:02

Шағын футбол турнирі
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен қалалық №31 мектептің спорт алаңында 10-11 сынып оқушылары арасында «Мен нашақорлыққа қарсымын» деген атпен шағын футболдан турнир өтті. Жастар жылы аясында өткізіліп жатқан спорттық шараға қала аумағындағы білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.Шараның мақсаты айқын.

Діни сауаттылық — оқушылар қауіпсіздігі

Ақтөбе газеті, 14 сентября 2019 в 12:32

Діни сауаттылық — оқушылар қауіпсіздігі
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыстық дін істері басқармасы қалалық білім бөлімімен бірлесіп, белгіленген уақытқа сай қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырып жүр. Бұл жолы кездесу №26 орта мектептің мәжіліс залында өтті.

Облыстық тамыз кеңесі: жаңа оқу жылы және ерекшеліктер

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 13:02

Облыстық тамыз кеңесі:  жаңа оқу жылы және ерекшеліктер
Кеше Өнер орталығында «Bilim ja’ne g’ylym» тақырыбында облыс педагогтерінің жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді. Жаңа оқу жылындағы басты жаңалықтар — «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымның жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.

Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек?

Tengrinews, 28 августа 2019 в 17:03

Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек?
Ұстаз — ұлы тұлға. Ал ұстаздық мансап жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Бүгінде бүкіл өмірін мұғалімдік қызметке, мектепке және балаларға арнаған ұстаздар жетерлік. Осы мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алды.Бұл жолы өмірін білім беру саласына арнаған ұстаз Жанаргүл Дәрібаева жайлы материал ұсынамыз.

Мектептер оқу жылына дайын ба?

Ақтөбе газеті, 15 августа 2019 в 11:42

Мектептер оқу жылына дайын ба?
Жаңа оқу жылында облыстағы 403 мектепте 150 мыңға жуық оқушы білім алады. Мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандардың үлесі 19 мыңнан асады. Қазірдің өзінде электронды форматта қабылданған 1-сынып оқушыларының саны — 13675 бала. Оқушыларға 14949 педагог сабақ береді. Дегенмен әлі 265 маман тапшы. Олардың басым бөлігі — орыс мектептерінің, орыс сыныптарының мұғалімдері.

Бала қатыгез болмасын десең — бауырыңа тарт

Ақтөбе газеті, 15 августа 2019 в 10:52

Бала қатыгез болмасын десең — бауырыңа тарт
Жасөспірімдер қылмысына байланысты өткен жиында облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Облыстағы мемлекет қаржыландыратын 164 ювеналды полиция қызметкері өз жұмыстарын формалды түрде жүргізеді» деп сынады. Әдетте жасөспірімдер арасында ауыр қылмыстар жасалғанда, полиция мен заңбұзушылыққа барған оқушылары үшін мектеп мұғалімдерінің сөз еститіні қалыпты жағдайға айналды.Өткен жылмен биылғы жартыжылдықты салыстырғанда ресми дерек статистикасы арасында аса айырмашылық жоқ.

Қала әкімі белсенді жастармен кездесті

Ақтөбе газеті, 10 августа 2019 в 11:52

Қала әкімі белсенді жастармен кездесті
12 тамыз — Халықаралық жастар күні қарсаңында Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин шет мемлекеттерде білім алып жүрген студенттермен және өңірдегі белсенді жастармен қала сыртындағы «Солнечный» демалыс орталығында кездесті. Кездесуге спорт, мәдениет, білім салаларында көзге түсіп жүрген белсенді 30 жас қатысты.

Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие

Ақтөбе газеті, 04 июля 2019 в 10:32

Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие
Елімізде жұмысшы мамандықтарына сұраныс қашан да жоғары. Биылғы оқу жылынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейту туралы тапсырма бергені белгілі. Өңірдеауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын оқытуға баса назар аударылуда.

Димашпен кездеседі

Ақтөбе газеті, 29 июня 2019 в 13:02

Димашпен кездеседі
Елорда әкімдігі Арыстан Нұр-Сұлтан қаласына келетін балаларға кешенді саяхат бағдарламасын дайындап жатыр. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, елордаға келетін арыстық балалардың алғашқы легін әкімдік өкілдері алдағы дүйсенбі күні қарсы алмақ. «Алғашқы 200 баланы Димаш Құдайбергеннің концертіне апарамыз деп жоспарлаған едік.

Жас ұстаздар: ізгілік пен ізденіс

Ақтөбе газеті, 27 июня 2019 в 13:32

Жас ұстаздар: ізгілік пен ізденіс
Ұстаздық – басқа мамандықтарға қарағанда, ең қиын әрі ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі ұстаздардың басты міндеті — жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Бүгінгі жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың басты көрсет­кіші — білім деңгейі. Сондықтан кез келген шәкірттің дарынды, зерек болуы алдымен ұстаздардың білімі мен біліктілігіне байланысты.

Университеттің бас ғимаратына Мұхтар Арынның есімі берілді

Ақтөбе газеті, 23 мая 2019 в 15:42

Университеттің бас ғимаратына Мұхтар Арынның есімі берілді
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы ұстаз, ғалым Мұхтар Арынды еске алуға арналған «Мұхтар Арынның мәңгілік асқары» атты шара өтті.Аталған шараға зиялы қауым өкілдері, ғалыммен бірге қызмет еткен әріптестері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.Шара алдымен Мұхтар Арынның атына берілген университеттің бас ғимаратын қонақтарға таныстырумен басталды.

Байқадамда бейбітшілік алаңы бар

Ақтөбе газеті, 16 мая 2019 в 10:12

Байқадамда бейбітшілік алаңы бар
Жеңіс күні Есет Көтібарұлы ауылдық округінің орталығы Байқадамда «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында осы өңірдің төл перзенті, жанашыр азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Бердібек Шәкірбекұлының демеушілігімен тұрғызылған Бейбітшілік алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Жиында аудан әкімі Бауыржан Қаниев сөз сөйлеп, жиналған қауымды Жеңіс күні және қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келген Бейбітшілік алаңының ашылуымен құттықтап, осы игілікті істі қолға алып, жүзеге асырған Бердібек Шәкірбекұлына алғыс айтып, оның аудан, ауыл халқының игілігі үшін жасаған жүйелі жұмыстарын ерекше атап өтті.

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін

Ақтөбе газеті, 01 мая 2019 в 12:22

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін
Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.Оған еліміздің барлық өңірінен 1300 делегат келген. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Германия елдерінен қонақтар қатысып, келгендердің жалпы саны 1500 адамнан асты.

Желаяқтар жарысқан күн

Ақтөбе газеті, 01 мая 2019 в 11:52

Желаяқтар жарысқан күн
Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Мұнайшы» стадионында облыстық «Ақтөбе» газетінің жүлдесі үшін жеңіл атлетиканың негізгі түрі — жүгіруден облыстық жарыс өтті. Оған Ақтөбе қаласынан, Қарғалы, Хромтау, Мәртөк, Қобда аудандарынан, сондай-ақ Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан жүзден аса желаяқ қатысты. Биылғы спорт мерекесінің басты ерекшелігі — ол облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығына арналды.

Бұқара

Ақтөбе газеті, 08 февраля 2019 в 01:32

Бұқара
ЕРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ҮЛГІСІКеңес ОдағыныңБатыры атағын алған ақтөбеліктер — М.Бөкенбаев (1924-2002), В.Синельников (1924-1980), Н.Терещенко (1924-1944), Л.Шиловский (1919-1943), А.Гришин (1914-1980), Ф.Шатров (1914-1990) және үш дәрежелі «Даңқ» орденінің иегерлері – И.Стариков (1924-1991), Ш.Рафиков(1904-1972), Ш.Еркінов (1924-1949), С.Ешбаевтың (1924-1996) ерлік жолдарын насихаттау үшін Ақтөбе қаласының мектептерінде танымдық шаралар өткізуді бастадық.Ұлы Отан соғысында ақтөбелік 35 жауынгер Кеңес Одағының Батыры, 9 жауынгер «Даңқ» орденінің үш дәрежесінің толық иегерлері атанды.

Облыс әкімі Нарқызды жаңа жылымен құттықтады

Ақтөбе газеті, 04 января 2019 в 12:42

Облыс әкімі Нарқызды жаңа жылымен құттықтады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Нарқыз Исимованы Жаңа жылымен құттықтады. Нарқыз денсаулығына байланысты сабақты үйде оқиды. Мүмкіндігі шектеулі балаға үйде барлық жағдай жасалған. Бұл күні Нарқыз тұратын үйге Аяз ата мен Ақшақар да келіп, оны ерекше қуанышқа бөледі.— «Бақытты бала» жылын бекерден-бекер жариялаған жоқпыз.

Мамандар қанша жастан бастап отбасы құру керек екенін айтты

Tengrinews, 07 декабря 2018 в 20:33

Мамандар қанша жастан бастап отбасы құру керек екенін айтты
Бүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Ерте үйленудің ертеңі қандай?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бағдарлама барысында 18 жасында 2 баланың анасы атанған Ақмарал есімді қонақ келді. Оның жолдасы Ерланның жасы отбасын құрған сәтте 21-де болған. «11-сынып оқып жүргенімде тұрмысқа шықтым.

Елбасы кітапханасы — Қобдада

Ақтөбе газеті, 17 ноября 2018 в 11:52

Елбасы кітапханасы — Қобдада
Елбасы кітапханасы Қобда ауданының тұрғындары үшін көшпелі экскурсия ұйымдастырды. «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы шеңберінде өткен көшпелі тақырыптық экскурсия барысында аудан тұрғындары тың деректермен танысып, әдетте музейлерде ұстауға болмайтын жәдігерлерді қолмен ұстап көру мүмкіндігіне ие болды.Елбасы кітапханасының бірегей қорларын көпшілікке көрсету мен насихаттауды кеңейтуге бағытталған іс-шара Қобда аудандық Мәдениет үйінде өткен кездесумен басталды.

Оқушылар туристік ас әзірледі

Ақтөбе газеті, 23 октября 2018 в 10:52

Оқушылар туристік ас әзірледі
Ақтөбе қаласындағы «Достық» лагерінде Халықаралық туризм күніне орай мектеп оқушылары арасында спорттық туризм техникасы бойынша екі күндік «Алтын күз — 2018» тақырыбында жарыс ұйымдастырылды. Бұл — дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара. Аталған шара Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен жас туристер стансасының бірлесе ұйымдастыруымен өтті.

Облыс әкімі жастардың ұсыныстарын тыңдады

Ақтөбе газеті, 13 октября 2018 в 16:52

Облыс әкімі жастардың ұсыныстарын тыңдады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстағы бірқатар үздік мектептердіңоқушыларымен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерден туындайтын мәселелерді талқылады, алдағы Жастар жылына қатысты жастардың ұсыныстарын, ой-пікірлерін тыңдады. Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген кездесуді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.
Показано 30 новостей из 74