Новости по теме "теңге"

Мереке қарсаңындағы қуаныш

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 13:52

Мереке қарсаңындағы қуаныш Ақтөбедегі қалалық Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара салтанатты түрде өтті. Жиын барысында 50 ақтөбелікке мерекелік медальдар табыс етілді. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша 10 отбасы баспаналы болды. Жиында алдымен сөз алған Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтап, ақ тілек, жылы лебізін білдірді.

«Анаға тағзым» орталығы ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 13:22

«Анаға тағзым» орталығы ашылды Шалқар қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойынан «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Жаңа ғимараттың ішінде аталған орталықтың дәстүр залы, жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту орталығы, Шалқар ауданының қоғамдық даму қоры, салтанатты неке қию залы, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі, «Құралай» қыз жасауы тігін шеберханасы, «Озат» оқу орталығы, сұлулық салоны, фотостудия орналасты.Салтанатты сәтке қатысқан облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин жаңадан ашылған ғимараттың аналарға деген құрметіміздің, сүйіспеншілігіміздің белгісі екенін әңгімеледі және болашақ ұрпаққа үлкен тәрбие көрсететін орталық болатынына тоқталды.

Ипотека бағдарламалары: Несиені есептеу калькуляторы

Источник: TengriNews Дата: 13 декабря 2019 в 16:43

Ипотека бағдарламалары: Несиені есептеу калькуляторы Елімізде баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар үшін әртүрлі ипотекалық бағдарламалар бар. Ал мемлекеттік бір ғана бағдарлама бар. Ол — «Нұрлы жер» бағдарламасы. Ипотекалық бағдарламалардан қалай пәтер алуға болады? Олардың есептеу жүйесі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.«Нұрлы жер» бағдарламасы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді.

АӘК көпбалалы олигархтарға да беріле ме? Министрдің жауабы

Источник: TengriNews Дата: 12 декабря 2019 в 16:43

АӘК көпбалалы олигархтарға да беріле ме? Министрдің жауабы Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жаңа заң бойынша енді көпбалалы олигархтар да жәрдемақы алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. «Әрине, бұл заңды өзгертудегі мақсатымыз да сол. Жаңа өздеріңізбен сұхбаттасып, көп мәселені айттық.

Қазақстан ЖОО-ларында шәкіртақы қалай өзгерді?

Источник: TengriNews Дата: 12 декабря 2019 в 14:43

Қазақстан ЖОО-ларында шәкіртақы қалай өзгерді? Қазақстанның білім туралы заңында стипендияның анықтамасын былай береді: білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін.

Үш жылдық бюджет бекітілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 декабря 2019 в 10:42

Үш жылдық бюджет бекітілді Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті қырқыншы сессиясының жалпы отырысында «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет» және «Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы» мәселелер қаралды.

Қауіпсіздік шаралары талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 декабря 2019 в 10:32

Қауіпсіздік шаралары талқыланды Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Қауіпсіздік шараларын пысықтауға арналған басқосуға облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары, видеобайланыс арқылы қала, аудан әкімдері сонымен қатар қаладағы «Жандос и К» орталық базарының, «АИФН» Керуен сити АҚ, «Алатау плаза» басқару компаниясының, «Ақмаржан» ЖШС, «Мега Шығыс», т.б. сауда орындарының басшылары қатысты.Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Төлешев сауда нысандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Қысқа дайындықтың жайы қандай?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 декабря 2019 в 10:22

Қысқа дайындықтың жайы қандай? Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу іс-шаралары. Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Асқар Төлешов, облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Қанат Әлиев, азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасының орынбасары Құмар Тұрмағамбетов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтодор» ЖШС басшылары қатысты.Адамның өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан, облыс көлемінде қысқа дайындық науқаны қызу жүріп жатыр.

Рабочий график главы государства

Источник: Nomad.su Дата: 11 декабря 2019 в 04:13

Рабочий график главы государства «Ак Орда», 10 декабряГлава государства принял участие в церемонии закрытия Года молодежи и старта Года волонтераПрезидент Казахстана в своем выступлении отметил значимость встречи с представителями молодежи накануне Дня Независимости. — Нет более важного праздника для нас. Дальнейшее укрепление нашей Независимости и процветание страны – священный долг нынешнего поколения.

Қобда өңіріндегі өзгерістер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2019 в 10:32

Қобда өңіріндегі өзгерістер Биылғы жылдың қазан айында Қобда ауданының 90 жылдығы атап өтілді. Мерейтой қарсаңында ауданда біраз игілікті істер атқарылды. Киелі өлкенің тарихынан сыр шертетін, батырлар мекенінің абыройын айшықтайтын ескерткіштер мен саябақтар бой көтерді. Олардың қатарында еңселі Қобыланды батырдың, ұлт-азаттық көтерілістің батыры Исатай Тайманұлының, Әлия Молдағұлованың ескерткіші мен ел қорғаны болған Алтай батырдың стелласы бар.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы: 15775 отбасының үміті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2019 в 10:32

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы: 15775 отбасының үміті Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап «төрт және одан да көп бірге тұратын, кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде 23 жасқа толғанға дейін білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар отбасыларға» жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу көзделуде. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаровтан әлеуметтік топтағы отбасыларға мемлекеттен тағайындалатын жәрдемақыға қатысты сұрап білген едік.

Тұмаудан сақтан!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2019 в 10:22

Тұмаудан сақтан! Соңғы кезде ауа райының бір жылып, бір сууы тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың өршуіне әкеліп отыр. Соңғы он айда облыс бойынша 4823 адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) және 136 адам тұмаумен ауырған. Бір қуантарлығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауырғандар саны 18,21% төмендеген.

Студенттер жатақханасы: төлемақы құны қанша?

Источник: TengriNews Дата: 10 декабря 2019 в 09:03

Студенттер жатақханасы: төлемақы құны қанша? Мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетін айғақтайды.Бүгінгі таңда ҚР БҒМ студенттердің баспанамен қамтылып, алаңсыз білім алу мәселесін оңтайландыру мақсатында біршама жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру үстінде.

Тамыры терең, құтты мекен

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 декабря 2019 в 12:02

Тамыры терең, құтты мекен Ақтөбеде айтулы белес — қаланың 150 жылдығын қорытындылауға арналған «Тамыры терең, құтты мекен — Ақтөбе» атты конференция өтті.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мәңгілік Ел» конференц-залында өткен жиында алдымен қала әкімі Мавр Абдуллин сөз сөйлеп, қаланың өткені мен бүгініне, Қазақстанның қуатты өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі ретінде дамып келе жатқанына дәлел болатын көрсеткіштерге тоқталды.— Биылдың өзінде Ақтөбеде 4 жаңа мектеп, 7 балабақша ашылды.

Жүректерді мейірімге толтырған «қайырымдылық балы»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 декабря 2019 в 11:32

Жүректерді мейірімге толтырған «қайырымдылық балы» Облыс әкімдігінің қолдауымен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Қайырымдылық балы» биыл да жалғасын тапты. Ең алғаш 2009 жылы университеттің бас ғимаратында өткізілген шара биыл оныншы рет ұйымдастырылды.Содан бері он жылдың көлемінде «Қайырымдылық балынан» 30 миллион теңге көлемінде қаражат түсіп, 200-ге жуық әлеуметтік осал топтағы жандарға көмек көрсетілген.

В столице Казахстана чествовали лауреатов премии «Алтын тұғыр — 2019»

Источник: Sports.kz Дата: 06 декабря 2019 в 19:39

В столице Казахстана чествовали лауреатов премии «Алтын тұғыр — 2019» В столице страны прошла торжественная церемония чествования лауреатов премии «Алтын тұғыр — 2019». Об этом передает МИА «Казинформ».Специальными призами и наградами были отмечены представители таких видов национального спорта, как «Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Жамбы ату, теңге ілу», «Қазақ күресі», национальных игр «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» и др.Открывая церемонию, почетный президент Ассоциации национальных видов спорта страны Кайрат Сатыбалды выразил благодарность всем, кто вносит посильный вклад в поддержку и популяризацию казахских национальных игр.«В этом году в стране прошли масштабные мероприятия по национальным видам спорта — это чемпионат мира, республиканские турниры, фестивали и другие.

Ситуация была безвыходной, но помог казахстанский гаишник — история иностранца

Источник: Sputnik Дата: 05 декабря 2019 в 17:30

Ситуация была безвыходной, но помог казахстанский гаишник - история иностранца Асель Минбаева для Sputnik Кыргызстан Эту историю рассказал мне папа много лет назад, и она почему-то прочно засела у меня в голове. Лихие 90-е папа всегда называл «волчьим временем» — тогда закрывались заводы, толпы людей теряли работу, а за гаражами нашего дома частенько можно было найти использованные шприцы.

Ninety one клиптерінде масондық символдар бар ма? Ерболат Беделханның жауабы

Источник: TengriNews Дата: 05 декабря 2019 в 11:53

Ninety one клиптерінде масондық символдар бар ма? Ерболат Беделханның жауабы «Орда» тобының солисі, продюсер Ерболат Беделхан Аман Тасығанның Talklike YouTube-жобасында Ninety one тобының бейнеклиптеріндегі кейбір элементтер мен «масондық» белгілер не білдіретінін түсіндірді. Продюссер ең алдымен «Мен емес» бейнеклипіндегі топ солисі Батырханның партиясындағы элементтерді түсіндірді.

Сыйға тартылған садақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:52

Сыйға тартылған садақ Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында облыс басшысы Оңдасын Оразалин №402 Мәскеу гимназиясына барып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Гимназия 1971 жылы ашылған. Әлия Молдағұлова атындағы музей 1973 жылы мерген әйелдердің бастамасымен құрылды. 2005 жылы Ақтөбе қаласының әкімдігі мұражай ғимаратын жөндеуден өткізіп, ескерткіш тақтасын орнатқан болатын.

Мемлекеттік жәрдемақыға құжат қабылдау басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:42

Мемлекеттік жәрдемақыға құжат қабылдау басталды Брифинг Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрін тағайындау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының есебі бойынша елімізде 4 немесе одан да көп баласы бар 340 мыңнан астам отбасы тіркелген.

Қаржыландыру 125 пайызға артады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:32

Қаржыландыру 125 пайызға артады Келер жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде, қаржыландыру биылғы жылмен салыстырғанда 125 пайызға артады. Биыл қор арқылы 41 852 161 мың теңгеге медициналық қызмет сатып алынған. 2020 жылға сатып алу жоспары — 52 364 716 мың теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының бөлім басшысы Тимур Боранқұлов атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қаржыландыру, сатып алу бағытында жүргізілетін шаруаларды айтты. Қазіргі таңда облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 37 мемлекеттік, 26 жекеменшік медициналық ұйым тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Айсұлудың «тілашары»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:22

Айсұлудың «тілашары» «Тиімді шағын және орта бизнес — қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.

Соғымды қалай аласыз?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:02

Соғымды қалай аласыз? Қала тұрғындары үшін еттің қымбатшылығы байқала бастады. Қыстың алғашқы айы, жылдың соңғы мезгілі — желтоқсан қарбаласқа толы уақыт. Әркім келесі жылға дейін биылғы бітпей қалған жұмыстарын бітіріп алуға тырысады. Оның үстіне мерекелер айы саналатын бұл айда ауыл мен қала тұрғындарының қазаны көп қайнайтын кез. Қандай жағдай болмасын, қазақ соғымсыз отырмаған.

Басты ұстаным — әділдік, парасаттылық және сенім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:02

Басты ұстаным — әділдік, парасаттылық және сенім — Алик Жатқамбайұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мем­лекет­тік органдардың қызметі қоғам­ның сені­мін арттыруға бағытталғаны бел­гілі. Жалпы, бұл жөнінде не айтасыз?— Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға ба­ғат­талған мемлекеттік саясаттың ма­ңыз­ды стратегиялық басымдығы болып саналады.

Министр Қазақстанның қандай импорт тауарларына тәуелді екенін айтты

Источник: TengriNews Дата: 03 декабря 2019 в 12:13

Министр Қазақстанның қандай импорт тауарларына тәуелді екенін айтты Бүгінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға 19 тауар кірген. Олардың ішінде Қазақстан 505 миллион АҚШ доллары көлеміндегі 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді. «Атап айтқанда бұл тауарлар: 191 600 тонна болатын не ішкі тұтынудың 49 пайызы көлеміндегі құс еті.

Ырғызда екі мектеп пайдалануға берілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 11:22

Ырғызда екі мектеп пайдалануға берілді Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ырғыз ауданының Шеңбертал, Жаныс би ауылдарында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс әкімі осы мектептердің ашылуы салтанатына қатысып, Қызылжар ауылдық округінің орталығы Құрылыс елді мекенінде тұрғындармен кездесті. Қызылжар ауылдық округіне кіретін 3 елді мекеннің бірі, облыс орталығынан 317 шақырым орналасқан Шеңбертал ауылының тұрғындары бұл күні жарты ғасыр игілікке куә болды.

900 жаңа жұмыс орны ашылып, астық дер кезінде жиналды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:42

900 жаңа жұмыс орны ашылып, астық дер кезінде жиналды Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге Әйтеке би ауданына барып баспасөз мәслихатын өткізді. Олар алдымен Қарабұтақ ауылдық округінде болып, Т.Шевченко атындағы жалпы білім беретін орта мектептің тынысымен танысты. Аралас мектепте бала саны тұрақты.

40 отбасы баспаналы болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:42

40 отбасы баспаналы болды Тұңғыш Президент күнінде Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 40 пәтер берілді. Қала әкімдігінде пәтер кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табыс етілді. Жиынға «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсенбаев қатысты.Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин жиналғандарды мерекемен құттықтады.— Қалада мемлекеттік, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үйлер салынып жатыр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында да тұрғындар баспанаға қол жеткізді.

Жастар жылы жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:02

Жастар жылы жаңа мүмкіндіктер кезеңі Бүгінде Ақтөбе облысында 202 685 жас болса, олардың бастамаларын қолдап, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін және оны талдауды жүзеге асыру бағытында бес жылдан бері қызмет етіп келе жатқан арнайы орталық бар. Ол — облыстық жастар ресурстық орталығы. Өңір жастарының бастамаларын қолдап, оларға кез келген бағытта ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіп жүрген орталықтың Жастар жылында атқарған жұмыстарымен танысып, Еріктілер жылында алға қойған мақсаттарын сұрап білген едік.

Ел қалауы — Елбасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 12:12

Ел қалауы — Елбасы Кеше Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел қалауы — Елбасы» тақырыбында салтанатты шара өтті. Шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестің, саяси партиялардың мүшелері, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктердің, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Показано 30 новостей из 2 683