Новости по теме "ғылым" — страница 10

Қылмыстың алдын алу — қоғам болып күресетін мәселе

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 мая 2019 в 04:12

Қылмыстың алдын алу — қоғам болып күресетін мәселе Жұма күні Ақтөбе қаласында «Құқықбұзушылықты ескерту мен алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орайластырылған конференцияның пленарлық мәжілісіне Парламент Мәжілісінің депутаттары, атқарушы органдар мен зиялы қауым өкілдері, курсанттар қатысты.

Мектеп бітіру кеші неге ата-аналардың әмиян жарысына айналды — Психолог пікірі

Источник: TengriNews Дата: 16 мая 2019 в 16:53

Мектеп бітіру кеші неге ата-аналардың әмиян жарысына айналды - Психолог пікірі Түлектер дәстүрге айналған соңғы қоңырауды өткізіп, қоштасу вальсін билегеннен кейін әдетте мектеп бітіру кешін күтіп, уақыт санай бастайды. Оны оқушылар асыға күтсе, ата-аналардың көбі күні жақындаған сайын алаңдай түседі. Заманауи мектеп бітіру кешінің проблемасы — қаржы мәселесі екені құпия емес.

«Астана» саябағы: ағаштар неге кесілді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2019 в 12:02

«Астана» саябағы: ағаштар неге кесілді? Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Астана» саябағындағы кесіліп жатқан талдарға қатысты көшпелі брифинг өткізді. Әкімнің айтуынша, саябақтағы талдар, кейбір ақпарат құралдарында жазылғандай түп-тамырымен қопарылып, оталып жатқан жоқ, керісінше шіріген ағаштар кесіліп, жаңартылып жатыр. — Ақтөбе қаласында мердігер компаниялардың жұмысы мен тапсырыстарды тиісті деңгейде атқаруын қадағалау мақсатында белсенді азаматтардан тұратын арнайы топ құрылған болатын.

Ақтөбенің іргесіндегі екі ауылда мектеп мүлде жоқ. Неге?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2019 в 10:52

Ақтөбенің іргесіндегі екі ауылда мектеп мүлде жоқ. Неге? Екі жыл бұрын Шилісай мен Рауанда мектептер салу мақсатында басталған жобалар мен құрылыс аяқсыз қалдыАқтөбе қаласының іргесіндегі екі ауылда — Шилісай мен Рауанда әлі күнге дейін мектеп пен балабақша жоқ. Шаһардың бас жоспарына сәйкес, екі елді мекеннің әрқайсысында 2025 жылға қарай тұрғындар саны 3500 адамнан кем болмайды деп есептелген. Қазірдің өзінде бұл ауылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Ұлт жанашырының ұлағаты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2019 в 10:42

Ұлт жанашырының ұлағаты Қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы ұстаз, ғалым Мұхтар Арынның есімі Ақтөбе жұртшылығына етене таныс. Әсіресе, аға буын өкілдері Ақтөбе өңірінің тарихын, тәуелсіздік жылнамасын осы тұлғаның өмірі мен қызметінсіз көзге елестете алмайды. Халық жазушысы, тағылымды тұлға Әбіш Кекілбаев айтқандай, керек заманда туып, керекті шаруаға ат қосысып, келелі іс тындырып кеткен ел ардағының туғанына биыл 20 мамырда 83 жыл толады.1983-1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтына басшылық жасап, білім ордасының өркендеп дамуына өлшеусіз үлес қосып, кейінгі ұрпаққа өшпестей із қалдырған ұлағатты тұлғаның мерейлі жасын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті дәстүр бойынша кең көлемде атап өтпек.Өз өмірінде талай абыройлы қызмет атқарып, келелі ой айта білген кемеңгер басшы Ақтөбе өңірінде еңбек еткен он екі жыл ішінде Ақтөбе педагогикалық институтын республикадағы жаңа тұрпаттағы көпсалалы жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналдырып, оның облыстағы рухани орталық ретінде танылуына зор үлес қосты.

Бұқара

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2019 в 10:22

Бұқара «ҚАРА ЖҰМА» МА, ӘЛДЕ «ҚАСИЕТТІ ЖҰМА» МА? Ғаламторды ашып қалсаң, теледидарды басып қалсаң: «Қара жұма, черная пятница, black friday» деп қазақша, орысша, ағылшынша шүлдірлеген жарнамаға көз сүрініп, құлақ тұнады. Иә, ағылшыншадан аударғанда сондай бір «қара» күні барлық әлемдегі сауда орындарында жеңілдіктер жасалып, дүние-мүліктің, киім-кешектердің бағасын пәленбай есе төмендетіп сататын көрінеді.

Мәртөкте «Түлектер» мұражайы ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2019 в 10:12

Мәртөкте «Түлектер» мұражайы ашылды Жуырда №2 Мәртөк мектеп-гимназиясында «Туған жерге тағзым», «Түлек.кz» акциялары аясында «Түлектер» мұражайы ашылды. Бұл игі істі осы білім ордасынан түлеп ұшқан түлектер жүзеге асырды. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мұражайдың жастарға берер тәлім-тәрбиесі зор. Тарихи-ғылыми дерек ретінде әртүрлі кезеңдерден сыр шертетін жәдігерлер, ұлттық дүниелер, мәдени құндылықтар мұнда келгендерді таңғалдырмай қоймайды.Аталған мұражайдың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Медет Ысқақов, аудандық білім, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Нұржан Әшімов, сондай-ақ осы мектептен түлеп ұшқан түлектер мен ұстаздар, ауыл азаматтары қатысты.Салтанатты шарада лента қию құрметі ардагер ұстаз Қыдырбай Шудабаев пен Әсия Нұртиноваға берілді.

Хайп, фидбэк, фандом. Жаңа сөздер енген сөздік қашан шығады

Источник: TengriNews Дата: 15 мая 2019 в 21:33

Хайп, фидбэк, фандом. Жаңа сөздер енген сөздік қашан шығады Әлеуметтік желілерде хайп, фидбэк, фандом, коллаборация, месседж сияқты сөздер сәнді болып тұр. Алайда бұл жаңа сөздер мен олардың мән-мағынасын қазақ тілінің қайсыбір сөздігінен таба алмайсыз. Ғылыми түсінік берілмеген бұл іспетті сөздердің проблемасы қашан шешіледі және оның мағынасын қашан дұрыс түсініп, дұрыс жазатынымыз белгісіз.

Касым-Жомарт Токаев провел совещание с членами своего штаба

Источник: Nomad.su Дата: 13 мая 2019 в 04:33

Касым-Жомарт Токаев провел совещание с членами своего штаба nurotan.kz, 12 маяВ ходе посещения кандидат в Президенты РК Касым-Жомарт Токаев встретился с членами Республиканского общественного штаба, его работниками и активистами. В здании Центрального аппарата партии «Nur Otan» он ознакомился с деятельностью «Центра организационной работы», «Центра планирования, анализа и мониторинга», «Центра финансового обеспечения», «Центра правовой экспертизы», «Центра логистики и материального снабжения», «Пресс-центра» и Молодежного крыла РОШ «TeamQazaqstan».Всего в РОШ вошли 190 человек, в том числе 30 членов Молодежного крыла «TeamQazaqstan».

Өмірінің соңғы күніне дейін зерттеулерін тоқтатпаған — Әлкей Марғұлан

Источник: TengriNews Дата: 11 мая 2019 в 13:13

Өмірінің соңғы күніне дейін зерттеулерін тоқтатпаған - Әлкей Марғұлан 11 мамыр — еліміздің біртуар ғалымы Әлкей Марғұланның туған күні. 80 жылдық ғұмырын қазақ халқының болмысын ашып, тарихын зерттеуге арнаған ғалымның биыл 115 жылдығы. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ғалымның өмірі мен еңбек жолын еске түсіреді.Абай өлеңін тыңдап өскенӘлкей Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы Екібастұз ауданының маңындағы Көктөбе ауылында дүниеге келген.

Әлемді таңдай қақтырған қазақстандық вундеркинд балалар

Источник: TengriNews Дата: 10 мая 2019 в 11:53

Әлемді таңдай қақтырған қазақстандық вундеркинд балалар «Қазақстанның дарынды балалары» жобасының аясында біз сіздерді балалық шағынан алғырлығымен, ерекше қабілетімен таңғалдырған жастармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің ішінде әйгілі Стивен Хокингпен кездескен, әлемді аузына қаратқан жылдам, құлағы естімесе де домбырада шебер ойнайтын және бір жыл ішінде есепке жүйрік атанып, турнирлерді жеңген вундеркиндтер бар.

Бомбылаушы ұшақтағы оқтаушы қыз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 04:22

Бомбылаушы ұшақтағы оқтаушы қыз 1942 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысынан майданға аттанған 300 қыздың бірі — Калинин және 1-Украина майданы 2-Әуе армиясы 728-әуе шабуылдаушы полкінің 1-эскадрилия сержанты, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, 7 баланың анасы Шолпан Қожамұратқызы Рахметова-Тасмұхамедова.Шолпан апайдың қызы, Хромтау ауданы Тассай орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болған Сария Қожақызы Рахметова әңгімелейді: Әкем мен анам Әке-шешем Ұлы Отан соғысының майдангерлері болса да, үй ішінде соғыс туралы өте сирек айтылды. Әкеміз соғыс жайындағы сұрағымызды мүлде ұнатпаса, шешемнің әңгімесі қашанда аяқталмай қалады. Қарулас құрбыларының қалай өлгені көз алдына келе ме, көзі жасаурап, дауысы бұзылып бара жатқасын біз де қоя қоямыз.1923 жылдың 20 наурызында Ключевой ауданы (Алға ауданы) Табантал ауылдық кеңесі «Қызыл ту» колхозында дүниеге келген анамның қыз кезіндегі тегі — Тасмұхамедова.

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2019 в 11:12

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес Үкіметтік емес ұйымдар — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда облыста 626 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 200-ге жуығы белсенді түрде жұмыс жасайды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Анаға тағзым» орталығында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог үлгісінде өткен жиында ұйым басшылары өздерін толғандырып жүрген проблемаларды ортаға салды.

Алғашқы академиктің тұлғасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2019 в 10:22

Алғашқы академиктің тұлғасы Ақтөбеде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ елінің алғашқы академигі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті география-туризм кафедрасы мен тарих факультетінің ғылыми кітапханасы ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.География-туризм кафедрасының аға оқытушысы З.

Архив қорларындағы майдангер хаттары

Источник: TengriNews Дата: 03 мая 2019 в 10:23

Архив қорларындағы майдангер хаттары Архив қорларындағы майдангер хаттары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты сан-алуан деректері бар қорлар сақтаулы.XX ғасырдағы ең қасіретті, қантөгіс соғысты суреттейтін ресми құжаттардан басқа, соғыс тарихын зерттеу дереккөзі болып табылатын құжаттардың бірі — жеке адамдардың, майданнан тылға, тылдан майданға жазған хаттары.Олардың ішінен бөліп-жарып айтатын болсақ, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдары» деп аталатын архив қорында Совет Одағы батырлары мен қатардағы жауынгерлерден келіп түскен хаттар, тылда «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деп, күндіз-түні тынбай еңбек еткен колхозшылар мен жұмысшы коллективтерінің майдангер жауынгерлерге жазған хаттары мен үндеулері жинақталған.Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған хаттардың топтамасы болып табылатын бұл архив қорының жинақталу тарихының өзі қызықты.

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 12:22

Бейбітшілік пен келісім — тұтастырар ел ішін Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.Оған еліміздің барлық өңірінен 1300 делегат келген. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Германия елдерінен қонақтар қатысып, келгендердің жалпы саны 1500 адамнан асты.

Татулық пен тұрақтылық  — ел дамуының кепілі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 мая 2019 в 12:02

Татулық пен тұрақтылық  — ел дамуының кепілі Астана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өткені мәлім. Жиынға еліміздің әр түкпірінен — 1300, ал біздің облыстан 31 делегат қатысып қайтты.

Қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім — ең басты құндылық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2019 в 10:22

Қоғамдық бірлік пен  ұлтаралық келісім — ең басты құндылық Елордада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен сессия «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбында өтті.

Сәуір: игі істерге ұмтылыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2019 в 10:02

Сәуір: игі істерге ұмтылыс Сәуір айы еліміздің өміріндегі саяси жаңалықтардың жұртшылық назарында болуымен ерекшеленді. Осы айда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы маусым айының тоғызыншы жұлдызында елімізде Президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.Сонымен, үлкен дода басталып та кетті. Партиялар өз үміткерлерін алға шығаруда.Облыста да өзге де өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар өмірге келуде.Nur Otan партиясын қолдауда Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз алып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп сенетіндігін, оның әр іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері, халықаралық аренада беделі бар тұлға екенін атап көрсетті.Аталған съезге Ақтөбе облысынан облыс әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Оңдасын Оразалин бастаған 30 делегат қатысты.Ақтөбеліктер де осы съезд шешімін, яғни Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдауда. Ірі кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында өткізілген жиналыстарда еңбек адамдары өз пікірлерін білдіріп, бұрыннан қалыптасқан сабақтастықтың сақталуын мақұлдауда.Инвестициялық ахуал өзгерістеріЭкономикаға инвестициялар тарту және жаңа технологиялар енгізуде Ақтөбе облысы алдыңғы қатардан көрінуде.Мәселен, биылғы қаңтар-ақпан айларында ғана облыстың негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 31,4 пайызға артқан.

Орта жастағы әйелдердің бала тастап кету жағдайы көбейіп жатыр — Маман

Источник: TengriNews Дата: 29 апреля 2019 в 20:13

Орта жастағы әйелдердің бала тастап кету жағдайы көбейіп жатыр - Маман Анасын 15 жылдан кейін тапқан Асхат Оралұлы жантебірентерлік тағдыры жайлы Жетінші арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Асхат бағдарлама барысында туғаннан бері балалар үйінде өскенін, кейін туған ағасының іздеп келіп, анасымен табыстырғанын айтты. Алты ағайынды балаларды ағасы жинап, бастарын қосыпты.

Жаңғыру негізі — сапалы білім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:42

Жаңғыру негізі — сапалы білім А.Досжанова атындағы конференц-холда «Медициналық біліктілікті үздіксіз дамыту» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мақсабілім саласындағы әріптестікті дамыту. Жиынға еліміздің әр аймағынан және Ресей, Италия, Польша, Египет, Литва, Украина, Кувейт, Армения елдерінен 187 ғалым келді.

Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:32

Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин аймақтағы жоғары оқу орнының және бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларын қабылдап, жұмыс жоспарларымен танысты», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық қорғаныс департаментінің бастығы Сейткерім Арапбаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов аймақ басшысына атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріп өтті.Облыс әкімі департамент басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарға қатысты дер кезінде көмек көрсетіп, материалдық-техникалық базаны күшейтуді тапсырды.Бұдан кейін облыс басшысы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жаңа ректоры Мұрат Телеуовті жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Ерлік жолдары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:12

Ерлік жолдары С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербестің «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады» атты кітабының таныстырылым рәсімі өтті. Бұл жинақта 1942 жылдың 25 қарашасында Ржев-Зубцово-Сычевка-Гжатск-Вязьма-Белый-Оленин аумағында басталған «Марс» операциясына қатысқан қазақстандық 100 және 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасы жауынгерлері туралы мағлұмат берілген.

«Рахмет» немесе «Рақмет» — Қазақ сөздері бірізге қашан түседі

Источник: TengriNews Дата: 25 апреля 2019 в 15:33

«Туған күн» бе, «туылған күн» бе? «Рахмет» пе, «Рақмет» пе? «Таңғалу» ма, «таңқалу» ма? Бүгінге дейін қазақ тілінде әртүрлі жазылып, бірізге түспей жүрген сөздер жетерлік. Көпшілігі көзді жұмып, орфографиялық сөздікке жүгінсе, кей жазарман онда да қателік бар дейді. Мұның тоқетерін айтып, бірізге түсіретін де заман жеткендей. Әсіресе, алға қойылған латын қарпіне өту үрдісінде бұл мәселені шешу маңызды.Tengrinews.kz тілшісі филологтармен сұхбаттасып, қазақ тілінде осы күнге дейін бірізге түспей жүрген сөздердің мәселесін көтерді.«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» кітабын құрастырған жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова кейбір сөздердің бірнеше нұсқада қолданылуына байланысты мынадай пікір білдіреді: «Қазіргі уақытта әртүрлі нұсқада жазылып жүрген сөздердің кейбірі «қ» және «х» әріптерінің емлесіне қатысты.

Жазғы универсиада ойындары басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 11:32

Жазғы универсиада ойындары басталды Жастар жылы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жанындағы «Жастар арена» спорт кешенінде Х жазғы республикалық универсиаданың белбеу күресі бойынша салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа еліміздің 15 жоғары оқу орнынан келген 130-ға жуық спортшы 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.Шараның ашылу салтанатына спортшылармен қатар университет ұжымдары, облыстық білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының қызметкерлері және Ақтөбе қаласындағы спорт мектептерінің басшылары қатысты.Дамир Қазиев аталған университеттің 2-курс студенті, белбеу күресінен облыс чемпионы.

«Цифрлық мектеп» — білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 11:12

«Цифрлық мектеп» —  білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы Әлемде жаңа дәуір басталды: цифрлық дәуір. Болашақта бізді роботтар, жасанды интеллект әлемі күтіп тұр. Дамыған елдерде роботтандыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелері жылдам дамып, қоғамның барлық салаларына «ақылды» инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Бүгінде әлемнің 20-ға жуық елінде ұлттық цифрландыру бағдарламалары қабылданған. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Дания секілді елдер ұлттық экономиканы цифрландыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Қазақстанда 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Ер Едігеге белгі қойылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 10:52

Ер Едігеге белгі қойылды «Едіге патшалық құрған күндер сан ықылымдағы нұрлы сәуле болса, ол салтанат құрған түндер замана кейпіндегі арайлы шапақ болды».Ибн Арабшах, ХІV ғасыр.Өткен аптада Ақтөбе өңірінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығы мен «Едіге батыр» эпосының 600 жылдығына орай бірқатар қоғамдық-саяси, көпшілік-мәдени шаралар ұйымдастырылды. Қала орталығында Ер Едіге даңғылы ашылып, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция өтті.

Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелде емделуге жолдама ала алады

Источник: TengriNews Дата: 23 апреля 2019 в 16:23

Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелде емделуге жолдама ала алады Былтыр, 2018 жылы Қазақстаннан шет елдерге ем алуға 89 науқас аттанған. Олардың 96 пайыздан астамы толығымен дертінен айығып шыққан. Жыл сайын науқастарға шетелге емделуге жолдама беру үшін мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңге сомасында қаражат бөлінеді екен. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында айтылады.Ведомство мамандары елімізде емдеуге келмейтін ауру түрлері және сол дертке шалдыққан науқастардың мемлекеттік жолдама арқылы қай мемлекеттерге барып ем алатынын айтып берді.

«Едіге батыр» эпосы — түркі халықтарына ортақ мұра

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2019 в 11:12

«Едіге батыр» эпосы — түркі халықтарына ортақ мұра С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция өтті. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 2 жылдығы мен «Едіге батыр» эпосының 600 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға ТМД аймағындағы түркі тектес мемлекеттердің делегациялары, соның ішінде Татарстан, Башкұртстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия секілді елдерден келген ғалымдар, зерттеушілер, ізденуші жас ғалымдар, әдебиетшілер қатысты.

Едіге батыр тұлғасы әлі зерттеуді қажет етеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 апреля 2019 в 11:12

Едіге батыр тұлғасы әлі зерттеуді қажет етеді Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған атқарушы билік өкілдері «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» халықаралық конференциясының қонақтарымен кездесті. Облыстық әкімдік ғимаратында өткен басқосуда тарихи тұлғаны өскелең ұрпаққа кеңінен таныту жайы айтылды. — Конференцияны өткізу жөнінде бастаманы қолдап, ғалым ретінде соған атсалысып, біздің елге келгендеріңіз өте маңызды.
Показано 30 новостей из 1 572