Новости по теме "шетел" — страница 7

АМАЛДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУ

Источник: Матрица.kz Дата: 14 июля 2017 в 23:03

АМАЛДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУ Алматыда автокөлік ұрлайтындарға тыйым болмай тұр. Зардап шегушілер полицияға арыз жазғанымен, мұндай қылмыстардың ашылар түрі жоқ. Осылайша тәртіп сақшыларынан күдерін үзген тұрғындар билікке жанайқайын өздері түсірген видео арқылы жеткізіп жатыр,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.Өткен аптада осы Алматының бір ғана ықшамауданынан оннан аса көліктің қолды болғанын хабарлаған едік.

Ең танымал павильондар белгілі болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июля 2017 в 10:42

Ең танымал павильондар белгілі болды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі ең танымал павильондар белгілі болды.Бұл туралы көрменің бір айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы халықаралық қатысушылар жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов мәлімдеді.— Танымал павильондарға қатысты айтар болсақ, тұрақты жариялап келе жатқан бұл рейтинг айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

ОРЫС ТІЛІНДЕГІ ЖАРНАМАЛАР БЕЛЕҢ АЛЫП БАРА ЖАТЫР

Источник: Матрица.kz Дата: 10 июля 2017 в 10:53

ОРЫС ТІЛІНДЕГІ ЖАРНАМАЛАР БЕЛЕҢ АЛЫП БАРА ЖАТЫР Жақында Астана әкімдігі тарапынан «Үздік жарнама -2017» байқауы өтті. Елімізде әлем көз тіккен айтулы шара өтіп жатқанда бұл өте маңызды. Аталмыш конкурстың бас жүлдесі «ORDA-print» жарнама орталығының директоры, дизайнер Гүлжан Мұратқызына бұйырыпты. Байқауды Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы жыл сайын өткізіп тұрады.

ОРЫС ТОБЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРТЕҢІ НЕ БОЛМАҚ?

Источник: Матрица.kz Дата: 04 июля 2017 в 10:23

ОРЫС ТОБЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРТЕҢІ НЕ БОЛМАҚ? Қазақ тілін білмейтіндер үшін не істеуіміз керек?Азат ел болғалы ширек ғасыры өтіп, екінші ширегін де бастадық. Қазір Қазақ Елінде қазақ тілінің тағдырына алаңдаудан гөрі қазақ тілін білмейтіндердің ертеңіне алаңдайтын кез келді. Қазақ тілін қолданушылар күн санап артып келеді. Оған бірден бір себеп қазақ халықының табиғи өсімі.

Ақтөбе — алғашқы үштікте

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2017 в 21:32

Ақтөбе — алғашқы үштікте «Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін облыста барлық шаралар алынуда. Облыстық әкімдікте облыс әкімінің төрағалық етуімен инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты аймақтық кеңестің отырысы болып өтті» деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Отырысқа «Kazakhinvest» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Біржан Қанешов, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шет елдік инвесторлар, даму институттарының, халықаралық компаниялар мен бизнес айналасының өкілдері қатысты.— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылған: шетел инвесторларын тарту бойынша жетекші орынға шығуды сақтау және Ұлттық инвестициялық стратегияны белгілеуде жұмыстар жүргізу.Президенттің тапсырмаларын орындау бағытында біздің облыста барлық шаралар алынуда.

Ежелгі Ойыл

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2017 в 20:12

Ежелгі Ойыл Тарихтың құм басқан құпиясыМатериалдық мәдениеттің өзіндік көрінісі ортағасырлық тас мүсіндер. Барқын құмынан табылып, Актөбе мұражайында сақтаулы тұрған биіктігі 98 см, ені 42 см балбал тас мүсін мен тұрмыстық жәдігерлер XIII ғасырдың кезеңіне тән деп есептелінеді.Шежіреші абыз ақсақалдардың атадан балаға жетіп жалғасып келе жаткан аңыз әңгімелеріне қарағанда Барқын құмының астында Жошы ұлысының Алтын Орда феодалдық мемлекетінің шапқыншылығына ұшырап, XIV ғасырдың ІІ жартысында жоқ етілген.

ПСЕВДОСАЛАФИЗМНІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

Источник: Матрица.kz Дата: 21 июня 2017 в 15:23

ПСЕВДОСАЛАФИЗМНІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ Әлем елдерінің назарын аударып отырған салафилік идеологияның салқыны ел ішін жайлап, дәстүрлі діни танымымызға қайшы келетін түсініктерімен қоғамда іріткі салып жүр. Салафилік идеологияның ұлттық құндылықтар мен мәдени-діни танымды бұзуға бағытталған әрекеттеріне қарамастан кейбір азаматтарымыз осы ағымның жетегіне еріп, солардың сенімдерін исламның шынайы қағидаттары ретінде қабылдауда.Салафизм идеологиясы ұстанушыларының уағыздарымен ұлттық, діни дүниетанымымызға қайшы келетін идеология таралуда.

Қонақүйден бос орын іздеген туристер Астана әкімдігіне хабарласа алады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 июня 2017 в 23:42

Қонақүйден бос орын іздеген туристер Астана әкімдігіне хабарласа алады «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген туристер қонақүйлердегі, хостелдер мен жатақханалардағы бос орындар жайлы Астана әкімдігіне қоңырау шалу арқылы біле алады.Елордалық ішкі саясат басқармасынан мәлім еткендей, қазіргі уақытта Астанада 3,9 мың орындық 92 хостел жұмыс істейді.

Дін істері министрі: Қара киіммен тұмшаланғандар мемлекеттің саясатына қарсы

Источник: Zakon.kz Дата: 20 июня 2017 в 14:39

Дін істері министрі: Қара киіммен тұмшаланғандар мемлекеттің саясатына қарсы Күректей сақал өсіріп, балағын қысқартып, қара киіммен тұмшаланғандар еліміздің құрылымы мен саясатына келіспейтіндігін көрсеткісі келеді. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.«Бұл біздің мәдениетімізге және салт-дәстүрімізге жат нәрсе. Өйткені қазақ әйелдері бет-әлпетін жабатын қара киім кимеген.

Қазақстан алаяқтық бабымен іздеуде жүрген шетел азаматын экстрадициялады

Источник: Zakon.kz Дата: 15 июня 2017 в 13:59

Қазақстан алаяқтық бабымен іздеуде жүрген шетел азаматын экстрадициялады Биыл 31 наурызда Астана қаласы аумағында Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 168-бабының 2-бөлігі «а,б» тармақтарымен (алаяқтық) мемлекетаралық іздеуде жүрген 22.04.1967 ж.т., Өзбекстан азаматы «Р» ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат. Прокурордың өтініші негізінде Алматы ауданының №2-ші соты «Р» есімді әйелді экстрадициялық қамауға алды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 22.01.1993 жылғы Минск Конвенциясына сәйкес, Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының қолға түскен күдіктіні беру туралы сұранысы қанағаттандырылды.Қазіргі уақытта, ол Өзбекстан Республикасына беру үшін Алматы қаласына әкетілді.

Қытайдағы қазақ қызы — «Экспо-2017» көрмесінің еріктісі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2017 в 20:42

Қытайдағы қазақ қызы — «Экспо-2017» көрмесінің еріктісі Астанада өтіп жатқан Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілер де, онда қызмет етушілер де көп. Олардың қатарында еріктілер де бар. Өзінің аты айтып тұрғандай, ақысыз негізде, өз қалауымен туристерге көмек көрсететіндерге сұраныс айтарлықтай. Ұйымдастырушылардың сөзінше, үш айға созылатын бүкіләлемдік шара барысында 6 мың ерікті жұмылдырылмақ.

Ғалымжан-ғұмыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 июня 2017 в 20:22

Ғалымжан-ғұмыр Ақтөбедегі байырғы жоғары оқу ордаларының бірі — педагогика институтын сегіз жылдай басқарған көрнекті қоғам қайраткері, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Нұрышев пен оның зайыбы — профессор, әлеуметтану ғылымдарының докторы Күлімхан Шөптібаева өздерінің адами ашық болмысымен, көрнекті кісілігімен осы өңірдің адамдары үшін қадірлі де құрметті жандарға айналып еді.Міне, олардың ортамыздан мәңгілік сапарға аттанғандарына да бес жылдың жүзі өтіпті.

Шетел травматологтары ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 июня 2017 в 00:42

Шетел травматологтары ынтымақтастық  меморандумына қол қойды Екі күн бойы Ақтөбеде АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия елдерінен келген травматолог-ортопедтер мен еліміздің мамандары жол-көлік оқиғасы мен апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету жолын талқылады. Шараның соңында облыс әкімдігі мен шетелдік мамандар ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өз алаңын ашады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 мая 2017 в 20:12

Біріккен Ұлттар Ұйымы өз алаңын ашады Біріккен Ұлттар Ұйымы 10 маусымда «ЭКСПО-2017» «Болашақ Энергиясы» халықаралық павильонында өз алаңын ашады. БҰҰ алаңының ашылу салтанаты халықаралық павильонның Involvement Zone аумағында өтеді.ЭКСПО көрмесіне БҰҰ-ның тоғыз агенттігі, атап айтқанда БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНЕП (Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы), БҰҰ ЭСКАТО (Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы), ЮНЕСКО (Білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі), БЖКБ (БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы), ЮНИДО (Өнеркәсіптік даму жөніндегі БҰҰ), ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры), МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және БҰҰ Әйелдер агенттіктері (БҰҰ-ның Әйелдердің гендерлік теңдігі және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы) қатысады.БҰҰ-ның таза әрі қолжетімді энергияны бүкіл әлем бойынша ілгерілету саласында 70 жылдан астам тәжірибесі бар.

Тәуелсіз сот билігі – әлеуетті мемлекет негізі

Источник: Zakon.kz Дата: 29 мая 2017 в 16:59

Тәуелсіз сот билігі – әлеуетті мемлекет негізі «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады» Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабы 1,2-бөліктері.Сот реформасын әрі қарай жетілдіру мәселесі қазіргі таңда еліміздің экономикасында, әлеуметтік салада, тұтас әлемде шұғыл түрде жасалып жатқан бетбұрыстар, жаңа бағыттар мен өзгерістерге байланысты туындап отыр.

Ұлуды дос еткен қазақ қызы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 мая 2017 в 01:12

Ұлуды дос еткен қазақ қызы «Қалауын тапса, қар жанады» демекші, қазір табыс табудың түрлі жолы бар. Айталық, дәстүрлі емес терапияны кәсіп етіп, табыс кілтіне айналдырып отырғандар қаншама. Бірі ара өсіріп, оның балын сатып, уымен адам емдеп, апитерапияға маңыз беруді жөн санаса, көптеген салондарда сүлікпен емдеу, яғни гирудотерапияның барын білеміз.

ОҚО тұрғыны ежелгі әдіспен жібек өндіре бастады

Источник: Zakon.kz Дата: 23 мая 2017 в 16:59

ОҚО тұрғыны ежелгі әдіспен жібек өндіре бастады Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіру ісі қолға алынды. Тұт егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған кәсіпкер Сұлтанбек Бәкіров жергілікті тұрғындарды аталған кәсіпті игеруге үйретіп жүр, дейді BAQ.kz.Биылдың өзінде ол 600 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.«Тұт ағашын егу арқылы отбасылық кәсіп ашуға болады.

Жәния ӘУБӘКІРОВА: Мен тыңдарманға ой салатын музыканы орындаймын

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 мая 2017 в 21:22

Жәния ӘУБӘКІРОВА: Мен тыңдарманға ой салатын музыканы орындаймын Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, профессор, танымал пианиношы Жәния Әубәкірова екеуара әңгіме барысында нені армандайтынын, ол үшін көрермен деген кім екенін, қай жерде концерт бермегенін, өмір мен өнеріне қатысты бұдан басқа да ой-толғамдарын айтып берді.

Жәрмеңкесі Ойылдың аз ғана күн

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 мая 2017 в 23:02

Жәрмеңкесі Ойылдың аз ғана күн Айдынына Ойылдың қаз қонатын,Қалжың айтсам жеңешем мәз болатын.Ойнайық та күлейік жәрмеңкедеЖәрмеңкесі Ойылдың аз ғана күн…Қызыл Тұрдалыұлы.ХIХ ғасырдың ІІ-ші жартысынан бастап қазақ даласы мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар ұлғайып, әсіресе, сауда-саттық жедел түрде дами бастады. Сауда-саттықтың қызу жандануына екі жақ та мүдделі болды және сол кезде қалалар мен бекіністердің көп салынуы да өз ықпалын тигізді.

Димаш ЭКСПО аясында 2 концерт береді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 мая 2017 в 20:12

Димаш ЭКСПО аясында 2 концерт береді Димаш Құдайберген Елордада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында екі күн концерт береді.Бұл туралы ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. «Ауқымды концерттік бағдарламалардың ішінде Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионында өтетін концерті бар. «Астана Аренаға» 22 мың адам сыяды. Қазіргі уақытта, айналдырған 6 күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті.

Тұрақтылық – рухани жаңғыру кепілі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2017 в 18:12

Тұрақтылық – рухани жаңғыру кепілі Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен ҚХА-ның XXV сессиясы болып өтті.Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікке қызмет ететін осы аса маңызды қоғамдық институттың сессиясы жыл сайын өтіп тұрады.

Алматыда келімсектер жаппай дәрігерлердің қарауынан өтуі тиіс

Источник: Zakon.kz Дата: 13 марта 2017 в 16:39

Алматыда келімсектер жаппай дәрігерлердің қарауынан өтуі тиіс Алматыда келімсектер жаппай дәрігерлердің қарауынан өтуі тиіс. Еңбек мигранттары арасында туберкулез ауруының алдын-алу үшін, медиктер тексерісті құрылыс аумақтарынан бастады. Бүгінде Алматының Наурызбай ауданында жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары көп. Олар, флюрографиялық тексерістен өтіп, ақ халаттылардың кеңесіне жүгінді, деп жазады Алматы телеарнасы. Өткен жылы жас ауданда 7000-нан аса мигрант тіркеліпті.

ОҚО-да ЕУРО-5 үлгісінде зауыт салынбақ

Источник: Zakon.kz Дата: 10 марта 2017 в 12:59

ОҚО-да ЕУРО-5 үлгісінде зауыт салынбақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ресейлік «Космос-Нефть-Газ» қаржылық-өнеркәсіптік компаниясының президенті Иван Лачугинмен және қазақстандық «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановпен кездесті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

13 жаста тұрмысқа шыққан анаға 51 шөбересі тосын сый жасады

Источник: Zakon.kz Дата: 09 марта 2017 в 10:39

13 жаста тұрмысқа шыққан анаға 51 шөбересі тосын сый жасады Отасқандарына 67 жыл толған жұбайлар барша қазақстандық қыз-келіншекті 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Мұнымен қатар, бүгінде 47 немере, 51 шөбере сүйіп отырған әже шөбере келінімен бірге қара шаңырақта дастархан жайып, балаларын қонақ етті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.Егізбаев Серғазы Егізбайұлы 1928 жылы Қазалы ауданы Бөзкөл ауылында дүниеге келген.

Ақтөбеде заң бұзған 287 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Источник: Zakon.kz Дата: 20 февраля 2017 в 15:59

Ақтөбеде заң бұзған 287 шетелдік жауапкершілікке тартылды Ақтөбеде ҚР Көші-қон туралы заңын бұзған 108 шетелдік елден шығарылды. Дені — Өзбекстан азаматтары. Бұл туралы облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының взвод командирі Аслан Қасқырбаев мәлімдеді. Ел аумағында болу ережесін бұзған 287 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Baq.kz.«ҚР аумағында болу ережесін бұзған 287 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу

Источник: Zakon.kz Дата: 20 февраля 2017 в 12:19

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу  Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарынхалықаралық-құқықтық реттеу Елімізде неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды.Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес: отбасы дегеніміз — некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы.

Қазақстан аумағынан 2 мың 500 шетелдік шығарылды

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 16:29

Қазақстан аумағынан 2 мың 500 шетелдік шығарылды Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 мың 500 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz.Қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматыда қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау аясында көші-қонға бақылау күшейтілді.Өткен жылы Ішкі істер департаментінің қызметтерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесе отырып Алматы қаласының ІІД-нің көші-қон полициясының бөлімшелерімен шетел азаматтарының елімізге келуін бақылау бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру жүзеге асырылды.«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 17 мың 469 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды

Источник: Матрица.kz Дата: 16 февраля 2017 в 09:03

«Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды Алматыда, ақпанның 16-да, сағат 14.00, Қазақстан баспасөз орталығында «Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды. Биылғы шара Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналады. 6-шы рет ұйымдастырылып отырған байқау жұмыстарды ақпанның 17 бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылдайды. «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесі Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін «ZHERSU» өндірістік-инвестициялық корпорациясының, Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызының, Арман Шораевтың, Қазақстан баспасөз орталығының, «Аруна» баспасының қолдауымен өтеді. «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесінің бас ақпараттық серіктесі «Русское радио».

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Источник: Бухта Капшагай Дата: 04 февраля 2017 в 07:41

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Құрметті қазақстандықтар!Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік.

Бір жылда Қазақстанның медициналық ұйымдарында 5 мыңнан астам шетелдік емделді

Источник: Zakon.kz Дата: 03 февраля 2017 в 16:59

Бір жылда Қазақстанның медициналық ұйымдарында 5 мыңнан астам шетелдік емделді Медициналық қызметтер Түркия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Қытай сынды алыс-жақын шетел азаматтарына көрсетілді, деп жазады zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап. Шетелдік пациенттердің арасында консультативтік-диагностикалық, стационарлық, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық қызметтер, сонымен бірге, трансплантология және т.б. сұранысқа ие.«Нейрохирургия ұлттық орталығы пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасының Joint Commission International ең жоғары халықаралық стандартымен сертификатталған.
Показано 30 новостей из 210