Популярные темы

Әсет: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы

Akorda.kz (KZ), 18 января 2021 в 17:36

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.2.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Akorda.kz (KZ), 15 декабря 2020 в 18:06

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бейне конференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Отырыста «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігі туралы» мәселе талқыланды.Жиында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.

Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті

Akorda.kz (KZ), 30 ноября 2020 в 19:06

Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.Жиынға орталық мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың прокурорлары және өңірлік полиция департаменттерінің бастықтары қатысты.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісі заң үстемдігінсіз және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдіксіз сәтті іске асырылмайтынын ерекше атап өтті.Жалпы, құқық қорғау жүйесі тиісті міндеттерді орындауда.

8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы полиция есебінде тұр — ІІМ

Tengrinews, 20 ноября 2020 в 12:03

8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы полиция есебінде тұр - ІІМ
Қазір елімізде полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Қазір полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIIІ отырысына қатысты

Akorda.kz (KZ), 18 ноября 2020 в 18:16

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIIІ отырысына қатысты
ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 18 қараша күні бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты.Шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Әзірбайжан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Усубов, Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Махмудзода, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Махмудов, Түрікменстан Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ч.Аманов, Белорусияның Қауіпсіздік Кеңесі Мемлекеттік хатшысының орынбасары В.Арчаков, Атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы С.Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қатысты.Форум барысында Достас елдеріндегі бүгінгі сын-қатерлер жағдайындағы ынтымақтақтастық мәселелерінің кең спектрі қаралды.Соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес пен жаңа биологиялық қауіптерге қарсы іс-қимыл кезіндегі мемлекетаралық шаралар, ақпараттық кеңістікті қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелер, төтенше жағдайлардың салдарын еңсеру жөніндегі өзара іс-қимыл, Ауғанстандағы қазіргі ахуал және басқа да бағыттар талқыланды.Әсет Исекешев өз сөзінде аймақтық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелеріне, ТМД елдеріндегі тәуекелдер мен қауіптерді азайтуға мән берді.

Әсет Исекешев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты

Akorda.kz (KZ), 17 ноября 2020 в 16:56

Әсет Исекешев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты
ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 17 қараша күні бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты.Іс-шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Махмудзода, Белорусияның Қауіпсіздік Кеңесі Мемлекеттік хатшысының орынбасары М.Пузиков және ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қатысты (2020 жылы ҰҚШҰ-ға Ресей Федерациясы төрағалық еткенін ескере отырып, отырысты Мәскеу қаласында өткізу жоспарланған болатын).Тараптар жиын барысында халықаралық және өңірлік ахуалдың негізгі аспектілері туралы пікір алмасты. Өзекті сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдардың, террористік әрекеттердің, есірткінің заңсыз айналымымен күрес жүргізудің практикалық шараларына, киберқауіпсіздік саласындағы бірлескен шараларға басты назар аударылды.Әсет Исекешев ҰҚШҰ-ның маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның атқарып жатқан жұмысы жайында әріптестерін хабардар етіп, халықаралық терроризммен және экстремизммен күресте кешенді әрі жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті.Жиында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық терроризммен, терроризмнің және онымен байланысты экстремистік идеологиялардың тарауына қарсы күрес жүргізу мақсатында Ынтымақтастық пен үйлестіру күштерін нығайту туралы мәлімдеме қабылдады.Сондай-ақ Ұйым аясында өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен биылғы жылдың 2 желтоқсан күніне жоспарланған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібінің жобасы келісілді.ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы 2021 жылы Тәжікстан Республикасында өтеді.

«Біз дайынбыз». Қазақстандықтар коронавирустың екінші толқыны туралы

Tengrinews, 15 октября 2020 в 10:13

Әлемде пандемия жарияланғалы 8 айдан аса уақыт өтті. Сол кезден бері қазақстандықтардың көбі қашықтан жұмыс істеуге көшсе, миллионнан аса адам жұмыссыз қалды. Ал қазір қайтадан көптеген елде коронавирустың екінші толқыны басталып кетті. Сарапшылардың болжамынша, Қазақстанда пандемияның екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы А.Григорянмен телефон арқылы сөйлесті

Akorda.kz (KZ), 11 октября 2020 в 00:06

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  А.Григорянмен телефон арқылы сөйлесті
Армян тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ахуалды талқылады.Әсет Исекешев әріптесіне Қазақстан тарапының ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдау, күштік құралдарды пайдаланудан бас тарту қажеттігі, сондай-ақ, мәселені тек саяси және дипломатиялық тұрғыдан шешу туралы ұстанымын жеткізді.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 12 новостей из 12