Популярные темы

Новости по теме "ғылым" — страница 13

Әлемді таңдай қақтырған қазақстандық вундеркинд балалар

Источник: TengriNews Дата: 10 мая 2019 в 11:53

Әлемді таңдай қақтырған қазақстандық вундеркинд балалар «Қазақстанның дарынды балалары» жобасының аясында біз сіздерді балалық шағынан алғырлығымен, ерекше қабілетімен таңғалдырған жастармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің ішінде әйгілі Стивен Хокингпен кездескен, әлемді аузына қаратқан жылдам, құлағы естімесе де домбырада шебер ойнайтын және бір жыл ішінде есепке жүйрік атанып, турнирлерді жеңген вундеркиндтер бар.

Бомбылаушы ұшақтағы оқтаушы қыз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 04:22

Бомбылаушы ұшақтағы оқтаушы қыз 1942 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысынан майданға аттанған 300 қыздың бірі — Калинин және 1-Украина майданы 2-Әуе армиясы 728-әуе шабуылдаушы полкінің 1-эскадрилия сержанты, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, 7 баланың анасы Шолпан Қожамұратқызы Рахметова-Тасмұхамедова.Шолпан апайдың қызы, Хромтау ауданы Тассай орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болған Сария Қожақызы Рахметова әңгімелейді: Әкем мен анам Әке-шешем Ұлы Отан соғысының майдангерлері болса да, үй ішінде соғыс туралы өте сирек айтылды. Әкеміз соғыс жайындағы сұрағымызды мүлде ұнатпаса, шешемнің әңгімесі қашанда аяқталмай қалады. Қарулас құрбыларының қалай өлгені көз алдына келе ме, көзі жасаурап, дауысы бұзылып бара жатқасын біз де қоя қоямыз.1923 жылдың 20 наурызында Ключевой ауданы (Алға ауданы) Табантал ауылдық кеңесі «Қызыл ту» колхозында дүниеге келген анамның қыз кезіндегі тегі — Тасмұхамедова.

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2019 в 11:12

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес Үкіметтік емес ұйымдар — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда облыста 626 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 200-ге жуығы белсенді түрде жұмыс жасайды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Анаға тағзым» орталығында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог үлгісінде өткен жиында ұйым басшылары өздерін толғандырып жүрген проблемаларды ортаға салды.

Алғашқы академиктің тұлғасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2019 в 10:22

Алғашқы академиктің тұлғасы Ақтөбеде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ елінің алғашқы академигі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті география-туризм кафедрасы мен тарих факультетінің ғылыми кітапханасы ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.География-туризм кафедрасының аға оқытушысы З.

Архив қорларындағы майдангер хаттары

Источник: TengriNews Дата: 03 мая 2019 в 10:23

Архив қорларындағы майдангер хаттары Архив қорларындағы майдангер хаттары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты сан-алуан деректері бар қорлар сақтаулы.XX ғасырдағы ең қасіретті, қантөгіс соғысты суреттейтін ресми құжаттардан басқа, соғыс тарихын зерттеу дереккөзі болып табылатын құжаттардың бірі — жеке адамдардың, майданнан тылға, тылдан майданға жазған хаттары.Олардың ішінен бөліп-жарып айтатын болсақ, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдары» деп аталатын архив қорында Совет Одағы батырлары мен қатардағы жауынгерлерден келіп түскен хаттар, тылда «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деп, күндіз-түні тынбай еңбек еткен колхозшылар мен жұмысшы коллективтерінің майдангер жауынгерлерге жазған хаттары мен үндеулері жинақталған.Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған хаттардың топтамасы болып табылатын бұл архив қорының жинақталу тарихының өзі қызықты.

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 12:22

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.Оған еліміздің барлық өңірінен 1300 делегат келген. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Германия елдерінен қонақтар қатысып, келгендердің жалпы саны 1500 адамнан асты.

Татулық пен тұрақтылық  — ел дамуының кепілі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 12:02

Татулық пен тұрақтылық  — ел дамуының кепілі Астана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өткені мәлім. Жиынға еліміздің әр түкпірінен — 1300, ал біздің облыстан 31 делегат қатысып қайтты.

Қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім — ең басты құндылық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2019 в 10:22

Қоғамдық бірлік пен  ұлтаралық келісім — ең басты құндылық Елордада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен сессия «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбында өтті.

Сәуір: игі істерге ұмтылыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2019 в 10:02

Сәуір: игі істерге ұмтылыс Сәуір айы еліміздің өміріндегі саяси жаңалықтардың жұртшылық назарында болуымен ерекшеленді. Осы айда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы маусым айының тоғызыншы жұлдызында елімізде Президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.Сонымен, үлкен дода басталып та кетті. Партиялар өз үміткерлерін алға шығаруда.Облыста да өзге де өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар өмірге келуде.Nur Otan партиясын қолдауда Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз алып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп сенетіндігін, оның әр іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері, халықаралық аренада беделі бар тұлға екенін атап көрсетті.Аталған съезге Ақтөбе облысынан облыс әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Оңдасын Оразалин бастаған 30 делегат қатысты.Ақтөбеліктер де осы съезд шешімін, яғни Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдауда. Ірі кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында өткізілген жиналыстарда еңбек адамдары өз пікірлерін білдіріп, бұрыннан қалыптасқан сабақтастықтың сақталуын мақұлдауда.Инвестициялық ахуал өзгерістеріЭкономикаға инвестициялар тарту және жаңа технологиялар енгізуде Ақтөбе облысы алдыңғы қатардан көрінуде.Мәселен, биылғы қаңтар-ақпан айларында ғана облыстың негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 31,4 пайызға артқан.

Орта жастағы әйелдердің бала тастап кету жағдайы көбейіп жатыр — Маман

Источник: TengriNews Дата: 29 апреля 2019 в 20:13

Орта жастағы әйелдердің бала тастап кету жағдайы көбейіп жатыр - Маман Анасын 15 жылдан кейін тапқан Асхат Оралұлы жантебірентерлік тағдыры жайлы Жетінші арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Асхат бағдарлама барысында туғаннан бері балалар үйінде өскенін, кейін туған ағасының іздеп келіп, анасымен табыстырғанын айтты. Алты ағайынды балаларды ағасы жинап, бастарын қосыпты.

Жаңғыру негізі — сапалы білім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:42

Жаңғыру негізі — сапалы білім А.Досжанова атындағы конференц-холда «Медициналық біліктілікті үздіксіз дамыту» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мақсабілім саласындағы әріптестікті дамыту. Жиынға еліміздің әр аймағынан және Ресей, Италия, Польша, Египет, Литва, Украина, Кувейт, Армения елдерінен 187 ғалым келді.

Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:32

Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин аймақтағы жоғары оқу орнының және бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларын қабылдап, жұмыс жоспарларымен танысты», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық қорғаныс департаментінің бастығы Сейткерім Арапбаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов аймақ басшысына атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріп өтті.Облыс әкімі департамент басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарға қатысты дер кезінде көмек көрсетіп, материалдық-техникалық базаны күшейтуді тапсырды.Бұдан кейін облыс басшысы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жаңа ректоры Мұрат Телеуовті жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Ерлік жолдары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:12

Ерлік жолдары С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербестің «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады» атты кітабының таныстырылым рәсімі өтті. Бұл жинақта 1942 жылдың 25 қарашасында Ржев-Зубцово-Сычевка-Гжатск-Вязьма-Белый-Оленин аумағында басталған «Марс» операциясына қатысқан қазақстандық 100 және 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасы жауынгерлері туралы мағлұмат берілген.

«Рахмет» немесе «Рақмет» — Қазақ сөздері бірізге қашан түседі

Источник: TengriNews Дата: 25 апреля 2019 в 15:33

«Туған күн» бе, «туылған күн» бе? «Рахмет» пе, «Рақмет» пе? «Таңғалу» ма, «таңқалу» ма? Бүгінге дейін қазақ тілінде әртүрлі жазылып, бірізге түспей жүрген сөздер жетерлік. Көпшілігі көзді жұмып, орфографиялық сөздікке жүгінсе, кей жазарман онда да қателік бар дейді. Мұның тоқетерін айтып, бірізге түсіретін де заман жеткендей. Әсіресе, алға қойылған латын қарпіне өту үрдісінде бұл мәселені шешу маңызды.Tengrinews.kz тілшісі филологтармен сұхбаттасып, қазақ тілінде осы күнге дейін бірізге түспей жүрген сөздердің мәселесін көтерді.«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» кітабын құрастырған жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова кейбір сөздердің бірнеше нұсқада қолданылуына байланысты мынадай пікір білдіреді: «Қазіргі уақытта әртүрлі нұсқада жазылып жүрген сөздердің кейбірі «қ» және «х» әріптерінің емлесіне қатысты.

Жазғы универсиада ойындары басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 11:32

Жазғы универсиада ойындары басталды Жастар жылы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жанындағы «Жастар арена» спорт кешенінде Х жазғы республикалық универсиаданың белбеу күресі бойынша салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа еліміздің 15 жоғары оқу орнынан келген 130-ға жуық спортшы 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.Шараның ашылу салтанатына спортшылармен қатар университет ұжымдары, облыстық білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының қызметкерлері және Ақтөбе қаласындағы спорт мектептерінің басшылары қатысты.Дамир Қазиев аталған университеттің 2-курс студенті, белбеу күресінен облыс чемпионы.

«Цифрлық мектеп» — білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 11:12

«Цифрлық мектеп» —  білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы Әлемде жаңа дәуір басталды: цифрлық дәуір. Болашақта бізді роботтар, жасанды интеллект әлемі күтіп тұр. Дамыған елдерде роботтандыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелері жылдам дамып, қоғамның барлық салаларына «ақылды» инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Бүгінде әлемнің 20-ға жуық елінде ұлттық цифрландыру бағдарламалары қабылданған. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Дания секілді елдер ұлттық экономиканы цифрландыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Қазақстанда 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Ер Едігеге белгі қойылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 10:52

Ер Едігеге белгі қойылды «Едіге патшалық құрған күндер сан ықылымдағы нұрлы сәуле болса, ол салтанат құрған түндер замана кейпіндегі арайлы шапақ болды».Ибн Арабшах, ХІV ғасыр.Өткен аптада Ақтөбе өңірінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығы мен «Едіге батыр» эпосының 600 жылдығына орай бірқатар қоғамдық-саяси, көпшілік-мәдени шаралар ұйымдастырылды. Қала орталығында Ер Едіге даңғылы ашылып, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция өтті.

Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелде емделуге жолдама ала алады

Источник: TengriNews Дата: 23 апреля 2019 в 16:23

Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелде емделуге жолдама ала алады Былтыр, 2018 жылы Қазақстаннан шет елдерге ем алуға 89 науқас аттанған. Олардың 96 пайыздан астамы толығымен дертінен айығып шыққан. Жыл сайын науқастарға шетелге емделуге жолдама беру үшін мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңге сомасында қаражат бөлінеді екен. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында айтылады.Ведомство мамандары елімізде емдеуге келмейтін ауру түрлері және сол дертке шалдыққан науқастардың мемлекеттік жолдама арқылы қай мемлекеттерге барып ем алатынын айтып берді.

«Едіге батыр» эпосы — түркі халықтарына ортақ мұра

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2019 в 11:12

«Едіге батыр» эпосы — түркі халықтарына ортақ мұра С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция өтті. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 2 жылдығы мен «Едіге батыр» эпосының 600 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға ТМД аймағындағы түркі тектес мемлекеттердің делегациялары, соның ішінде Татарстан, Башкұртстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия секілді елдерден келген ғалымдар, зерттеушілер, ізденуші жас ғалымдар, әдебиетшілер қатысты.

Едіге батыр тұлғасы әлі зерттеуді қажет етеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2019 в 11:12

Едіге батыр тұлғасы әлі зерттеуді қажет етеді Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған атқарушы билік өкілдері «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» халықаралық конференциясының қонақтарымен кездесті. Облыстық әкімдік ғимаратында өткен басқосуда тарихи тұлғаны өскелең ұрпаққа кеңінен таныту жайы айтылды. — Конференцияны өткізу жөнінде бастаманы қолдап, ғалым ретінде соған атсалысып, біздің елге келгендеріңіз өте маңызды.

Ізденіс іздері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 11:32

Ізденіс іздері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында еңбек ететін Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, филология ғылымының кандидаты, доцент Нұрбол Сәдуақаспен жоғары оқу орнында бірге қызмет жасап келе жатқанымызға ширек ғасыр болған екен.Нұрбол балалық шағын Байғанин ауданындағы Алтай ауылында өткізді.

Аманат арқалаған басылым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 11:32

Аманат арқалаған басылым «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығына арнап, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы «Аманат арқалаған «Ақтөбе» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Мақсат — жастардың оқу-білімге қызығушылығын арттыру, мерзімді басылымдарды насихаттау.Жиында газеттің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев басылымның жүріп өткен жолына қысқаша шолу жасап, алдағы жоспарларды айтты.

Әлемнің өртке оранған ең құнды жәдігерлері

Источник: TengriNews Дата: 18 апреля 2019 в 11:23

Әлемнің өртке оранған ең құнды жәдігерлері Бүгін, 18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн 1983 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен белгіленген болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 100 мыңға жуық тарихи және мәдени нысандар жойылады. Өкінішке қарай, расында да қазіргі таңда жәдігерлердің барлығы сақтала қойған жоқ.

Архив — тарих айнасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 11:12

Архив — тарих айнасы Жаулап алушылардың «қас-қабағына», таптық мүддеге қарай жығылған «жалтақ» тарихтан бас тартып, өз халқымыздың шынайы тарихын тану жолындағы зерттеулер — тәуелсіздіктің бастапқы күндерінен бері үзбей жүргізіліп келе жатқан жұмыс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылы 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы жұмыстарға зор серпін беретін, төл тарихымызды жүйелеуді жаңа кезеңге шығаратын маңызды құжат ретінде қабылданды.Мақалада тарихи сананы жаңғырту жолындағы архивтердің рөліне зор мән беріліп, отандық және шетелдік мұрағаттарда зерттеулер жүргізу үшін «Архив — 2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау керектігі айтылды. «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды.

Әмір-ғұмыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 10:42

Әмір-ғұмыр Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінде белгілі журналист Әмір Оралбайды (1959-2008) еске алу кеші өтті. Ол тірі болғанда 21 сәуірде 60 жасқа толар еді. Бар-жоғы 49 жасында өмірден өткен Әмір Оралбайдың 28 жылға созылған журналистік ғұмыры Ақтөбе топырағында өтті. 1959 жылы Арал ауданындағы Аманөткел ауылында дүниеге келіп, 1976-1981 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген бойы Октябрь аудандық (қазіргі Мұғалжар ауданы) «Октябрь туы» –«Знамя Октября» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактор, «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» басылымдарының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде басшылық қызметте болды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасында оқытушылық қызметінде жүріп, 2000 жылы «Құдайберген Жұбанов» деректі ғұмырнамалық анықтамалығын жарыққа шығарды. Қазақ тіл білімінің негізін салған полиглот лингвист, 1937 жылы жазықсыз атылғанҚ.Жұбановтың өмірбаяндық деректері мен ғылыми мақалалары тұңғыш рет осы жинаққа топтастырылды.

Қазақстандықтар аты-жөнін 18 нұсқада жазып жүр — Тіл маманы

Источник: TengriNews Дата: 17 апреля 2019 в 19:53

Қазақстандықтар аты-жөнін 18 нұсқада жазып жүр - Тіл маманы Филология ғылымдарының докторы, тілші-ғалым Шерубай Құрманбайұлы қазақстандықтардың өз аты-жөнін жазудың 18 түрлі үлгісін қолданып жүргенін анықтады. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ғалым аты-жөнді жазудың бірізді үлгісін ұстану неліктен тиімді екенін айтып берді.Құрманбайұлының айтуынша, әр ұлттың аты-жөн жазудың өзіне тән қалыптасқан дәстүрлі үлгісі болады.

Сабақтан қалған баланың ата-анасы ғана емес, мұғалім де жауапқа тартылады — Заңгер

Источник: TengriNews Дата: 17 апреля 2019 в 11:33

Сабақтан қалған баланың ата-анасы ғана емес, мұғалім де жауапқа тартылады - Заңгер Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде баласы сабақтан себепсіз қалған ата-анаға айыппұл салынатыны жайлы хабарламалар тарап, қызу талқыланған болатын. Осыдан 2-3 ай бұрын министрлік өкілдері мұның расталмаған мәлімет екенін айтқан еді, алайда таяуда еліміздің білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сабақтан себепсіз қалған оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау») 7 АЕК көлемінде (17 675 теңге) айыппұл қарастырылған.Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі JusticeConsensus агенттігінің директоры, заңгер Азамат Бурхановтан бұл жағдайда ата-ананы жауапкершілікке тарту қаншалықты заңды екенін және Заңда ата-аналар мен педагогтарға қатысты мұндай норманың бар-жоғын анықтап білді.Заңгердің айтуынша, вице-министр бұл жағдайда бір жайтты ескермеген.

Рабочий график главы государства

Источник: Nomad.su Дата: 17 апреля 2019 в 00:03

Рабочий график главы государства «Ак Орда», 12 апреляВстреча с общественностью Мангистауской областиВ завершение своего рабочего визита в Мангистаускую область Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с общественностью региона.В ней приняли участие депутаты областного маслихата, члены совета ветеранов, представители неправительственного сектора и бизнес-сообщества, а также научная и творческая интеллигенция, молодежь.В своем выступлении Глава государства подчеркнул важность своего визита в Мангистаускую область и особо отметил, что мангистауцы всегда в самые ответственные моменты истории поддерживали руководство страны.Касым-Жомарт Токаев отдельно остановился на успехах Казахстана, достигнутых за годы Независимости под руководством Первого Президента Казахстана – Елбасы Н.А.

Адамзат жүрек жасауды үйренді ме — Израиль ғалымдары әлем назарында

Источник: TengriNews Дата: 16 апреля 2019 в 16:03

Адамзат жүрек жасауды үйренді ме - Израиль ғалымдары әлем назарында Израильдегі Тель-Авив университетінің ғалымдары дамыған технологияны пайдалана отырып, адам жүрегін 3D-принтер арқылы басып шығарды. 15 сәуірде әлемдік БАҚ өкілдері бұл жаңалық туралы жарыса жазды. Осыған дейін де адамның дене мүшесінің көшірмесін жасауға ұмтылған ғалымдар болған. Бірақ адамның басты органы болып саналатын жүректі израильдік ғалымдар тек ұқсастырып емес, шынайы адамның ағзасының тінін пайдаланып жасаған екен.Медицина ғылымына жаңалық әкелген осы зерттеу жайлы Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

«Рухани жаңғыру»: жарқын болашаққа бастайтын істер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 апреля 2019 в 10:22

«Рухани жаңғыру»: жарқын болашаққа бастайтын істер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған еді. Мақаланың жарыққа шыққанына тура екі жыл болды. 11 сәуірде Ақтөбедегі Жастар сарайында өткен «Рухани жаңғыру — тарлан тарих, жасампаз бүгінгі күн, жарқын болашақ» атты облыстық конференцияда осы уақыт ішінде атқарылған істер жөнінде баяндалып, бағдарламаны іске асыру барысындағы өзекті мәселелер талқыланды және алдағы жоспарлар жайлы да айтылды.
Показано 30 новостей из 1 592