Популярные темы

цифрландыру: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

Akorda.kz (KZ), 19 января 2021 в 18:36

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысына Агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға, Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша жүргізілетін жұмыстарға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде айтты.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, «Е-қызмет» жүйесінің интеграция аясын кеңейту және «i-Qyzmet» жүйесін әзірлеу барысы туралы баяндалды.Қазақстан Президентіне ведомство жұмысын қайта ұйымдастыру жайында мәлімет берілді.

Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на церемонии вручения государственных наград в преддверии Дня Независимости

Akorda.kz (RU), 24 декабря 2020 в 00:07

Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на церемонии вручения государственных наград в преддверии Дня Независимости
Құрметті отандастар!Ардақты ағайын!Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.

Рабочий график главы государства

Nomad.su, 19 декабря 2020 в 00:03

Рабочий график главы государства
«Ак Орда», 14 декабряГлава государства принял участие в торжественной церемонии вручения государственных наград и премийОбращаясь к участникам церемонии, Президент поздравил их с Днем Независимости и подчеркнул, что Независимость является прочной опорой нашей государственности, надежной основой суверенности.– Для Казахстана – страны с богатой историей и глубокими корнями – нет большей ценности.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Akorda.kz (KZ), 18 декабря 2020 в 17:16

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Видео конференция режимінде өткен іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысты.Жиын барысында Мемлекеттер басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы көпжақты ықпалдастық, ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары жайында пікір алмасты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

Akorda.kz (KZ), 14 декабря 2020 в 17:06

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі
Құрметті отандастар!Ардақты ағайын!Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.

Қазақстан Президенті Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Akorda.kz (KZ), 11 декабря 2020 в 19:06

Қазақстан Президенті Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің видео конференция форматында өткен кезекті отырысына қатысты.Онлайн саммитке Қазақстан Президентінен бөлек Жоғары еуразиялық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, шақырылған мемлекеттердің басшылары есебінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, ұйым аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау үшін жалпы демпингтік, өтемақы төлеу және арнайы шаралар қолдану тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ, Өзбекстан мен Кубаға Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін беру мәселелері талқыланды.Қазақстан Президенті өз сөзінде биылғы жылдың барлық ел үшін күрделі сынақ болғанын, бірақ Одақ бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісін, ең бастысы, сын-қатерлерге қарсы тұруға қабілеттілігін көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Akorda.kz (KZ), 09 декабря 2020 в 20:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру әдістері қарастырылып, макроэкономикалық саясат, әлеуметтік саланы дамыту, экономиканы әртараптандыру және бизнесті реттеу, сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі консультативтік комитеттердің жетекшілері баяндама жасады.Жиында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің мүшелері: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, Президенттің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабарти, Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев сөз сөйледі.Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бағдарламалар мен реформалардың дәйектілігін және өзара сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.– Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі догматизм мен көзбояушылықтан толық ада болуы қажет.

Қазақстан Президенті «Artificial Intelligence Journey» атты онлайн конференцияда сөз сөйледі

Akorda.kz (KZ), 04 декабря 2020 в 22:16

Қазақстан Президенті «Artificial Intelligence Journey» атты онлайн конференцияда сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және деректерге талдау жасаудың өзекті мәселелеріне арналған «Artificial Intelligence Journey» атты онлайн конференцияда сөз сөйледі. 90 елден 28 мыңнан астам адам қатысқан бұл шара әлем бойынша биылғы ең ірі конференция болды.«Master event» Жасанды интеллект: болашаққа жауапкершілікпен қарау» тақырыбында өткен пленарлық талқылауға Мемлекет басшысымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысты.

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

Akorda.kz (KZ), 04 декабря 2020 в 15:56

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
Мемлекет басшысына Агенттіктің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың басында өтетін Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Іріктеуден 50 адам өтеді.

2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталады — Омаров

Tengrinews, 02 декабря 2020 в 10:33

2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталады - Омаров
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Министр агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру тәуекелдерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен жануарлардың өнімділігін арттыруға, агротехнологияларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Ауыл шаруашылығын цифрландырудың негізгі міндеті — өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру.

Қазақстан Президентінің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайында сөйлеген сөзі

Akorda.kz (KZ), 30 ноября 2020 в 19:06

Қазақстан Президентінің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайында сөйлеген сөзі
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!Құрметті съезд делегаттары! Партиямыздың ХХ съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға.Бүгінде Nur Otan партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды.Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе, жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

Akorda.kz (KZ), 20 ноября 2020 в 15:56

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қазақстан Президентіне цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты

Akorda.kz (KZ), 19 ноября 2020 в 17:46

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.Президент жиынға дейін қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге арнап орнатылған «Мәңгі есімізде» монументіне гүл қойып, тағзым етті.Отырысты ашқан Жоғарғы Бас қолбасшы келер жылы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынын атап өтіп, осы жылдар ішінде бейбіт өміріміздің қорғаны болған ұлттық әскеріміз толық қалыптасқанын, еліміздің армиясы егемендігіміз бен тұтастығымыздың тірегіне айналғанын айтты.– Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру үшін ауқымды жұмыс атқарылды.

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты

Akorda.kz (KZ), 29 октября 2020 в 18:36

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Президенттің сөзінше, бүгінгі күні кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күшіне айналды деуге толық негіз бар. – Соңғы бес жыл ішінде шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 24 пайыздан 32 пайызға артты.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

Akorda.kz (KZ), 29 октября 2020 в 15:36

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында биылғы 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.Шараға ІІМ қызметі мен полицияның аумақтық департаменттерінің басшылары және еліміздің барлық аймақтарының учаскелік инспекторлары қатысты.Мемлекет басшысы жиынға дейін ішкі істер органдарына қарасты арнайы техникаларды қарап шығып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметімен танысты.Президент коронавирус пандемиясы кезінде уақытпен санаспай өз міндеттерін абыроймен атқарған ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді.Мемлекет басшысы ІІМ жүйесіндегі күнделікті жұмыстың қауіп пен қатерге толы екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Akorda.kz (KZ), 22 октября 2020 в 17:46

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Ұлттық кеңестің билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналғанын және оның мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салып келе жатқанын атап өтті.Қазақстан Президенті Кеңесте пандемияға қарамастан елімізді дамытудың өзекті мәселелері тұрақты түрде талқыланатынын, бірнеше маңызды бастама жүзеге асырылғанын, сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты. – Азаматтарымыз жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың игілігін келешекте емес, қазірден бастап көріп, сезінуі керек.

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 20 октября 2020 в 21:46

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде есеп берілді.Мағзұм Мырзағалиев Президентке Экология кодексінің Мәжілісте қаралып жатқаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мемлекет басшысы аталған құжатқа оң баға беріп, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңалықтарды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған Кодекс қоғамды табиғатты аялауға шақыруға және ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтуға үндеуімен айрықша маңызды.

«16 станция қойылады». Нұр-Сұлтанда интернет мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Tengrinews, 08 октября 2020 в 13:03

Нұр-Сұлтанда интернет пен ұялы байланыс желісі нашар учаскелерге арнайы 16 антенна қойылады. Содан соң мәселе жойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниал Айткенов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Ұялы байланысты жақсарту үшін әкімдік Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірге діңгекті антенна құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 18 новостей из 18