Популярные темы

саяси: новости — страница 3

Алматыдағы бүлік: өз қылмысын түсірген күдіктінің видеосы жарияланды 25 января 2022, 18:44

Tengrinews, 25 января 2022 в 18:53

Алматыдағы бүлік: өз қылмысын түсірген күдіктінің видеосы жарияланды
                25 января 2022, 18:44
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде тонау мен полицейлерді ұрып-соғуға қатысқан адам туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Мысалы Алматы қаласында 18 жастағы тұрғын ұсталды. Оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасаған бейнежазба, ұрланған заттар аясында селфи және ең сорақысы көшеде бір полиция қызметкерін топ болып қатыгездікпен ұрып-соғуға қатысуы табылды.

Названа дата съезда Nur Otan 19 января 2022, 16:27

Tengrinews, 19 января 2022 в 16:43

Названа дата съезда Nur Otan
                19 января 2022, 16:27
Названа дата съезда Nur Otan, передает Tengrinews.kz. Как написал в Twitter первый заместитель председателя Nur Otan Бауыржан Байбек, съезд партии пройдет 28 января. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды.

«Ең тиімді уақыт — бүгін». Сарапшылар 2022 жылғы тұрғын үй нарығына болжам жасады 19 января 2022, 14:14

Tengrinews, 19 января 2022 в 14:23

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарашылардан сұрап білді. Танымал қытайлық экономист Мао Юуши Орта Азия қазіргі дағдарыстан алдағы 5 жылда оңай шықпайтынын ескертіп, құрылыс азаятынын болжады.

Қаза тапқан полицейлер отбасына қандай көмек көрсетіледі? Тұрғымбаев жауап берді 18 января 2022, 09:41

Tengrinews, 18 января 2022 в 09:43

Қаза тапқан полицейлер отбасына қандай көмек көрсетіледі? Тұрғымбаев жауап берді
                18 января 2022, 09:41
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасына заң бойынша қандай көмек көрсетілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ерлан Тұрғымбаев қаңтарда террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тапқанын, 2911-і жарақат алғанын атап өтті.

«Не керегін өздері білмейді» — Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын айтты 13 января 2022, 11:26

Tengrinews, 13 января 2022 в 11:33

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне 5 қаңтарда Таразда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын баяндап берді. 5 қаңтарда Бердібек Сапарбаевқа Қауіпсіздік департаментінен бейбіт митингіге арандатушылар, бұзақылар қосылмақ деген хабар түскен. «Сосын шұғыл штаб отырысын өткіздім.

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты? 11 января 2022, 12:32

Tengrinews, 11 января 2022 в 12:43

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты?
                11 января 2022, 12:32
Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады. Ең алдымен Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады.

Шетелдік басылымдар Қазақстандағы наразылық туралы не жазып жатыр? 05 января 2022, 15:39

Tengrinews, 05 января 2022 в 16:33

Шетелдік басылымдар Қазақстандағы наразылық туралы не жазып жатыр?
                05 января 2022, 15:39
Қазақстанда газдың бағасына наразы болған халық митингіге шықты. Бейбіт басталған шеру артынша бүлікке айналып кетті. Бүгінде 200-ге жуық адам ұсталған. Үш өңірде: Алматы қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі жағдай шетелдік БАҚ да назарында. Tengrinews.kz тілшісі шетелдегі басылымдар Қазақстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатқанына шолу жасады.

Қазақстанда қалаларындағы митинг: талаптар, ұстаулар және мәлімдемелер 05 января 2022, 12:42

Tengrinews, 05 января 2022 в 12:53

Қазақстанда қалаларындағы митинг: талаптар, ұстаулар және мәлімдемелер
                05 января 2022, 12:42
Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы Қазақстанның түкпір-түкпірінде жалғасып, ал бүгін үкімет отставкаға кетті. Халықтың талабы орындалды. Tengrinews.kz тілшісі Жаңаөзенде басталып, еліміздің көптеген қаласында жалғасқан наразылық акциясы туралы материал дайындады. Бәрі газдан басталды 2 қаңтарда ертеңгісін Жаңаөзенде халық алаңға жинала бастады.

Тәліптер, қақтығыстар мен төңкеріс. 2021 жылы әлемде қандай саяси өзгерістер болды? 31 декабря 2021, 15:17

Tengrinews, 31 декабря 2021 в 15:23

Тәліптер, қақтығыстар мен төңкеріс. 2021 жылы әлемде қандай саяси өзгерістер болды?
                31 декабря 2021, 15:17
2021 жылы әлемде бірқатар саяси өзгеріс болды. Жердің түкпір-түкпірінде қақтығыстар болды, елдерге жаңа басшылар келді. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы әлемде қандай саяси оқиғалар болғанын баяндайды. Ұлыбритания ЕО-дан шықты Биылдан бастап Ұлыбритания Еуропа одағының мүшесі емес. Негізі бұл мәселе бұрыннан көтерілген.

2021 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 31 декабря 2021, 10:37

Tengrinews, 31 декабря 2021 в 10:43

2021 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?
                31 декабря 2021, 10:37
Спорттағы сәтсіздік, халық санағы және вакцинация. Бұл елімізде болған айтулы оқиғалар. Жалпы 2021 жыл — елімізде түрлі жаңалыққа толы болды. Биыл қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 2021 жылы болған есте қаларлық оқиғаларға шолу жасадық. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану 2020 жылдың қыркүйегінде Президент Тоқаев халыққа жолдау жасады.

ТМД елдерінің басшылары бейресми кездесуде не талқылады? 29 декабря 2021, 13:06

Tengrinews, 29 декабря 2021 в 13:13

ТМД елдерінің басшылары бейресми кездесуде не талқылады?
                29 декабря 2021, 13:06
Кеше ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургте бейресми кездесу өткізді. Онда пандемиядағы жағдай, экономика мен экология мәселелері көтерілді. Tengrinews.kz тілшілері мемлекет басшылары кездесуде не талқылағанын жазды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

«Қолға алатыны — 903 179 теңге». Қала әкімдерінің жалақысы қанша? 28 декабря 2021, 15:02

Tengrinews, 28 декабря 2021 в 15:13

Tengrinews.kz тілшісі облыс орталығы мен мемлекеттік маңызы бар қалалардың әкімдеріне сауалхат жолдады. Қала әкімдерінің жалақысын білмек болдық. Сауалхаттардың жартысына жуығына жауап келді. Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің жалақысы бұған дейін 946 мың теңге болған. Ал 2021 жылы Президент жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 1,9 есеге өскен.

«Цой», «кешірім сұрау», «вакцина». Қазақстанда жыл сөзі қандай? 28 декабря 2021, 10:34

Tengrinews, 28 декабря 2021 в 10:43

Жыл аяқталар тұста дүние жүзінде түрлі ұйым «жыл сөзін» таңдайды. Бұл сөз күнтізбедегі бір жылдың бейнесі іспеттес. Биыл көп жерде жыл сөзі ретінде вакцина танылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі биыл дүние жүзінде аталған жыл сөзі туралы жазып, оның қазақша нұсқасын да анықтап көрді. Оксфорд ағылшын тілі сөздігі биыл қолданыста ең көп қолданыста болған сөзді таңдады.

Ақтөбеде азаттықты аңсаған ұлт арыстары ұлықталды 27 декабря 2021, 19:47

Tengrinews, 27 декабря 2021 в 19:53

Ақтөбеде азаттықты аңсаған ұлт арыстары ұлықталды
                27 декабря 2021, 19:47
Ақтөбеде 25 желтоқсанда тарихи тұлғалар бейнеленген «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды. Осыған орай Ақтөбеде бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кешен ашылуының қарсаңында Ақтөбе облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде өлкетанушы Бекарыстан Мырзабайдың жетекшілігімен «Азаттықты аңсаған ұлт арыстары!» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК

EKaraganda.kz, 20 декабря 2021 в 00:05

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын!Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар.

«Ауыртпалықтың бәрін жалғыз өзі көтеріп кетті». Сәбира Мұхамеджанованың құрбыларымен сұхбат 15 декабря 2021, 15:39

Tengrinews, 15 декабря 2021 в 15:53

1986 жылдың 17 желтоқсанында саяси тәуелсіздікті талап етіп қазақ жастары алаңға шықты. Бастапқыда Алматыдағы қазіргі Республика алаңына 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Көп ұзамай дүмпулер өзге қалаларда да басталды. Өскемен жастары да наразылық білдірді. Оның ішінде қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанова да бар еді.

«Кредиттік рақымшылық көзделмеген». Агенттік фейкті кім таратқанын айтты 09 декабря 2021, 12:10

Tengrinews, 09 декабря 2021 в 12:13

Желіде қазақстандықтарға «кредиттік рақымшылық» жасалады деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, бұл ақпаратты Жанболат Мамай таратып жатыр. Агеттік өкілдері қазақстандықтарға «кредиттік рақымшылық» жарияланды деген ақпаратты қоғам белсендісі таратқанын айтып отыр.

Облыс әкімдерінің жалақысы қанша? 08 декабря 2021, 16:51

Tengrinews, 08 декабря 2021 в 17:03

Облыс әкімдерінің жалақысы қанша?
                08 декабря 2021, 16:51
Қазақстан әкімдерінің жалақысы белгілі болып жатыр. Бүгінде көптеген әкім брифинг кезінде жалақысын ашық айтты, табысын жария етуден бас тартқандар да бар. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар әкімдердің жалақысы туралы баяндайды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Таяуда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те жалақысының көлемін жариялады.

Саясат, тарих, жер мәселесі. Елбасы жазған 10 кітап 01 декабря 2021, 14:15

Tengrinews, 01 декабря 2021 в 14:23

Саясат, тарих, жер мәселесі. Елбасы жазған 10 кітап
                01 декабря 2021, 14:15
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30-ға тарта кітаптың авторы. Оның қаламынан шыққан туындылар тарих, саясат, экономика сынды түрлі тақырыпты қамтиды. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай Tengrinews.kz тілшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың айтулы кітаптарын еске алуды жөн көрді. «Тәуелсіздік дәуірі» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы — өзгерістерді қалай басқаруға болатынын, ұлттың жаңғыруына серпіліс жасауына және тарихи мүмкіндіктерді шындыққа қалай айналдыруға болатыны туралы жазылған іргелі еңбек.

«Тістерін балғамен қаққан». Дюплесси жетімі жантүршігерлік оқиғасын әңгімеледі 17 ноября 2021, 15:04

Tengrinews, 17 ноября 2021 в 15:13

«Шешем туберкулезбен ауырды. Емге келетін жағдайда емес еді. Ал әкем қарызға белшесінен батып, үй бетін көрмеді. Оның үстіне, ол хат танымайтын, ешқашан тұрақты жұмысы болған емес. Отбасымызда бала көп болып, ата-анамыз кейде қаржылай қысылатын, бірақ ешқашан қараусыз қалған емеспіз. Сол шақтары үйімізге провинциядағы католиктер келіп, жағдайымыздың тұрақсыздығын пайдаланып, мені және әпкемді жетімдер үйіне алып кетті.

«Елге бекер оралған жоқ». Саакашвилидің ресми өкілімен сұхбат 10 ноября 2021, 14:37

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 14:43

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ресми өкілі Ираклий Имнадзе Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Саакашвилидің көздегені не екенін айтып берді. Ираклий Имнадзе ұзақ жылдар бойы Михаил Саакашвилидің жанында болып, тұтқынға алынған экс-президенттің «Движение новых сил» партиясының беделді мүшесіне айналған.

«Әділетсіз сайлауға қарсымын». Атамбаевтың ұлымен сұхбат 09 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 15:13

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты. «Атамбаевқа қарсы куәлік бересің» Сеидбектің сөзінше, Қырғызстан билігі Алмазбек Атамбаевты еш дәлелсіз қамаққа алған. Ол экс-президент саяси ойынның құрбаны болғанын айтып отыр.

«Балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін заң» — Желіде тараған 10 фейк 03 ноября 2021, 12:38

Tengrinews, 03 ноября 2021 в 12:53

Пандемия уақытында Желіде коронавирус пен оған қарсы вакциналар туралы түрлі фейк тарады, әлі де тарап жатыр. Осы тақырып аясында хайп жинап, тексерілмеген ақпарат жариялайтын белсенділер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі бүгінде жоққа шығарылған мәлімдемелерді жинап шықты. «Мектепте мәжбүрлі вакцинация жүріп жатыр» Осыдан бірнеше күн бұрын Желіде елордалық мектептердің бірінде балаларға ата-аналарының келісімінсіз вакцина салынып жатыр деген ақпарат жарияланған болатын.

«Оппозиция қатыспады». Өзбекстанда президент сайлауы қалай өтті? 26 октября 2021, 17:31

Tengrinews, 26 октября 2021 в 17:43

Өзбекстанда 24 қазанда президент сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша, Шавкат Мирзиеев 80,1 пайыз дауыспен екінші рет президенттікке сайланды. Алайда сарапшылар оған қарсылас бола алатын лайық кандидат болмағанын айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстандағы сайлауға шолу жасап, БАҚ-тағы сарапшылар пікірін баяндайды.

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз? 21 октября 2021, 16:25

Tengrinews, 21 октября 2021 в 16:33

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз?
                21 октября 2021, 16:25
Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ.

TikTok, арандатушылар, көпбалалы аналар. Тоқаев ҚХА отырысында не деді? 21 октября 2021, 12:59

Tengrinews, 21 октября 2021 в 13:03

TikTok, арандатушылар, көпбалалы аналар. Тоқаев ҚХА отырысында не деді?
                21 октября 2021, 12:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар мәлімдеме жасады. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаев ҚХА отырысында қандай тапсырмалар бергенін жазды. «Отбасылық жанжалға аса мән беру керек» Президент отбасылық жанжал ұлттық сипатқа ұласпауы керегін айтты.

«Тегін адам емес». Ресейлік атақты тарихшы Әлихан Бөкейхан туралы кітабын шығарды 14 октября 2021, 17:34

Tengrinews, 14 октября 2021 в 17:43

Ресей тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы Виктор Козодой қазақтың мемлекет қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономия үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан туралы еңбек жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ресейлік атақты ғалым Виктор Козодой көптеген ғылыми еңбектің авторы ретінде танымал.

«Үшінші әйел — сайқал». Қазақ адамды жасына қарай қалай атаған? 09 сентября 2021, 13:34

Tengrinews, 09 сентября 2021 в 13:43

Қазақ адамды жасына қарай шебер сипаттай білген. Халқымыз әркімге әлеуметтік мәртебе бере отырып, өз орнын көрсеткен. Tengrinews.kz тілшісі этнограф Досымбек Қатранұлынан қазақ адамды сәбиден қарияға дейін қалай атағанын және оларға қандай міндет қойғанын сұрады. 1 мен 13 жас арасы Баланы туа қалғанда шақалақ, қызылшақа бала дейді.
Показано 30 новостей из 102