Популярные темы

1 наурыз: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті

Akorda.kz (KZ), 05 марта 2020 в 16:43

Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуды жөн көрген.– Қордайда болған оқиға халқымызды дүр сілкіндірді, бүкіл әлемді елең еткізді.

Светлана Югай: Әңгімемізді қазақша өрбітеміз

Ақтөбе газеті, 01 мая 2019 в 10:32

Светлана Югай: Әңгімемізді қазақша өрбітеміз
Ақтөбелік Светлана Югайдың ұлты кәріс демесеңіз, қазақшаға судай. Мемлекеттік тілді қаршадайынан жетік меңгерген ол кіл қазақтардың ортасында туып-өскенімнің әсерінен алғашында корей түгілі, орыс тілінде сөйлеуге ұялатынмын дейді. Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылдық округінде дүниеге келген кейіпкеріміздің әкесі кәріс болса, ал анасы — қазақ.

Шалқарлық шенеунік әзілдеймін деп басы бәлеге қалды

Tengrinews, 19 марта 2019 в 13:13

Шалқарлық шенеунік әзілдеймін деп басы бәлеге қалды
Шалқарлық тағы бір шенеунік әзілдеймін деп басы дауға қалды. Бұл жолы Шалқар аудандық әділет басқармасының маманы теріс қылығы үшін жұмыстан кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияның сауалхатына берген жауабында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Анар Танербергенова айтты.Шенеунік биылғы 1 наурыз күні «Шалқарлық ТӨРТҚАРА бауырларға» атты құттықтау сөзін құжатқа жазып, оны департамент атынан мөр басып, Instagram желісінде жариялаған.Әділет басқармасының құжаты ретінде толтырылған хатта «Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда ТӨРТҚАРАЛАР Күні атап өтілетіні» туралы жалған хабарлама жазылған.

Көңілі даласындай кең Қазақ халқына алғыс айтылды

Ақтөбе газеті, 04 марта 2019 в 10:52

Көңілі даласындай кең Қазақ халқына  алғыс айтылды
Ақтөбеліктер Алғыс айту күнін тойлады. 1 наурыз күні облыстың барлық аудандарында кең ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам ақтөбелікке жалпы сомасы 27,2 миллион теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысқан басты ресми салтанатты шара «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласының алаңында өтті.

Ардагер ұстазбен әңгіме

Ақтөбе газеті, 04 марта 2019 в 10:32

Ардагер ұстазбен әңгіме
1 наурыз — Алғыс айту күніне орай қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова мен Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегенов қала тұрғыны, ардагер ұстаз Қамалхан Қуанұлын құттықтап, арнайы үйіне барды.Еліміздің білім беру саласына үлес қосқан ардагерге қала әкімі Ілияс Испановтың атынан алғыс білдіріп, тәтті толы себет сыйға тартты.Дастарқан барысында Күлпаршын Айдарханова:— Құрметті Қамалхан Қуанұлы, сіздің еліміздің білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еткен еңбегіңіз ешқашан ұмытылмайды.

Өнерпаздар қайырымдылық көрсетті

Ақтөбе газеті, 04 марта 2019 в 10:22

Өнерпаздар қайырымдылық көрсетті
1 наурыз — Алғыс айту күні қалалық Мәдениет үйінде «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтті. Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі ұйымдастырған кешке қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қатысты.Кеш барысында сөз алған Күлпаршын Айдарханова өнерлі мектеп ұжымына қала әкімі Ілияс Испановтың атынан Алғыс айтып, арнайы диплом табыстады.— Бүгінгі таңда бірнеше жылдық тарихы бар Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде мыңнан астам бала оқиды.

XVIII очередной съезд партии «Hұp Отан» под председательством Главы государства

Nomad.su, 04 марта 2019 в 00:03

XVIII очередной съезд партии
«Ак Орда», 27 февраляВ работе съезда партии «Нұр Отан», приуроченного к ее 20-летию, приняли участие делегаты, избранные на региональных конференциях, депутаты Парламента, руководители органов государственного управления, национальных холдингов и компаний, представители гражданского общества, неправительственных и молодежных структур, международных организаций, дипломатического корпуса, первичных партийных организаций, средств массовой информации, деятели науки и культуры, ветераны партии.Перед началом основного заседания Нурсултан Назарбаев посетил специальную выставку, посвященную текущей работе, внутрипартийной модернизации и истории партии «Нұр Отан».

Бүгін — Алғыс айту күні

Ақтөбе газеті, 01 марта 2019 в 12:32

Бүгін — Алғыс айту күні
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Жыл сайын тойланатын бұл мерекені ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтпек. Атап айтсақ, бүгін облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласы алдында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қалалық Мәдениет үйінде «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтеді.Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, бұл күні «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласы алдында өтетін мерекелік іс-шараға 2 мыңға жуық тұрғын қатысады деп күтілуде.

Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі

Ақтөбе газеті, 01 марта 2019 в 10:12

Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі
Астанада Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Еліміздегі ең ірі саяси ұйым­ның құрылғанына 20 жыл толуы­на орай ұйымдастырылған кезек­ті съезд партияның 2030 жыл­ға дейінгі «Бақуатты қоғам: он­жылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдар­ламасының қабылдануымен айшықталды.

Президент РК Нурсултан Назарбаев выступил на XVIII очередном съезде партии «Hұp Отан»

Официальный веб-сайт Премьер-Министра РК, 27 февраля 2019 в 12:57

Президент РК Нурсултан Назарбаев выступил на XVIII очередном съезде партии «Hұp Отан»
Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігіҚұрметті делегаттар және съезд қонақтары!Қадірлі партияластар!Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді.Тарих өлшемімен қарағанда бұл – көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге бара-бар.Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдай тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап етті.Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды.Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік.Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды.Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін.Мен бүгін өздеріңізбен бірге атқарған жұмысымызды қорытындылап, болашақ бағдарымыз туралы ой бөліссем деймін.Ең алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізді айшықтайтын нақты фактілерге тоқталайын.Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті.Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астам артты.Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды.Азаматтарымыздың кірісін 16 есе көбейттік.141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылым нысандары бой көтерді.1 400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2 865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды.Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі.«Нұр Отан» мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді.

18 ақтөбелік қоларбаға ие болды

Ақтөбе газеті, 27 февраля 2019 в 10:22

18 ақтөбелік қоларбаға ие болды
1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында 18 ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азамат арнайы кресло-арбаларға қол жеткізді. Қазақстандық «Уақып» қайырымдылық қорының демеушілігімен алынған арбаларды «ДОС» тәуелсіз өмір» біріккен мүгедектер қоғамы орталығының мамандары арнайы келіп жинақтап берді.Ақтөбе қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған игі шара Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі ғимаратында өтті.

Тәуелсіздік шежіресі

Ақтөбе газеті, 15 декабря 2018 в 13:52

Тәуелсіздік шежіресі
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ елін төрткүл дүние танып, әлем мойындады. Сонау тәуелсіздік алған тұста еліміздің бірден «аяққа» тұрып кетпегені белгілі. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені де рас. Бірақ біздің халқымыз еш уақытта мойыған жоқ.

Вниманию жителей Шымкента: планируется отключение газа

Otyrar.KZ, 30 мая 2018 в 14:45

Вниманию жителей Шымкента: планируется отключение газа
В период с 30 мая по 1 июня планируется отключение от системы газоснабжения следующих улиц:Ахметова, Сауран, Даулетулы, Маргулан, Карабулак, Кобда, Жал Кордай, Туякбаева, Татулык, Мынжылкы, Наурыз-1, Наурыз-2, Аргымак, Баян аул, Егеменды, Канал, Адалдык, Кайсар, Озат, Жана-арка, Ердик, Арай, Жана курылыс, Береке, Рыскулова, проезд Байтурсынова.

С 30 мая в мкр-не Наурыз города Шымкента будет прекращена подача газа

Otyrar.KZ, 29 мая 2018 в 19:55

С 30 мая в мкр-не Наурыз города Шымкента будет прекращена подача газа
что, в связи с подготовкой к предстоящему отопительному сезону (проведение испытания на герметичность газопроводов), будет ограничена подача газа в период с 30 мая по 1 июня на ПГБ, питающее улицы в мкр. Наурыз:Ахметова, Сауран, Даулетулы, Маргулан, Карабулак, Кобда, Жал Кордай, Туякбаева, Татулык, Мынжылкы, Наурыз-1, Наурыз-2, Аргымак, Баян аул, Егеменды, Канал, Адалдык, Кайсар, Озат, Жана-арка, Ердик, Арай, Жана курылыс, Береке, Рыскулова, проезд Байтурсынова.

Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры

Ақтөбе газеті, 30 апреля 2018 в 13:52

Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзіҚымбатты отандастар!Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының ашылуымен құттықтаймын!Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді.Бүгінде ол – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі.Әрдайым елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларыма әр уақытта қолдау білдіріп, халқымызға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Қазақстан сан қырлы жаңғыруға бет бұрған қазіргі таңда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі.Бүгінгі сессиямыз – «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталады.Мен наурыз айында әлеуметтік жаңғыру жолындағы «Президенттің бес бастамасын» ұсынғанымды білесіздер.Бес бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге, ұлтты ұйыстыра түсудің тағы бір қыры – әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған.Оның табысты жүзеге асуы азаматтардың өз болашағына, мемлекетіне, қоғамына, қала берді, бір-біріне сенімін арттырады.Бізде халықтың күнделікті өміріне түбегейлі өзгеріс әкелетін мұндай әлеуметтік бағдарлама ешқашан болған емес.Осының бәрі – тәуелсіздік жылдарында Қазақстанды түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан елдігіміздің бойтұмары – Ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасы.Әйтпесе, көгінде туы, төрінде билігі болса да, бірлігі қашып, бүгіні тұлдыр, болашағы бұлдыр болған қаншама мемлекет бар.Біз осыны берік ұстанып, мызғымас ынтымақ-бірлігімізді таусылмас ырыс-берекеміздің бастауы етіп, сеніммен қадам басып келеміз. Құрметті сессияға қатысушылар!Қымбатты отандастар!Баршаңызға Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVI сессиясына қош келдіңіздер деймін!Мен Ассамблея делегаттарымен әрдайым ерекше ықыласпен жүздесемін.Өйткені әр сессия Қазақстан дамуының мейлінше өзекті мәселелеріне арналады.Бүгінгі сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясының ізгі ниет елшілерінің, достық елшілерінің қатысып отыруының символдық мәні бар.Ассамблея бейбітшілік пен татулықтың нағыз шырақшысына айналды.Сол себепті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына әрдайым өзім қатысамын.Бүгінгі таңда да, әлеуметтік интеграция факторын пайдалана отырып, біз тұтастығымызды одан әрі нығайта түсеміз.Жаһандық әлемдегі мықты мемлекеттер – біртұтас ұлттар екені жасырын емес.Олардың барлығы біртұтас бірегейлікке сүйене отырып жаңғырады.Біз де осы жолға түстік.«Рухани жаңғыру» бағдарламасының, соның ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мәні де осыда.Әлеуметтік бірлік саясаты – біртұтас Ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қадам деп білемін.Біз сыртқы жағдайларға қарамастан, бес жаңа жобаны жүзеге асыруды бастадық.Бұл қаржымыздың және ресурстарымыздың көптігіне байланысты болып отырған жоқ.Керісінше, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға тың серпін беруді көздеген шынайы ниетімізге байланысты іске асуда.Не себепті жаңа бес әлеуметтік бастама ұсынылды?Оның басты үш себебі бар.Біріншіден, жаңа ғасырдың екінші онжылдығының бастапқы сегіз жылына жасалған талдау көрсеткендей, жекелеген мемлекеттер тарапынан егемен елдердің ішкі ісіне араласуының салдарынан әлемнің түрлі өңірлерінде болатын дағдарыстардың басқа да себептері бар.Бұл – әлеуметтік бірлік пен интеграцияның болмауы.Жаһандық және өңірлік тәжірибе көрсеткендей, қалыптасқан мемлекет – бұл әлеуметтік бірлік негізі саналы түрде нығайтылатын мемлекет.Біздің жаңа бастамаларымыз, ең алдымен, осыған арналған.Екіншіден, қазіргі заманғы экономикалық және саяси теория мен тәжірибеде әлеуметтік және мәдени капитал артта қалған сала емес, олар өсімнің тұрақты драйверлері деген көзқарас берік орнықты.Білімнің жаңа экономикасы, цифрландыру, өндірісті роботтармен жабдықтау, технологиялық инновациялар әлеуметтік және мәдени капиталдың мүлде басқа сипатын қажет етуде.Сол себепті біздің жаңа әлеуметтік бастамаларымыз жаңа экономиканың дамуына серпін береді.Үшіншіден, полиэтникалық мемлекет жағдайында әлеуметтік және ұлттық саясат өзара тығыз байланысты.Мен ұсынған бес әлеуметтік бастама еліміздің барлық азаматтарын қамтиды, бүкіл халқымыздың дамуына септігін тигізеді.Олар тұрғындардың аз қамтылған бөлігі мен жастар үшін ерекше маңызды.Сол себепті мен осы мәселені Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында талқылауды ұсындым.Қазақстанның этно-әлеуметтік саясаты Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, басқа да беделді халықаралық ұйымдар мен таяу және алыс шетелдердің тарапынан жоғары баға алғаны тегін емес.Атап айтқанда, қаншама рет жақсы сөз де, сын да айтылған мемлекеттің тіл саясаты мүдделер тоғысының оңтайлы теңгерімін табуға мүмкіндік берді.Халықтың байырғы ұстанымына сай келетін бұл саясат елімізде ешкімнің де мүддесін шектемейді.Тіл мәселесіне қатысты Қазақстанда қол жеткізілген жалпыұлттық келісім – бұл біздің «алтындай қымбат шешіміміз» екеніне нық сенімдімін.Бұл қоғамды, ғылым мен білім беру ісін дамытудың жаһандық трендіне сай келеді.Біздің әлеуметтік саясатымыздың басты ерекшелігі неде?Біріншіден, біздің саясатымыздың жалпыазаматтық, жалпыұлттық мәні бар.Біз әрдайым негіз қалаушы конституциялық нормаға – барлық азаматтардың теңдігіне сүйеніп келдік.Алдағы уақытта да солай болады.Екіншіден, біз жаһандық трендтерді мұқият зерттеп отырамыз.Еуропа мен Америкадағы көптеген елдер мультимәдени саясатты демократиялық мақсатпен формальды түрде жүргізе отырып, проблемаларға тап болғанын көріп отырмыз.Қоғамның ішкі интеграциясы баяу жүретіні немесе мүлде тұралап қалғаны анықталды.Мынадай сұрақ туындайды: алдағы уақытта әлемде не болады?Келешекте мульти-этникалық трендтер қайда жетелейді?Саяси тәжірибесі мол дамыған елдер өз проблемаларының шешімін таба алатынына сенімдімін.Үшіншіден, біз де өзіміздің прагматикалық қорытындымызды жасауымыз керек.Жаһандық этникалық жағдай біздің ішкі саясаттағы стратегиямыздың дұрыстығын көрсететініне сенімдімін.Біз еліміздің азаматтарын қандай да бір көзқарас бойынша ешқашан бөле-жарып көргеніміз жоқ.Осы жылдарда бүкіл қоғамды ұйыстыратын біртұтас саясат жүргізу менің мызғымас ұстанымым болды.Бұл барлық азаматтар мен этностарға жаппай қатысты.Бүгінде Қазақстан қоғамының бірлігін одан әрі нығайтатын кез келді.Осы мәселе бойынша негізгі ресурс – әлеуметтік сала.Бұл – біздің барлығымызға қатысты өмірлік мәні бар сала.ХХІ ғасыр әлеуметтік, экологиялық, техногендік сияқты жаһандық қауіп-қатерлер ешқайда жойылып кетпейтінін көрсетіп отыр.Әлемдік дағдарыс мемлекеттердің әлеуметтік мүмкіндіктерін азайтты.Дүние жүзілік экономикалық форумның сарапшылары таяу 10 жылда байқалатын үш трендті атаған.Бұлар – әл-ауқаттың теңсіздігі, әлеуметтік жіктелу және экологиялық қауіп-қатердің артуы.Әркім өз болашағына өзі жауап беретін өзгеше кезең келе жатыр.Сарапшылардың көпшілігі «Жалпыға ортақ әл-ауқаттың» аяқталғаны жөнінде айтуда.Жаһандық өсімнің төмен деңгейі көптеген проблемаларды туындатады.Тіпті дамыған елдердің өзінде орта таптың дағдарысы байқалуда.Әлеуметтік поляризация ауқымы орасан деңгейге өсті: адамдардың бір пайызы әлемдік байлықтың 50 пайызын иеленіп отыр.БҰҰ мәліметіне сәйкес, Жер шарындағы халықтың 14 пайызы ашаршылық жағдайда отыр.Әлемде күн сайын 24 мың адам аштықтан көз жұмады.

Программа мероприятий на Наурыз в Шымкенте

Новости Шымкента, 15 марта 2018 в 17:44

Программа мероприятий на Наурыз в Шымкенте
Программу мероприятий празднования «Наурыз-2018» предоставила пресс-служба городского акимата. 20 марта 1. Весенний фестиваль «Сеиль Кошар ата». Место проведения – набережная реки Кошкар ата. Время – 11:00 – 13:00. 2. Начало спортивных состязаний между школьниками. Место проведения – Центральный стадион им.

Что подарят своим женщинам на 8 Марта казахстанские звезды

Tengrinews, 07 марта 2018 в 12:14

Что подарят своим женщинам на 8 Марта казахстанские звезды
Впереди Международный женский день — 8 Марта. Какие подарки будут дарить своим любимым женщинам казахстанские знаменитые мужчины, узнали корреспонденты Tengrinews.kz. Отметим, что материал подготовлен на двух языках. Певец Ерлан Кокеев поделился, что в этом году ему придется непросто — в марте будет много праздничных и юбилейных дат.

Қазақ халқына мың алғыс!

Ақтөбе газеті, 02 марта 2018 в 23:42

Қазақ халқына мың алғыс!
1 наурыз — Алғыс айту күнінде облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стеласы алдында «Алғысым шексіз өзіңе» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ ардагерлер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.Мерекелік шарада облыстағы 18 этномәдени бірлестіктің мүшелері өздерінің ұлттық тағамдарынан көрме-жәрмеңке өткізді.Салтанатты шара «Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің биімен басталды.

Азаматтық қорғаныс жайы түсіндірілді

Ақтөбе газеті, 02 марта 2018 в 22:42

Азаматтық қорғаныс жайы түсіндірілді
1 наурыз — Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні. Осы атаулы датаға орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын түрлі акцияларды қолға алады. Мұндай шаралар әдеттегідей бір айға созылмақ. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қасымның айтуынша, биылғы ұран — «Азаматтық қорғаныстың және ұлттық құрылымдардың міндеттері — апаттармен күресудің тиімділігін арттыру».

Қазақ халқына алғысымыз шексіз!

Ақтөбе газеті, 01 марта 2018 в 02:12

Қазақ халқына алғысымыз шексіз!
2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланды. Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Сондай-ақ 1 наурыз — Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Қарттарға құрмет көрсетті

Ақтөбе газеті, 27 февраля 2018 в 00:42

Қарттарға құрмет көрсетті
1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту — парыз» атты апталық басталды. Аталған апталық шаралары аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Жылы жүрек» акциясы өтті.

Шынайы құрмет белгісі

Ақтөбе газеті, 22 февраля 2018 в 03:12

Шынайы құрмет белгісі
1 наурыз — барлық қазақстандықтардың бір-біріне шынайы құрмет білдіріп, алғыс айтатын күні. Бұл — түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымның белгісі.Атаулы мереке қарсаңында Ырғыз аудандық орталық кітапханасында және барлық ауылдық кітапханаларда көрмелер мен кездесу кештері ұйымдастырылуда.

2018 жылғы І тоқсанда облыс әкімі орынбасарларының Халықтық кеңсе ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау КЕСТЕСІ

Ақтөбе газеті, 12 января 2018 в 23:32

2018 жылғы І тоқсанда облыс әкімі орынбасарларының Халықтық кеңсе ғимаратында   азаматтарды жеке қабылдау КЕСТЕСІ
телефоныАсқар Сақтағанұлы1 ақпан1 наурыз Қайрат Әскербекұлы8 ақпан9 наурыз Ербол Жолдасбекұлы14 ақпан14 наурыз Мавр Ерғалиұлы21 ақпан7 наурыз Серік Төлеуғалиұлы6 ақпан6 наурыз Ескерту: азаматтардың алдын ала жазылуы көрсетілген байланыс телефондары бойынша жүргізіледі.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 23 новости из 23