Новости по теме "10 мамыр"

Құттығай батыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 ноября 2019 в 10:12

Құттығай батыр Бағзы заманда, ел мүддесі үшін күресіп өткен тарихи тұлғалардың қоғамдағы орнын ауыздан-ауызға көшкен аңыз-әңгімелер негізінде бағамдау — күрделі мәселе. Сол тұрғыдан қарағанда мұрағат деректерінде есімі хатталмаған асыл бабалардың халық үшін атқарған қызметтерін дәлелдеу қиынға соғары қынжылтады. Десек те, ел қариялары таңбалаған шежірелер мен жұрт жадында сақталған мәліметтерге сүйеніп, ұрпақтық парызымызды атқаруға кім кедергі.

Әжібай би

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 мая 2019 в 15:32

Әжібай би Ұлы даланың жеті қыры XVIII ғасырдағы қазақтың басына қара бұлт үйірген «ақтабан-шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңінде, Әбілқайыр ханның Ресей империясымен құжаттасуы заманында, кейінгі Нұралы хан дәуірінде, жоңғар-қалмақ шапқыншылығы мен Жайық казактарының құқайы тұсында ел бірлігін, ұлт ынтымағын сақтауда үлкен еңбек сіңірген тарихи тұлғаның бірі — Әжібай би Болпыш ұлы (1680-1790), (кей деректе Болпаш).Әжібай бидің парасаттылығы, билігі, дегдарлығы туралы ел ішінде аңыз-әңгімелер жеткілікті болса, мұрағат деректері және көне қолжазбаларда да мәліметтер мол. Әкесі Болпыштың нұсқауымен Кіші жүздің көсемі Әйтеке биден бата алған Әжібай мен Арал есімдері қатар аталып отырады.

«Социалдық жол» бұдан 86 жыл бұрын

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2019 в 10:52

«Социалдық жол» бұдан 86 жыл бұрын Биыл шыға бастағанына 95 жыл толатын облыстық «Ақтөбе» газеті бастауын «Кедей», «Социалдық жол», «Социалистік жол» , «Коммунизм жолы» атауымен әр кезеңде шыққан басылымдардан алады. Жиырмасыншы жылдардың үні — «Кедей» араб қарпімен сөйлесе, отызыншы жылдардағы «Социалдық жол» оқырманның қолына латын әліпбиімен жеткені белгілі.

«Н.Назарбаев: Дәуір, тұлға, қоғам»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 декабря 2018 в 13:52

«Н.Назарбаев: Дәуір, тұлға, қоғам» Қазақ халқы қашан да Ел басшысын елдің тірегі санап, оған зор құрметпен қараған. Ақтөбеліктердің облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтіп жатқан «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрмеге деген ықыласы да — осының бір дәлелі. Екі апта уақыт ішінде көрмені 24 мың адам тамашалады.«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесі Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен 14 қарашада ашылған еді. Қазақстан, Тәуелсіздік және Елбасы — бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын ұғымдар.Көрме жәдігерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасы рөлі, еліміздің тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолдары мен жетістіктері жөнінде сыр шертеді.Көрме төрт бөлімнен тұрады: «Елбасы жолы», «Елбасы феномені», «Әлем таныған Елбасы» және «Елбасы мәртебесі — ел мәртебесі» бөлімдері.Елбасы жолыКөрменің «Елбасы жолы» бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың — ол туған әулеттің шежіресі мен балалық шағынан бастап, саясаткер ретінде әлемге танылғанға дейінгі аралықтағы өмір жолы көрсетіледі.Ұлы даланың ежелгі, автохтонды халқы болып табылатын қазақтың дәстүрінде белгілі адамдардың өмір жолы, арғы ата-бабалары және туып-өскен жерінің тарихымен байланыстыра баяндалады.

Ауыл шаруашылығы мамандары — ел тірегі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 июня 2017 в 20:42

Ауыл шаруашылығы мамандары — ел тірегі Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик — Құрметті Тілектес Исабайұлы, тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда қандай елеулі жетістіктерге қол жеткіздік? Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын заман талаптарына сай дамытуда қандай күрделі мәселелер бар? — Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл — қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі. Әрбір азамат өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды Атамекенге деген өзінің перзенттік парызы деп санайды.Бүгінгі күні жаңа заманның талаптарына бейімделіп, кез келген өзгерісті қабылдау үшін, ең алдымен, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтай отырып, терең білім мен зерделі ғылымды дамыту шарт. Әлемде орын алып отырған қаржы-экономикалық дағдарыстың әсеріне қарамастан, елімізде әр салада индустриалды-инновациялық бағдарламалар қолға алынып, көптеген игі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Талдықорғанда аулада ішімдік ішіп отырған ер адам кенеттен көз жұмды

Источник: Zakon.kz Дата: 10 мая 2017 в 17:09

Талдықорғанда аулада ішімдік ішіп отырған ер адам кенеттен көз жұмды 10 мамыр күні,түс кезінде Талдықорған қаласының 4-ықшамауданында балалар ауласында ер адам көз жұмды, деп жазады stan.kz.«Таңертең оның ішімдік ішіп отырғанын көргем. Сол жерде көз жұмды. Кейіннен оның қан қысымы көтерілгені анықталды. Адамдар, ішімдік ішпеңіздер!», – деп жазады желі қолданушысы Қайрат Әбдрахман желідегі Талдықорганец тобында.Видеода мәйітті көлікке көтеріп салып жатқан сәті түсірілген.

Бірінші айналым аяқталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 мая 2017 в 22:52

Бірінші айналым аяқталды Премьер-Лига2 «қызыл қағаз», 1 автогол, 2 және 4-минуттарда соғылған екі ең шапшаң гол, 90 минуттық екі таймға жалғанған қосымша уақытта соғылған екі гол…Бірінші кезеңнің бірінші айналымының соңғы кездесулерін шамамен осылай суреттеуге болатын шығар.11-турды «Ақтөбе» Қызылордада өткізді.Бөгде алаңды жатсынды ма, әлде нұсқау дұрыс берілмеді ме, әйтеуір жерлестеріміз әп дегеннен қателесумен болды. Қорғаушыларымыз қақпашы Андрей Сидельниковке мығым қамқорлық жасай алмады. «Қайсардың» қарсыластар үшін қауіпті футболшысы Владимир Аржанов әуелі 16-минутта, сосын 41-минутта соққан екі гол үшін Андрейді айыпқа жығудың тіпті де жөні жоқ.

Тең текетірес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 апреля 2017 в 21:02

Тең текетірес Премьер-Лига«Ақтөбе»-«Ақжайық» — 1:16-турда «Қайрат» төрт тең ойыннан соң ақыры зарыққан жеңісіне жетті. Рас, онсыз да 11-орында келе жатқан «Шахтерді» ұтты. «Астана» 12-орында тұрған «Атыраудың» қақпасына 84-минутта соққан голы арқылы ұтысқа ие болды. Алғашқы үштікте келе жатқан «Қайсар» мен «Тобыл» тең ойнады.Өз алаңында өткізген екінші кездесуінде де «Ақтөбе» жеңіске жете алмады, тіпті тағы да жеңіліп қала жаздады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 8 новостей из 8