Новости по теме "шетел" — страница 6

ОРЫС ТІЛІ РЕСМИ ТІЛ ДЕГЕН БАПТЫ АЛЫП ТАСТАУ КЕРЕК!

Источник: Матрица.kz Дата: 06 сентября 2017 в 16:53

ОРЫС ТІЛІ РЕСМИ ТІЛ ДЕГЕН БАПТЫ АЛЫП ТАСТАУ КЕРЕК! Қазір Кеңес Одағының шекпенінен шыққан қай елге көз салсаңыз да барлығында ұлттық өрлеу жүріп жатыр. Әсіресе, іргелес Ресейдің жөні бөлек. Бұлар «батыстық демократияны» басы бүтін қабылдамай, өзіндік дербес жолға түсіп, орыс ұлтшылдығын әспеттеуге көшті.Қазірдің өзінде ұлтшылдарға көрсетілген қолдаудың күштілігінен Ресейде ультранацистік бағыттағы көптеген қозғалыс қалыптасты.

КӘСІПОДАҚ ЖОҚ, ЖОҚ. ӘБІЛҒАЗЫ ЖОҚ, ЖОҚ... ТАЙРАҢДАЙДЫ ҮНДІЛЕР...

Источник: Матрица.kz Дата: 04 сентября 2017 в 12:23

КӘСІПОДАҚ ЖОҚ, ЖОҚ. ӘБІЛҒАЗЫ ЖОҚ, ЖОҚ... ТАЙРАҢДАЙДЫ ҮНДІЛЕР... Екі-үш күннен бері ел назары Елордаға ауды. Қазақ-үнді жүмысшыларының арасында тұтанған дауға Үкімет мүшелері үн қосып, халыққа басу айтты. Астана әкімі Әсет Орынтайұлы жанжал болған жерге барып, үнді гастарбайтері мен қазақ күзетшісінің жанжалынан туындаған топтық қақтығысты тұрмыстық деңгейдегі кикілжің деп сипаттап, елді тыныштандырғандай болды.

ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ НЕМЕСЕ КӨШІ-ҚОННЫҢ ЕКІ ЖАҒЫ ТУРАЛЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 04 сентября 2017 в 09:33

ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ НЕМЕСЕ КӨШІ-ҚОННЫҢ ЕКІ ЖАҒЫ ТУРАЛЫ Көші-қон сынды құбылыстың бір-біріне қарама-қарсы қос қыры бар: иммиграция, яғни елге келу және эмиграция, яғни елден кету. Америкалық Boston Globe басылымы жақында иммиграция үшін ең оңтайлы әрі ыңғайлы елдердің тізімін жасақтаған екен, онда Қазақстан 46-орынды иеленіпті. Зерттеу 80 елді қамтып, онда экономикалық тұрақтылық, табыстар теңдігі, еңбек нарығы мен бизнес-лидерлері және элита өкілдерінің елдегі жағдайы туралы ой-пікірлері негізге алыныпты.Осыған орайлас тағы бір ақпарат: Ranking.kz агенттігінің мәліметінше, 2017 жылдың бірінші жартысында Қазақстаннан шетелге 15 мың адам қоныс аударып, бізге 9 мың азамат көшіп келген.Осы статистиканың ұлттық сипатына келсек, елден кеткендердің ішінде орыс, неміс және украиндар көп.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ МИЛЛИАРДТАП ҚАРЖЫ ҚҰЙҒАН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯЛАРЫ ШЕТІНЕН ЖАБЫЛЫП ЖАТЫР

Источник: Матрица.kz Дата: 29 августа 2017 в 09:23

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ МИЛЛИАРДТАП ҚАРЖЫ ҚҰЙҒАН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯЛАРЫ ШЕТІНЕН ЖАБЫЛЫП ЖАТЫР Шетелдегі проблемалық активтер әлдеқайда көп болып шықты! Зейнетақы қорының 600 миллион теңгесі Бразилиядан қайтпай қалған. Осынша қаржы құйылған компания аяқ астынан жабылыпты. Ал Лондон сотында қордың 12 миллиард 500 миллион теңгесіне қатысты мәселе әлі қарастырылып жатыр. Қалай болғанда да, қордың жалпы 40 миллиардтан астам проблемалық активтерінің түгелдей қайтатынына күмән бар. Өйткені, дефолттық компаниялардың қарызды өтеуге ақшасы жетпейді екен, деп жазды КТК телеарнасы. Қазір зейнетақы қорының 40,5 миллиард теңге проблемалық активі бар.

ШЕНЕУНІКТІҢ БАЛАСЫНАН НЕГЕ ЧЕМПИОН ШЫҚПАЙДЫ?

Источник: Матрица.kz Дата: 23 августа 2017 в 15:53

ШЕНЕУНІКТІҢ БАЛАСЫНАН НЕГЕ ЧЕМПИОН ШЫҚПАЙДЫ? Сонымен, RBK банкі басқарма басшысының орынбасары болып парламент мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулиннің отыз жасқа әлі тола қоймаған (29 жаста) ұлы Нұрхан Нұрланов тағайындалды. Н.Нұрланов бұған дейін Qazaq банкіне басшылық жасаған. Мұнай мен газға қатысты ұлттық компаниялардың орталықтағы ғимараттарында тәжірибе жинақтаған.

Несие беруде банктердің белсенділігі артты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2017 в 21:52

Несие беруде банктердің белсенділігі артты Биыл қаңтар-маусым аралығында облыс банктері жалпы сомасы 139,9 миллиард теңге несие берген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда — 90,9 пайыз. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Перизат Әсімбетова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне «Облыстың қаржы нарығындағы жағдай» тақырыбында өткізген брифингте мәлім болды. Қазір облыста 20 екінші деңгейлі банк қызмет көрсетуде.

Астанадағы көрмеде Мағжан Жұмабаевтың құпия қолжазбасы таныстырылады

Источник: Zakon.kz Дата: 17 августа 2017 в 11:09

Астанадағы көрмеде Мағжан Жұмабаевтың құпия қолжазбасы таныстырылады Астанадағы «Қазақстанның жаңа тарихи белесі» көрмесінде облыстық архив сирек әрі бірегей материалдарды ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысының Астанадағы мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде көрме ұйымдастыратын бірінші өңір болады. «Көрмеде мешіттер мен шіркеудің метрикалық кітаптары, Қазақ хандығының тарихы мен 18 ғасырдағы шетел архивтерінің құжаттары мен құжат көшірмелері, «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» қызметіне қатысты бірегей құжаттар ұсынылады», — деді архивтің директоры Сәуле Маликова.

Астанада Маңғыстау күндері аясындағы инвестициялық кездесу өтті

Источник: NewTimes Дата: 16 августа 2017 в 17:54

Астанада Маңғыстау күндері аясындағы инвестициялық кездесу өтті Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалу қажеттілігінің маңыздылығын атап өткен болатын. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында шетел инвесторларын тарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.Бүгін Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында ЭКСПО алаңында орналасқан «Kazakh Invest» павильонында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың, бірнеше министрліктер мен 10-нан астам елдің елшілерінің қатысуымен инвестициялық кездесу өтті.

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ. КИНОНЫҢ ҚИЫН АСУЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 15 августа 2017 в 13:53

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ. КИНОНЫҢ ҚИЫН АСУЫ Президенттің бағдарламалық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ең алдымен, ұлт назарын рухани салаға бұрды. Мәдениетке бұрды. Неге дейсіз ғой? Өйткені дамыған ұлттық мәдениет қана – дамыған ұлттық сананы қалыптастырмақ. Даму тұрмақ, ұлттық мәдениетіміз, ұлттық сана тіректері – тіл, дін, діл, тарихи жады, салт-дәстүрлеріміз кешегі кеңестік кезеңнен шашылып қала жаздап шыққаны белгілі.

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні (Видео)

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2017 в 11:12

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні (Видео) Бүгін аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Сазгер Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген.Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді.

ИМАМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖАРИЯ БОЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 04 августа 2017 в 11:33

ИМАМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖАРИЯ БОЛДЫ Қазақ жастарының шетелге барып, өз беттерінше діни білім алуы қауіпті! Дін істері министрі бүгін осындай ескерту жасады. Өйткені, жолдамасыз түрлі демеушілердің көмегімен шекара асып, араб тілін үйренуге кеткендердің көбі жат ағымның жетегінде жүр дейді Нұрлан Ермекбаев. Сондықтан, министр ата-аналардан ұл-қыздарына барынша сақ болуын сұрап отыр.

«Латын әліпбиін кезінде Құдайберген Жұбанов та жоғары бағалаған еді»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2017 в 20:12

«Латын әліпбиін кезінде Құдайберген Жұбанов та жоғары бағалаған еді» Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деген болатын. Қазіргі кезде осы мәселе жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр.Мамандар латын жазуының артықшылығы, қазақ тілі орфографиясын одан әрі жетілдіріп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсуде латын жазуын қабылдаудың маңызы зор екендігін айтып келеді.Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Садуақаспен тілші әңгімесін ұсынып отырмыз.— Нұрбол Абдуллаұлы, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қай кезден бастап қозғалған еді?— Қазақ әліпбиі мен жазуынлатын қарпіне көшіру мәселесі туралы еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап ғылыми ортада сөз қозғала бастаған еді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕОЛОГТАР ПСЕВДОДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ БОЙЫНША ДӘРІС АЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 31 июля 2017 в 10:43

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕОЛОГТАР ПСЕВДОДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ БОЙЫНША ДӘРІС АЛДЫ 27-29 шілде аралығында «Әзірет Сұлтан» астаналық мешітінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» қоғамдық бірлестігі теологтардың тобына семинар-тренинг өткізді.Іс-шара «Радикалдық діни көзқарастары бар адамдарға теологиялық оңалтуды ұйымдастыру» жобасы шеңберінде іске асырылуда.

САҒАДИЕВ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА ҚАРСЫ МА?

Источник: Матрица.kz Дата: 28 июля 2017 в 14:53

САҒАДИЕВ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА ҚАРСЫ МА? Біздегі басы даудан арылмаған министрдің бірі болса, ол Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Министр болып келгеннен бастап қоғамның қарсылығына ұшыраумен келеді. Оның себебі министрдің ұлт болашағына деген жауапкершіліксіздігінен болса керекті. Бірақ, біздің минсистрді қоғамның пікірі қызықтырмайды да.

ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛҒАНДАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

Источник: Матрица.kz Дата: 28 июля 2017 в 09:33

ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛҒАНДАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуына шектеу қойылуы мүмкін. Діни қызмет туралы жаңа заңнама жобасына осындай норма енгізу ұсынылмақ. Бұл жайында sputniknews.kz сайты хабарлады. «Осы оқиға байланысты айтар болсақ, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шетелдік оқу орындарына жастарымыздың бақылаусыз шығып кету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын», − дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Бақытжан Құлекеев.Оның айтуынша, шетелге діни білім алу мақсатында барған жастарымыз радикалды діни ағымдар идеологтарының ықпалына түседі.

ҰЛТЫ НЕМІС ПОЛИЦЕЙ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮШ АЙДА МЕҢГЕРІП АЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 27 июля 2017 в 12:13

ҰЛТЫ НЕМІС ПОЛИЦЕЙ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮШ АЙДА МЕҢГЕРІП АЛДЫ Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ІІБ жол-патрульдік полицияға жетекшілік ететін Николай Викторович қазақ тілін небары үш айдың ішінде толық меңгеріп шыққан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.Ресей жерінде неміс отбасыда дүниеге келген Николай Трошин бала кезінде әкесінің жұмыс бабына байланысты Ақтөбе өңіріндегі Хлебодар елді мекеніне қоныс аударған.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап күшейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2017 в 21:42

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап күшейді Еліміз дамудың жаңа деңгейіне көшті. Халықаралық деңгейдегі көптеген дүниежүзілік ұйымдарға мүшелік етуде. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтегі моральдық-этикалық нормалардың жоғары стандарттары анықталды.Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын айқындау қоғамның мемлекетке сенімін жоғарылатуға, мемлекеттік қызметте қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қызметтік этика бұзушылықтарының алдын алуға септігін тигізеді.Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың тиімді жүзеге асуы адами факторға тікелей байланысты деп нақты айтуға болады. Өйткені әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулардың тиімділігі олардың атқарушыларына тәуелді.

ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАР ЖАҢА ЕРЕЖЕ БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ

Источник: Матрица.kz Дата: 25 июля 2017 в 13:23

ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАР ЖАҢА ЕРЕЖЕ БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ Қазақстанда инновациялық гранттар жаңа ереже бойынша беріледі. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаровтың сөзінше, гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның ресми сайтында да беруге болады.

ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ НЕЛІКТЕН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫМАЙ ТҰР?!

Источник: Матрица.kz Дата: 24 июля 2017 в 13:53

ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ НЕЛІКТЕН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫМАЙ ТҰР?! Жаз бастала салысымен еңбек демалысына шыққандардың бәрі жан-жаққа демалуға кетеді. Бірі шетел асып, жаңа ортамен танысуды жөн көрсе, енді бірі отандық туризмді дамытуға үлес қоссам дейді. Тіпті кейбірі Қазақстанда демалғаннан гөрі шетел арзан деп жатады. Енді бірі отандық туризмнің қызмет сапасына көңілі толмай жатады.

Cыр өңіріне сапар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июля 2017 в 02:42

Cыр өңіріне сапар «Сыр — Алаштың анасы», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде. Шынында да қазақ үшін Сыр өңірінің жөні бөлек. Әсіресе, төсекте басы, төскейде малы қосылған Ақтөбе үшін көршілес облыстың қадірі тіпті жоғары. Соңғы жылдарда екі облыс арасындағы қарым-қатынас нығайып келеді. Ақтөбеде Қызылорда облысының, Қызылордада Ақтөбе облысының күндері өтті. Өңір аралық кооперацияға қол қойылды.

ОҢТҮСТІКТЕ БАУЫР ДЕРТІ АСҚЫНЫП ТҰР

Источник: Матрица.kz Дата: 18 июля 2017 в 12:13

ОҢТҮСТІКТЕ БАУЫР ДЕРТІ АСҚЫНЫП ТҰР Дәрігерлер дабыл қағады – облыста бауыр ауруы асқынып тұр. Бүгінде өңірде 500-ден аса науқас бауырдың әртүрлі дертімен есепте тұрады. Ақ халаттылар олардың басым көпшілігіне трансплантация жасау қажет деп отыр. Алайда, орган жетіспеушілігі қолды байлауда,-деп хабарлайды Otyrar.kz. Бауыр церрозына шалдыққан 28 жастағы Рахым Әбуовке бір апта бұрын трансплантациялық ота жасалды.

«ОППОЗИЦИЯ ТЕК ӘБІЛЯЗОВШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК» ДЕГЕНГЕ ҚОСЫЛА АЛМАЙМЫН

Источник: Матрица.kz Дата: 17 июля 2017 в 16:43

Осы аптада шетелде бас сауғалап жүрген Мұхтар Әблязов қараптан-қарап маған тиіспесі бар емес пе? Фейсбукте: «Енді билік Әміржан Қосановты көшбасшы етіп жаңа қозғалысты іске қоспақшы…» Сондай-ақ, оның айтуынша, «бұл – арнайы қызмет комитеті жасаған қозғалыс».Жауабымды бердім. Оның түйіні мынада: «Мен биліктің ешбір саяси жобасына қатысқан емеспін».Әрине, бір елде өмір сүріп жатқандықтан, билік өкілдерімен де кездесіп тұрамыз.

АМАЛДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУ

Источник: Матрица.kz Дата: 14 июля 2017 в 23:03

АМАЛДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУ Алматыда автокөлік ұрлайтындарға тыйым болмай тұр. Зардап шегушілер полицияға арыз жазғанымен, мұндай қылмыстардың ашылар түрі жоқ. Осылайша тәртіп сақшыларынан күдерін үзген тұрғындар билікке жанайқайын өздері түсірген видео арқылы жеткізіп жатыр,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.Өткен аптада осы Алматының бір ғана ықшамауданынан оннан аса көліктің қолды болғанын хабарлаған едік.

Ең танымал павильондар белгілі болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июля 2017 в 10:42

Ең танымал павильондар белгілі болды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі ең танымал павильондар белгілі болды.Бұл туралы көрменің бір айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы халықаралық қатысушылар жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов мәлімдеді.— Танымал павильондарға қатысты айтар болсақ, тұрақты жариялап келе жатқан бұл рейтинг айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

ОРЫС ТІЛІНДЕГІ ЖАРНАМАЛАР БЕЛЕҢ АЛЫП БАРА ЖАТЫР

Источник: Матрица.kz Дата: 10 июля 2017 в 10:53

ОРЫС ТІЛІНДЕГІ ЖАРНАМАЛАР БЕЛЕҢ АЛЫП БАРА ЖАТЫР Жақында Астана әкімдігі тарапынан «Үздік жарнама -2017» байқауы өтті. Елімізде әлем көз тіккен айтулы шара өтіп жатқанда бұл өте маңызды. Аталмыш конкурстың бас жүлдесі «ORDA-print» жарнама орталығының директоры, дизайнер Гүлжан Мұратқызына бұйырыпты. Байқауды Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы жыл сайын өткізіп тұрады.

ОРЫС ТОБЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРТЕҢІ НЕ БОЛМАҚ?

Источник: Матрица.kz Дата: 04 июля 2017 в 10:23

ОРЫС ТОБЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРТЕҢІ НЕ БОЛМАҚ? Қазақ тілін білмейтіндер үшін не істеуіміз керек?Азат ел болғалы ширек ғасыры өтіп, екінші ширегін де бастадық. Қазір Қазақ Елінде қазақ тілінің тағдырына алаңдаудан гөрі қазақ тілін білмейтіндердің ертеңіне алаңдайтын кез келді. Қазақ тілін қолданушылар күн санап артып келеді. Оған бірден бір себеп қазақ халықының табиғи өсімі.

Ақтөбе — алғашқы үштікте

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2017 в 21:32

Ақтөбе — алғашқы үштікте «Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін облыста барлық шаралар алынуда. Облыстық әкімдікте облыс әкімінің төрағалық етуімен инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты аймақтық кеңестің отырысы болып өтті» деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Отырысқа «Kazakhinvest» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Біржан Қанешов, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шет елдік инвесторлар, даму институттарының, халықаралық компаниялар мен бизнес айналасының өкілдері қатысты.— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылған: шетел инвесторларын тарту бойынша жетекші орынға шығуды сақтау және Ұлттық инвестициялық стратегияны белгілеуде жұмыстар жүргізу.Президенттің тапсырмаларын орындау бағытында біздің облыста барлық шаралар алынуда.

Ежелгі Ойыл

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2017 в 20:12

Ежелгі Ойыл Тарихтың құм басқан құпиясыМатериалдық мәдениеттің өзіндік көрінісі ортағасырлық тас мүсіндер. Барқын құмынан табылып, Актөбе мұражайында сақтаулы тұрған биіктігі 98 см, ені 42 см балбал тас мүсін мен тұрмыстық жәдігерлер XIII ғасырдың кезеңіне тән деп есептелінеді.Шежіреші абыз ақсақалдардың атадан балаға жетіп жалғасып келе жаткан аңыз әңгімелеріне қарағанда Барқын құмының астында Жошы ұлысының Алтын Орда феодалдық мемлекетінің шапқыншылығына ұшырап, XIV ғасырдың ІІ жартысында жоқ етілген.

ПСЕВДОСАЛАФИЗМНІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

Источник: Матрица.kz Дата: 21 июня 2017 в 15:23

ПСЕВДОСАЛАФИЗМНІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ Әлем елдерінің назарын аударып отырған салафилік идеологияның салқыны ел ішін жайлап, дәстүрлі діни танымымызға қайшы келетін түсініктерімен қоғамда іріткі салып жүр. Салафилік идеологияның ұлттық құндылықтар мен мәдени-діни танымды бұзуға бағытталған әрекеттеріне қарамастан кейбір азаматтарымыз осы ағымның жетегіне еріп, солардың сенімдерін исламның шынайы қағидаттары ретінде қабылдауда.Салафизм идеологиясы ұстанушыларының уағыздарымен ұлттық, діни дүниетанымымызға қайшы келетін идеология таралуда.

Қонақүйден бос орын іздеген туристер Астана әкімдігіне хабарласа алады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 июня 2017 в 23:42

Қонақүйден бос орын іздеген туристер Астана әкімдігіне хабарласа алады «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген туристер қонақүйлердегі, хостелдер мен жатақханалардағы бос орындар жайлы Астана әкімдігіне қоңырау шалу арқылы біле алады.Елордалық ішкі саясат басқармасынан мәлім еткендей, қазіргі уақытта Астанада 3,9 мың орындық 92 хостел жұмыс істейді.
Показано 30 новостей из 205