Новости по теме "семейде"

Араб Әмірлігі, Польша, Қырғызстан. Қазақстандық спортшылар қай елдерде өнер көрсетіп жүр?

Источник: TengriNews Дата: 20 декабря 2019 в 18:13

Араб Әмірлігі, Польша, Қырғызстан. Қазақстандық спортшылар қай елдерде өнер көрсетіп жүр? Кеше қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің клубына ауысқаны жайлы хабарланған. Дәл қазір командалық спорт түрлерінен шетелдік клубтарда ойнап жүрген бірқатар қазақстандық бар. Tengrinews.kz тілшісі карьерасын өзге елде жалғастырып жатқан қазақстандық спортшыларға шолу жасады.Сабина Алтынбекова — БАӘ-деПосмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Sabina Altynbekova | S20 ???? (@altynbekova_20) 19 Дек 2019 в 4:13 PSTКелер жылдан бастап Алтынбекова арабиялық «Аль-Васл» клубының намысын қорғайды.

Міржақып Дулатұлы неге түрмеден қашудан бас тартқан?

Источник: TengriNews Дата: 25 ноября 2019 в 16:43

Міржақып Дулатұлы неге түрмеден қашудан бас тартқан? Осыдан 134 жыл бұрын қоғам қайраткері, қаламгер Міржақып Дулатұлы дүниеге келген. Жас кезінен патша өкіметіне қарсы шыққан ол репрессияға ұшырап, түрмеде қаза тапқан. Тengrinews.kz тілшісі ақынның өмірі мен еңбек жолын еске түсіреді.Ахмет Байтұрсынұлы сабақ бергенМіржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада Торғай облысының Сарықопа ауылында дүниеге келген.

«Қабірде ақша таратпау, кредитке ас бермеу». Ысырыпты жою туралы қаулыда не жазылған?

Источник: TengriNews Дата: 14 ноября 2019 в 13:03

Желіде садақаға байланысты ысырапты жою бойынша қаулы тарап жатыр. Оны Алматы облыстық мешіті қабылдаған. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне мұндай қаулының не үшін қабылданғанын түсіндірді.Аманқұловтың айтуынша, бұл қаулы қабылданғаннан кейін діни басқарма оны халыққа мәжбүрлі түрде енгізбейді.

«Селфи жасаған» Михаэлис, эротикалық мүсін, плагиат. Қазақстандағы оғаш ескерткіштер

Источник: TengriNews Дата: 04 ноября 2019 в 17:13

Осымен 2-3 күн бойы әлеуметтік желілерде Семейде Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қызу талқылана түсті. Қала тұрғындары бұл мүсінге бірден наразылық білдірді. Ал бүгін оның алып тасталғаны белгілі болды. Қазір ол жерде ешқандай мүсін жоқ. Расында да осы күнге дейін елімізде бірталай ескерткіш сынға ұшырап, кейіннен алып тасталған болатын.

Сиыр еті, тезек және кондиционер. Қазақстандық шенеуніктер алған ерекше паралар

Источник: TengriNews Дата: 15 октября 2019 в 15:13

Сиыр еті, тезек және кондиционер. Қазақстандық шенеуніктер алған ерекше паралар Қазақстанда кей шенеунік параны ақшалай ғана емес, тауар ретінде де алады. Бүгін Маңғыстауда мемқызметші пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінген. Тengrinews.kz тілшісі параны ақшалай емес, тауар ретінде алып, істі болған шенеуніктерге шолу жасады.КондиционерМаңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді.Қазір оған қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқаны айтылады.«Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы бола тұра осы аталған мемлекеттік мекемедегі бөлім басшысынан пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді.Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында аталған ММ-нің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет 500-ден 1000 долларға дейін пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.Үш бөлмелі пәтерБиыл шілдеде «Астана су арнасының» бұрынғы басшысы Уәлихан Досаев пара ретінде үш бөлмелі пәтер иемденгені үшін жазаланған.

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды Қазақ тіл біліміне ұшан-теңіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ақтөбе өңірінде туып-өскен жерлес апамыз Рабиға Сыздық биыл мерейлі 95 жасқа толды, І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Бұған дейін де қаншама сый-сияпатқа, талай марапатқа ие болдым, мына жасымда анау-мынауға елпілдеп, елең ете қоюым да қиын, дегенмен еңбегінің еленгені кім-кімге де қуаныш, кім-кімге де зор мәртебе екені рас!», — дейді мерейтой иесі. Ғылым дүниесінде есімі зор құрметпен аталатын осы бір абыройлы алып тұлғаның ғасырға жуық жасап келе жатқан ғұмырында көргені де, көкейге түйгені де көп екеніне дау жоқ. Қазақтың көркем әдеби тілін, оның ішінде Абай тілін зерттеуде тындырған ісі бір төбе.

Атом қасіреті ұмытылмайды…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 августа 2019 в 11:22

Атом қасіреті ұмытылмайды… Биыл Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлықтың шыққанына 28 жыл толды. Сондай-ақ, «Невада-Семей» қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толды. Осы екі датаға орай облыста бір аптадан бері түрлі шаралар ұйымдамстырылып жатыр.Өткен аптаның соңында қалалық Мәдениет үйіне Семей ядролық сынақ полигонына қатысушы ардагерлер мен мүгедектер, «Халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері жиналды.Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің атынан құттықтап, Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлеріне облыс басшысы атынан Алғыс хаттар тапсырды.

Тоқаев отбасында болған қайғылы оқиғаны айтты

Источник: TengriNews Дата: 22 июля 2019 в 15:13

Тоқаев отбасында болған қайғылы оқиғаны айтты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірі мен дипломатиялық карьерасы, бүгінгі қоғам тіршілігіне деген жеке көзқарасы туралы «Президент 2.0» деректі фильм көпшіліктің назарына ұсынылды. Деректі фильм Ресей журналисі Алексей Пивоваров пен Президент арасындағы ашық сұхбат форматында өтті.

Жұбановтан — Абайға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 июня 2019 в 11:02

Жұбановтан — Абайға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбановтан — Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылып, Ақтөбе — Нұр-Сұлтан —Павлодар — Семей — Жидебай — Баянауыл — Қарқаралы — Қарағанды бағытындағы киелі жерлерде болып қайтты. Аталған шара Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

Бесінші қаланың тұрғындары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 мая 2019 в 14:42

Бесінші қаланың тұрғындары Халқының саны жағынан Ақтөбе — еліміз бойынша бесінші орында тұрған қала. Қазақстанда халқының саны 1 миллионнан асатын үш қала бар екені белгілі: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының тұрғындарының саны өткен жылы жарты миллиондық межеден асты. Осы көрсеткішке Ақтөбе де жақындап қалды.

Өлімнен арашалаудың оқуы жоқ. Батырлар арамызда

Источник: TengriNews Дата: 20 мая 2019 в 11:53

Өлімнен арашалаудың оқуы жоқ. Батырлар арамызда Бейбіт заманның өз батырлары бар! Құтқарушылар ғана емес, әртүрлі қауіпті тосын жайттардың куәгерлері де шетте қалып жатқан жоқ. Елімізде қауіпке қарамай бөгде адамға көмектесу үшін өз өмірін тәуекелге тіккендер жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта өрт жалмаған оқыс оқиғаларда батылдық танытып, өлімнен арашалап қалған адамдардың оқиғасын баяндайды.

Өлеңін Франция президенті оқыған ақын — Олжас Сүлейменов

Источник: TengriNews Дата: 18 мая 2019 в 11:53

Өлеңін Франция президенті оқыған ақын - Олжас Сүлейменов Бүгін ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туған күні. Семейдегі полигонды жабуға үлкен үлес қосқан қайраткер 83 жасқа толды. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.Әкесі оны төрт күн ғана көргенБолашақ ақын 1936 жылы Алматыда әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген.

Тәртіп сақшылары жеңіспен оралды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 мая 2019 в 11:52

Тәртіп сақшылары жеңіспен оралды Ақтөбелік тәртіп сақшылары Семейде өткен ерлер мен әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатында қола медаль иеленді. Оған еліміздің әр түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысты. Олар спорттық және әскери самбодан өзара сынға түскен.Ақтөбе облысы ІІД арнайы даярлық басқармасының инспекторы, спортшылар арасында «Сардар» лақап атымен кеңінен танымал Шыңғыс Шоқпытов пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Александр Борисов қола медаль иеленді.— Әр жылғы чемпионаттың өз ерекшелігі бар.

Таңдау жасатса, Канело мен Джейкобсқа қарсы шығар едім — Мейірім Нұрсұлтанов

Источник: TengriNews Дата: 26 апреля 2019 в 13:13

Таңдау жасатса, Канело мен Джейкобсқа қарсы шығар едім - Мейірім Нұрсұлтанов Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та қарсылас шақ келтірер емес. Бүгінге дейін ол 11 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның сезігін нокаутпен аяқтаған. Енді NABF Junior белбеуінің иегері алдағы уақытта үлкен жекпе-жектер өткізбек. Тengrinews.kz тілшісіне Мейірім боксқа қалай келгені, АҚШ-тағы өмірі жайлы айтып, жоспарларын бөлісті.Мейірім — әуесқой бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшаловтың туған інісі.

«Алты айда туған 48 баланың 12-сі кеміс». «Невада-Семей» қозғалысы не үшін күресті

Источник: TengriNews Дата: 28 февраля 2019 в 15:13

Осыдан 30 жыл нақ осы күні көптеген халықтың қасіретіне айналған және адамзаттың тыныштығын бұзған ядролық қару-жарақтарын жою мақсатында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. «Невада-Семей» қозғалысы — қазақ елі үшін, жалпы адамзат үшін тарихи маңызы бар қоғамдық-саяси ұйым. Осы ұйымның ядролық қарудың сынағын тоқтату үшін атқарған жұмысы жайлы Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.Семей полигоны кеңес одағының кезінде құрылған, аса маңызы бар нысандардың бірі болды.

Астаналықтарға арналған дастарқан

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 сентября 2018 в 10:12

Астаналықтарға арналған дастарқан Өткен сенбі елордамыз Астанада жаңбырлы болғанымен, Ақтөбеден 200 тонна ауыл шаруашылығы өнімі тиелген үлкен автокеруеннің келе жатқанын алдын ала білген жергілікті тұрғындардың жоспарын өзгерте алмады. Себебі бұл күні астаналықтар «Қазақстан» спорт кешені алаңында ұйымдастырылған Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне баруға асықты. — Біз мұндай жәрмеңкеге 2011 жылдан бері қатысып келеміз және астаналықтардың сұранысын қанағаттандыру әрі біздің тауар өндірушілерімізді қамту үшін қанша өнім көлемі қажет екенін білеміз.

Ұлы даланың айбары — Астана

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2018 в 12:42

Ұлы даланың айбары — Астана Астана — Ұлы Даланың жүрегі, қасиетті мекен. Қазақстанның тарихи тағдыры айқындалатын киелі орда. Астананы көшіру — Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең үлкен геосаяси жобасы екендігі де айқын. «Кез келген елдің тарихында ұлттың ұжымдық рухы тыныштық кезеңінен пассионарлық кезеңіне көшетін кездері болады.

Екі баласымен далада қалған келіншекке көрермен тікелей эфирде баспана сыйлауға уәде берді

Источник: TengriNews Дата: 29 мая 2018 в 20:03

Екі баласымен далада қалған келіншекке көрермен тікелей эфирде баспана сыйлауға уәде берді Бүгін 7 арнада «Күдік туғызған күйеулер» тақырыбы қозғалған «Өз ойым» бағдарламасына 24 жастағы Нұргүл есімді келіншек қонақ болды. Өзінен 6 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан Нұргүл қазір «Дағдарыс үйінде» жатқанын айтып көзіне жас алды. Күйеуі жұмыссыз болғанымен қоймай, ащы судың азабына әбден құныққан.

Жалшыдан жұлдызға айналған Әміренің соқпақ жолы

Источник: TengriNews Дата: 04 апреля 2018 в 12:33

Жалшыдан жұлдызға айналған Әміренің соқпақ жолы Ерекше дауыс иесі 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысында Дегеле тауының етегіндегі Абыралы ауданында дүниеге келген. Әміренің әкесі Қашаубайдың жанұясы кедей ғұмыр кешкен. Анасы Тоғжан бар өмірін бала тәрбиесі мен үй шаруашылығына арнап өткен. Отағасы қайтыс болған үйдің тіршілік тізгінін бала Әміре ұстаған.

Оңберген аға осындай еді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 марта 2018 в 10:32

Оңберген аға осындай еді Оңберген Көшімұлының өзі жүрген ортасында орны бөлек азамат. Ұзын бойлы, келбетті, қарапайымдылығы басым, көздерінен жақсылықтың нышаны ұшқындап тұратын еді. Мен ол кісіні сонау сексенінші жылдардан облыстық партия комитетінде қызмет істеген кезінен бастап білемін. Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейтін.

Семейде алимент төлемейтін әкелер абақтыға қамала бастады

Источник: Zakon.kz Дата: 22 февраля 2018 в 15:39

Семейде алимент төлемейтін әкелер абақтыға қамала бастады Алимент төлемей жүрген әкелер абақтыға қамалады. Семейлік сот орындаушылар борышкерлерге осылай деп дабыл қағуда. Себебі, бүгінгі күні перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүрген әкелер көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін алимент төлемегендер тек әкімшілік жауапқа тартылып, бірнеше тәулікке қамауға алынып, көлік жүргізу куәліктерінен қағылып, шетелге шығу құқығынан айырылып келген еді.

Семейде тұмау жұқтырғандар саны артып барады

Источник: Zakon.kz Дата: 21 февраля 2018 в 11:59

Семейде тұмау жұқтырғандар саны артып барады Семейде тыныс жолдары инфекциясының көбеюіне байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндердің саны артып отыр деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. Осы күндері дәрігерлер тәулігіне 700-ге жуық науқасты қарауға шығып жүр екен. Оның үштен бірі – жедел респираторлық вирус жұқтырғандар. Жұмыс күндері стансаға 130-дан астам қоңырау шалынса, демалыс күндері олардың саны 170-тен асып кетеді.

Семейде пандусы жоқ мекемелерге 400 АЕК айыппұл салынады

Источник: Zakon.kz Дата: 19 февраля 2018 в 11:49

Семейде пандусы жоқ мекемелерге 400 АЕК айыппұл салынады Семейде енді пандусы жоқ мекемелерге 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының бақылау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгінгі күні Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын 370-тен аса нысан бар.

Семейде жолаушылар отырған шағын автобус аударылды

Источник: Zakon.kz Дата: 15 февраля 2018 в 14:49

Семейде жолаушылар отырған шағын автобус аударылды Бүгін таңертең Семейде қалалық маршрут бойынша келе жатқан шағын автобус жолдан шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz YK — avto.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус жүргізушісі «Восточный» базарының қиылысында автобусты басқара алмай қалыпты. Полиция қызметкерлері көлікте жолаушылар болғанын хабарлады.«Қазіргі сәтте қызметкерлеріміз болған жағдай туралы мәліметтерді анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізуде.

Семейде өрт кезінде әйел адам тірідей жанып кетті

Источник: Zakon.kz Дата: 12 февраля 2018 в 11:59

Семейде өрт кезінде әйел адам тірідей жанып кетті Қайғылы жағдай Семейдегі жеке үйлердің бірінде болған. «Восточный» кентіндегі «Восточный» көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шығып, ондағы 61 жастағы әйел жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өрт кешкі сағат 22:00-де шыққан. Көршілер өз күштерімен әйелді құтқару үшін терезені сындырған, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған.

Семейде адамның түрін танитын «ақылды» домофондар орнатылуда

Источник: Zakon.kz Дата: 08 февраля 2018 в 15:19

Семейде адамның түрін танитын «ақылды» домофондар орнатылуда Семей қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріне еліміздегі алғашқы «ақылды» домофондар орнатыла бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Енді қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сапасын арттыру жаңа техниканың көмегімен жүзеге асатын болады. Тұрғын үйлерге орнатылып жатқан смарт-домофондардың қарапайым құрылғылардан бірқатар айырмашылығы бар.«Мұнда арнайы серверлік жүйе орнатылған.

Семейде қарт әжей мен немерелері өрттен құтқарылды

Источник: Zakon.kz Дата: 05 февраля 2018 в 16:39

Семейде қарт әжей мен немерелері өрттен құтқарылды Семейде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, зардап шеккендер құтқарылды, деп хабарлайды Хабар 24.Көк түтіннің будақтап жатқанын көріп, көршілері өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өйткені пәтер сыртынан құлыптаулы екен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2-қабаттағы балкон арқылы 86 жастағы әжей мен 4 және 5 жастағы немерелерін сатының көмегімен сыртқа шығарды.

Семейде гаражда тұрған көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды

Источник: Zakon.kz Дата: 09 января 2018 в 18:09

Семейде гаражда тұрған көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды Семейде көлікте болған қыз бен жігітке иіс тиіп, қаза тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz.Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні кешкісін гаражда болыпты.«Қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде болған. Тоңып қаламыз деп, көлікті өшірмеген сыңайлы.

«Темір нарком» тарихи драмасы қойылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2017 в 22:12

«Темір нарком» тарихи драмасы қойылды Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында белгілі драматург-жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасының сахналануы облысымыздың қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды.Бұл премьера кеңестік заманның бұлғақты кезеңінде халық ағарту комиссары қызметінде жүріп ұлттың рухын оятуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы тағдыры жайында болатын.

Семейде 10 қабатты үйдің шатырына шығып кеткен бала құтқарылды

Источник: Zakon.kz Дата: 08 декабря 2017 в 15:29

Семейде 10 қабатты үйдің шатырына шығып кеткен бала құтқарылды ШҚО құтқарушылары 10 қабатты үйдің шатырына шығып алған баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «5 желтоқсан күні 17 сағат 14 минутта «112» нөміріне хабарласқан тұрғындар Докучаев көшесіндегі 10 қабатты үйдің шатырында баланың тұрғанын хабарлады. Ақпарат түскен сәтте-ақ, Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің Семей қаласындағы №2 жасағының құтқарушылар бригадасы оқиға орнына аттанды», — деп хабарлады ШҚО ТЖД Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасынан.Баланың өзі жер үйде тұрады.
Показано 30 новостей из 48