Новости по теме "шетел" — страница 3

«Балалы болу құны 10 мың долларға дейін». Жапонияда босанған Балжанның әңгімесі

Источник: TengriNews Дата: 05 марта 2019 в 14:33

Бала босану мәселесі, оларға күтім қай елде болсын өзекті. Қазақстандық Балжан Омар 2016 жылы Жапонияға жұмыс бабымен көшіп барып, әлі күнге дейін күншығыс елінде тұрады. Жақында келіншек ана атанды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Жапониядағы бала босану процесін және берілетін жәрдемақы туралы айтып берді.

Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 марта 2019 в 10:12

Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі Астанада Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Еліміздегі ең ірі саяси ұйым­ның құрылғанына 20 жыл толуы­на орай ұйымдастырылған кезек­ті съезд партияның 2030 жыл­ға дейінгі «Бақуатты қоғам: он­жылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдар­ламасының қабылдануымен айшықталды.

Салық түсімі көбейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 февраля 2019 в 11:32

Салық түсімі көбейді Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың және облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың қатысуымен мемлекеттік кірістер департаментінде кеңейтілген кеңес өтті. Жиында департамент басшысы Айбек Паяев өткен жылдың қорытындысын баяндады. Айбек Паяевтың айтуынша, республикалық бюджет жоспары — 103, жергілікті бюджет 117,8 пайызға орындалып, 17,9 миллиард теңгеге көбейген.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Источник: Костанайские Новости Дата: 18 февраля 2019 в 14:21

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ На аппаратном совещании аким области представил нового руководителя Управления внутренней политики Костанайской области — Зауре Байменову. Родилась в Наурзумском районе, п. Докучаевка. Токончила Аркалыкский педагогический институт им. И. Алтынсарина и Костанайский институт бизнеса и управления. Последнюю должность, которую занимала перед назначением — заместитель руководителя ГУ «Управление внутренней политики акимата Костанайской области», г.

Димаштың «Арнауы»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2019 в 11:32

Димаштың «Арнауы» Жаз айында Астанада талантты әнші Димаш Құдайбергеннің Жастар жылына арналған және Астана күніне орайластырылып «Арнау» атты концерті өтпекші. Бұл бағдарлама аясында тыңдаушы қауымға қазақтың халық әндері, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, француз, ханзу және итальян тілдерінде қазақстандық және шетел эстрадасы хиттері ұсынылмақшы.Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Қарин телеканал «Арнау» жобасының ұйымдастырушылық тізгінін қолға алатынын айтты.— Біз таланттарды қолдауға әрқашанда әзірміз.

Кәсіпорын қызметтің қосымша көздерін табуы керек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 января 2019 в 10:12

Кәсіпорын қызметтің қосымша көздерін табуы керек Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» ЖШС басшылығымен және ұжымымен кездесіп, өткен жылы компаниядағы өндірістік бағдарламаның және ұжымдық келісімшарттардың орындалуы талқыланған кеңеске қатысты. Бұл жиынға сондай-ақ облыстық басқармалар мен аймақтық кәсіподақтар бірлестігі басшылары да қатысты.

Ақтөбенің Абаты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2019 в 10:12

Ақтөбенің Абаты «Сен құрметте оны!»Шалқып жатыр Ақтөбенің шаттығы,Қатар еміп талғаулы мен тәттіні.Ертай АшықбаевЕң жақсы көретін қаламның бірі — Ақтөбе. Бала кезімде біздің Қаратереңге келіп құлашын барынша керіп, сырнаймен сызылтып ән салған Геннадий Шульганың, сары даланы сазбен өрнектеген «Арайлы Ақтөбе» ансамблінің өнерін тамашалаған соң осы шаһарды бір көруге құмартып ем.

Түбегейлі бетбұрыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 января 2019 в 11:12

Түбегейлі бетбұрыс Қаланың батыс бетінде, ферроқорытпа зауыты аумағында өткен жылы салынған ұзындығы 67 метрге жуық жол өткелі бүгінде қаламыздың визиттік карточкасына айналды. Бұл көпір қаланы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен жалғастырады. Бұған дейін көп қиындық келтірген бұл тұста, қазір кірме теміржолдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жиі болатын автокөліктер кептелісі жойылды.Осы жаңа көпірмен Ақтөбе-Мәртөк асфальт жолына түскесін, шамалыдан кейін, оң қаптал тұстан «Ақтөбе» индустриялық аймағы көрінеді. Үлкен аумақты алып жатқан бұл жердің ілгеріректе қандай мақсатпен қоршалғаны жұртшылыққа белгілі.

«7-20-25»: 163 өтінім мақұлданды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 декабря 2018 в 11:22

«7-20-25»: 163 өтінім мақұлданды Ақтөбеде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз алуға 2,3 миллиард теңге сомасына 276 өтінім берілген. Оның 1,4 миллиард теңге сомасындағы 163 өтінім мақұлданыпты. Бұл туралы кеше ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Перизат Әсімбетова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткізген брифингте мәлім етті.

Тоғызқұмалақтан Ақтөбе көш бастады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 декабря 2018 в 10:42

Тоғызқұмалақтан Ақтөбе көш бастады Биылғы желтоқсан айының басында Түркістан қаласында тоғызқұмалақ спорты федерациясының кубогы үшін республикалық турнир өтті. Бұл халықаралық жарысқа еліміздің көптеген өңірлерінен ойыншылар, сонымен қатар Түркістан қаласындағы Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде білім алып жүрген шетел студенттері қатысты.Ерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ақтөбелік Нұрбек Қабиев жеңімпаз атанды.Әйелдер арасында жарыс өте тартысты өтті.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Источник: EKaraganda.kz Дата: 23 ноября 2018 в 10:45

Рухани жаңғырудың жарқын жолы Жалпы алғанда ақпараттық технология «адамның компьютер жүйесіне интеллектуалдық кірігуі кезіндегі ақпаратты өңдеудің модельдері, əдістері мен бағдарламалық құралдарының жиынтығы» деп қарастырылады. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп, 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек енеін атап айтты.Техникалық қажеттілік: жүздеген бағдарламалау тілдерін, деректер базасын басқару жүйесі, мәтін редакторлары, тоғыз төл әрпіміздің кодтау кестесінде жоқтығы компьютерде жұмыс істеуде қиындықтар туғызады.

Тарих пен таным

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 ноября 2018 в 10:22

Тарих пен таным «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дейді ұлы Абай. Бұл — ғалымы санаулы заманда айтылған сөз. Дегенмен, осы ғибратты теңеу бүгінгі күні де мағынасын жойған жоқ.Тарих ғылымы саласында біраз жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан Ұзақбай Исмағұловтың еңбек жолына үңіліп, оның азаматтық келбеті туралы пайымдағанымызда осы ойымызға табан тірей түскеніміз анық.Бүгінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің кафедра меңгерушісі болып қызмет атқаратын оның ұстаздық және ғылыми ізденістері ел игілігіне пайдасын тигізіп келеді.

400 бас қой Иранға экспортталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 ноября 2018 в 10:02

400 бас қой Иранға экспортталды Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мақсатында еліміздің сырт елдермен жасаған меморандумдар нәтижесін шалқарлық шаруаларда көре бастады.Жаңақоныс ауылдық округіне қарасты «Жаңбырбай» шаруа қожалығы жергілікті жердің сұранысынан артылған қойларын Иран мемлекетінің нарығына жөнелтті. Аудан орталығынан теміржолдың екі вагонына тиелген ұсақ малдар Түрікменстан арқылы Иран Ислам республикасының Инчибурун қаласына 3,5 тәулікте жеткізілген.

Мерейлі шақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 ноября 2018 в 11:32

Мерейлі шақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Қазақ әдебиеттану ғылымы: дәстүр және сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаевтың 70 жылдық мерейтойына орайластырылды.Оқу орнының бас ғимаратындағы Қ.Жұбанов атындағы конференц-залда өткен пленарлық мәжілісте алдымен профессор Алпысбай Мұсаевқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтау хаты табысталды. Құттықтау хатты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова табыстады.

Көпшіліктің қарттар үйі жайлы қалыптасқан түсінігі қате — Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі

Источник: TengriNews Дата: 14 ноября 2018 в 21:33

Көпшіліктің қарттар үйі жайлы қалыптасқан түсінігі қате - Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі Бүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Қарттар неге қараусыз қалады?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бағдарламада қазыналы қарттарды арнайы мекеме, яғни қарттар үйіне өткізу мәселесі талқыға салынды. Студияға келген қонақтар қарттар үйінде тұру әлдеқайда жақсы екендігін айтса, бағдарлама көрермендері қарсы пікірде болды.«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Ардақ Сейітова қазіргі қарттар үйлерінің үш бағытта жұмыс істейтінін және қазіргі таңда қариялардың мұнда қуана келетінін айтады.«Біздің мекеме 1989 жылы ашылған.

Делимен салыстырғанда Қаскелеңде тұрып жатқандар мың да бір шүкір деуі керек — әнші

Источник: TengriNews Дата: 12 ноября 2018 в 22:53

Делимен салыстырғанда Қаскелеңде тұрып жатқандар мың да бір шүкір деуі керек - әнші Бүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Жастар неге шетел асып жатыр?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Еуропада оқып, жұмыс істеген Айдар Махметов шетелге баруды қолдайды, бірақ қалып қоюға қарсы екенін айтады. «Шетелде жұмыс табу өте қиын. Ол жақтағы білім деңгейі өте жоғары, соған байланысты талап та жоғары.

Ақтөбеде көшпелі қор көрмесі өтеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:52

Ақтөбеде көшпелі қор көрмесі өтеді Сәрсенбі күні, 14 қарашада сағат 12.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.Қор көрмесі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады.

Бес елдің басшысына киіз үй сыйлаған қазақ

Источник: TengriNews Дата: 31 октября 2018 в 20:13

Бес елдің басшысына киіз үй сыйлаған қазақ Шетелдіктер қазақтың бүркітін Америкаға апарып көрсетеміз, құс өнерімен таныстырамыз деп ұран тастады. Соған қазақтың киіз үйі мен қолөнерін апарып, көрме жасайық деген бастама көтерілді. Қазақ үйге мен жауапты болдым. Ұлттық мұрамызды паш етейік деп енді ұшқалы жатқанымызда елде теңге ауысып кетті.

Үздік педагогтар анықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 октября 2018 в 12:42

Үздік педагогтар анықталды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты байқау өтті. Аталған байқауға Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан 22 бағыт бойынша 100-ден астам мұғалім қатысты. Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында шараның марапаттау рәсімі өтіп, 60 педагог жеңімпаз атанды.

Көші-қон қызметі: Өзбек азаматтары көш бастап тұр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 октября 2018 в 11:52

Көші-қон қызметі: Өзбек азаматтары көш бастап тұр Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағына 36 мыңнан астам шетелдік келіп, тіркеуге тұрған. Оның 2500-ге жуығы алыс шетелден келгендер болса, 33 мыңнан астамы ТМД елдерінен келген азаматтар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Ішкі істер департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының азаматтық және иммиграция бөлімшесінің бастығы Дәуренбек Ізтілеуов хабарлады.Көші-қон қызметі басқармасы мамандарының айтуынша, облыста жыл санап шетелден келушілердің саны артып келеді. Әсіресе, ТМД елдерінен келушілердің арасында өзбекстандық азаматтар көш бастап тұр.— Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірге 25 мыңға жуық өзбек азаматы келген.

Көші-қон қызметтері орталығы ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 октября 2018 в 11:32

Көші-қон қызметтері орталығы ашылды Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңсе ғимаратында Көші-қон қызметтері орталығы ашылды. Енді өңірімізге келген еңбек мигранттары барлық қажетті құжаттарды рәсімдеу және тіркеу жұмыстарын бірнеше сағаттың ішінде бітіре алады. Өткен сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған орталықтың ашылу рәсіміне қатысып, жұмыс барысымен танысып шықты.

Маман жаңа тұрғын үй бағдарламаларының қайталама нарыққа деген ықпалын айтып берді

Источник: TengriNews Дата: 16 октября 2018 в 12:53

Маман жаңа тұрғын үй бағдарламаларының қайталама нарыққа деген ықпалын айтып берді Жылжымайтын мүлік бойынша маман Қазақстанда жыл басынан бері жүзеге асып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының қайталама нарыққа деген әсерін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Жылжымайтын мүлік бойынша маман, риэлтор Әсел Есенованың айтуынша, жаңа тұрғын үй бағдарламалары қайталама нарыққа айтарлықтай әсер еткен.«Қазір үй іздеген қазақстандықтардың көпшілігі пәтерді ипотекаға алатын болған. Қазір мемлекеттік бағдарламалар да, екінші деңгейлі банктер желісімен рәсімделетін ипотекалар да көп, олардың өзіндік жеңілдіктері, артықшылықтары бар.

Дамудың дара жолының бастауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 октября 2018 в 16:22

Дамудың дара жолының бастауы Жаһандық даму көшінде әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерісінің жеделдеуі, кезең күттірмейтін жаңа проблемаларды алға тартып отыр. Тұрақсыз толқу ескексіз қайықтай жағаға лақтырып тастамас үшін оған төтеп беретін қауқарымыз болуы керек. Ол — дамудың жаңа талаптарына бейімделген қазақтандықтардың пәрменді әл-ауқаты.Президентіміздің халыққа арнаған Жолдауының әр сөзін қалт жібермей зерделей отырып, санамда сіңіріп, көкірегіме ұйытып бақтым.Әсіресе, «Халық табысының өсуі» атты бірінші басымдығындағы ең төменгі жалақының 1,5 есеге көбеюі және оның барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың барлығын қамтитындығы, сондай-ақ ең төменгі жалақының күнкөріс шегіне байланысты болмайтындығы әрбір қазақстандықтың табысының өсуінің кепілі болып табылмақ.Осы басымдықтың төртінші бағытында Елбасы халық күнделікті тұтынатын тауарларды ішкі нарықта өндіру тұрғысынан «қарапайым заттар экономикасы» ұғымын алға тартты.

Үндістанның үлгісін зерделеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 октября 2018 в 12:52

Үндістанның үлгісін зерделеді Шалқар ауданындағы №4 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ләззат Жиенбаева — Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының түлегі. Ағылшын тілінен шәкірттерді білім нәрімен сусындатып келе жатқанына 20 жыл болды. Биылғы жазда оған шетелде ағылшын тілінен кәсіби біліктілігін арттырып, іс-тәжірибе алмасып келуіне мүмкіндік туды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2018 в 19:12

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті қазақстандықтар!Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды.Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады.Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз.Құрметті отандастар!Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері күшейе түсті.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Мызғымастай көрінген жаһандық қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері бұзылуда.Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде.Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасы түзілуде.Бұл орайда қор нарықтары кезекті қаржы дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа «сабын көбігін» үрлеуде.Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде.Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр.Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет.Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс.Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын.* * *Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.І.

Ұстаздар күні: Заңгер мұғалімге не себепті гүл мен шоколад сыйлауға болмайтынын айтты

Источник: TengriNews Дата: 04 октября 2018 в 18:33

Ұстаздар күні: Заңгер мұғалімге не себепті гүл мен шоколад сыйлауға болмайтынын айтты Биыл 7 қазанда атап өтілетін Ұстаздар күні әрбір ата-ана баласының мұғаліміне сыйлық жасайды. Алайда мұндай сыйлық пара болып саналмай ма және қандай көлемдегі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке, ал қайсысы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі заңгерлерден сұрап білді.

«Құрманғазының өмірі тылсым дүниеге толы» — Күйші Едіге Нәбиев

Источник: TengriNews Дата: 02 октября 2018 в 14:33

Тарих көшінде үнемі жетіліп, дамып отырған, атадан балаға мұра болып қалған күй өнері қазақтың бүгінге дейін сақтап келген мұрасы. Ол кезінде халқымыздың сырласы да, мұңдасы да болған. Биыл күй атасы, ХІХ ғасырдың басындағы халық жанашыры, бостандық пен еркіндікті аңсаған, күйі халыққа рух берген дарындардың бірі Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толды.

Ауыл жастары тегін ағылшын курстарында оқуда

Источник: NewTimes Дата: 26 сентября 2018 в 18:34

Ауыл жастары тегін ағылшын курстарында оқуда Басты мақсат-Қазақстан аймақтарында шет тілін үйренуге деген талпыныстың төмендігін жою және ағылшын тілін меңгеруді қол жетімді ету.«English for jastar» жобасының БҚО кординаторы Ерлік Шамғалиевтің айтуынша, жоба ең алдымен облыстың Ақжайық, Теректі, Сырым, Бөрлі, Зеленов және Тасқала аудандарында пилотты түрде жүзеге асады. Әр ауданға М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 12 ерікті студенті бөлінді.

Англияда білім алған көпбалалы ана шетелдегі өмір мен оқу жайлы айтып берді

Источник: TengriNews Дата: 26 сентября 2018 в 16:43

Англияда білім алған көпбалалы ана шетелдегі өмір мен оқу жайлы айтып берді Англияда білім алған көпбалалы ана шетелдегі өмір мен оқыту жүйесі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жадыра Жұмакүлбай 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Англиядағы Лестер университетіне оқуға түскен. Ол — төрт баланың анасы. Жолдасымен және төрт баласымен шетел асып, білім алып келген ол шетелдегі өмір мен білім беру саласы туралы айтып берді.

Сара Назарбаева — «Бөбектің» негізін қалаушы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 сентября 2018 в 12:32

Сара Назарбаева — «Бөбектің» негізін қалаушы Еліміз тәуелсіздік алып, қоғамның қай саласында болмасын дамудың жаңа форматын енгізу қажеттігі туындаған кезде түрлі деңгейдегі, түрлі меншіктегі ұйымдар құрылған-ды. Сол тұста Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваның ұйымдастыруымен «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры жұмыс істей бастады. 1992 жылы құрылған мемлекеттік емес ұйымның негізгі мақсаты — қайырымдылық шараларын өткізу және қоғамда балалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз ету болатын.
Показано 30 новостей из 214