Новости по теме "ғылым" — страница 11

Бөкенбай батырдың ескерткіші бой көтерді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 11:22

Бөкенбай батырдың ескерткіші бой көтерді Ел басына күн туған сонау XVII-XVIII ғасырларда «қалың жаумен қабырғадан қал кеткенше, қарағай найзадан әл кеткенше айқасуымыз керек» деп, елдің рухын көтерген түркі әлемінің ортақ батырына айналған Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші бой көтерді. Даңқты қолбасшы, айбынды саясаткердің рухына тәу етуге еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келді, шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, батыр ұрпақтары,зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин: «Батыр бабамыз өмір сүрген XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырына сын болған, елдікті таразыға салған ауыр кезеңдер болды.Сондай сын сағатта Бөкенбай Қарабатырұлының жер қайысқан қалың қол жинап, жоңғарлардан елімізді қорғауға аттануы — оның болмысы бөлек тұлға, елін сүйген ер, екендігін білдіреді», — деп атап өтті. Құтты мекен Ақтөбе өңірінен шыққан Әбілқайыр хан,Қобыланды батыр, Абат Байтақ, Есет, Тілеу, Көтібар, Асау-Барақ, Сәңкібай батырларды, олардың ізін жалғастырған екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жеңісті жақындатқан Әлия Молдағұлова, Мәлкеждар Бөкенбаев, Сәрсенғали Ешбаев, Иманғали Білтабанов, секілді батырлар мен Ақтөбеде жасақталған атқыштар бригадаларын тілге тиек етті.— Тәуелсіздікпен бірге осындай ерлеріміздің есімдері жаңғырып, ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, тарихтың ақтаңдақ беттері толығуда.

Жұбановтан — Абайға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 11:02

Жұбановтан — Абайға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбановтан — Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылып, Ақтөбе — Нұр-Сұлтан —Павлодар — Семей — Жидебай — Баянауыл — Қарқаралы — Қарағанды бағытындағы киелі жерлерде болып қайтты. Аталған шара Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

Жылқы: тарих пен таным

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 10:42

Жылқы: тарих пен таным Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төрт түліктің ішіндегі тектісі — жылқы жануарын ерекше атап өтеді. Көшпенді халықтың жылқы жануарымен бірге өсіп, біте қайнасып кеткені соншалықты, оны жоғары бағалаған біздің ата-бабаларымыз «ел намысын қорғаған батырлардың оң қанаты» деп есептеп, ерекше қасиеттерін аңыз еткен. Әсіресе, белгілі тұлпарлардың есімдері эпостық жырларда, ел аузында, толғаулар мен жырларда сақталып қалған.Қазақ халқы жылқының адам өмірі үшін қоғамдағы атқаратын қызметін жоғары бағалап, қасиетті жануар ретінде жеті қазынаның бірі санап, оған жыл қайыруда жетінші орынды берген. Қазақ батырларының басты тірегі, жан серігі болған бұл түлік түрінің есімдері халық санасына сіңіп қалған.

Көне қорымнан  тағы да 7 адамның сүйегі табылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 10:42

Көне қорымнан  тағы да 7 адамның сүйегі табылды Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологтары Құмсай (Қырықоба) қорымына қазба жұмыстарын жүргізу барысында жерлеудің ерекше тәсілдеріне тап болды. Маусым айының басында басталған қазба жұмыстарының нәтижесінде 3 обадан 7 адамның қаңқасы табылған. — Бұл анықтағанымыздай Батыс Қазақстандағы алғашқы жерлеу тәсілдеріне жатады. Қорғандардың үйіндісі ерте қола дәуіріндегі «көне шұңқыр» мәдениетіне сәйкес келіп отыр.

Ескерткішке бай өлке

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 10:32

Ескерткішке бай өлке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын әзірлеу қажеттігін айтты.Облыс көлемінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру жұмыстары үш бағытта жүргізіліп жатыр.

«Өте белсенді әрі өмірге құштар». Маман донор болудың пайдасын айтып берді

Источник: TengriNews Дата: 14 июня 2019 в 15:33

14 маусымда Бүкіләлемдік қан донорының күні атап өтіледі. Донор болу — біреудің өмірін ғана емес, өз өміріңді де құтқару. Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қан орталығының директоры Жандос Нәдіровпен тілдесіп, донор болудың маңызын сұрады.«Жыл сайын 230-250 мың адам қан тапсыруға келеді«Маманның айтуынша, донор болу үшін көп құжат жинаудың қажеті жоқ.

 «Мұнайшыдағы» таңғажайып әлем

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2019 в 12:52

 «Мұнайшыдағы» таңғажайып әлем «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ Қала сыртындағы «Мұнайшы» балалар жазғы лагері отыз жылдан бері үзілмей келе жатқан дәстүрі бойынша кішкентай достарын тағы қарсы алды. Бақытты балалардың күлкісіне толатын таңғажайыптар әлемінде — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Мұнайшы» лагерінде әдеттегідей бірінші маусымның ашылу салтанаты өтті.

Аритмия инсультке шалдықтырады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2019 в 11:32

Аритмия инсультке шалдықтырады Қазіргі таңда жүрек-қан тамыр, қан қысымы ауруларына шалдығушылар өте көп. Инсульт алып кенеттен көз жұмып жатқандар қаншама. Көпшілігі ауруын асқындырып алғанын білмейді. Ал инсультке соқтырар жолдың бірі — жүрек ырғағының бұзылуы, яғни аритмия. Бұл аурумен сырқаттанғандардың 30 пайызы инсульт алады. Өкініштісі, науқастардың көпшілігі аритмияға шалдыққанын дер кезінде сезбейді.

Ерліктің өр рухы өшпейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2019 в 11:02

Ерліктің өр рухы өшпейді Қасиетін танымаған қасіретке ұшырайды. «Өлінің аруағы разы болмай, тірі байымайды» деген екен атам қазақ.Көпшілікке аян, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін атқа мініп, соңына қалың жұртын ерте білген, қол бастап, ұлы далаға көз тіккендерге тойтарыс берген Бөкенбай Қарабатырұлы — әлі күнге дейін ел тарихынан лайықты орнын ала алмай жүрген асылдарымыздың бірі.Өкінішке қарай, кешегі тарихшыларымыз халқымыздың өткеніне терең бойламай, көп нәрсені ел-жұртқа нақтылы деректерге сүйене отырып, жеткізе алмай жүр.Қазақ тарихында қарадан шығып, халықтың қалауымен бірнеше рет қол бастаған батырлардың бірегейі осы Бөкенбай Қарабатырұлы екені шындық.

Бұқара

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2019 в 10:42

Бұқара КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ «Ақтөбе» газетінің 2019 жылғы 16 мамырдағы №55 санында жарияланған «Екі рет Еңбек Ері атанған Балимановты қалай ұлықтап жүрміз?» атты Әбдісәли Дәулетбаевтың мақаласына орай: Ақтөбе қаласы әкімдігінің сайтында 2013 жылы Балиманов Жұбатқан Жабайұлының атынан 1893 жылы Темір уезінің Қарақамыс ауылында дүниеге келіп, кейін Өзбек ССР-інің Бұхара облысы Тамды ауданы Ақтау колхозында аға шопан болған, екі рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған, 3 рет Ленин орденімен және басқа да орден, медальдармен марапатталған Жабай Балимановтың атына Ақтөбе қаласынан бір көше атауын беру туралы сұрақ қойылған болатын.

Состоялась церемония официального вступления Касым-Жомарта Токаева в должность Президента Республики Казахстан

Источник: Nomad.su Дата: 13 июня 2019 в 02:33

Состоялась церемония официального вступления Касым-Жомарта Токаева в должность Президента Республики Казахстан ​«Ак Орда», 12 июняВо Дворце Независимости состоялась торжественная церемония официального вступления Касым-Жомарта Токаева в должность Президента Республики Казахстан.После внесения Государственного Флага, Штандарта Президента и Конституции Республики Казахстан в Большой зал Дворца Независимости, приняв рапорт начальника Службы государственной охраны, вошел избранный Президент Республики Казахстан.В соответствии со статьей 42 Конституции Касым-Жомарт Токаев принес присягу: — Торжественно клянусь верно служить народу Казахстана, строго следовать Конституции и законам Республики Казахстан, гарантировать права и свободы граждан, добросовестно выполнять возложенные на меня высокие обязанности Президента Республики Казахстан!В честь вступления в должность избранного Президента Казахстана был исполнен Государственный Гимн, произведен 21 артиллерийский залп, а над резиденцией Акорда поднят Государственный Флаг Республики Казахстан.Председатель Центральной избирательной комиссии Берик Имашев вручил Касым-Жомарту Токаеву удостоверение Президента Республики Казахстан.В своей инаугурационной речи Глава государства поблагодарил всех казахстанцев за высокое доверие и отметил особую роль Первого Президента Казахстана – Елбасы Нурсултана Назарбаева как основателя современной казахской государственности.– Моя цель – обеспечить единство общества и защищать права каждого гражданина.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жеңіске жетті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июня 2019 в 10:52

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жеңіске жетті 9 маусымда өткен кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының алдын ала қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы кеше түске таман жария етті.Алдын ала қорытындылар бойынша, сайлаушылардың 70,76 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. 9 маусым күні дауыс беру еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде сағат 7.00 мен 20.00 аралығында жүргізілді.Орталық сайлау комиссиясының хабарлауы бойынша, осы күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00-ге дейін еліміз бойынша барлық сайлаушылардың 51,8 пайызы дауыс беріп үлгерді.Ал дауыс берушілердің жалпы саны жөніндегі алдын ала қорытындыларНұр-Сұлтан уақытымен 22.20-да хабарланды.

«Кампьютер» емес, «компүтер». Латын әліпбиімен бірге қазақтың сөйлеу мәнері қалай өзгереді

Источник: TengriNews Дата: 10 июня 2019 в 10:03

Қазақ тілінде орыс тілінің емлесімен айтылып жүрген сөздер жеткілікті. Мысалы, «команда», «коммунизм» секілді сөздерді «о» әрпімен жазғанымызбен, орыс тілінің заңдылығы бойынша «каманда», «камунизм» деп айтып жүрміз. Ал жаңа латын әліпбиіне ауысқан соң, қазақ тіліндегі осындай кірме сөздердің айтылу нормасын қазақ тілінің дыбыстық нормасымен сәйкестендіріп айтуды санаға сіңіру жоспарланып отыр.

Түркияда өткен жиында Едігетану мәселелері талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 14:02

Түркияда өткен жиында Едігетану мәселелері талқыланды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде,«Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында, Алтын Орданың беклер бегі болып, ел қамын жеген Едіге бидің тарихтағы орнын, елдік жолындағы күресін, өмір жолын зерттеу мақсатында көптеген ауқымды шаралар өткізіліп, ғылыми еңбектер жарық көрді. Биылғы сәуір айында өткен «Едіге эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференциядан соң, облыс әкімі О.Оразалин конференцияға жан-жақтан келген ғалымдарды қабылдап, едігетану мәселелерін терең де жан-жақты зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастыру керектігін атап өткен еді.Жуырда С.Бәйішев университетінің ғалымдары осы едігетану мәселелері бойынша Түркия елінің Мерсин университеті ұйымдастырған халықаралық симпозиумға арнайы шақыртумен қатысты. Әлемнің 32 мемлекетінің ғалымдары қатысқан жиында алғашқы баяндаманы С.Бәйішев университетінің президенті, профессор Бекежан Ахан жасады. «Едіге эпосы — түркі халықтарының ортақ мұрасы» атты баяндамасында ол осы мәселеге Ақтөбе облысы басшылығының зор мән беріп отырғанын атап өтті және тарихи деректерге сүйене отырып, Ер Едіге тұлғасын жан-жақты түрде ашып көрсетті.Сондай-ақ, симпозиумға қатысушы ғалымдар назарына Едіге батыр туралы деректі фильмнің түрік тіліндегі нұсқасы ұсынылды.Аталған симпозиумға С.Бәйішев университетінен қатысқан 8 оқытушы-ғалымның мақалалары таңдаулы ғылыми ізденіс ретінде танылды.Сапар қорытындысында Түркия еліндегі іргелі оқу орындарының бірі — Мерсин университеті мен С.Бәйішев университеті арасында ғылыми байланыс орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.М.МИРОВ,С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының директоры.

Мұғалімдер мерейі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 14:02

Мұғалімдер мерейі Ұстаз еңбегінің қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында сондай-ақ Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандық сапалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқу жылының қорытындысы бойынша дәстүрлі «Ұстаз мерейі — кәсіподақ жемісі» атты салтанатты шара өтті.

Сайлау — 2019

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 13:52

Сайлау — 2019 Әміржан Қосанов штабы Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.Іс-шараның модераторы және тренері — саясаттанушы Дос Көшім. Ол бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.

Тоқсанның тілегі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 11:22

Тоқсанның тілегі Тоқсан бес жылғы тарихтың тұтас бір кезеңдерін өзіне серік еткен санаулы жандардың бірі — Алма Төлепбаева.— Мен облыстық газетке жиырма бір жасымда мәшеңке басушы болып келдім. Содан зейнет демалысына шыққанша осында еңбек еттім. Газет жұмысы қай кезде де оңай болып көрген емес. Кейде күні-түні жүретін уақыт болады.

«Социалистік жол»: ақ тарының атасы туралы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 11:12

«Социалистік жол»: ақ тарының атасы туралы Бүгінде көп кемшілігі ақтарылған кеңестік заманның бір ұнамды жағы болса, ол—еңбекті дәріптеуі, осы саланың майталмандарын айрықша құрметтеуі болар деп ойлаймын. Осыдан тура 75 жыл бұрын, 1944 жылдың 28 мамырында атақты тарышы Шығанақ Берсиев дүниеден озды.Осымен байланысты «Социалистік жол» газетінің 30 мамыр күнгі номері түгелге жуық ұлы диқанның қазасына арналды.

Оқырман: біз сіздермен біргеміз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 10:52

Оқырман: біз сіздермен біргеміз! Сенімді серігімізОблыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерекесі жалпы газет қызметкерлері үшін ғана емес, оқырмандары үшін де ерекше салтанатты жағдай деп білеміз.Мен ұзақ жыл Ойыл ауданында ұстаздық қызмет атқардым, шәкірт тәрбиелеп, қоғамымыздың келешегіне қызмет етер жас буынға жол сілтеу ісіне үлес қостым.Қазір Ақтөбе қаласында тұрамын.Қай ұстаз болмасын, өзін баспасөзден бөлек сезіне алмайды. Өйткені газет-журнал — мұғалімдердің айнымас серігі, ақылшысы, қолдаушысы.

«Ақбөбек» оқушылары жеңімпаз атанды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 10:32

«Ақбөбек» оқушылары жеңімпаз атанды Жуырда Қызылорда қаласында дарынды балаларды қолдау, тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында республикалық зияткерлік турнирі өтті. Бағдарламасы ауқымды бұл турнирді «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған еді. Оның аясында пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар қорғау, өнер фестивалі, сондай-ақ, шахмат пен дойбы ойындарынан сайыстар қамтылған.

Аштық қасіреті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 10:22

Аштық қасіреті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда тарих ғылымдарының докторы, профессор Света Смағұлованың 1920-22 жылдардағы қазақ жеріндегі аштық туралы құпия құжаттар негізінде жазылған «Ашаршылық қасіреті» монографиясы таныстырылды.— 1920-21 жылдары қазақ жеріндегі бес аймақ халқы ашаршылыққа ұшырады.

Күйеу балаға төс тартудың пайдасы ғылыми дәлелденген бе — Маманның жауабы

Источник: TengriNews Дата: 04 июня 2019 в 18:53

Күйеу балаға төс тартудың пайдасы ғылыми дәлелденген бе - Маманның жауабы Қазақ ет асқанда күйеу балаға әрдайым малдың төсін берген. Басқа жілік емес, неге төс? Оның қандай қасиеті бар? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына этнограф, уролог-андролог мамандар жауап берді. Төс пайдасының ертегідегі көрінісі Қазақта «Зәрем зәр түбіне кетті» деген тұрақты тіркес бар. Мұндағы зәр түбі — қуықасты безі.

Қоғамдық штаб қорытынды кезеңде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июня 2019 в 17:02

Қоғамдық штаб қорытынды кезеңде Nur Otan партиясы облыстық филиалында ұйымдастырылған кезекті брифингте Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының басшысы Сәния Қалдығұлова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін алғашқы екі үгіт толқыны аумағындағы қорытынды ақпараттармен таныстырды.— Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері облыс бойынша бес мыңнан астам шара өткізді, оған 400 мыңдай адам қатысты.

Қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған

Источник: TengriNews Дата: 03 июня 2019 в 17:13

Қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған Биыл мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған еді. Елімізде ағартушының өмір жолын насихаттау, еңбектерін жас буынға дәріптеу жолында көптеген шара атқарылып келеді. Ал шетелде оның насихаты қалай жүріп жатыр? Қазақтың бас ақынына қойылған ескерткіштер қанша және олар қашан салынған еді?

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында жұбайлары қандай хаттар жазған — Архив құжаттары

Источник: TengriNews Дата: 31 мая 2019 в 10:53

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында жұбайлары қандай хаттар жазған - Архив құжаттары Қазақстанда 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ақтаңдақ жылдардың құпиясы уақыт өте келе ашылып, ел жадында сақтаулы. Міне, бұл мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі еліміздің мәдениеті мен ғылымын дамыту, жоғарғы мемлекет ұйымдардың заңдық және ақпараттық негіздерін орындау, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру жолында өзіне міндетті жұмыстарын атқарып келеді.

«Бәрі бесіктен басталады». Балаға жыныстық тәрбиені қалай беру керек

Источник: TengriNews Дата: 30 мая 2019 в 23:33

Баланың жыныстық тәрбие алу үшін ата-ананың онымен тек сөйлесіп қана қойғаны жеткіліксіз. Бәрі бесіктен басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психолог Ділда Сақтағанова айтып берді.Маманның сөзінше, балаға жыныстық тәрбие беру бүгінгінің өте өзекті мәселесіне айналған. Өйткені соңғы уақытта балаларға мерзімінен бұрын жыныстық жетілу дейтін диагнозы жиі қойылатын болған.«Балалар ғылыми-техникалық процестің қарқынды дамуына байланысты неше түрлі гаджеттер арқылы өз психикасы көтере алмайтын сексуалдық сипаттағы ойындарды және сол сияқты видеоларды көп көреді де, әсерленеді.

Жаңа туған сәбидің денесіндегі көк белгі — Моңғол таңбасы жайлы не білесіз

Источник: TengriNews Дата: 30 мая 2019 в 21:33

Жаңа туған сәбидің денесіндегі көк белгі - Моңғол таңбасы жайлы не білесіз Жаңа туған сәбидің денесінде көк белгі болады екен, бұл ғылымда «Моңғол таңбасы» деп, ал арасында «Тәңір таңбасы» делініп жүр. Бұл таңба жайлы ғылым не дейді, дәрігерлер не дейді? Оның қаупі бар ма? Tengrinews.kz тілшісі көк белгіге қатысты мәлімет жинаған еді. Бұл жұмбақ құбылыстың жауабын білу үшін ғалымдар көп жылдан бері талай зерттеу жүргізіп келеді.

Қазақтың асылған еті қай кезде пайдалы, қай кезде зиян — Маман кеңестері

Источник: TengriNews Дата: 29 мая 2019 в 21:13

Қазақтың асылған еті қай кезде пайдалы, қай кезде зиян - Маман кеңестері Бүгін — Дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні. Осы атаулы күнге орай Tengrinews.kz тілшісі тағамтанушы, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының маманы Айгүл Нағашыбекқызынан дұрыс тамақтанудың жөнін сұрады.Маманның сөзінше, адамға күніне 60-80 грамм еттің ақуызын тұтыну керек. «Қазақтың ұлттық ет тағамдарында, әсіресе оның құрамындағы ақуызында минерал заттектері көп болғандықтан, адам ағзасына пайдасы өте зор.

Өзбектер неге 1993 жылғы әліпбиіне оралғысы келеді

Источник: TengriNews Дата: 27 мая 2019 в 20:03

Өзбектер неге 1993 жылғы әліпбиіне оралғысы келеді Өзбекстанда латын негіздегі өзбек әліпбиін енгізу 1920 жылдан бері жалғасып келеді. Алайда бүгінге дейін өзбек қоғамына еніп кете алмады. Кейбір салаларға енгенімен, әлі күнге БАҚ кирилл қарпін қолданады. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, осыншалықты проблемалар шешілмей келеді. Өткен аптада көрші елде жаңа әліпби ұсынылып, қоғам талқысына салынды.

Бас жүлде — Әбілдаевтар отбасында! 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 мая 2019 в 14:42

Бас жүлде — Әбілдаевтар отбасында!  Кеше Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік отбасыларды салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылдың 6 желтоқсанындағы өкіміне сәйкес, өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын болды.
Показано 30 новостей из 1 602