Популярные темы

Новости по теме "теңге" — страница 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақтөбе газеті, 03 сентября 2019 в 11:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Құрметті отандастар!Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінжаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

Газ тапшылығы реттеледі

Ақтөбе газеті, 03 сентября 2019 в 10:12

Газ тапшылығы реттеледі
Кеше облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «Батыс Трансгаз» газ құю бекетінде тапшылықтың себептері мен онымен күрес жолдарын Ақтөбе облысы бойынша сұйытылған газды жеткізушілер ассоциациясының төрайымы Алтынай Мұқанова, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС жауапты мамандарымен бірге талқылады.

Мереке күні жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе газеті, 31 августа 2019 в 00:02

Мереке күні жаңа мектеп пайдалануға берілді
Конституция күні Ақтөбе қаласы іргесіндегі Құрашасай ауылының «Қанағат» тұрғын массивінде 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.Жаңадан ашылған №77 орта мектепте 30 оқу кабинеті, спорт залы, 210 орынға арналған асхана, 130 орындық акт залы бар.

Екі жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 17:42

Екі жаңа мектеп пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Ақтөбе қаласы Алматы ауданына қарасты екі ауылда жаңа мектеп пайдалануға берілді. Украинка мен Бекқұл баба ауылдарында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты.Ақтөбе қаласының іргесіндегі Украинка ауылының тұрғындары үшін бұл жолғы мемлекеттік мереке ерекше есте қалмақ. Өйткені, бұл күні тұрғындардың көптен күткен армандары орындалып, ауыл балалары үшін жаңа 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі ауыл тұрғындарын жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.— Елбасының сарабдал саясатының арқасында соңғы жылдары Тәуелсіздігіміз нығайып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше қарқынға ие болды.

Ақша айырбастаудың жаңа ережелері: Ұлттық банк түсіндіреді

TengriNews, 29 августа 2019 в 15:13

Ақша айырбастаудың жаңа ережелері: Ұлттық банк түсіндіреді
6 тамыз Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын қысқаратындығы туралы хабарлаған. Қаулы жобасы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған. Ұлттық банк өкілдері дәл сол күні айырбастау пунктінің қызметін қолданған адамдардың аты-жөні жазылатыны туралы да мәлімдеді. Айырбастау пунктінің жұмыс уақыты не үшін қысқарады?

Вице-министр ерлі-зайыптылардың кредиті қалай кешірілетінін түсіндірді

TengriNews, 29 августа 2019 в 14:53

Вице-министр ерлі-зайыптылардың кредиті қалай кешірілетінін түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Президенттің жарлығы бойынша ерлі-зайыптының қарызы қалай өтелетінін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Вице-министр несие бойынша қарыздары мен өсімұлдары кешірілетін қазақстандықтардың тізімі әлі де толықтырылып жатқанын еске салды.

Облыстық тамыз кеңесі: жаңа оқу жылы және ерекшеліктер

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 13:02

Облыстық тамыз кеңесі:  жаңа оқу жылы және ерекшеліктер
Кеше Өнер орталығында «Bilim ja’ne g’ylym» тақырыбында облыс педагогтерінің жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді. Жаңа оқу жылындағы басты жаңалықтар — «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымның жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.

Ақтөбе қаласын дамыту бағыттары нақтыланды

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 12:42

Ақтөбе қаласын дамыту бағыттары нақтыланды
Кеше қалалық әкімдік ғимаратында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Ақтөбе қаласын дамыту жоспары бойынша мәжіліс өтті.Оған мемлекеттік мекеме басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, т.б. қатысты. Жиынды ашқан облыс басшысы Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының дамуы, оның болашағы барша тұрғындарға ортақ мәселе екенін жеткізіп, келешекте агломерация орталығына айналатын шаһарда бүгінде 500 мыңға жуық адам тұратынын атап өтті.Жиында Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин биылғы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.— Бүгінге дейін белсенді тұрғындар мен қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен қаланың дамуына қатысты жалпы саны 24 ұсыныс түсті.

Көпбалалы ананың алғысы

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 11:22

Көпбалалы ананың алғысы
Биыл Ақтөбе облысы бойынша бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке 8,3 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінге дейін аталған қаржының жартысы мұқтаж отбасыларға берілген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша 80 мыңнан астам отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Бүгінгі күні аудандарда да мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.Бақытгүл Айдынбекова — Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны.

Әлеуметтік көмектің шарапаты

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 11:22

Әлеуметтік көмектің шарапаты
Берік Төреханов — көпбалалы әке. Табысы кедейлік шегінен төмен азаматтардың қатарында болған Берік мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде жеке кәсіп ашып, мал санын көбейтуді мақсат етіп отыр. Көпбалалы Төрехановтар отбасы Алға қаласында тұрады. Бұған дейін әулеттегі 14 адам іргетасы 1967 жылы тұрғызылған саман үйді паналап келді.—Бес балам бар.

«Цифрлық Қазақстан»: ақтөбеліктердің электрондық қызметтерге қызығушылығы қалай?

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 11:12

«Цифрлық Қазақстан»: ақтөбеліктердің электрондық қызметтерге қызығушылығы қалай?
«Бүгінде денсаулық сақтау, білім беру салалары, адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Осыған байланысты коммуникациялар мен ақпараттық жүйелерге, көрсетілетін қызметтерге жаңа талаптар қойылуда. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер цифрлық экономиканы дамытуға мейлінше басымдық беруде.

Мәжіліске жаңадан барған депутаттардың жалақысы белгілі болды

TengriNews, 29 августа 2019 в 11:03

Мәжіліске жаңадан барған депутаттардың жалақысы белгілі болды
ҚР Парламент Мәжілісіне жаңадан тағайындалған депутаттардың жалақысы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Еске салайық, 16 тамызда Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұржан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдық Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында жаңа депутаттардың жалақысы және оған қосылатын үстеме тікелей еліміздің заң талаптары аясында жүзеге асырылатыны айтылады.«Бекітілген заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы — 684 874 теңге және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады», — делінген ресми жауапта.Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, соңғы рет Мәжіліс депутаттарының жалақысы 2017 жылы қазан айында өзгерген.

Тамыз: толымды істер мен баянды бастаулар

Ақтөбе газеті, 29 августа 2019 в 10:22

Тамыз: толымды істер мен баянды бастаулар
ЖАЗДЫҢ СОҢҒЫ АЙЫ — ТАМЫЗДА ДА ТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР АЗ БОЛҒАН ЖОҚ.ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИН ОБЛЫСҚА АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП, ӨҢІРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ.ОБЛЫСТЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНДА, АУДАНДАРДА БІРҚАТАР КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР ОРЫН АЛДЫ.ТАМЫЗ КЕҢЕСІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ МЕЖЕЛЕРІН АЙҚЫНДАП БЕРДІ.

ҚИК ЕДБ-ның 66 мыңнан астам ипотекалық қарызын сатып алды

Banker.kz, 28 августа 2019 в 15:31

ҚИК ЕДБ-ның 66 мыңнан астам ипотекалық қарызын сатып алды
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (бұдан әрі-Компания) барлық қызмет мерзімі ішінде 66 мыңға жуық қарыз сатып алды. Тек 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Компания ипотекалық портфель көлемін 18%-ға ұлғайтты, бұл жиынтығында 50,9 млрд теңгені құрады. Портфель көлемі ағымдағы жылдың мамыр және шілде айларында серіктес банктермен жасалған ірі мәмілелердің арқасында артты, бұл Компанияның тұрақты дамуы мен Қазақстан нарығындағы сенімді жағдайын білдіреді — 2018 жылдың соңында портфель 43 млрд теңгені құрады.

Баланы молда сүндеттесе қандай қауіп бар?

TengriNews, 28 августа 2019 в 10:13

Баланы молда сүндеттесе қандай қауіп бар?
Бүгінде баланы сүндетке отырғызудың медициналық әдістері бола тұра көбі әлі күнге дейін молданың көмегіне жүгінетіні рас. Бірақ мамандар оның қауіпті екенін ескертеді. Айтуларынша, хирургиялық ота жасалатындықтан, міндетті түрде маманданған дәрігер болуы керек. Баланы молданың сүндеттеуі расында да қауіпті ме?

«Qarg’aly fest-2019»: тегін билет, байқау және отшашу

Ақтөбе газеті, 27 августа 2019 в 12:22

«Qarg’aly fest-2019»: тегін билет, байқау және отшашу
Ақтөбеде алғаш рет «Qarg’alyfest-2019» халықаралық туристік фестивалі өтті. «Greenland» демалыс кешенінде өткен фестивальға қала тұрғындарымен қатар Ресейдің Орск, Орынбор, сондай-ақ еліміздің Атырау, Ақтау, Орал қалаларынан жүздеген адам келді. Кең көлемде ұйымдастырылған фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары «Non stop» концерттік бағдарламасын тамашалап, аударыспақ, теңге алу, арқан тарту, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізді.Сондай-ақ жергілікті спортшылар бодибилдинг, каратэ, т.б. спорт түрлерінен өнер көрсетіп, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Жас кәсіпкерлерге 21 миллион теңге көлемінде гранттар беріледі

Ақтөбе газеті, 27 августа 2019 в 11:22

Жас кәсіпкерлерге 21 миллион теңге көлемінде гранттар беріледі
Қайтарымсыз мемлекеттік грант алу үшін, әлбетте, кәсіпкерлер өз жобасын комиссия алдында қорғауы керек. Кеше, 26 тамыз күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алудан үмітті кәсіпкерлердің өтінішін қарау басталды. 26-28 тамызда, үш күн бойына үміткерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия отырысы өткізіледі.

«Көкжиде» жерасты суларының проблемалары назарда тұр

Ақтөбе газеті, 27 августа 2019 в 11:22

«Көкжиде» жерасты суларының проблемалары назарда тұр
«Көкжиде» құмды алқабымен аттас, жерасты ауызсуы шығатын «Көкжиде» бірегей кен орны Ақтөбе облысының аумағында, Темір және Мұғалжар аудандарының шетінде орналасқан.«Көкжиде құмдары» мен «Көкжиде жерасты сулары» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы №1212, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №932, 2007 жылғы 21 маусымдағы №521, 2011 жылғы 24 мамырдағы №568 қаулыларымен аса экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан маңызды ретінде республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың геологиялық және гидрогеологиялық тізіміне енді.«Құмжарған» теліміне Құмжарған құмдары мен орман алқабы кіреді.

Мәжіліс депутаты жұмысшылармен кездесті

Ақтөбе газеті, 27 августа 2019 в 11:22

Мәжіліс депутаты жұмысшылармен кездесті
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сергей Симонов «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» акционерлік қоғамында болып, зауыт жұмысшыларымен кездесті.Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты — еліміздегі мұнай кәсібіне арналған кешенді жабдықтар шығаратын мамандандырылған кәсіпорынның бірі.Қазақстанда насос штангаларын шығаратын бірден-бір зауыт саналатын кәсіпорын 2001 жылы елімізді өз мұнай жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған болатын.Жалпы аумағы 12 200,0 шаршы метрді алып жатқан зауыт бүгінгі таңда ел нарығының 92 пайызын мұнай жабдықтарымен қамтамасыз етіп отыр.

Турнирден түскен қаражат

Ақтөбе газеті, 27 августа 2019 в 10:52

Турнирден түскен қаражат
Аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әли бірнеше жылдан бері аурумен арпалысып жүрген Абдуррахман Жасұланұлының ауыр жағдайына алаңдаушылық танытып, науқас баланы қолдауға арналған шағын футболдан қайырымдылық турнирінің өткізілуіне мұрындық бола білді.Қайырымдылық турниріне 8 команда қатысып, жанкүйерлерге тартысты ойын сыйлады.

Зейнетақы жайлы қазақстандықтар сенетін 5 жаңсақ пікір

TengriNews, 26 августа 2019 в 17:13

Зейнетақы жайлы қазақстандықтар сенетін 5 жаңсақ пікір
Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып, қазақстандықтар арасында түрлі сауалдар туып жатыр. Біреулер «зейнетке неғұрлым кеш шықсаң, соғұрлым зейнетақы жинағы көбірек болады» десе, тағы біреулері «зейнетақы аударымы көбірек шығу үшін ең басты еңбек өтілі көп болуы тиіс» деп жатады.

Айналма жолдар Ақтөбенің «жүгін» жеңілдетеді

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:32

Айналма жолдар Ақтөбенің «жүгін» жеңілдетеді
Бұдан соң Үкімет басшысы Оңтүстік айналма жолының құрылысымен танысты.Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев жергілікті маңызы бар жол желілерінің даму барысы туралы толық ақпарат берді: Ақтөбе қаласында 2011 жылдан бастап айналма жолдар салына бастағаны белгілі.

Жыл аяғына дейін 2009 пәтер беру жоспарланып отыр

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:32

Жыл аяғына дейін 2009 пәтер беру жоспарланып отыр
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақтөбеге келген сапарында өңірдегі тұрғын үй құрылысы, жол жайымен, сондай-ақ кәсіпорындарға барып, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Үкімет басшысы Асқар Мамин, облыс әкімі Оңдасын Оразалин, үкімет мүшелері алдымен қала іргесіндегі «Нұр Ақтөбе» қалашығының бірінші шағын ауданында салынып жатқан аз қабатты үйлердің құрылысын қарады.

Асқар Мамин күртеше сатып алды

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:22

Асқар Мамин күртеше сатып алды
Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мінген көлік Ақтөбе қаласының Ғазиза Жұбанова көшесі бойында орналасқан «Глобал арнайы киім өндірістік бірлестігі» ЖШС кәсіпорнын бетке алды. Аталған компания жеңіл өнеркәсіп саласында тігін өндірісін қазіргі заманға лайық дамытып отырған батыс Қазақстан аумағындағы ірі өндіріс орны саналады. «Глобал» компаниялар тобының президенті Надежда Шабаеваның айтуынша, тігін фабрикасында Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Корея елдерінің заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен тез арада сапалы өнім шығару жолға қойылған.

Ақтөбенің силикат кірпішке деген қажеттілігі  100 пайыз қамтылады

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:12

Ақтөбенің силикат кірпішке деген қажеттілігі  100 пайыз қамтылады
Облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Асқар Маминге, сондай-ақ облыс әкімі Оңдасын Оразалинге және үкіметтің бірқатар мүшесіне Ақтөбе қаласындағы «IBG Catering» көпфункционалды сервистік кешеннің жұмысы таныстырылды. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойында орналасқан кешен өткен жылы пайдалануға берілген болатын.

1000 теңгеге — баспана!

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:02

1000 теңгеге — баспана!
1000 теңгеге баспана алуға бола ма? Әрине, мұндай ақшаға баспана алу — ертегі. Бірақ ертегіні ақиқатқа айналдыра алатын бір алапат күш бар: ол — халықтың бірлігі. «Ырыс алды — ынтымақ» екені рас болса, мың теңгеге баспана алуға әбден болады екен. Бүгінде құрылғанына екі жылдай ғана уақыт болған «Харекет» қайырымдылық қоры Қазақстан бойынша 125 мұқтаж отбасына «мың теңгеге» 125 баспана алып берді! «Харекет» қорының басшысы және негізін қалаушы Гүлмира Мұханқызы жақында Ақтөбе облысына келген болатын.

Министр көпбалалы аналармен кездесті

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:02

Министр көпбалалы аналармен кездесті
Кеше облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Анаға тағзым» орталығында бір топ көпбалалы аналармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.Алдымен министр «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығының ғимаратын аралап шықты. Өткен жылы ашылған орталықтағы үйірмелердің жұмысымен танысып, қызметкерлермен тілдесті.Бұдан кейін Біржан Нұрымбетов көпбалалы аналармен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдап, сауалдарына жауап берді.— Бүгінгі күні мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған, көпбалалы отбасылар үшін маңызды екендігі анық.

Полиция департаментіне 200-ге жуық маман қажет

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 11:12

Полиция департаментіне 200-ге жуық маман қажет
Жұма күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта Конституция күніне орай кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеде білім, денсаулық сақтау, құрылыс, мұнай саласы мен қызмет көрсету салалары бойынша 55 мекеме 428 жұмыс орнын ұсынды.Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаеваның айтуынша, жыл басынан бері 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 650-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған.— Бүгінгі өтіп жатқан жәрмеңке жыл сайын дәстүрлі түрде Конституция күні қарсаңында ұйымдастырылып тұрады.

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар. 3-бөлім

TengriNews, 23 августа 2019 в 17:03

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар. 3-бөлім
Халықтың ақшасын жымқырып не адам өлтіріп, кейін шетелге қашып кеткен қазақстандықтар көп. Кейбірі бүгінде елге оралып, жазасын түрмеде өтеп жатыр. Бірақ әлі шетелде бас сауғалап жүрген қазақстандықтардың саны көп.Тengrinews.kz бұған дейін шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтардың топтамасын ұсынған болатын.

Қалада жедел штаб құрылды

Ақтөбе газеті, 22 августа 2019 в 12:12

Қалада жедел штаб құрылды
Қаржылық қиыншылықтарға байланысты тұрғындардың қоқыстарын шығарумен айналысатын екі компания өз жұмыстарын тоқтатып жатыр. Олар — «№27 Басқарушы компания» және «Таза Лайф» жеке кәсіпкері.Бұлай не себептен болып жатыр? Өйткені арнайы техника мен қызметкерлерді ұстауға арналған қаражатты өтеуге қазіргі тарифтің мөлшері тым аз.
Показано 30 новостей из 2 723