Популярные темы

термелер: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

В Сатпаеве прошёл республиканский конкурс исполнителей песен Тайжана Калмаганбетова

EKaraganda.kz, 28 октября 2019 в 13:35

В Сатпаеве прошёл республиканский конкурс исполнителей песен Тайжана Калмаганбетова
В песенном конкурсе приняли участие 14 исполнителей из Алматы, Шымкента, Караганды, районов Кызылординской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской и Карагандинской областей. Каждый из конкурсантов исполнил три песни в первом туре и две — во втором. В качестве почётных гостей в зале присутствовали внуки, правнуки, близкие родственники Тайжана Калмаганбетова.

Динара Шынарбаева — бас жүлде иегері

Ақтөбе газеті, 15 октября 2019 в 10:33

Динара Шынарбаева — бас жүлде иегері
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның артисі, дәстүрлі әнші Динара Шынарбаева «Жан серігім — домбыра» республикалық байқауының бас жүлдесін иемденді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Жан серігім — домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылар байқауы Ақтөбе қаласының 150 жылдық және облыстық филармонияның 75 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған еді.Байқау аясында өткен баспасөз мәслихатында облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев: «Байқаудың атауы тек оған қатысушыларға, өнер адамдарына ғана байланысты алынған жоқ, бұл — тұтасқа ұлтқа қатысты атау.

Өлкелік «Батыс Қазақстан» газеті не жазды?

Ақтөбе газеті, 12 сентября 2019 в 11:02

Өлкелік «Батыс Қазақстан» газеті не жазды?
Облыстық газеттің әр кезеңде түрлі атауға ие болғаны белгілі. Алпысыншы жылдардың басында «Социалистік жол» газеті «Батыс Қазақстан» аталды. Себебі бұл кезде Ақтөбе—Батыс Қазақстан өлкесінің орталығы мәртебесін алған-ды. Жаңа атаумен шыққан газеттің алғашқы номері 1962 жылдың 1 шілдесінде, жексенбі күні оқырманның қолына тиді.

Ақтөбеліктер Еуропаны елең еткізді

Ақтөбе газеті, 04 апреля 2019 в 11:02

Ақтөбеліктер Еуропаны елең еткізді
Биыл Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Ақтөбе қаласының 150 жылдық тойымен тұспа-тұс келген айтулы дата аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар, байқаулар мен концерттерді өткізу науқаны басталып та кетті. Бір ғана мысал, өнерлі жерлестеріміз жақында гастрольдік сапармен Еуропа елдеріне барып, сондағы қандастарымыздың Наурыз мерекесіне арналған концертінде ән-жырдан шашу шашты. Өнер ордасының директоры Елубай Кенжалиевпен осы және өзге де жұмыстар, ұжымның алдағы жоспары төңірегінде әңгімелескен едік. — Ұлыстың ұлы күнінде филармония артистерінің Еуропаның екі елінде өнер көрсетіп қайтқанын естідік.

Құрбан айт — ұлық мереке

Ақтөбе газеті, 23 августа 2018 в 13:12

Құрбан айт — ұлық мереке
Сейсенбі күні Ақтөбе жұртшылығы қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл күні облыс басшысы облыс орталығындағы үш мешітте болды.Бұл күні Алла үйіне асыға жеткен жеткіншектер мен жастар, немересін жетектей келген қариялар таң сәріден тілек айтып, төс қағыстырды.

Автобустағы акция

Ақтөбе газеті, 03 июля 2018 в 10:32

Автобустағы акция
Ақтөбенің белсенді жастары мен еріктілер тобы Ұлттық домбыра күніне орай қоғамдық көліктер мен сауда орындарында «Үкілі домбыра» акциясын өткізді.Атап айтқанда, акция қатысушылары №1,№15,№22,№46,№48 бағыттағы автобустарда күй тартып, термелер орындады. Жүргіншілер арасында домбыра аспабының құндылығы жайында жазылған ақпараттық парақшалар таратты.Облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға киелі аспаптың құлағында ойнайтын 20-дан астам жас қатысты.Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғановтың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты — ұлттық құндылығымыз, байлығымыз домбыра аспабын жастардың, қала тұрғындарының арасында насихаттау.Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Ұлттық сипатта атап өтілді

Ақтөбе газеті, 16 июня 2018 в 16:02

Ұлттық сипатта атап өтілді
Ұлық мереке15 маусым, Ораза айт мерекесінде ақтөбелік жамағат, әдеттегідей, мешітке ағылды. Ертеңгілік сағат 7-де барлық мешіттерде Айт намазы оқылып, ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалды.Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өкіл имам Төлеби Оспан жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

Іріктеу кезеңі қорытындыланды

Ақтөбе газеті, 14 июня 2018 в 12:22

Іріктеу кезеңі қорытындыланды
«Men Qazaqpyn» тележобасының облыстық деңгейдегі қорытынды байқауы 17 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында өтпек.Бұл туралы Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды. «Aqtobe» телеарнасы директорының орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаеваның айтуынша, бұған дейін «Men Qazaqpyn» мега жобасының іріктеу кезеңдері облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды.Байқауға халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын 18 бен 40 жас аралығындағы 70-ке жуық өнерпаз қатысты.

Күй кешіне келіңіздер!

Ақтөбе газеті, 08 февраля 2018 в 02:22

Күй кешіне келіңіздер!
«Мен — қазақпын» телевизиялық мегажобасында жеңімпаз атанған жерлесіміз, жас күйші Ардақ Елеусіз алдағы аптада есеп беру концертін өткізбек. Өнер иесінің айтуынша, бұл нағыз дәстүрлі өнердің асқақтаған кеші болады. Жерлесіміз — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі Ардақтың бұл алғашқы концерті емес. Қазақтың домбырасын серік еткен жігіт былтыр «Аманат» атты шығармашылық кешін өткізгенін айта кету керек.— Бұл концертімді ұйымдастырудағы мақсат — өткен жылдың соңында «Мен қазақпын» байқауында маған тілеулес болып, қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіру, оларға есеп беру.

Баянның әкесі қызын қаралағандарға хат түрінде жауап берді

Zakon.kz, 05 января 2018 в 11:19

Баянның әкесі қызын қаралағандарға хат түрінде жауап берді
Продюсердің әкесі қызы түсірген «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» жырына қиянат жасалды деген пікірлерге қарсы жауап айтқан, — деп жазады Ұлт порталы.Кеше фэйсбукта Сұлтан Қадір деген замандасым Ф.Раневскаяның «Под самым красивым хвостом павлина скрывается самая обычная куриная жопа. Так что меньше пафоса, господа» — деген, мәтел болып кеткен сөздерін келтіріпті.

Мәуліт мерекесін атап өтті

Ақтөбе газеті, 26 ноября 2017 в 23:22

Мәуліт мерекесін атап өтті
Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайында Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған күні — Мәуліт мерекесіне арналған «Сағыныш үні» атты кеш өтті.Жыл сайын Ақтөбеде Мәуліт мерекесін атап өту дәстүрге айналып келеді. Биыл да Ақтөбе халқы Мәуліт мерекесіне арналған шараға көп жиналды.Салтанатты кештің басында Құран Кәрім оқылып, «Өнер қырандары» театры «Асыл адам» атты көрініс қойды.Шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.Бұдан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызына тоқталып, ақтөбеліктерге жылы лебізін жолдады.Дәстүрмен біте қайнасып, халықтың рухани кеші болып, тәуелсіздігімізбен үйлесе жалғасып келе жатқан мерекемізге қош келіпсіздер!

Ораза айт ұлттық нақышта тойланды

Zakon.kz, 26 июня 2017 в 23:39

Ораза айт ұлттық нақышта тойланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде бірнеше жылдан бері «Дін мен дәстүр» тақырыбы кеңінен насихатталып, ислам құндылықтары мен дәстүр сабақтастығына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқысымен өкілдікке қарасты елорда мешіттері Ораза айт мейрамын ұлттық нақышта тойлап жатыр.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 12 новостей из 12