Популярные темы

Новости по теме "отан қорғаушылар күні"

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Әскери қызметшілерге марапат

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 05:02

Әскери қызметшілерге марапат Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығы ғимаратында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Ел айбыны» атты салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.— Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету — әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті.

Мемориалды тақта орнатылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 04:42

Мемориалды тақта орнатылды Ақтөбедегі Абай даңғылы бойындағы 4 «А» үйінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Николай Лавров тұрған. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мұнда ардагердің құрметіне орай мемориалды тақта ашылды. Шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, депутаттар мен ардагерлер, майдангердің туыстары қатысты.Николай Лавров 1918 жылы Ресейдің Тульск облысында дүниеге келсе де, ғұмырының көп бөлігі қазақ жерінде өтті.

Қара майордан ту алған жас сарбаздар

Источник: TengriNews Дата: 07 мая 2019 в 16:33

Қара майордан ту алған жас сарбаздар Жыл сайын 7 мамырда елімізде Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Қазір бейбіт заман болса да өздерінің отан алдындағы борышын орындап, әскери қызметте жүргендер қаншама. Tengrinews.kz тілшісіне «Сарбаз» әскери патриоттық клубының директоры, майор Құрмет Нүкенов әскери қызметші болудың қыр-сырын айтып берді. Құрмет Нүкенов 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жауынгерлерге құрмет көрсетілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 мая 2019 в 12:02

Жауынгерлерге құрмет көрсетілді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімінде қалалық жастар ресурстық орталығы мен City04.kz ақпараттық порталының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Әскери бөлімнің акт залында өткен шараға тәртібі темірдей қатал қызметтің ардагерлері мен жеке құрамы, сондай-ақ аталған бөлімде азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздар шақырылды.

Ерлік пен естеліктер айтылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 мая 2019 в 12:02

Ерлік пен естеліктер айтылды Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шараға арнайы шақырылған «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес пен ардагер ұстаз Данағали Кенжабаев алдымен мектеп-интернат ғимаратында жұмыс жасап тұрған «Даңқ» музейінде болып, кейін білім ордасының оқушыларымен кездесті.Кездесу барысында сөз алған ардагер ұстаз, мектеп-интернаттың бұрынғы директоры Данағали Кенжебаев 1985 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан музейдің ашылу тарихы жөнінде сөз қозғаса, «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес Ақтөбе жерінде құрылған 101-ші ұлттық дербес атқыштар бригадасының тарихы туралы тың әңгімелер айтты.— Жеңіс күні — мерекелердің ең ұлысы.

Отан қорғаушы күні қайсар қыздарымызға да ортақ — Назарбаев

Источник: TengriNews Дата: 07 мая 2018 в 13:13

Отан қорғаушы күні қайсар қыздарымызға да ортақ - Назарбаев Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік парадта сөйлеген сөзінде ер азаматтармен қатар сап түзеген қайсар қыздардың үлесін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Армысыздар, әскерлер! Қымбатты, қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар, қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Ұлы Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 мая 2018 в 13:42

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні Құрметті ақтөбеліктер,Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері!Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!Осыдан 26 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті — Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық Қорғаныс Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.Сол уақыттан бері бұл Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың мерекесіне айналды. Қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз — патриотизмі мен ерлігі, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі үшін құрмет пен даңққа лайық!Қазақстанда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлінуде. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды.Біз Мемлекет басшысына еліміздегі тұрақтылық, бейбіт күн, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі үшін алғыс сезімімізді білдіреміз.Осы бір ерекше күні барлық Отан қорғаушыларға мықты денсаулық, бақыт, алғы күнге сенім мен табыстар тілеймін!

Қорғаныс министрі Ақтөбеге келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 мая 2017 в 22:02

Қорғаныс министрі Ақтөбеге келді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жұмыс бабындағы сапармен облыста болды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов осында болғанда Ақтөбе гарнизонының жұмысын тексерді.Сонымен бірге ол облыс әкімімен бірге «Есет батыр» оқу-жаттығу полигонына, №30238 әскери бөліміне және Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтына барды.

ОҚО әкімі: Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы ер азаматтың асыл және абыройлы парызы

Источник: Zakon.kz Дата: 07 мая 2017 в 16:59

ОҚО әкімі: Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы ер азаматтың асыл және абыройлы парызы Бүгін Шымкент қаласындағы «Орталық» саябақта 7 мамыр – «ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салатанатты шарада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңір жұрты менжауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне – 25 жыл толуымен құттықтады. Құттықтау сөзінде әкімәрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етушілер қандай марапатқа болса да лайықты екенін атап өтті. «Бүгінде Елбасы Қазақстан Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің арқасында Қазақстан армиясының жаңа келбеті, отаншыл рухы қалыптасты. Қарулы Күштер мемлекетіміздің тұрақты кепіліне айналды.

Жолдар уақытша жабылады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2017 в 21:32

Жолдар уақытша жабылады 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізуге байланысты қаладағы кейбір көшелерде жол уақытша жабылады.

40 бозбала әскерге аттанды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2017 в 20:22

40 бозбала әскерге аттанды Сәрсенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Отан қорғау — қасиетті борыш» атты әскер қатарына қабылданғандарды шығарып салу салтанаты өтті. Шара 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орайластырылды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарын жаңадан толықтыру үшін ұйымдастырылған дәстүрлі рәсімде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары:— Еліміздегі ерекше мерекелер — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында сіздердің балаларыңыз Отанды қорғау деген абыройлы істі атқарғалы тұр, құрметті ата-аналар.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалуы керек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2017 в 21:32

Берілген тапсырмалар уақытында орындалуы керек Дүйсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен аппараттық жиында төрт мәселе қаралды. Шараға облыстық басқарма, департамент басшылары жиналды. Сондай-ақ барлық ауданның әкімдері онлайн режимінде қатысуға мүмкіндік алды. Жылыту маусымының қорытындысы және келесі жылыту маусымына әзірлік туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаржаубай Ыбырайымұлы баяндама жасады.Оның айтуынша, жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтті.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 12 новостей из 12