Популярные темы

Новости по теме "ғылым" — страница 16

228,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 февраля 2019 в 01:32

228,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді Елбасы тапсырмасына сай, аграрлық сектор экономикалық дамудың басты драйверлерінің біріне айналуы тиіс.Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында біздің облыста ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында сөз қозғалды. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай баяндады.Оның айтуынша, 2018 жылы облыста ауыл шаруашылығы саласында 228,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Не білу керек

Источник: TengriNews Дата: 07 февраля 2019 в 12:53

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Не білу керек Заң бойынша түнгі уақытта жұмыс істейтіндердің жалақысы қалай төленеді және қай санаттағы адамдарға түнде жұмыс істеуге заң бойынша тыйым салынады? Қызметкерді түнгі уақытта жұмысқа шақырған жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері қандай? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Нариман Сүлейменов жауап берді.

Кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету — басты назарда

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 февраля 2019 в 10:42

Кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету — басты назарда Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің 2018 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева латын қарпіне көшу жұмыстары туралы есеп берді.

Ел қорғаған ер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 февраля 2019 в 10:02

Ел қорғаған ер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде батыр Құттығай Ебескіұлына арналған ғылыми конференция өтті. Жиында ақтөбелік ғалымдар батыр туралы тың деректер мен зерттеулерін көпшілікке ұсынды. Құттығай Ебескіұлы — елін қорғаған батыр, сардар, ел мүддесі үшін маңызды саяси оқиғаларға белсенді қатысқан тұлғалардың бірі.

Артық аумақ және оңтайландыру нәтижесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 февраля 2019 в 10:02

Артық аумақ және оңтайландыру нәтижесі Облыста былтыр барлығы 445 мемлекеттік мекеме түгендеуден өткізіліп, соның нәтижесінде мемлекеттік органдардың 19744 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету талаптарын сақтамағандығы анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысының орынбасары Рафхат Бисенов және аталған департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы Ераман Хайруллин қатысқан баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру тезистері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 февраля 2019 в 10:52

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру тезистері 2018 жылды біз «Экономикалық серпіліс жылы» деп жарияладық. Осылайша экономикалық өсу қарқынын 5% деңгейінде сақтап қалдық.Өткен жылды біздің облыс барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқынмен аяқтады.Өткен жылы Мемлекет басшысы алдымызға облысты дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөнінде міндеттер қойды, енді, міне, жылды қорытындылай келе, олардың орындалғаны туралы мәлім етуге болады.Оң нәтиже облыстың халқымен бірлесе атқарылған қажырлы жұмыстар есебінен қамтамасыз етілді.2019 жылы біздің алдымызда бұрынғыдан да биік міндеттер тұр, бірінші кезекте бұл міндеттер ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ сапа деңгейін одан әрі жақсартуға бағытталған.Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған нақты басымдықтар басты бағдар болады.2019 жылы әлемдегі күрделі саяси және экономикалық ахуалды ескере отырып, алға қойылған міндеттерді орындау үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсауымыз қажет.Бұдан әрі сіздерге өткен жылдың негізгі табыстары мен алдағы жылдың міндеттері жөнінде баян етемін.Облыс халқының табысы артты.Яғни облыс бойынша орташа айлық еңбекақы 9,4%-ға өсіп, 133,7 мың теңгеге жетті (2018 жылдың 9 айы).Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы 1,5 есеге өсті (28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін).Экономиканың әрбір саласы бойынша еңбекақы жөнінде талдау жасалды.70 мыңнан астам ақтөбеліктің ең төменгі жалақысы жоғарылатылды.Кәсіпорын басшылығымен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында, ағымдағы жылы 176 кәсіпорында 32 мың қызметкердің еңбекақысын орта есеппен 10%-ға арттыру бастамасы қолдау тапты.Сонымен қатар, өткен жылы желтоқсанда 36 мыңнан астам ақтөбелік жалпы сомасы 3 млрд теңгеге сыйақы алды.Ағымдағы жылы аталған жұмыс барлық бағыттар бойынша жалғасатын болады.2018 жылдың қорытындысы бойынша біздің облыс шоғырландырылған бюджетке рекордты көрсеткіш — 534,6 млрд теңге түсімді қамтамасыз етті, бұл — 113,1%.Бұл ретте жергілікті бюджетке 118,5 млрд теңге түсті, ол 2017 жылға қарағанда 17,9 млрд теңгеге жоғары (2017 жылы — 100,7 млрд теңге).Салық салу базасын кеңейту бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді, соның есебінен бюджетке қосымша 5,8 млрд теңге қосылды.2018 жылы 10 жыл ішінде алғаш рет облыс бюджеті 100%-ға игерілді немесе 230,8 млрд теңге болды.Аталған жұмыс ағымдағы жылы жалғастырылады.Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 66 тапсырмасының 1-еуі орындалды («Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуы), 65-і орындалуда.Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 138 тапсырмасының 37-сі орындалды, 101-і — бақылауда.Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫОблыс бойынша банктер 3,5 млрд теңгеге ипотекалық тұрғын үй заемдарын алуға 412 өтінім қабылдады, оның ішінде 1,9 млрд теңгеге 216 өтінім мақұлданды.Облыс әкімдігімен «Баспана ипотекалық ұйымы» АҚ-мен бірлесіп таяу жылдары 800,0 мың шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үй салынатын болады.Сондай-ақ, бағдарламаны іске асыру кезеңінде бюджеттік қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қолдау үшін бастапқы жарнаны 10%-ға азайту мақсатында 2,0 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда.Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін олардың салық жүктемесін азайту»2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақылары 63 мың теңгеге дейінгі қызметкерлерге жеке табыс салығы бойынша салық жүктемесі 10 есеге төмендеді.Еңбекақыны өсіру облыстың 92,6 мың адамын қамтитын болады.Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»Облыс бойынша 2018-2019 оқу жылына 1,1 мың білім гранты бөлінді.

Ақтөбеде қос тұлғаның есімі ұлықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 февраля 2019 в 09:52

Ақтөбеде қос тұлғаның есімі ұлықталды Өткен жұма күні Ақтөбе қаласындағы Ә.Кекілбаев атындағы №72 орта ITмектеп-лицей ғимаратында «Өткен мен бүгіннің арасы: ғибратты ғұмыр, ғұлама тұлға» атты ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен батыр Бөкенбай Қарабатырұлының тарихи тұлғасына арналған шара Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Жастарды кәсіпкерлікті дамытуға шақырды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2019 в 12:42

Жастарды кәсіпкерлікті дамытуға шақырды Кеше облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Павел Казанцев С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы базасындағы коворкинг орталығында болып, «Жас Отан» жастар қозғалысы белсенділерімен кездесті.Кездесуге негізінен қаламыздағы екі жоғары оқу орны — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен қазақ-орыс халықаралық университетінің және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Балалар бақылаусыз қалмауы тиіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2019 в 12:42

Балалар бақылаусыз қалмауы тиіс Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі облыстық комиссияның Ақтөбе политехникалық колледжінде өткен көшпелі отырысына қатысушылар осындай қорытындыға келді. Көшпелі отырыс тақырыбы — жасөспірімдер қылмысы мен оның себеп-салдары. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов 11 қаңтарда мектеп және колледж директорларымен кеңейтілген отырыс өткізіп, тәрбие жұмыстары туралы есептерін тыңдағанын жеткізді.

Көрме атауы: «Ақтөбе — құтты мекен»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2019 в 11:22

Көрме атауы: «Ақтөбе — құтты мекен» Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай облыстық өнер музейінде «Ақтөбе — құтты мекен» көрмесі өтіп жатыр. Оған балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі тәрбиеленушілері мен қосымша білім беру педагогтарының 130-ға тарта жұмысы қойылды. Көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылған көрме «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Ақтөбе өнер шеберлерінің халықаралық орталығына айналмақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2019 в 10:12

Ақтөбе өнер шеберлерінің халықаралық орталығына айналмақ «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады». Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

#Zhasproject: арманда! ұсын! жүзеге асыр!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 января 2019 в 11:02

#Zhasproject: арманда! ұсын! жүзеге асыр! Дүйсенбі күні Жастар жылына арналған «Арманда! Ұсын! Жүзеге асыр!» атты жастар корпусын дамыту жобасының аймақтық форумы өтті.Қалалық Мәдениет үйінде өткен форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Бәйменова, облыстық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, «Zhas Project» жобасының грант иегерлері мен менторлар, сондай-ақ Ресей Федерациясынан келген форум өкілдері қатысты.Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен форумның мақсаты — жастардың үздік ойлары мен ұшқыр идеяларын жан-жақты қолдау, сондай-ақ әлеуметтік топтағы жастардың бастамасына қаржылай қолдау көрсетіп, облыстағы шағын орта бизнесті дамыту.«Zhas Project» жобасы — ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім аясында Жастар корпусын дамыту жобасын үйлестірушілердің ұйымдастыруымен құрылған болатын.

Ақтөбелік мұғалімдер шипажайда демалады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 января 2019 в 10:22

Ақтөбелік мұғалімдер шипажайда демалады Республика бойынша білім берудегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған көшпелі жұмыс тобы облысымызда болды. Осыған орай Шығармашылық академиясында салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жиыны өтті. Оған өңірдің барлық білім беру мекемелерінің өкілдері мен колледж директорлары шақырылды.Семинарға қатысқан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы төрайымының орынбасары Айгүл Мұқашева жұмыс тобының басты мақсаттарымен таныстырды.

Жастар — еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 января 2019 в 00:02

Жастар — еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзіҚадірлі қауым! Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз.Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер.Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық.

Qazaq Republic: Қазақстанның тарихта қандай атаулары болған

Источник: TengriNews Дата: 25 января 2019 в 15:03

Qazaq Republic: Қазақстанның тарихта қандай атаулары болған Күні кеше депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасы атауын «Қазақ Республикасы» деп өзгертуді ұсынды. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі қазіргі Қазақстанның территориясында тіршілік еткен халықтың осы уақытқа дейін қандай атаулары болғанын еске түсіріп көрді. Ежелгі жылдары ел қағанаттар атауымен аталдыҚазіргі Қазақстанның алып жатқан жерінде тіршілік еткен халықтың тарихына қарайтын болсақ, біздің жерімізде мыңдаған жыл бұрын қағанаттар, одақтар, мемлекеттер өмір сүрген.

Қатысушылар лебізі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 января 2019 в 12:12

Қатысушылар лебізі МЕНІҢ ДЕ БЕСІГІМ — АУЫЛИслам АЙСАҰЛЫ, Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінің ветфельдшері:— Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жастар жылының ресми ашылуында Тәуелсіздік ұрпақтары өздерінің жетістіктерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Оның ішінде 23 жасында 21 мейрамхана ашқан кәсіпкер Расул Абдуллаев болашақта маркетингті дамытуды ұсынды.

Ақтөбе — «Шренк қызғалдағының» отаны

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 января 2019 в 09:52

Ақтөбе — «Шренк қызғалдағының» отаны «Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады.

Ақын Оразақын Асқар қайтыс болды

Источник: TengriNews Дата: 24 января 2019 в 13:13

Ақын Оразақын Асқар қайтыс болды Қазақ ақыны Оразақын Асқар дүние салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі растады. «Оразақын Асқар қайтыс болды. Ақынмен қоштасу рәсімі Жазушылар одағында өтеді, уақытын қосымша хабарлаймыз», — деді одақтағылар.Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.

Қытайда ген модификацияланған балалар туды: Әлем бұл жаңалыққа неге назар аударды

Источник: TengriNews Дата: 23 января 2019 в 19:33

Қытайда ген модификацияланған балалар туды: Әлем бұл жаңалыққа неге назар аударды Аспан асты елінде таяудан бері әлем естімеген жаңалық шығып, әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарын өзіне қаратты. Қарашаның басында дүниге ген модификациясына ұшыраған егіз сәби дүниге келді. Осындай тәжірибені өткізген биолог өз жаңалығы тек ізгі ниетте жасалғанына сендіргісі келді. Қытайлық биолог ғалым эксперимент жасап, адам ұрығының генін өзгерте алғанын, мұның нәтижесінде ол ұрпақ қуалайтын инфекция жаңа туған балаларға жұқпайды деп мәлімдеді.

Президент Казахстана выступил на торжественной церемонии открытия Года молодежи

Источник: Официальный веб-сайт Премьер-Министра РК Дата: 23 января 2019 в 16:47

Президент Казахстана выступил на торжественной церемонии открытия Года молодежи Қадірлі қауым!Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!Бұл — мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын — біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз.Сондықтан менің Жарлығыммен2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер.Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық.Есілдің жағасында еңселі елордамыз — Астананы тұрғызып, тарихта бұрын-соңды болмаған зор жетістікке қол жеткіздік.Жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр.

Әкімге 100 сұрақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2019 в 11:02

Әкімге 100 сұрақ Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов дарынды оқушылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. «Әкімге 100 сұрақ» атты шара Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өтті. Шара барысында мектеп оқушылары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына әзірлігі, сондай-ақ шаһар басшысының отбасына қатысты, т.б. қызықты сауалдар қойды.Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Жания Есенжолованың айтуынша, кездесуге қала мектептерінен 150 дарынды оқушы шақырылған.

Ақтөбеде ірі жобалар жүзеге асырылады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2019 в 10:32

Ақтөбеде ірі жобалар жүзеге асырылады Биыл Ақтөбе қаласының іргесінің қаланғанына 150 жыл!Бұл тойға әр ақтөбелік өзінше үлес қосуы маңызды. Осы бағытта «Ақтөбе Медиа» ЖШС, соның ішінде облыстық газеттер «Қала» қосымшасын шығаруды қолға алды. «Қаланың» беттерінде Ақтөбенің тыныс-тіршілігі, ақтөбеліктердің тұрмыс жайы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, бір сөзбен айтқанда, қаламыздың өмірі: кешегісі, бүгіні мен ертеңі туралы айтылатын болады. «Қала» қосымшасының алғашқы қонағы — Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Тарих тағылымы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2019 в 10:22

Тарих тағылымы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған мерекелік шаралар ресми түрде бастау алды. Құтты мекеннің мерейтойына орай шаһарда 150 мерекелік іс-шара өтетін болады.Бұл туралы қала әкімі Ілияс Испанов қаланың 150 жылдығына орай өткен «Ақтөбе: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференция барысында айтты.Шығармашылық академиясында өткен конференцияға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мұғалімдер, сондай-ақ студенттер мен оқушылар қатысты.Ғимараттың кіреберісінде қонақтарға алдымен «Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем» атты жылжымалы тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды.Жылжымалы тақырыптық көрмеде Ақтөбенің құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жасақталған.— 150 жылдық тарихы бар қаланың мерейтойын жоғары деңгейде атап өту — қала халқы үшін басты қуаныш.

Ақтөбенің Абаты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2019 в 10:12

Ақтөбенің Абаты «Сен құрметте оны!»Шалқып жатыр Ақтөбенің шаттығы,Қатар еміп талғаулы мен тәттіні.Ертай АшықбаевЕң жақсы көретін қаламның бірі — Ақтөбе. Бала кезімде біздің Қаратереңге келіп құлашын барынша керіп, сырнаймен сызылтып ән салған Геннадий Шульганың, сары даланы сазбен өрнектеген «Арайлы Ақтөбе» ансамблінің өнерін тамашалаған соң осы шаһарды бір көруге құмартып ем.

Қаладағы алғашқы мешіт

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2019 в 10:12

Қаладағы алғашқы мешіт 1869 жылы Елек өзенінің сол жағасында бой көтерген Ақтөбе әскери бекінісінде тұратын мұсылмандар қауымын жергілікті қазақтардан бөлек татар көпестері мен дін өкілдері құраған еді. Бекіністің шығыс бөлігіндегі төбелі-ойлы ауданы татар көпестерінің шоғырланған жері болғандықтан Татар слабодкасы аталған.

Қазақстандықтардың үш пайызы ғана дұрыс тамақтанады — Диетолог

Источник: TengriNews Дата: 16 января 2019 в 15:13

Қазақстандықтардың үш пайызы ғана дұрыс тамақтанады - Диетолог Таяуда Қазақстанның дұрыс тамақтанбаудан болған өлім салдарының рейтингінде ондыққа кіргені хабарланған еді. Зерттеу Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тапсырысымен жүргізілген. Ғалымдар осы елдердің тұрғындары тұзы көп тағамдарды көп жегендіктен түрлі дертке шалдығып, салдарынан қайтыс болғанын тұжырымдап отыр.Еліміздегі дәрігерлер де соңғы кездері қазақстандықтардың көбіне гастрит, тіпті асқазанның қатерлі ісігіне ұшырайтынын айтып жатыр.

Қытайлар Айдың арғы бетіне қонды. Тұңғыш операция жайлы не білеміз

Источник: TengriNews Дата: 16 января 2019 в 13:53

Қытайлар Айдың арғы бетіне қонды. Тұңғыш операция жайлы не білеміз Айдың бүгінге дейін қараңғы, белгісіз болып келген жағы зерттеле бастады. Қытайлар айға қондырған станциясы арқылы бұрын-соңды ғарыш аппаратары болып көрмеген бөлігінен суреттер жолдап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі жер жаһанды осы ақпаратпен өзіне назар аудартқан қытайлықтардың операциясы жайлы шолу ұсынады.Ай не үшін зерттеліп жатыр?Зерттеушілердің айтуынша, Ай ғылымға өте қызық аспан денесі болып саналады.

Мерейтой тартулары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2019 в 10:32

Мерейтой тартулары Мерейтойлық жылда Ақтөбеде үш зауыт іске қосылып, жылыжай кешені, перинаталды орталықжәне мектеп пайдалануға беріледі. Қалада жаңа гүлзарлар пайда болып, аулалар мен көшелер көріктендіріліп, жолдар жөнделеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мерейтойлық шараларды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кеңейтілген мәжілісіне Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері, кәсіпорындар өкілдері, жетекші құрылыс компаниялары мен бизнес-құрылымдардың басшылары қатысты.Ұйымдастыру комитетінің тізгінін өз қолына алған облыс әкімі 150 жылдық мерейтойға арналған шаралардың Ақтөбенің Қазақстанның осы заманғы өндірісті, білім мен ғылыми-инновациялық және мәдени орталықтарының бірі екендігін айшықтайтын имиджін қалыптастыруы керек екендігін ерекше атап өтті.Облыс басшысы мәжіліс қатысушыларын ұйымдастыру комитетінің мерейтойлық шараларды атап өту жөніндегі жоспарымен таныстырды.— Біз биыл қаламыздың 150 жылдық мерейтойын атап өтетіндіктен, 150 жетекші кәсіпорынды, мекемені, нысанды, қаланың 150 танымал тұрғынын, шаһардың 150 рекорды мен жетістігін, қала үшін жасалатын 150 қайырымды іс-шараны анықтауымыз керек, — деп ұсыныс жасады облыс әкімі. — Мерейтойлық жылда өткізілетін шаралардың бәрі ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс.

Әлібектің әлемі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2019 в 10:02

Әлібектің әлемі Ақтөбе қаласындағы бірінші топ мүгедегі Әлібек Елеусізовтің есімі бүгінде көпшілікке жақсы таныс. Бойындағы ауыр дертіне қарамастан, жарымжан жігіт түрлі қоғамдық шараларға қатысып, өз ісімен көпке үлгі болып жүр. Қазір оның жасы 35-те. Дүниеге он екі мүшесі сап-сау боп келген бала 13 жасында буын ауруына шалдығады.

Нар тұлға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2019 в 10:32

Нар тұлға Алғашқы таныстықДене бітімі құрыштан құйылғандай, жанары жалт-жұлт етіп нұр шашып тұрған, қимылы шалт, жүріс-тұрысы өте ширақ бұл жігітті мен аттай қырық жыл бұрын қырғыз елінің інжу-маржаны — Ыстықкөл жағасында көрген едім. Сонда, «Қазақстан» атты шипажайда, кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтар демалып жаттық. Әлбетте, көпшілігі — алматылықтар.
Показано 30 новостей из 1 592