Популярные темы

Новости по теме "теңге" — страница 16

Бес баланың әкесі, актер, хит әндердің авторы. Сіз кімсіз, Ринат мырза?

Источник: TengriNews Дата: 05 августа 2019 в 10:23

Бес баланың әкесі, актер, хит әндердің авторы. Сіз кімсіз, Ринат мырза? Соңғы уақытта Желіде Ринат Зайытов жиі талқыланып жүр. Айтыскер биыл маусым айында президент сайлауынан кейін «Алматы Арена» маңындағы алаңда ұсталған болатын. Кейін ол босап шыққанын айтып, алматылықтарды сабырға шақырып, видео жариялаған.Артынша халық Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы полиция ғимараты алдына жиналған.

100-летие «Каркаралинской уездной милиции» отметили в Карагандинской области

Источник: EKaraganda.kz Дата: 04 августа 2019 в 17:05

100-летие «Каркаралинской уездной милиции» отметили в Карагандинской области В работе слета, кроме молодых сотрудников, приняли участие и их лучшие наставники, ветераны органов внутренних дел, посвятившие свою жизнь службе в органах внутренних дел, воспитавшие не одно поколение профессионалов своего дела, которые и сейчас продолжают вносить достойный вклад в дело по борьбе с преступностью и обеспечению общественного правопорядка в стране. «Главная цель мероприятия — это доведение до молодого состава задач, которые стоят перед сотрудниками органов внутренних дел, воспитание моральных качеств у начинающих полицейских, а также патриотического, нравственного воспитания личного состава ОВД области, повышения имиджа сотрудников казахстанской полиции, привития молодым сотрудникам чувства гордости за выбранную профессию.

Ақтөбеде «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысушылар тұрғын үй сертификатын алуға да үміткер бола алады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2019 в 12:32

Ақтөбеде «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысушылар тұрғын үй сертификатын алуға да үміткер бола алады Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысында «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысушыларға берілетін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері бекітілді. Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ басқарма басшылары мен депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысқан сессия жұмысына №13 Ақтөбе сайлау округінен сайланған депутат Асқар Болатов төрағалық етті.

Жергілікті өнім саудаға шықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2019 в 11:42

Жергілікті өнім саудаға шықты Енді ақтөбеліктер күнделікті тұрмыстық заттарды тазалауға жергілікті өнім түрлерін қолдана алады. Кеше «GRANT ADAL» отандық жаңа өнімдер желісінің салтанатты түрде тұсаукесер рәсімі өтті. «GRANT ADAL» компаниясы тұтынушылардың сұранысына қарай, тұрмыста қолданылатын 7 түрлі өнімді саудаға шығармақ.

Көшеден тамақ алып, ауруханадан шықпаңыз…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2019 в 11:42

Көшеден тамақ алып, ауруханадан шықпаңыз… Ақтөбе облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті ағымдағы жылдың 6 айының жұмысын қорытындылады. Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тағамнан уланулар мен инфекциялық аурулардың өршуі тіркелген жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда түрлі жұқпалы аурулар біршама азайған.

«Құр қолға бата жүрмейді». Дәстүрді бизнеске айналдыру дұрыс па?

Источник: TengriNews Дата: 02 августа 2019 в 17:53

Бата беру — қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бата дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бұл дәстүрдің шығу тарихы жайлы түрлі пікірлер бар, солардың бірі бата сөзінің арабтардың «фатеке» сөзінен шыққанын айтады. «Фатеке» алғыс айту, ақ тілек айту дегенді білдіреді екен.

Ипотеканы қалай тез әрі тиімді жабуға болады

Источник: TengriNews Дата: 01 августа 2019 в 18:03

Ипотеканы қалай тез әрі тиімді жабуға болады Статистикаға сүйенсек, елімізде ипотека алушылар көбейген. Сарапшылар қазақстандықтардың бір жылда ипотекалық қарызы 1,49 триллион теңгеге жеткенін айтады. Бірнеше жылға алған ипотекасын жақын арада жапқысы келетін қазақстандықтар ай сайын төлемді барынша көбірек жасауға тырысады. Бірақ бұл тиімді ме?

«ОПГ құрамында болған шығармын, бірақ опасыздық жасамадым» — Ермахан Ибраимов

Источник: TengriNews Дата: 01 августа 2019 в 13:03

Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов TalkLike бағдарламасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Боксшы сұхбатында 90-жылдардағы бандитизм мен өзіне жасалған қарақшылық шабуылды еске алды. «(...) Мен бандит болғаным жоқ.

«Ертеңін ойлайтын ел су көзін инвестордың иелігіне бермейді»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 11:32

«Ертеңін ойлайтын ел су көзін инвестордың иелігіне бермейді» Алға химиялық зауыты аумағындағы химиялық, өндірістік қалдықтарды жою, Елек өзенінің 6 валентті хроммен, бормен ластануы, ілеспе газдардың ауада жануы, «Ақбұлақ» АҚ тазартылмаған ағынды суларының Елек өзеніне құйылуы, Ақтөбе түбіндегі су ресурстарының жағдайы, қаланың атмосфералық ауа қабатының күкірт сутегімен, Көкжиде құм белдеуі жерасты суларының ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтар мен өндірістік қалдықтарды көму, пайдалы қазбаларды заңсыз игеру, Шалқар көлінің жағдайы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясы» бірлестігі, Ақтөбе облысы әкімдігі, Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланды.

Тұтынушы сенімі және сапа

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 11:22

Тұтынушы сенімі және сапа Қазір құрылыс индустриясында бірде-бір ғимарат пластикалық өнімсіз салынбайды. Себебі пластикалық бұйымдар ұзақ жылдарға дейін өңін бермейді, ыстық пен суыққа төзімді. Соңғы жылдары біздің облыста да аталған өнімді өндіретін шағын цехтар көбейді. Ақтөбе қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «Айс Строй Компани» ЖШС өз ісін жандандырып отыр.Серіктестік басшысы Мұратбай Төлебаев пластик шығаратын өзге мекемеде жұмыс жасап жүріп, есік-терезе жасаудың қыр-сырын үйренеді.

Пойызға билет неге жоқ?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 10:52

Пойызға билет неге жоқ? Ақтөбелік зейнеткер Балзия Қоспамбетова жақын аралықта елордаға барып, екі көзіне бірдей ота жасатуы керек. Ол теміржол вокзалына күн сайын келгенімен, билет таппай сенделіп жүр. Дәл қазіргі күні билет тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, осындай жаз айларында, мереке күндері жолаушылар билет таппай, тентіреп кетеді.

Келер жылдан бастап шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзгереді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 10:22

Келер жылдан бастап шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзгереді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір жұмыс беруші «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ міндетті 10 пайыздық жарнадан бөлек қызметкердің жалақысынан 5 пайыз көлемінде қосымша төлем жасауға міндетті.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді жұмыс беруші жарнаны өз қаражатынан төлейді.

Шетелдік көліктерге шектеу бар ма?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 10:12

Шетелдік көліктерге шектеу бар ма? Көлік неге қымбат?Қазір қала көшелерінен қаптаған шетелдік көліктерді көресің. Тіпті аудан, ауылдық жерде өзге нөмірлі көлікті тізгіндегендер көп. Соңғы жылдары Армениядан көлік әкелушілер көбейіп кетті. Бұрындары Германия мен Ресейден келетін көліктерден гөрі теңіздің ар жағынан тау асып келетін шетелдік нөмірлердің нөпірі басым.

 «Бақытты отбасы»: үш анаға пәтер кілті табысталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 12:22

 «Бақытты отбасы»: үш анаға пәтер кілті табысталды Облыста «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалында алғашқы несиелер рәсімделіп, салымшыларға баспаналар беріле бастады. Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин аталған бағдарламаға қатысып, баспаналы болған аналарға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Облыс бойынша жеңілдетілген алғашқы несие медицина саласында жұмыс жасайтын 3 ананың отбасына берілді.

Ұшқан ұя

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:52

Ұшқан ұя «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өңіріміздің түкпір-түкпірінде игі істер атқарылып жатыр. Өткен сенбі күні Темір ауданындағы Қопа орта мектебінің әр жылдардағы бітірген 250-ге жуық түлегі өздері түлеп ұшқан білім ұясына келіп, «Киелі мекен, Кеңестуым!» атты жерлестер форумына қатысты. Шара барысында түлектердің демеушілігімен бірқатар нысандар ашылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жаздың қамы — қыстың қоры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:52

Жаздың қамы — қыстың қоры Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мен тұрақтандыру қорын құру енді күн тәртібінен түспейді. Жергілікті бағбанбар мен диқандардың өсірген көкөністері жаппай пісіп, сатылып жатыр. Осы уақытта бақша өнімдері біршама арзандайды. Алайда қыс мезгілінде қала халқын толық қамтып үлгермей, қордағы азық-түлік қыс ортасына жетпей таусылып қалады.

Ақтөбеде 185 пациент тегін берілетін дәріні алмаған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:22

Ақтөбеде 185 пациент тегін берілетін дәріні алмаған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық сақтандыру қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп, 2 сәуір мен 30 маусым аралығында SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. Сәуір, маусым айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 40 мыңнан астам SMS-хабарлама жіберілген.

Шілде: жаз ортасындағы жақсы істер 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 10:32

Шілде: жаз ортасындағы жақсы істер  Шілде әдетте жаз ортасы саналады. Табиғаттың ең ыстық маусымы да осы аймен тұспа-тұс келеді. Бұл айда облысымызда әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аударылды. Әсіресе, көптеген отбасыларға тұрғын үй мәселесін жеңілдікпен шешу жолдары ұсынылуда, қайырымдылық қадамдары кеңінен жасалуда. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау жасауда да нақты істер атқарылуда.Цифрлық сауаттылыққа нақты қадам ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған акция өткізді. ​Аталған акция барысында 100-ден астам тұрғын«Мобильді азаматтар»базасына тіркеліп, 180 адам «Электрондық үкімет» веб-порталын қолдану бойынша кеңестер алды.

«1,5 миллион теңгеге дейін». Оқу ақысы жоғары мамандықтардың жалақысы қанша?

Источник: TengriNews Дата: 30 июля 2019 в 09:23

Таяуда Қазақстан университеттеріндегі ең қымбат деген 10 мамандықтың тізімі жарияланды. Тізімде «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Қаржы» факультеті көш бастап тұр. Бұл мамандықтарға оқу үшін жылына орташа есеппен 420 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ақша төлеу керек. Ал төртінші және бесінші орындарда «Есеп және аудит» пен «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» мамандықтары тұр — оқу құны жылына 1,25 миллион теңгеге дейін барады.

«Еңбектің» нәтижесі болуы тиіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июля 2019 в 12:12

«Еңбектің» нәтижесі болуы тиіс «2017-2021 жылдарға арналған халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша облыста 36 035 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Биыл облыста 15 887 адам жұмысқа тұрған. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиева облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында айтты.

«Жас кәсіпкер» жобасы бастау алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июля 2019 в 12:02

«Жас кәсіпкер» жобасы бастау алды Бұл — іскер жастарға арналған жаңа жоба. Аталған жоба бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, көпбалалы отбасы мүшелерін, еңбекке жарамды мүгедектерді оқыту басталды. Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыаясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыбастамасымен жүзеге асырылып отыр.

Экспорт шығыны өтеледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июля 2019 в 12:02

Экспорт шығыны өтеледі «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының мамандары ақтөбелік кәсіпкерлерге семинар-кеңес ұйымдастырды.Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте ұлттық компания өкілдері кәсіпкерлерге еңбек өнімділігін арттыру, өнімді сыртқы нарыққа және инновациялық гранттарға жылжытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шарттары мен тетіктерін түсіндірді.— Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы — ұлттық даму институты және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырудағы уәкілетті орган.

Той өзін-өзі ақтасын десеңіз — Маман кеңестері

Источник: TengriNews Дата: 26 июля 2019 в 18:03

Той өзін-өзі ақтасын десеңіз - Маман кеңестері Дүркіретіп той өткізгісі келетін қазақстандықтар агенттіктер мен ұйымдардың көмегіне жүгініп, ақшасын аямай, тойды жоғары деңгейде өткізуге тырысады. 300-400 адамға дейін шақырып, миллиондаған ақша жұмсайды. Бірақ ол шығын ақтала ма? Әлде той иелері керісінше ұтыла ма? Той өз шығынын жапты дегенді аса ести бермейтініміз рас.

Әблязовтің ісі. Банкирдің сыбайластары кім және оларға қандай айып тағылған?

Источник: TengriNews Дата: 26 июля 2019 в 15:03

Әблязовтің ісі. Банкирдің сыбайластары кім және оларға қандай айып тағылған? «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық істің жүріп жатқанына 10 жылдан (2009 жылдың наурызынан ) асты. Сол кезде Бас прокуратура қазақстандық банкирге қатысты алғаш рет қылмыстық іс қозғаған болатын. Осыдан кейін Әблязов Қазақстаннан кетіп қалып, оған іздеу жарияланған еді.

«Генетикалық себептер». Әйел адамға қол көтеретіндер неге өзін кінәлі сезінбейді?

Источник: TengriNews Дата: 25 июля 2019 в 18:23

Ананың рөлі мен беделі қазақ шаңырағында әрдайым қасиетті де киелі ұғым ретінде сақталған. «Ана бар үйде бақыт шамы сөнбейді» дейді. Ер адамның бақытының жануы тұтастай әйел адамына байланысты деп қараған. Алайда қазіргі қоғамда аналарға, жалпы әйел затына деген зорлық-зомбылықтың саны азаймай отыр.

Жұбайы қайтыс болып, төрт баламен жалғыз қалған әкенің оқиғасы қазақстандықтарды жылатты

Источник: TengriNews Дата: 25 июля 2019 в 16:53

Жұбайы қайтыс болып, төрт баламен жалғыз қалған әкенің оқиғасы қазақстандықтарды жылатты Екі ай бұрын әйелін жер қойнауына тапсырып, төрт баласын бағып отырған алматылық Жамбыл Дауытов бүгін баспаналы болды. Оған қайырымды жандар ақша жинап, бес бөлмелі пәтер сыйлады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.Жамбыл Дауытовтың жары екі ай бұрын қысымы көтеріліп қайтыс болған. Ол кезде отағасы жұмыста болған екен.

Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды — Жаңа ережені түсіндіреміз

Источник: TengriNews Дата: 25 июля 2019 в 13:43

Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз Таяуда еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданғаны белгілі болды. Енді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр жұмыс беруші міндетті 10 пайыз аударымнан бөлек, қызметкердің жалақысының қосымша 5 пайызын қосып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы керек. Қазір бұл ереже халық арасында қызу талқыланып жатыр.

Келісім нәтижесі: 52 мәселе шешілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2019 в 12:22

Келісім нәтижесі: 52 мәселе шешілді Жақында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен «Protecting Business and Investments» жобасын талқылауға арналған кездесудің нәтижесінде 4 ірі инвестор сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуға шешім қабылдаған болатын. «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің қатысуымен өткен басқосуда инвесторлармен келісім жасалды.

«Жантізерді» ирандықтар өздері іздеп келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2019 в 11:52

«Жантізерді» ирандықтар өздері іздеп келді Хромтаудағы «Жантізер» шаруа қожалығы — облыстағы іргелі шаруашылықтың бірі. 8 бөлімшесі бар шаруашылықта төрт түліктің бәрі бар: 3500-ден астам ірі қара, 1500 жылқы, 2 мыңнан астам қой, 88 түйе өсіріп жатыр. Ірі қараның 80 пайызы — қазақтың асылтұқымды ақбас сиыры. Облыстағы екі бордақылау кешенінің бірі де осы «Жантізерде».

Биыл мектеп пен интернат пайдалануға беріледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2019 в 11:42

Биыл мектеп пен интернат пайдалануға беріледі Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Хромтау ауданының активімен кездесті. Кездесу аудан әкімдігінің жаңа ғимаратында өтті. Хромтау ауданына барған қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарында еңбек ардагерлері Келдібай Еспағамбетов, Нұрбәтес Тобағабылова, кәсіпкер Бижан Қалмағамбетов, «Ербақыт» патриоттық-спорт клубының жетекшісі Марат Қойлыбаев, «Берекет» қоғамдық қорының директоры Алма Қанатбаева, облыстық мәслихаттың депутаты Хайдар Ілиясов бар.Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен ашық диалог құра отырып жұмыс істейтінін айтқан болатын.
Показано 30 новостей из 2 718