Новости по теме "энеолит"

Жылқы: тарих пен таным

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 10:42

Жылқы: тарих пен таным Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төрт түліктің ішіндегі тектісі — жылқы жануарын ерекше атап өтеді. Көшпенді халықтың жылқы жануарымен бірге өсіп, біте қайнасып кеткені соншалықты, оны жоғары бағалаған біздің ата-бабаларымыз «ел намысын қорғаған батырлардың оң қанаты» деп есептеп, ерекше қасиеттерін аңыз еткен. Әсіресе, белгілі тұлпарлардың есімдері эпостық жырларда, ел аузында, толғаулар мен жырларда сақталып қалған.Қазақ халқы жылқының адам өмірі үшін қоғамдағы атқаратын қызметін жоғары бағалап, қасиетті жануар ретінде жеті қазынаның бірі санап, оған жыл қайыруда жетінші орынды берген. Қазақ батырларының басты тірегі, жан серігі болған бұл түлік түрінің есімдері халық санасына сіңіп қалған.

Қасиетті Қобда жеріне барды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 декабря 2018 в 10:02

Қасиетті Қобда жеріне барды Облысқа Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай келелі кеңеске қатысуға арнайы келген «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры, халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асқар Омаров, белгілі тарихшы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Қобда ауданындағы киелі жерлерді аралады.Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ алдымен аудан орталығынан 40 шақырым жердегі еліміздегі бірегей және сирек кездесетін сәулет өнері — Абат-Байтақ кесенесіне барып, зиярат етті.Айта кету керек, ел аузындағы аңыздарға қарағанда, кесене атақты ойшыл Асан қайғы жыраудың ұлы Бесқопа аңғарында кенеттен қайтыс болған Абат батырға арналып, бүкіл аймақ халқының қатысуымен тез арада тұрғызылған.

Жылқы — қазақтың қазынасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 ноября 2018 в 12:32

Жылқы — қазақтың қазынасы Дәулет ӘБЕНОВ, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі.Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы — осыған дейін жарияланған «Мәдени мұра», «Тарих толқынында», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының жалғасы. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оларды жастардың арасында насихаттау, болашақ ұрпаққа жеткізу.Елбасы өз мақаласының І тарауында қазақ жеріндегі ежелгі өркениеттен бастап болған үлкен тарихи құбылыстарға, оқиғаларға тоқталады.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 ноября 2018 в 12:52

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 4 новости из 4