Популярные темы

су басу: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзі

Akorda.kz (KZ), 11 мая 2020 в 18:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзі
Құрметті кеңеске қатысушылар!Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр.Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік.Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды.Халықтың денсаулығын сақтау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды.Енді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады.Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды.Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Індет толығымен жойылып кеткен жоқ.

Тоқаев су тасқыны туралы: Мал шығыны мен егіс алқаптарына тиген зиян өтеледі

Tengrinews, 11 мая 2020 в 13:53

Тоқаев су тасқыны туралы: Мал шығыны мен егіс алқаптарына тиген зиян өтеледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссия отырысында Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында болған су тасқыны туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Tengrinews.kz «Құрметті әріптестер! 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды.

Қорға қанша қаражат түскені белгісіз — әкім орынбасары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек туралы

Tengrinews, 05 мая 2020 в 14:33

Қорға қанша қаражат түскені белгісіз - әкім орынбасары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек туралы
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Tengrinews.kz «Қорды жарияладық. Бірақ әлі, мысалға кеше қаражат түспеген. Қазір ақпаратты қарастырып жатырмыз, әлі түспеген дейді.

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны: зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңге берілуі мүмкін

Tengrinews, 05 мая 2020 в 14:03

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны: зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңге берілуі мүмкін
Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова Мақтаарал ауданындағы су тасқынан зардап шеккен әрбір тұрғынға 100 мың теңге берілуі мүмкін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Tengrinews.kzКеше қазақстандық БАҚ-та Өргебас ауылына қатысты материал жарияланды. Онда ауыл халқы 3 күннен бері елді мекенге су тоқтамай келіп жатқанын, оқиға орнына Түркістан облысының әкімі мен Мақтаарал аудан әкімі келмегені айтқан.

«Арыстағы жағдайдың тәжірибесін пайдаланамыз». Шөкеев үкімет басшысынан көмек сұрады

Tengrinews, 05 мая 2020 в 11:13

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрап, су тасқынынан келген шығын өтелуі керегін айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңір басшысы Үкімет отырысында айтты. Тengrinews.kzӨңір басшысы Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданындағы 5 ауылды басқанын, 7 ауылды су басу қаупі төніп тұрғанын атап өтті.атап өтті«3200 тұрғын мектепке орналастырылды«»3200 тұрғын мектепке орналастырылды«Ол су басқан елді мекендерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 190 дана техника жұмылдырылғанын, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан 30 мотопомпа, су жинағыш сораптары келгенін айтты.

Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектеседі — Шөкеев

Tengrinews, 05 мая 2020 в 10:13

Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектеседі - Шөкеев
Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Түркістан облысындағы су тасқынының салдарымен күрес шараларын талқылаудан басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Tengrinews.kzАймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев әлі 7 елді мекенді су басу қаупі барын айтты. 4 мамырда түркістандық тарап Өзбекстанға барып, мәселені шешу жолдарын бірге талқылаған.7 елді мекенді «Кеше біз әріптестерімізбен Өзбекстанға барып, ЦГК-ны — центральный голодностепный коллекторды түгел аралап шықтық. Қауіпті деген жерлердің барлығын қарап шықтық.

Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі бар — облыс әкімі

Tengrinews, 05 мая 2020 в 09:53

Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі бар - облыс әкімі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында 7 ауылды су басу қаупі сейілмей тұрғанын айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.Тengrinews.kzОның айтуынша, 2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстандағы Сырдария облысы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылған. «Мұндағы «Бетпақдала» коллекторының секундына 120 текше метр су өткізуге мүмкіндігі бар.

Екі облыста су басу қаупі бар

Tengrinews, 21 апреля 2020 в 15:33

Екі облыста су басу қаупі бар
Қазақстанның екі өңірінде су басу қаупі бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты. «Наурыз айының синоптик жағдайы суды қауіпсіз өткізуге қолайлы болды. Сондай-ақ түнде күннің суық болғаны өзендердегі қардың біртіндеп еруіне мүмкіндік берді.

Как будут спасать от паводков окраины Нур-Султана

Литер, 23 марта 2020 в 22:59

Как будут спасать от паводков окраины Нур-Султана
В городе Нур-Султан продолжаются работы по реконструкции русла реки, строительству водорегулирующей плотины, очистке арычно-лотковых сетей, ливневой канализационной системы — 92% сетей уже очищены, передает Liter.kz со ссылкой на акимат столицы.Аким столицы Алтай Кульгинов проинспектировал ход работ контррегулятора, расширения русла реки, возведения и укрепления насыпной дамбы.

Қауіпсіздік шаралары нақтыланды

Ақтөбе газеті, 01 февраля 2020 в 18:12

Қауіпсіздік шаралары нақтыланды
Облыс әкімінің орынбасары, су тасқынына қарсы облыстық комиссияның төрағасы Рахат Сыдықовтың жетекшілігімен көктемгі су тасқыны маусымына дайындық мәселелері қаралды. Бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері тыңдалды.Соңғы үш жылдық ауқымында су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауларды бекіту және тазалау, су бұру каналын салу, уақытша қорғаныс бөгеттерін салу бойынша нақты жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.Су тасқыны қаупі бар учаскелердің төлқұжаттарын реттеу барысында 12 мыңнан астам адам 33 елді мекеннің су басу қаупі бар аймақта тұратыны анықталды.Сонымен қатар су тасқыны кезінде төтенше жағдайлар туындау қаупін азайту бойынша Жол картасы мен кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде облыста бүгінгі күні бұрын қауіп аймағында болған 10 елді мекен қорғаныспен қамтылды.Жиын қорытындысында тиісті мемлекеттік органдарға су тасқыны кезеңінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала шаралар алу тапсырылды.Н.ДАБЫЛОВ.

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаевтың «2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы» есебінің тезистері

Ақтөбе газеті, 11 января 2020 в 10:12

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаевтың  «2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы» есебінің тезистері
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелері айтылды.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күні атап өтілді

Ақтөбе газеті, 19 октября 2019 в 13:52

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күні атап өтілді
Жыл басынан бері облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері, соның ішінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 3 мыңнан астам адамның өміріне араша болған. Дәлірек айтқанда, олар 663 адамды құтқарып, 2000 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Бұл — кішігірім бір ауылдың тұрғындарын құтқарғандай көрсеткіш.Кәсіби күнге арналған шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, Шығармашылық академиясы алдына қойылған жаңартылған техникалар көрмесін аралады.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: Ақтөбедегі өзендер арнасын кеңейту жұмыстары уақытша тоқтатылады

Ақтөбе газеті, 25 июня 2019 в 11:32

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: Ақтөбедегі өзендер арнасын кеңейту жұмыстары уақытша тоқтатылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған сала мамандары өзен арнасының гидрологиялық кеңеюінен туындайтын жағдайды зерделеу мақсатында жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді. Жексенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мағзұм Мырзағалиевпен, сондай-ақ әкімдік мамандары, қоғам белсенділері және еріктілермен бірге арнаны тазалау және кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге барды.

Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймаларындағы су деңгейі бақылауда болуы тиіс

Ақтөбе газеті, 11 марта 2019 в 11:22

Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймаларындағы су деңгейі бақылауда болуы тиіс
Сенбі күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының төңірегіндегі су басу қаупі бар жерлерді аралап, тасқынға қарсы әзірлік шараларымен танысты.Ол ең алдымен, Ақтөбе су қоймасына келіп, осы жерде Ақтөбе қаласы әкімдігі, ТЖД, «Қазсушаруашылығы» және «Қазгидромет» РМК филиалдары мен коммуналдық қызмет жетекшілерімен көшпелі жиын өткізді.«Қазсушаруашылығы» филиалының шұғыл мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні Ақтөбе су қоймасы 111 млн текшеметр (46 %), Қарғалы су қоймасы 191 млн текшеметр (33%), Сазды су қоймасы 2,1 млн текшеметр суға толы (28%).

Су тасқынына қарсы шаралар тексерілді

Ақтөбе газеті, 08 марта 2019 в 14:42

Су тасқынына қарсы шаралар тексерілді
Облыс әкімі Ондасын Оразалин Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралау барысында Қарғалы өзеніндегі су тасқынына қарсы шаралар жайымен танысты.Бүгінде 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасына сәйкес, Ақтөбеде су басу қаупі бар сегіз өзенді тазарту, кеңейту, тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары жүзеге асырылуда.Жұмыс барысымен танысқан соң облыс әкімі бірінші кезекте халықтың ағаштарды кесіп тастау туралы шағымдарынан кейін жұмысты тоқтатуды тапсырды.

Су тасқынынан сақтанды

Ақтөбе газеті, 01 марта 2019 в 11:12

Су тасқынынан сақтанды
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы алдағы көктемгі су тасқыны кезінде болатын қиындықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың қолға алынып жатқанын хабарлады.Осымен байланысты сейсенбі күні ертеңгілік қаланың автомобиль базасы аумағында (Богослов трассасы) су тасқыны кезінде пайдаланылатын күш-құралдарына байқау жүргізілген.

Пластикалық қалдықтар қоршаған ортаға қауіп төндіреді

Ақтөбе газеті, 13 ноября 2018 в 10:42

Пластикалық қалдықтар қоршаған ортаға қауіп төндіреді
Пластик өндірістен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді өндіретін зауыттар жылына атмосфераға 400 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түріне пластикалық заттарды жеп қою және пластикпен улануы салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады.

Алғалықтарды алаңдатқан мәселелер: жол және жағымсыз иіс

Ақтөбе газеті, 30 апреля 2018 в 13:22

Алғалықтарды алаңдатқан мәселелер: жол және жағымсыз иіс
Алға қаласы республикалық маңызы бар жол бойында орналасқандықтан, мұндағы тұрғындарды алаңдататын басты проблема — жол ережесінің қатаң сақталып, арнайы белгілердің орнатылуы. Бұрынғы Алға химия зауыты аумағындағы қауіпті қалдықтарды жою ісінің әзірге қолға алынбай отырғаны жергілікті тұрғындарды жауыр еткен мәселелердің қатарында тұр.

Владимир БОЖКО: Ақтөбе — республикада жетім балалар үйінде тұру мерзімін 29 жасқа дейін ұзартқан бірден-бір өңір

Ақтөбе газеті, 05 апреля 2018 в 13:02

Владимир БОЖКО: Ақтөбе — республикада жетім балалар үйінде тұру мерзімін 29 жасқа дейін ұзартқан бірден-бір өңір
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко Қурайлы селолық округінде болып, былтыр тасқыннан зардап шеккен отбасы мүшелерімен кездесті. Өткен жылы көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласындағы 74 бау-бақша ұжымы мен қала іргесіндегі 3 ауыл су басу аймағында қалды.

Ілияс ИСПАНОВ: Су басу қаупі бар аудандар бақылауға алынды

Ақтөбе газеті, 15 марта 2018 в 11:02

Ілияс ИСПАНОВ:  Су басу қаупі бар аудандар бақылауға алынды
Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов редакциямызда ұйымдастырылған сұхбат кезінде оқырман сауалдарына жауап берген еді. Оқырмандарымыздан жеке және қаланың әлеуметтік мәселелеріне қатысты көптеген сауал қойылды. Ілияс Сапарбекұлы бірде-бір сауалды назардан тыс қалдырмай, нақты жауап берді. Айзада, қала тұрғыны, зейнеткер:— Коммуналдық төлемдерді бірыңғай түбіртекпен (квитанция) төлеу мәселесі қашан шешіледі?І.Испанов:— Қаламызда өткен жылдан бастап бірыңғай төлем квитанциясын енгізу жұмыстары басталды.

Оқу-жаттығулар өткізіліп, қауіпті аймақтар белгіленді

Ақтөбе газеті, 13 марта 2018 в 10:42

Оқу-жаттығулар өткізіліп, қауіпті аймақтар белгіленді
«Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Ақтөбе облысының аймағында тәжірибелік оқу-жаттығулар өтуде.Оқу-жаттығу кезінде таңғы сағат 8.00-де дабыл қағылып, қалада және аудандарда электрлік сиреналар іске қосылып, телеарналарда хабар беру жүргізілді. Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп, облыстың азаматтық қорғаныс қызметтері және аудан әкімдерінің күштер мен құрылымдардың дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды.«Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында облыс бойынша 145 құрылым, 1180 жеке құрам қызметкер мен 40 техника жұмылдырылатын 55 тәжірибелік іс-шара өткізу жоспарлануда.Оқу-жаттығулар қаладағы Кірпішті көпірі мен Богослов тасжолы аймағындағы Елек өзенінің арнасында тасқын кезінде су жіберуді қамтамасыз ету үшін тазалау жұмыстарынан басталды.

Павлодар облысының тұрғындары су басу қауіпіне қарамастан қоныс аударудан бас тартуда

Zakon.kz, 22 февраля 2018 в 15:49

Павлодар облысының тұрғындары су басу қауіпіне қарамастан қоныс аударудан бас тартуда
Ақсу қаласының тұрғындары жыл сайын туындайтын су басу қауіпіне қарамастан жайылым жерден көшуден бас таруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста аймақ басшысы Болат Бақауов Ақсу қаласының әкімі Николай Дычкодан тұрғындарды көшіру жұмысы қалай жүріп жатқаны жайлы сұрады. — Ақсу қаласындағы алты-жеті үйді су басатын, — деді облыс әкімі.

160 елдімекенді су басу қаупі бар

Zakon.kz, 21 февраля 2018 в 13:09

160 елдімекенді су басу қаупі бар
Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мәлімдегендей, биылғы қар күрт ерісе, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына қауіп төнуі ықтимал. Қауіпті аймаққа 160 елді мекен кіріп отыр. Бұл ауылдарды еріген қар суынан қорғауда әлі де шешімін таппаған мәселелер барын көрсетеді деп хабарлайды abctv.kz.Еске сала кетейік, соңғы үш жылда еліміздің 57 елдімекені қар суынан зардап шеккен.

ТЖ комитеті Сырдария өзенінің тасуына қатысты түсініктеме берді

Zakon.kz, 08 февраля 2018 в 16:49

ТЖ комитеті Сырдария өзенінің тасуына қатысты түсініктеме берді
Сырдария өзені тасығаннан кейін, жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдай салдарын жоюға кірісті, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап.Бұған дейін Сырдария ауданының әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялаған болатын.«Сырдария өзенінде су тасуының салдарын жою бойынша қызу жұмыс жүріп жатыр.

Сырдарияда су деңгейі көтерілді

Zakon.kz, 29 декабря 2017 в 12:59

Сырдарияда су деңгейі көтерілді
Су басу қауіпінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Baq.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2017 жылғы 28 желтоқсанда өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшердегі судың түсуінен тұрғын жайдың ауласына су жайылған.Жалпы ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар.

Экстрасенс Бақыт Жұматова: 2018-жылы жын-жыбырлар мен қара магия күшіне мінеді

Zakon.kz, 25 декабря 2017 в 18:09

Экстрасенс Бақыт Жұматова: 2018-жылы жын-жыбырлар мен қара магия күшіне мінеді
Енді санаулы күнде жаңа, 2018-жылды қарсы аламыз. Ендеше, Ит жылында елімізде қандай оқиғалар орын алуы мүмкін? Жалпы, қарапайым халық неге қамдануы, ал неден сақтануы тиіс? «Битва экстрасенсов» халықаралық байқауының финалисі Бақыт Жұматоваға өз болжамын берді, деп жазады Замана газеті. – Бақыт ханым, алдағы жылға жасаған болжамдарыңызбен бөліссеңіз.

Н.Нығматулин: Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер тиесілі көмекті алды

Ақтөбе газеті, 21 мая 2017 в 23:42

Н.Нығматулин: Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер тиесілі  көмекті алды
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов су тасқынына себеп болған жайлар туралы «Біріншіден, қатқан мұз судың ағуына мүмкіндік бермеді, сондай-ақ кіші өзендердегі гидрологиялық бекеттер санының жетіспеушілігі де әсер етті.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 27 новостей из 27